1. шетел жұмыс күшін тарту саласында



жүктеу 69,5 Kb.
Дата04.02.2020
өлшемі69,5 Kb.
#28136



1. ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ САЛАСЫНДА

1. Рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:

1) бірінші санат – бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;

2) екінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелер басшылары;

3) үшінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;

4) төртінші санат – кәсіптік стандарттарда, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.

2. Жергілікті атқарушы орган рұқсаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде береді.

3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданыстағы, бұрын берілген рұқсаттардың саны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлген квотаның тиісті күнтізбелік жылға арналған санынан аспауға тиіс.

4. Жергілікті атқарушы орган мынадай шарттар:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70%;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90% шарттарын сақтаған кезде рұқсат беру және (немесе) ұзартуды жүзеге асырады.

Қадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік жұмыскерлер қатарында 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық қауымдастық туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары есептелмейді.

Жұмыс беруші кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

5. Осы Қағидалардың 6-тармағы:

1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;

2) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;

3) Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерге;

4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квота шеңберінде берілген рұқсаттарға;

5) шетелдік заңды тұлғаның жұмыскерлерінің саны 30 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарына қолданылмайды.

6. Басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттарды аумағында жобалар іске асырылып жатқан жергілікті атқарушы органмен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша мүдделі орталық мемлекеттік органдар айқындайды.

7. Рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.

8. Рұқсат алу үшiн жұмыс берушi не олардың өкілі "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтерді қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.

9. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайларда жергілікті атқарушы орган олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттарды қайтарады және жұмыс берушіге құжаттардың қайтарылғаны туралы (Қағидаларға сәйкес берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жазбаша негіздеме береді.

Құжаттарды қағаз түрінде қабылдаған кезде жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қабылданған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, қолхат береді.

10. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:

1) бірінші санат үшін – жыл сайын он екі ай мерзімге ұзартумен он екі ай;

2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге, бірақ үш реттен артық емес ұзартумен он екі ай;

3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі ай;

4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға дейінгі мерзімге беріледі.

11. Жергілікті атқарушы орган рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Жергілікті атқарушы орган шешімді жергілікті атқарушы орган құратын Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдарының негізінде қабылдайды.

12. Комиссияның құрамына ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның өкілдері кіреді.

13. Жұмыс беруші не оның өкілі өз ұйғарымы бойынша Комиссияның отырысына қатыса алады. Жергілікті атқарушы орган отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде үш жұмыс күні қалғанда өзінің интернет-ресурсында Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны туралы ақпаратты орналастырады.

14. Жергілікті атқарушы орган "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не жазбаша жұмыс берушіге рұқсатты беру не беруден бас тарту, ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде оны қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.

15. Рұқсатты беру және (немесе) ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес хабарлама жібереді.

16. Рұқсатты беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 10-тармағында сәйкес оның негіздемелерін көрсетеді.

17. Жұмыс беруші рұқсатты беру туралы хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.

Жұмыс беруші хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды төлегенін растайтын құжаттарды бермеген кезде жергілікті атқарушы орган рұқсатты беру туралы шешімнің күшін жояды.

18. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушіге рұқсат береді.

Жұмыс берушi екі жұмыс күнi өткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда жергілікті атқарушы орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.

19. Мынадай:

1) бөлінген квотаның мөлшерінен асып кеткен;

2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;

3) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;

4) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) кәсіптік стандарттарға, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылар, мамандар және қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді және ұзартылмайды.

2. ЭТНИКАЛЫҚ КӨШІ-ҚОН САЛАСЫНДА

Этникалық репатрианттармен жұмыс көші-қон үдерістерін реттеудің жекеаспектісі болып табылады.

Мемлекет тәуелсіздіктің барлық жылдарында елімізге этникалық қазақтарды ерікті түрде оралуға ынталандыру саясатын жүргізеді.

Көрсетілген кезеңде тарихи отанына 284 361 отбасы және 1 006 473 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды, халықтың жалпы санынан 6%-ды.

Оралмандардың көбісі – 61,6% Өзбекстаннан, ҚХР-нан – 12,1%, Моңғолиядан – 11,7%, 7,1% - Түркменстаннан. 3,8% - Ресейден, және 3,7% - өзге елдерден көшіп келгендер.

Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар 56,1%, 18 жасқа дейінгі балалар – 39,3% және зейнеткерлер – 4,6%-ды құрайды.

Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 8,9%-ң жоғарғы білімі, 20,5%-ң арнайы орта білімі, 61,1%-ң жалпы орта білімі бар, 9,5%-ң білімі жоқ.

2016 жылға арналған оралмандарды қабылаудың өңірлік квотасы іске асырылды. Квота шеңберінде 2422 оралмандар және 793 ішкі көшіп қонушылар мемлкеттік қолдау шараларын алды.

Соңғы жылдары оралмандарға қатысты әлеуметтік пакет қарастырылған жаңа шаралар қабылдануына байланысты олардың саны 6,5 есе артты. (2016 жылы 33 754 этникалық қазақ немесе 6 417 отбасы оралман мәртебесін алды, 2015 жылы 4890 этникалық қазақ немесе 1920 отбасы, 2014 жылы 8247 этникалық қазақ немесе 3792 отбасы).

Оралмандардың көбі Оңтүстік Қазақстан облысында – 6017 отбасы (11469 адам), Алматы облысы - 4445 отбасы (8583 адам), Жамбыл облысы - 1040 отбасы (1962 адам), Маңғыстау облысы – 766 отбасы (3597 адам|) және Шығыс Қазақстан облысында – 719 адам (1679 адам).

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оралмандар келесі жеңілдіктерді ала алады.

- Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады (Халықтың көші-қоны туралы» ҚРЗ 23- бап);

- этникалық қазақтар қатарындағы студенттерді қоса алғанда және визаның түріне қарамастан Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған кезде жеңілдетілген тәртіпте өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады (Халықтың көші-қоны туралы» ҚРЗ 23, 33-баптар);

- оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiмен қамтамасыз ету (Халықтың көші-қоны туралы» ҚРЗ 23-бабы);

- қызметтік немесе өзінің тұрғын үйі болмаған кезде оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркелуге құқығы бар («Халықтың көші-қоны туралы» ҚРЗ 26-бабы);

- ҚР азаматтарымен бірдей жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларымен қамтамасыз ету («Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚРЗ, 5-бап);

- ҚР азаматтарымен бірдей медициналық көмекпен қамтамасыз ету (Ұлттың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚРК, 34-бап);

- ҚР азаматтарымен бірдей мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердегі орындармен қамтамасыз ету (Халықтың көші-қоны туралы» ҚРЗ 23-бабы);

- квота шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына білім алу («Білім беру туралы( ҚРЗ 26-бап);

- ҚР азаматтарымен бірдей атаулы әлеуметтік көмек, балаларға мемлекеттік жәрдемақы және арнаулы жәрдемақылар алу («Атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚРЗ, 2-бап, «Балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚРЗ, 2-бап, Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚРЗ 3-бап);

- ҚР азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамтамасыз ету (ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚРЗ, 2-бап);

- уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алу («Қазақстан Республикасының Жер кодексі» 46-бап);

- жергілікті атқарушы органның жеке коммуналдық қорынан тұрғын үй алу («Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚРЗ, 68-бап);

- этникалық қазақтар қатарындағы студенттерді қоса алғанда жеңілдетілген (тіркеу тәртібінде) ҚР азаматтығын алу («ҚР азаматтығы туралы» ҚРЗ, 16-1-бап).



3. ІШКІ КӨШІ-ҚОН САЛАСЫНДА

Ішкі көші-қонға жыл сайын 418 мың адам өңіраралық (228 мың адам (облыс арасында) және 190 мың адам өңірлік (бір облыс ішінде) қатысады.

Соңғы бес жылда Астана (153 мың адам) мен Алматы қалалары (216 мың адам) еліміздің негізгі халықты тарту орталығы болып табылады.

Бұл ретте халықтың аздаған бөлігі Алматы (94,5 мың адам), Оңтүстік Қазақстан (54,7 мың адам), Жамбыл (36 мың адам) облыстарынан көшеді.

Көші-қонның оң сальдосы Астана (+81,8 мың адам), Алматы (+112,6 мың адам) және Маңғыстау облыстарында (+7,9 мың адам), көші-қонның теріс сальдосы Жамбыл (-42,8 мың адам), Оңтүстік Қазақстан (-67,4 мың адам), Шығыс Қазақстан облыстарында (-26,4 мың дам) тұрақты сақталады.

ішкі көші-қонға 2014 жылы 405,6 мың адам (177,2 мың адам өңіраралық (обыстар арасында) және 228,3 мың адам өңірлік (бір облыс ішінде) қатысты, 2015 жылы 455,4 мың адам (202,7 мың адам өңіраралық (обыстар арасында) және 252,6 мың адам өңірлік (бір облыс ішінде) қатысып, 11%-ға артты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алдын ала мәліметі бойынша 2016 жылы ішкі көші-қонға 610 мың адам (293,9 мың адам өңіраралық (обыстар арасында) және 316,7 мың адам өңірлік (бір облыс ішінде) қатысқан, 2015 жылмен салыстырғанда 25,3% артқан.

Өз кезегінде 2011 жылдан бері еңбек қолы көп жерлерден жұмыс күші қат өңірлерге өз еркімен қоныс аудару жүзеге асырылады.

2011 жылдан 2016 жылға дейін тиісті мемлекеттік қолдау көрсетумен (көшуге субсидиялар төлеу түрінде осы мақсатқа арналған шығын 464 млн. теңгені құрады) 19 мыңнан астам адам қоныс аударды. Қоныс аударған 9,0 мың адамның жалпы санынан 7,0 мың адам жұмыспен қамтылды, 2,0 мың адам 2017 жыл ішінде жұмыспен қамтылатын болады.

Қоныс аударған азаматтарға шамамен 5,4 мың қызметтік пәтер мен жатақханалардан бөлме (100% қамту) берілді.

Ағымдағы жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде оралмандар мен ішкі қоныстанушылар арасынан 2,7 мың адамды әлеуметтік қолдау шараларымен қамту жоспарланып отыр.

Жаңа Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау қоныс аударуға субсидиялар, сондай-ақ, бір жыл ішінде баспана жалдау мен коммуналдық қызметтерді төлеуге кететін шығындарды өтеугеи үшін субсидиялар беруді қамтиды.



Анықтама үшін: қоныс аударушыларға әлеуметтік пакет көзделген:

1) қоныс аударуға арналған субсидиялар – 35 АЕК (79,4 мың теңге) мөлшерінде отбасының әрбір мүшесіне біржолғы жәрдемақы, 2017 жылға республикалық бюджеттен 269 млн.тенге көзделген.

2) тұрғын үйді жалдауға кететін шығындарды өтеуге арналған субсидиялар – ай сайын 12 ай көлемінде 15-ден 30-ға дейін АЕК (34,0-нан 68,1 мың теңге) бір адамға, 2017 жылға жергілікті бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде 510 млн тенгекөзделген.



Аталған Бағдарлама бойынша 4 облыс– Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары (соңғы 10 жылда облыс халқының санынан 2%-дан астам халықтың өсімі бар және/немесе халқының тығыздығы бір метр квадратқа 6,4 адамнан асатын өңірлер) шығу өңірі болып айқындалды.
жүктеу 69,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау