49
ұлттық музыка арқылы интеллектуалды дамытудың үлгісіндегі динамикалық
жүйе мен оның тұтас бейнесі өзара әрекеттестікте болады. Ұлттық музыка
арқылы болашақ мұғалімдерді интеллектуалды дамыту ұлттық музыканың
шығармашылығындағы құндылықты тиімді пайдалануды көздейді. Осыған
қатысты
жоғары
мектептердің
жағдайында
болашақ
педагогтарды
интеллектуалды дамытудың жүйе құрайтын факторлары мәдени тәсілдерін
жүзеге асыру болып табылады.
Ұлттық музыка арқылы болашақ мұғалімдерді интеллектуалды дамытудың
мәденитанымдық тәсілі өз халқының музыкалық мәдениетін тасушы
субъектінің дамуын ұлттық музыкалық мәдениеттің талаптарына сәйкес
белгілі бір тұлғаның мәдени және әлеуметтік үдерісін ескере отырып
қарастырады.
Мәденитанымдық тәсіл алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешуде
«ұлттық музыкалық мәдениет», «ұлттық музыкалық білім беру» ұғымын
зерттеушілердің ой-пікір, көзқарастарын негізге алуға бағытталады (Е.Н.Шиянов,
Ж.Ж.Наурызбай, М.Е.Ержанов, М.Х.Балтабаев, В.К.Шаповалов, Е.В.
Бондаревская, В.В.Сериков, И.С. Кон, Н.Б. Крылова, С.В. Кульневич және т.б.).
Ұлттық музыканың мәденитанымдық тәсілі мазмұны – ұлттық-мәдени
құндылықтың негізгі тарату бағыты мен қазақ мәдениетінің маңызды бір бөлігі
болып табылады. Ұлттық музыка жоғары мақсатқа қол жеткізуге қызмет етеді –
тұлғаны этностар субъектісі және олардың шығармашылық мәдениетін
тасушылар ретінде қалыптастырады.
Мәденитанымдық тәсіл жергілікті заманауи дәуір мен жаһандану арасындағы
қарама-қарсылықты кеңейтетін ұлттық музыкалық білім берудің мүмкіндігін
анықтайды және музыкалық мәдениеттің өзара байланысына бағытталады.
Адамгершілік көзқарастар мен жалпы адами құндылықтарға жүгінудің
ерекшелігіндегі қоғамдық дамудың заманауи тұжырымдамасы жоғары мектеп
жағдайында ұлттық музыка арқылы болашақ мұғалімдердің интеллектуалдық
дамуын жүзеге
асыруда аксиологиялық дамудың мәнін белсендіреді.
Аксиология грек тілінен аударғанда («
axia» - құндылық және «
logos» -
ғылым) әлемдегі құндылық жүйесі мен табиғаттағы философиялық ғылымның
құндылығын білдіреді. Барлық антропологиялық ғылым адамды зерттей отырып
әрбір қызметтің түрлеріне қатысты оның көптеген құндылықтарын анықтайды.
Философияда «құндылық» – қоғамдағы адамның дамуы мен тұлғаның өзін-өзі
жетілдіру мүмкіндігіндегі объективті өмірдегі адамдық қатынасты білдіреді.
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлаудың аскиологиялық аспектісі
адамгершілік таңдауды талап ететін жағдайдан ойша шығу, өзінің қызметінің
жағдайын алдын-ала көру мен басқа адамдар мен студенттердің қабілетін, ойын,
мінез-құлқын бағалауды сипаттайды. Студент болашақ кәсіби қызметі үдерісінде
тұлғалық мәнділігі мен оны жүзеге асырудағы қажетті құндылықтарды
белсендіреді. Болашақ маманның тұлғалық әлеуетіндегі интеллектуалдылықты
қалыптастырудың аксиологиялық тәсілінің мәні жоғары оқу орнында қоғамға
пайда келтіретін өзін-өзі тұлғалық жетілдіруге дайын, әлеуметтік сапалық мәнге
ие студент тұлғасын дамыту қажеттігі маңызды саналады.