ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет54/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82

116 
 
музыкалық  шығармалар  (Фольклорлық  ансамбль,  Фольклорлық  аспап, 
Оркестр) элективтік пәндерге қосымшалар;  
–   «Қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  тұлғаның  интеллектуалды  дамуы» 
атты элективті курс бағдарламасы
–  педагогикалық  практикада  студенттерді  интеллектуалды  дамыту 
мақсатында ұлттық музыканы меңгерту бойынша әдістемелік нұсқаулар
–  оқу-әдістемелік  кешенді  қолдану  бойынша  оқытушыларға    арналған  
семинар бағдарламалары;  
–  қазақ  ұлттық  музыкасы  негізіндегі  аудиториядан  тыс  іс-шаралар 
жоспары; 
–  студенттердің қазақ  ұлттық музыкасы негізінде  нтеллектуалды дамуы 
тақырыбында орындалатын курстық, дипломдық жұмыстар қамтиды. 
Осындай  оқу-әдістемелік  кешенді  жүзеге  асыру  мақсатында  жоғары  оқу 
орындарының  болашақ  музыка  пәнінің  мұғалімдерін  оқыту  жылдары,  төрт 
кезеңнен тұратын эксперименттік-тәжірибеде жүзеге асырылды.   
Бейімделу кезеңі (оқытудың 1 курсы) жоғары оқу орындарының білім беру 
жүйесіне  студенттердің  тұлғалық  бейімделуі.  Осы  кезеңде  студенттер  алғаш 
рет  жоғары  оқу  орындарына  дейінгі  интеллектуалдық  даму  деңгейін  өзін-өзі 
анықтауға 
(диагностикалау) 
мүмкіндік 
алады: 
ұлттық 
музыканың 
интеллектуалдық-даму 
бағытының 
өзара 
байланысын 
анықтайтын 
ақпараттармен  таныс  болады.    Мұндай  міндеттер  «Музыкалық  аспаптардың 
негіздеріі»  курсының  мазмұнын  толықтыру  мақсатында  беріледі.    Дегенмен 
«Негізгі  музыкалық  аспап  –  фортепиано»,    "Концертмейстрлік  сынып"  және 
"Қосымша  музыкалық  аспап  –  фортепиано"  аясында  халықтық  әндер  мен 
күйлердің өңделуі барысында Қазақстан композиторларының шығармасындағы 
репертуарлық тізімдер студенттердің жоғары оқу орындарына дейінгі аспаптық 
ойындарды орындау қабілеті мен дағдыларын дамыту бағыты болып табылады.   
Аудиториядан  тыс  жұмыстар  әртүрлі  жолдармен  жүзеге  асырылады: 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстары 
(реферат 
жазу, 
мазмұндама 
сайысы, 
шығармашылық  тапсырмалар)  және  психологиялық-педагогикалық  практикум 
тапсырмалары;  мектепті  аралауды  ұйымдастыру  (білім  беру  мекемесіндегі 
мұғалімдердің  қызметін  студенттерге  таныстыру  бағытындағы  таныстыру 
практикасын қолдану (оның тұлғалық және кәсіби құндылығы, педагогикалық 
қызметінің  мақсаты  мен  оның  жетістікке  жету  құралдары,  педагогикалық 
ұжымдағы байланыс жүйесі). Студенттердің қалыптасуы студенттердің «Менің 
мамандығым  –  менің  музыкам»  сайысына  қатысумен  қалыптасады,  сондай-ақ 
университетте  өзінің  мамандығы  жөнінде  ақпарат  алу  үшін  мектептерде 
әңгімелер  жүргізу.  Этномузыкалық  мәдениеттің  құндылығы  жөнінде 
студенттермен әңгіме жүргізудің маңызды формасы жеке тұлғаның бейімділігі 
мен  мүдделеріне  (халық  аспаптар  ансамблі,  хор  және  т.б.)  қатысты  1-2  курс 
студенттері  үшін  міндетті  сабақтар,  кафедра,  факультеттің  көркем- 
шығармашылық бірлестікке қатысуы жатады.     
Қалыптасу  кезеңі  (оқытудың  2-ші  курсы)  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындары  студенттерін  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 


117 
 
дамытуға  мақсатты  бағытталады.  Осы  кезеңде  этномузыкалық  білімнің 
жүйеленуі, қазақ ұлттық музыка құралдары арқылы педагогикалық жоғарғы оқу 
орындарының  студенттерін  интеллектуалды  дамытудың  біртұтас  үдерісін 
меңгер  жүзеге  асады.    "Негізгі  музыкалық  аспап",  "Қазақ  музыкасының 
тарихы",  "Қосымша  музыкалық  аспаптар"  курстарында  студенттер  қазақ 
ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды  дамытудың  мазмұнын  меңгереді. 
Сондай-ақ «Қазақ ұлттық музыкасы арқылы тұлғаның интеллектуалды дамуы» 
элективті курс  таңдалады. Аудиториядан тыс этномузыкалық оқыту кезеңінде 
кәсіби-педагогикалық  құндылықтағы  этномузыкалық  құрылымның  бағыттары 
болашақ  мамандардың  іс-әрекеті  мен  ойлауын  дамытуға  ықпал  етеді. 
Студенттерді  ғылыми-зерттеушілік  жұмыстарына,  жобаларға,  ғылыми 
баяндамаларға, 
ғылыми 
жұмыстардың 
конкурсына, 
шығармашылық 
этномузыкалық  мәселелерін  зерттеуге  баулу,  олардың  шығармашылық 
тұрғыдан  ойлауын  тереңдетуге,  соның  негізінде  оның  интеллектуалды 
дамуының  жоғарылауына  ықпал  етеді.    Тәрбие  жұмыстары,  сабақтағы  
педагогикалық  пікірталастар,  музыкалық  қонақжайда,  ауызша  музыкалық 
журнал  формалары жиі қолданылады.      
Кейбір курстардың мазмұнын аша түскенді жөн санадық.   
Қалыптастыру  экспериментінің  екінші  кезеңінде  студенттер  "Қазақ 
музыкасының  тарихы"  курсын  оқиды.  Курстың  бағдарламасына  жасаған 
талдау,  онда    қазақ  ұлттық  музыкасының  студенттерді    интеллектуалды 
дамытудағы  мүмкіндіктерінің    қамтылмайтындығын,  қазақ  ұлттық  музыкасы  
материалдары  тек  қана  тарихи-хронологиялық  сипатта  берілгенін  анықтадық. 
Сондықтан, біз осы курстың мазмұнына толықтырулар жасадық: 
1  Қазақ халқының ән шығармашылығы.  
2  Қазақ халқының аспаптық шығармашылығы. 
3  Қазақстан композиторларының опера шығармашылығы. 
4  Қазақстандағы симфониялық шығармашылық. 
Бірінші және екінші тақырыптың мазмұнында біз қазақ ұлттық музыкасы 
құралдарымен  педагогикалық  жоғарғы  оқу  орындарының  студенттерін 
интеллектуалды  дамытудағы  халықтың  ән  және  аспаптық  шығармашылығы  
мүмкіндіктерімен толықтырдық, сондай-ақ жанрдағы ән мен күйдің жіктелуін, 
аймақтық орындаушылық дәстүрдің өзгеруі мәселесін ендірдік.    
Жоғарыда  айтылып  өткендей  халық  музыкасының  негізіне  дамыған 
Қазақстандағы  композиторларының  опералық  және  симфониялық  музыкалық 
шығармалары  баршылық.    Осыған  байланысты  осы  тақырыптарды  өту 
барысында  біз    халықтың  музыкасын  толық  түсіндіру  салт-дәстүрлерге 
қатыстыхалықтың  музыкалық  шығармашылығын  ендірдік.      Мәселен,  
Қазақстан композиторларының операсындағы айтыс тақырыптарын, сондай-ақ 
Қазақстандағы  симфониялық  музыка  үшін  күй  драматургиясының  мәні  мен 
рөлін айқындадық. Өйткені оның мазмұнын түсінуде студенттер музыкалық 
білімін  толықтырып  қана  қоймайды,  оларды  эмоционалдық  қабылдау  мен 
шығармащылық орындау барысында ақыл-ой әрекеттерінің жиі іске қосылуы 
нәтижесінде олардың интеллектуалды дамуының деңгейі  көтеріле түседі.     


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау