ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82

53 
 
тапсырмаларды  шешуге  мүмкіндік  береді.  Соның  негізінде  П.Я.Гальперин  
ақыл-ой  іс-қимылын  кезең-кезеңмен  қалыптастыру  теориясын  алға  шығарған 
болатын.  Осы  теорияны  пайымдай  келе    Н.Ф.Талызина  «оқытудың  сараптамасы 
білім  алушының  алдына  қойылған  міндеттің  шешімін  табу  үшін  орындауға 
қажетті  қызметтен  бастау  керектігін,  содан  кейін  оны  жүзеге  асыру  қажеттігін, 
одан  әрі  –  олардың  әрбірін  құрылымдық  және  қызметтік  жағынан  мазмұнын 
сараптау тиістігін»  айтқан [123]. Яғни, жоғары оқу орындарында педагогикалық 
үдерістің    жағдайына  сай  оқыту  студенттердің  оқу-танымдық  үдерістегі  өзін-өзі 
басқаруын  ынталандыру  мен  оқыту  үдерісі  үшін  белгілі  бір  психологиялық 
жағдай  құру,  ойлау  операциялары,  ақыл-ой  қызметін  кезең-кезеңімен  сақтау 
қажеттігін талап етеді.       
Ұлттық  музыка  арқылы  болашақ  педагогтарды  интеллектуалды  дамыту 
жоғары оқу орындарындағы біртұтас педагогикалық үдерістегі  тұтас құрылымды 
қарастыруды  қажет  етеді.  Н.Д.Хмельдің  зерттеуінде  тұтастай  оқыту  және 
тәрбиелеудің  негізі  біртұтас  педагогикалық  үдерісті  тиімді  пайдалануан  талап 
етілетіндігі көрсетілген.     
Н.Д.Хмель  біртұтас  педагогикалық  үдерістің  өзіндік  ерекшелігін  ескере 
отырып,    әлеуметтік  жүйенің  құрылымындағы  педагогикалық  үдерістің  сапасын 
қарастырады.  Кез-келген  жүйе  тектес  педагогикалық  процесс  «ішкі  бірізділік, 
тұтастық  және  дербестікке  қатысты...  динамикалық,  ішкі  құрылымның 
күрделігін» қамтиды [124].   
Логикалық-тарихи  тәсіл  -  (С.А.Ұзақбаева,  Қ.Б.Жарықбаев,  С.Қ.Қалиев, 
Қ.Құнантаева, Г.К.Ахметова және т.б.) соңғы екі ғасыр бойы отандық және шет 
елдік ғалымдар ұлттық музыканың рөлі арқылы тұлғаны дамытудың мәнін ашу, 
қоғамдық  дамудың  белгілі  бір  кезеңіндегі  эволюциясын  көрсету,  ұлттық 
музыканы дамытудың ықпал ету  факторларын, даму тарихының тірегі болатын 
алғышартын, оның пайда болудағы қайнар көзін анықтауға, ұлттық музыканың 
шығармашылын  айқындауға  мүмкіндік  берді.  Логикалық-тарихи  тәсіл  ұлттық 
музыкалық  дәстүрдегі  Қазақстанның  композиторлық  дәстүрінің  тарихи  дамуы 
мен  Қазақстандағы  кәсіби  композиторлық  шығармашылықтың  ұлттық  түпкі 
тарихын  анықтаған.    Алғашқы  дерек  көздердегі  фольклордың  өзіндік 
тақырыптары  халықтың  рухын  беретін  фольклорлық  шығарманың  дами  түсуі  
оның  қазіргі    классикалық  еуропалық  жанрдағы  композиторлар  әуенінен 
табылатындығын да көрсетіп отыр [125-129].           
Этнопедагогикалық тәсілді алғаш болып Г.Н.Волков негіздеген және осы 
идеялар отандық педагогтар  Қ.Ж.Қожахметова, К.Бөлеев, Ұ.М.Әбдіғапбарова, 
Р.К.Дүйсембінова,  А.Табылдиев    және  т.б.  еңбектерінде  дамытылды.  Мұндай 
жұмыста  ол  ұлттық  музыкадағы  этнопедагогикалық  бағыттың  орнын 
қарастыратын 
маңызды 
рөл 
ойнайды. 
Ғалымдардың 
 
ойынша 
этнопедагогикалық  тәсіл  педагогикалық  үдерістегі  жаратылыстану-тарихи 
болмысты  зерттейді.  Біздің  түсінікте  этнопедагогикалық  тәсіл  әмбебап,  себебі 
қазақ  халқының  бай  музыкалық  мұрасын  ескере  отырып  ұлттық  және  жалпы 
адами диалектілерде байқалады. Біздің зерттеуімізде этнопедагогикалық тәсілді 
қолдану  тұлғаның  интеллектуалды  дамуында  ұлттық  музыканы  тиімді 


54 
 
пайдаланудан  көрінед.  Төл  мәдениетті,  соның  ішінде  музыкалық  мәдениетті 
тасушы  белгілі  бір  этностардың  субъектісі  тұрғысынан    болашақ  мұғалімдер 
деп қарастырылады [130-134].       
Транспериферинді 
тәсіл 
ерешке 
мәдени-тарихи, 
экономикалық, 
әлеуметтік-саяси 
аясында 
дамитын 
әкімшілік-аумақтық 
бірлігіндегі 
мемлекеттік  бөлінудің  (аймақ,  облыстар  және  т.б.)  дербес  құрылымын 
қарастырады.  Д.Н.Замятинаның  зерттеуіне  сәйкес  әрбір  жергілікті  кеңістік 
жаһандану мазмұнындағы өркениет немесе мәдениеттің қалыптасуы  мен даму 
ерекшелігін  анықтайтын  ерекшеліктер,  белгілер,  ең  жарық  геокеңістіктік 
таңбалар  жүйесі  ретінде  түсіндірілетін  өзіндік  геомәдениеттің  бейнесін 
құрайды [135]. Біздің зерттеуде транспериферинді тәсіл дәстүрлі аспаптық және 
әндік  шығарманы  орындайтын  аймақтық  ұлттық  музыкалық    туындыларды 
(жетісулық,  қаратаулық,  аркалықтық,  сырдариялық,  батыс  қазақстандық, 
маңғыстаулық,  шығыс  қазақстандық)  топтастыруда  қолданылады.  Және  осы 
топтамаларды    болашақ  мұғалімдерді  интеллектуалды  дамыту  мақсатында 
білім  беру  жүйесінде  пайдалану  қарастырылады.    Транспериферинді  тәсіл 
қоғамдағы  аймақтық  мәдениетті  байланыстыратын  белгілі  бер  аймақтық 
мәдениеттің танымал  жүйесін қарастырады. Транспериферинді тәсілді қолдану 
этностың  тұтастығы  мен  оның  болашақта  даму  жолын  табиғи  ұлттық  музыка 
мен  генетикалық  байланысын  түсінуге  мүмкіндік  жасайтын  теориялық 
тұжырымдарды жүйелеуге мүмкіндік береді.               
Герменевтикалық  тәсіл  -  (М.Хайдеггер,  В.Дильтей  және  т.б.)  заманауи 
теория  мен  тәжірибенің  сұранысына  сәйкес  болашақ  мұғалімдердің 
интеллектуалды  даму  мүмкіндігін  қарастыратын  ұлттық  музыканың  өзгерісін 
зерттейді.  Герменевтикалық  тәсіл  ұлттық  музыкалық  құндылықтың  жүйесі 
тұрғысынан ұлттық музыкалық шығармашылықтың мазмұндық ойына енуінің 
мүмкіндігі болып  табылады.  Ұлттық  музыка  арқылы  тұлғаны интеллектуалды 
дамытудың  мәнін  зерттеудің  герменевтикалық  әдісі  философиялық, 
эстетикалық,  тарихи,  этикалық  ақпараттардың  таңбалы-белгілерінің  формасы 
аясында  қорытындыланып  белгіленген.  Олар  ерекше  зерттеуді  қажет  ететін 
ерекше 
мәтіндерді 
ұсынады 
(өлең, 
аңыз, 
халықтың 
музыкалық 
шығармашылығы және т.б.) [136, 137].    
Диалогтық  тәсіл  (А.Ухтомский  және  т.б.)  басқалардың  әсері  мен  өзара 
байланысының  арқасында  өзін  тани  алатын  басқа  музыкалық  мәдениеттегі, 
тұлғалық-өкілеттің  өзара  байланысындағы  белгілі  бір  ұлттық  музыкалық 
мәдениеттің  бірегей  әлемдегі  интеллектуалды  дамуының  құралдарын  ашуға 
мүмкіндік береді. Өзінің «Мен» дегендігін меңгеру тұйықтық, бір жақтылықты 
еңсеруде  басқа  музыкалық  мәдениет  арасында  диалог  туындатады.  Мұндай 
диалогтық  кездесуде  екі  немесе  көптеген  музыкалық  мәдениеттердің  өзара 
дамуы  пайда  болады.  Зерттеудің  сараптамасы  көрсеткендей,  көп  ұлтты 
мемлекетте  әр  түрлі  музыкалық  дәстүрдің  өзара  байланысы  мен  ұлттық 
музыканы  тарихи  дамыту  қазақ  халқының  дүниетанымдағы  жетекші  ұстаным 
болып  табылады.  Осыны негізге  ала  отырып, Қазақстан  халқының  музыкалық 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау