ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82

12 
 
в) болашақ мамандарды ұлттық музыка арқылы интеллектуалды дамытуды 
жоғары  оқу-орнының  оқу-тәрбиесіне  ендіру  қажеттігі  мен  оны  жүзеге  асыру 
әдістемесінің жасалмағандығы арасында.  
Айқындалған қарама-қайшылықтар зерттеу мәселесін анықтады, ол ұлттық 
музыка  арқылы  студенттердің  интеллектуалды  дамуының  психологиялық-
педагогикалық  негіздерін  жасаудың  және  оны  практикада  жүзеге  асыру 
қажеттілігімен анықталады. Сонымен «Студенттерді қазақ ұлттық музыкасы 
арқылы  интеллектуалды  дамыту»  атты  зерттеу  тақырыбының  өзектілігі 
күмән тудырмайды.  
Зерттеудің  мақсаты  –  студенттерді  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы 
интеллектуалды  дамытуды  теориялық  негіздеу,    әдістемесін  жасау  және  оның 
тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру. 
Зерттеудің  нысаны  –  жоғары  педагогикалық  оқу  орындарындағы  оқу-
тәрбие үдерісі 
Зерттеудің  пәні  –  студенттерді  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы 
интеллектуалды дамыту 
Зерттеудің болжамы – егер студенттерді  қазақ ұлттық музыкасы арқылы 
дамытудың  мәні  анықталса,  моделі  жасалып,  психологиялық-педагогикалық 
шарттары  айқындалса,  элективті  курстың,    пәндер  бағдарламасына 
қосымшалардың  мазмұны  мен  оны  жоғары  оқу  орнында  жүзеге  асырудың 
әдістемесі  жасалса  және  практикаға  ендірілсе,    онда  студенттердің 
интеллектуалды  дамуының  жоғары  деңгейіне  қол  жеткізуі  мүмкін  болады, 
өйткені қазақ ұлттық музыкасының философиясы, рухани-мәдени, әлеуметтік, 
танымдық  әлеуеті,  эмоционалдық-эстетикалық  әсерлілігі  олардың  адами-
тұлғалық  сапаларының  дамуына,  шығармашылық,  креативтік  ойлауының 
тереңдеуіне, ой-өрісі, зиятының өсуіне ықпал етеді. 
Зерттеудің міндеттері  
-  студенттерді 
қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың мәнін анықтау; 
-  студенттерді 
қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың құрылымдық моделін жасау; 
-  студенттерді 
қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттарын айқындау; 
-  студенттерді 
қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін экспериментте тексеру. 
Зерттеу  әдістері:  жалпы  теориялық  –  зерттеу  мәселесіне  қатысты 
философиялық,  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерге  теориялық  талдау 
жасау;  контент-талдау,  модельдеу,  теориялық  негіздеу,  ҚР  білім  беру 
саясатының  нормативті-құқықтық  құжаттарымен  танысу;  озық  тәжірибелерге 
талдау жасау; іс-әрекет нәтижелерін салыстырмалы талдау; сауалнама, тестілеу, 
диагностикалық әдістемелер, математикалық өңдеу әдістері мен тәсілдері. 
Зерттеудің  теориялық-әдіснамалық  негіздері  болып  диалектикалық 
білім,  тұлға  теориясы,  таным  және  іс-әрекет  теориясы,  жүйелі  қатынас 
принциптері 
мен 
әдістері, 
іс-әрекеттік 
және 
тұлғалық-бағдарлық 


13 
 
қатынастарының  психологиялық  тұжырымдамалары,  жоғары  білім  беру 
жүйесіндегі  қағидалар,  интеллект,  тұлғаның  интелектуалды  дамуы    туралы 
теориялық тұжырымдар табылады.  
Зерттеу  көздері:  философтардың,  әлеуметтанушылардың,  психологтар 
мен  педагогтардың  еңбектері;  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  ресми 
материалдары, Білім және ғылым министрлігінің жоғары білім беру мәселелері 
туралы  нормативті  құжаттары  мен  оқу  кешендері  (тұжырымдамалар, 
стандарттар,  типтік  оқу  бағдарламалары  және  т.б.);  шетелдік  және  отандық 
педагогтардың  ғылыми  жетістіктері  мен  озық  тәжірибелері;  ғылыми  мерзімді 
басылымдар; автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі. 
Зерттеу кезеңдері 
Зерттеу жұмысы 3 кезеңге сәйкес жүргізілді. 
1  кезең  (2014-2015жж.)  -  қарастырылып  отырған  проблема  бойынша 
материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, жоғары 
оқу  орындарының,  мектеп  мұғалімдерінің  озық  тәжірибелері  жинақталып, 
қорытыланды, эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды. 
2  кезең  (2015-2016жж.)  -    жоғары  оқу  орнының  білім  беру  ортасында 
пайдаланылатын      студенттерді  интеллектуалды  дамыту  материалдары 
сұрыпталды,  аталған дамудың моделі жасалды, психологиялық-педагогикалық 
шарттары  айқындалды.    Элективті  курс  бағдарламасы  даярланып,  мазмұны 
жасалды және интеллектуалды дамуға байланысты пәндердің бағдарламасының 
мазмұнына 
толықтырулар 
енгізілді. 
Оларды 
оқу-тәрбие 
үдерісінде 
пайдаланудың  әдістемесі  жасалды,  оқудан  тыс  іс-әрекеттердегі    іс-шаралар 
жоспарланды.  Тәжірибелі-эксперимент  жұмыстары  жүргізілді,  аралық 
кесінділер алынды.  
3  кезең  (2016-2017  жж.)  -  тәжірибелік  эксперимент  барысында  алынған 
қорытынды нәтижелерге талдау және өңдеу жасалып, диссертациялық  зерттеу 
талапқа сай рәсімделді. 
Зерттеудің  базасы:  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі 
-  студенттерді 
қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың мәні анықталды;  
-  студенттерді 
қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың құрылымдық моделі және оның мазмұны жасалып, өлшемдері мен 
көрсеткіштері, деңгейлері анықталды;  
-  студенттерді 
қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары  айқындалды; 
-  студенттерді  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды  дамыту 
әдістемелік тұрғыдан негізделді.  
Зерттеудің практикалық маңыздылығы 
-  психологиялық-педагогикалық  кешенді  әдістер  негізінде  қазақ  ұлттық 
музыкасы  арқылы  студенттерді  интеллектуалды  дамыту  деңгейлерін 
диагностикалау мен бағалау әдістемесі жасалды;  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау