51
нәтижесінде болатын ішкі тұлғалық үдеріс пен оның кәсіби өсуін қамтамасыз
ететін қажетті субъект-объект және субъектінің өзара байланысындағы
мақсатты бағыттылықты құрайтын педагогикалық үдерісті қамтиды [112-115].
Құзыреттілік тәсілдің идеясын жүзеге асыру еңбек нарығында әрбір білім
алушылардың құзыреттілік жағдайы үшін тұлғаның білім берудегі негізгі
нәтижесіне қол жеткіуге бағытталады. Құзыреттілік нақты тұлғаның
құзыреттілігін меңгерудегі нәтижесі мен субъектінің қызметін ерекшелеу
болып табылады.
Е.М.Павлютенков кәсіби құзыреттілікті ерекшелеуде «мамандардың
маңызды кәсіби сапалық еңбегіндегі тиісті өзінің еңбегін еркін меңгерудің
мазмұнын (функциясы, түрлері және іс-әрекетінің құралдары), оның өз іс-
әрекетін қолдану формасын» анықтаған [116]. Дегенмен, И.А.Зимняя
құзыреттіліктің табиғи мәнділігі адамның кез-келген өзіндік іс-әрекетіндегі –
кәсібилік, коммуникативтік, шығармашылыққа терең қызығушылық таныту
жағдайындағы тұлғаның бірыңғай құндылығын анықтайды [117].
Зерттеушілер ғылыми әдебиеттерде құзыреттілік тәсілдің жетекші
атқаратын қызметі мен ұстанымына негізделген. Ғалымдар оның ұстанымын
пән аралық, кешендік; жартылай іс-әрекеттік; диагностикалық тұрғыдан
қарастырды. Құзыреттілік тәсілдің атқаратын қызметін былайша анықтайды:
– заманауи
түсініктегі
логикалық
мәніндегі
«педагогикалық
шығармашылық», «педагогикалық мәдениет» педагогикалық қабілет пен
дағдылардың дамуын көздейді;
– педагогикалық білім берудің мазмұнын құрастырады және бағыттайды;
– болашақ мамандар даярлаудың барлық кезеңінде оның жүйесін
диагностикалық анықтау үшін кәсіби-педагогикалық құзыреттілік деңгейіндегі
түйінді, жалпы және арнайы құзыреттілік
қарастырылады;
– педагогикалық білім беру жүйесінде инновациялық үдерісті дамытуды
анықтайды.
Құзыреттілік мәселесіне арналған педагогикалық зерттеудің сараптамасы
олардың әр қырынан қарастырылғанын көрсетеді.
Бірінші бағыттың өкілдері құзыреттілікті оның бірыңғай теориялық және
практикалық даярлығындағы кәсіби мамандардың ерекшелігі тұрғысынан
қарастырады (А.К.Маркова, В.А.Сластенин және т.б.). Авторлар кәсіби
міндетті табысты орындауға мүмкіндік беретін жаңа сұранысқа ие болудағы іс-
әрекеттің қабілетін жылдам және жеңіл меңгеруге мүмкіндік беретін жекелеген
мамандардың қабілетін белгілеген [118, 119].
Басқа авторлардың анықтамасы бойынша, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –
кәсіби іс-әрекеттің психологиялық тиімділігін ескеретін білім алушыларды
дамыту мен тәрбиелеуде, оқытуда оң нәтижелерді қамтамасыз ететін
педагогтың тұлғалық өзін-өзі жүзеге асырудағы педагогикалық қарым-қатынас
пен педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі бағытын қалыптастырады.
С.Г.Молчанов, A.C.Петровская және тағы басқалар кәсіби құзыреттілікті
құзыреттіліктің жиынтығы ретінде қарастырады (негізгі, базалық және арнайы).
Негізгі құзыреттілік әрбір кәсіби құзіреттіліктің негізін құрайды. Базалық