10
Халық музыкасы құралдарымен тұлғаның интеллектуалды дамуы
мәселесін зерттеудің әдіснамалық маңызы, мәдениеттегі тұлғаны дамыту
мәселелерін А.Г.Асмолов, A.A.Вербицкий, И.А.Зимняя, Е.И.Исаев,
В.А.Сластенин және т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелді
Халық музыкасы арқылы тұлғаның интеллектуалды дамуы үшін тұлғаның
белгілі бағыттылығын қарастыратын тұжырымдамалары әдіснамалық маңызға
ие: атап айтқанда, адамның мүмкіндіктерін және мағыналық күш-қуатын
жүзеге асыруға бағыттылық (А.Маслоу, Ф.Перлз, Э.Шостром, К.Г.Юнг),
болашақ кәсіпке бағыттылық (Э.Ф.Зеер, Е.А.Климов, А.К.Маркова,
Л.М.Митина), жағдаяттың және өзіндік тәжірибенің шеңберінен шығу қабілеті
ретіндегі шығармашылыққа бағыттылық (Л.И.Божович, В.А.Петровский,
Я.А.Пономарев, В.Э.Чудновский).
Егер білім беру саласы адамның мәдениет құндылықтарын сақтау, тарату
және дамыту үдерісін, оны мәдениет субъектісі ретінде қалыптастыру үдерісін
қамтыса, онда интеллектуалды ерекшеліктер мәдениет құндылықтарын және
шығармашылықты меңгеру мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді
(В.М.Межуев, О.И.Джиоев, Н.З.Чавчавадзе).
Г.С.Тарасов, И.В.Тихомировалардың музыкалық және интеллектуалды
дарындылықтың жағымды корреляциясын зерттеуге арнаған еңбектері біздің
зерттеуіміз үшін ерекше қызығушылық тудырады Ғалымдар «музыкалық
ойлау» тұжырымын анықтаған (И.Ф.Гербарт, Б.Риман, Э.Ганслик), танымал
сазгерлердің
ойлау
с-әрекетінің
ерекшеліктерін
(М.Е.Тараканов,
О.В.Лукьянович, Л.К.Каверина) негіздеген. Д.К.Кирнарскаяның зерттеуінде
музыкалық-тілдік қабілетті – музыкалық идеяларды эстетикалық және
мағыналық тұрғыда қабылдау мүмкіндіктері қарастырылған.
Қазақстанда музыкалық шығармашылық құралдары арқылы тұлғаны
дамытудың жалпы идеялары ежелгі түркі жазба трактаттарында, ұлы ғалым-
энциклопедистер әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, А.Яссауи және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Музыкалық оқытудың ұлттық-
бағдарланған сипатына тірек жасау, қазақ халқының көрнекті ағартушылары
А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және ғылым мен мәдениет
қайраткерлерінің шығармашылығында көрініс табады, олар осы мәселенің
маңызыдылығын саналы ұғынып, оны өз дәуірінің аясында шешуге тырысты.
Қазақтың ұлттық музыкасы арқылы студенттердің интеллектуалды
дамуының теориялық-әдіснамалық негіздерін зерттеуде, этнопедагогика мен
этномәдениеттің бірқатар аспектілерін қарастыратын зерттеулер ерекше
маңызды болып табылады. Оларда ұлттық музыканың генезисі
(Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева және т.б.), теориясы және
әдіснамасы (М.Х.Балтабаев, С.Ғаббасов, Ш.И.Джанзакова, М.Е.Ержанов,
К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай және т.б.), этномәдениеттің білім беруші
және тәрбиелік мүмкіндіктері (Б.Е.Каирова, Т.М.Шакирова, Ш.М.Мухтарова
және т.б.) жан-жақты зерттелген.
11
Отандық зерттеушілер С.А.Ұзақбаева, Ш.Б.Құлманова, Р.Р.Жәрдемалиева,
М.А.Оразалиева, Т.А.Қышқашбаев, К.Е.Ибраева, Сұлтанова М.С. және т.б.
еңбектері білім беру үдерісінде музыка өнерін пайдалануға арналады.
Аталған зерттеудің аясында қазақстандық ғалымдардың бірқатар еңбектері
үлкен қызығушылық тудырады. Олардың қатарында шығармашылық
интеллектуалды тұлғаны оқыту мен дамыту үдерісінің психологиялық
құрылымы (С.М.Жақыпов, Ж.Ы.Намазбаева), этнопсихологиялық ұғымдардың
тұлғаны интеллектісі мен өзіндік бағалауын дамытуға әсері (А.Ж.Аяғанова),
жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың креативті сапаларын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары (А.Б.Оспанова, А.С.Швайковский,
С.А.Нұржанова, Р.І.Қадірбаева, Р.С.Омарова), білім беруді зияттандыру
жағдайында профильдік оқытудың білім беру ортасын дамыту (Қунакова К.У),
болашақ педагог-психологтардың зияткерлік әлеуетін дамыту (Кенжебаева
Б.Т.), арнайы әскери мектептерде оқушылардың зияткерлігін дамытудың
педагогикалық шарттары (Аширбаева Н.Н.) қарастырылған зерттеулерді атауға
болады.
Зерттелетін мәселенің жай-күйін талдау, 20 ғасырдың 90-жылдарынан
бастап ұлттық өнер мәселелеріне ғалымдардың зейінін ерекше аударғанына
қарамастан, жаһанданудың қазіргі заманғы бағыттарын ескеріп, жаңа тұрпатты
мұғалімді интеллектуалды дамытудың факторы тұрғысынан ұлттық өнерді
қолданудың теориялық-әдіснамалық негіздерін жасаудың және дидактикалық
аспектілерін зерттеудің толық жүзеге аса қоймағандығын, әлі де болса зерттей
түсудің қажеттілігін көрсетті.
Сондай-ақ, патриоттық, азаматтық және ұлттық өзіндік сана рухындағы
интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың қажеттілігін есепке алып, ұлттық
өнерге қатысты тұғырлардың жаңартылуы қажет етіледі. Қазіргі уақытта
ұлттық музыкасына деген біртұтас ғылыми көзқарас әлі қалыптаса қойған жоқ
және жаңа тұрпатты мұғалімнің интеллектуалды дамуының факторы
тұрғысынан оның ерекше әдіснамалық базасы негізделе түсуі қажет.
Жоғарыда көрсетілген еңбектерге жасаған талдау студенттерді ұлттық
музыка арқылы интеллектуалды дамыту мәселесінің зерттелмегенін көрсетті.
Сондай-ақ, проблеманың өзектілігін талдау негізінде жоғары оқу орындарында
білім алушыларды ұлттық музыка құралдарымен интеллектуалды дамытуда
қоғамның сұранысы мен педагогика ғылымында оның теориялық және
практикалық негізделуі арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі
айқындалды:
а) мемлекеттің рухани жаңғыруы жағдайында білім алушыларды
интеллектуалды дамытуға қоғамның сұранысы мен практикада оның жүзеге
асырылмағандығы арасында;
ә) жоғары оқу орындарында студенттерді интеллектуалды дамытудың
қажеттігі мен оның теориялық негіздерінің толық зерттелмегендігі арасында;
б) болашақ мамандарды интеллектуалды дамытуда ұлттық музыка
мүмкіндіктерінің кеңдігі мен олардың теориялық, әдістемелік негіздерінің
зерттелу қажеттігі арасында;
Достарыңызбен бөлісу: |