43
[94-95]. Бұл жөнінде O.K.Тихомиров «қажеттілік, ынта, ойлау қызметіндегі
құрылымның эмоциясын сараптау мен өзіндік-психологиялық деңгейдегі ішкі
қызметін басқару қажеттігін» көрсеткен [96].
Шығармашылық кешеннің қызметін сараптаудың әртүрлі бағыттары
A.M.Матюшкин (қажеттілік пен ынта), А.Г.Асмолов, Д.Б.Богоявленская
(мақсаттылық) еңбектерінде ұсынылған [97-99].
Шығармашылық қызметті құрылымдауды зерттеуде С.Л.Рубинштейн
«адамның ішкі білімін қолдану мен меңгеру мүмкіндігі – оларды меңгеру мен
қолдануындағы ішкі шарттарды құруға байланысты өзіндік ойлау үдерісінің
түсінікті жалпылауы мен іс-әрекеттік тәсілі, немесе сыртқа әсер ішкі әсердің
жағдайына бағынышты болуынан болады» деп түсіндіреді. С.Л.Рубинштейн
жеке интеллект бойынша біріншіден, ойлау операциясының негізін
құрылымдау - талдау, синтез, жалпылау болса, екіншіден, өңделген
операциялар көп немесе аз мөлшерде ұйымдастырылады (тиісті қызметті
жүзеге асыруға мүмкіндік жасауға көмектесетін ақыл-ой қызметі) деп көрсетеді
[100].
«Адамның шығармашылық белсенділігі оның тәжірибелік қызметінен
алынады» деген А.Р.Ерментаева оның қабылдауға ғана емес «сезімдік-
тәжірибелік іс-әрекетке» тәуелділігін көрсетеді [101]. Дегенмен, шынайы сыни
кеңістікте өтетін ұлттық музыка көптеген жағдайларда студенттердің ертелі
немесе кеш өзінің шығармашылық-айқындық ерекшелігіндегі тұтас
шығармашылықты дамытады.
Тек қана осындай іс-әрекет ұлттық музыканың құндылығын меңгерудегі
студенттің интеллектуалды дамуына бағытталады. Студенттің оқыту
үдерісіндегі ойлау іс-әрекетінің тәжірибесі ұлттық музыканың әсерінен
тұлғалық іс-әрекетке ауысады. М.С.Каганның пікірінше музыкалық
шығарманың тұлғаның эмоционалдық, интеллектуалдық және еріктік саласына
ықпалы өнердің музыкалық қоғамдағы үдерісті өзгерту мүмкіндігінің
басымдығын көрсетеді. Олардың ішінде ғалымдар ерік пен белсенділіктің
арасындағы байланысты айта кеткен. Олардың дәлелдеуінше, ерік пен
белсенділіктің арасындағы байланысты құруда айналмалы бағыныштылық
формуласы құрылады: біреуі басқаға талпыныс берсе, екіншісі өзінің
синергетикалық әсерін күшейтеді [102]. Музыкалық іс-әрекеттің үдерісіндегі
адамның еріктік сипатына ғалымдар мақсаттылық, табандылық, ұстамдылық,
өзін-өзі
ұстай білу, бастамашылдық, дербестікті жатқызады. Ғалымдарды толық
қолдай отырып мақсаттық, табандылық, дербестік пен шығармашылықтың
бастамашылдығындағы әртүрлі іс-әрекеттің ұлттық музыканы меңгерудегі
эмоционалдық күйін басқару, атап айтқанда орындаушылық ерік өзін-өзі ұстай
білу мен тұлғаның музыкалық-орындаушылық сападағы сахнада өзін-өзі ұстай
алуын айтады. Болашақ мұғалімдерді ұлттық музыка арқылы интеллектуалды
дамытудың ерікті даярлығы бастамашылдық пен еріктілік, оның бейнесін
ұғынуда жинақталатын еріктік қызметтің табандылығы, ұлттық музыкалық
шығармадағы орындаушылық аспаптармен жұмыс істеу барасындағы қозғалыс
даярлығы (вокалдық аспаптармен жұмыс істеу, музыкалық аспатарда ойнау),