61
саяси, салт-дәстүрлі-тұрмыстық); еңбек, кәсіпшілік әндер; қиял-әндер; әзіл-
ысқақ әндер.
Қазақ халқының әндерінің ерекшелігі, мазмұны мен мәніне қарай
топтастырған музыка танудың әзірлеген ең алғашқы жіктемесі А.Затаевичтың
жіктеуі болып табылады. Ол тарихи, тұрмыстық, революциялық, далалық,
теңіздік, таулы, азып-тозған әндер, сайыстық және әзіл-ысқақтық, деп
топтастырады.
А.Затаевичтың жіктемесінде жіберілген кем-кетіктерді есепке ала отырып
Б.Г.Ерзакович. қазақтың шығармашылық әндерін сыртқы белгілеріне қарай
жіктеген: отбасылық-тұрмыстық, отбасылық-салттық, еңбек, лирикалық әндер,
әлеуметтік наразылық әндер, тарихи, музыкалық бейнедегі эпикалық ертегілер
мен аңыздар.
С.Елеманованың еңбектерінде халықтың ұлттық өлеңдері салттық (үйлену,
жерлеу), тұрмыстық, лирикалық, эпикалық, тарихи, әлеуметтік наразылық
әндері болып топтастырылған. «Қазақтың музыка тарихы» еңбектерінде
авторлар қазақтың ән шығармасын ұқсатып бейнелей отырып жіктейді.
Қазақтың дәстүрлі ән шығармалары басылымының 1-ші томында олар
дәстүрлі-тұрмыстық, отбасылық-тұрмыстық, еңбек, лирикалық, әлеуметтік
наразылық әндер, тарихи әдер болып жіктеліп берілген.
Педагогика ғылымында қазақтың ән шығармашылығы Р.Дүйсенбінова,
Ж.Акпарова және тағы басқаларда қарастырылған. Р.Дүйсенбінованың
жіктеуінде қазақтың жалпы білім беретін мектептері үшін арналған қиын
меңгерілетін жанрдағы топтар (мысалы, эпикалық: дастан, қисса, толғау, терме)
және мазмұны жағынан (қарарлы-ән, қияли-ән және т.б.) қарастырылады.
Зерттеулерде мектепке дейінгі балалардың білім беру жүйесіне енетін
қазақтың халықтық музыкалық шығармашылығы дәстүрлі-тұрмыстық
шығармалар, тарихи, эпикалық, лирикалық болып ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген жіктеулерде әрбір автор қазақ халқының
музыкалық өнерінің белгілі бір ерекшелігін ұсынады. Олардың ішінде тек қана
Р.Дүйсенбінова, Ж.Акпарованың жіктеулері педагогикалық талаптарды ескере
отырып жалпы білім беру мектептеріндегі білім алушылар мен балабақша
балаларына арналған.
Біз өз жұмысымызда Б.Г.Ерзаковичтың және С.Елеманованың жіктеулерін
тұтастай қолдаймыз, алайда салт-дәстүрлік және тұрмыстық жанрларды бөлек
емес, бір жанрдың аясында қарастырамыз:
отбасылық-тұрмыстық,
отбасылық-салттық (Б.Г.Ерзакович), салттық (үйлену, жерлеу), тұрмыстық
(С.Елеманова). Мұндай тәсіл, біздің көзқарасымыша әбден негізделген, немесе
олардың құрамдық элементі ретінде салт пен дәстүр қарастырылған. Олардың
жіктемесі музыкалық шығармашылықтың мән-мағынасына, белгілі бір
тәрбиелік дәстүрді білдіруіне қарай жүйеленген. Салт-дәстүр – адамның нақты
салты мен дәстүрінің жүйесін тәрбиелеуде танылатын қызметтің белгісі болып
табылады. Салт-дәстүрдің қызметтік шеңбері – адамның өмірі мен тіліндегі
қызметтік емес сала. Салт-дәстүрге байланысты адамгершілік аясында
62
тұрмыстық нормадағы заңдар, діндер, құқық, мораль, қоғамдық сананың
түрлері қарастырылады.
Мұндай жіктеулер (дәстүрлі-тұрмыстық, лирикалық, эпикалық, тарихи
және әлеуметтік наразылықтағы әндер мен күйлер) кәсіби музыканың әртүрлі
жанрындағы
шығарманың
жүйеленуі
мен
тұлғаның
эстетикалық
қалыптасуындағы қазақ халқының музыкалық өнерінің мүмкіндіктерін
анықтайтын негіз болып табылады. Мысал ретінде кейбір қазақтың
шығармашылық ән жанрын қарастырайық.
Қазақ халқының лирикалық әні өзінің тақырыбындағы махаббат пен
достық, әйелдің сұлулығы, табиғаттың эстетикасы, адамның жақсы қарым-
қатынасын бейнелейді. Қазақтың махаббат әнінде моральдық принциптерді
қолдайтын жігіт пен қыздың арасындағы байланысты көрсететін халықтың
өміріндегі дәстүрлі бағыттарын іске асырады. Махаббат туралы өлеңде
экономикалық және әлеуметтік теңсіздіктің арқасында ғашықтардың
тағдырларын қоса алмай өзінің ғашықтығынан бас кешуге мәжбүр болуы
сипатталады. Мысалы, қазақтың халық әні «Қызыл бидай», «Назқоңыр», кең
көлемдегі ғашықтық әндерге арналған арнаулар Біржанда (Ғашық жар,
Айтбай), Мұхиттың (Айнамкөз, Кербез, Зәуреш). Ахан серінің махаббат
лирикасы (Мақпал, Балқадиша, Сырымбет), Ыбырайдың (аққу бейнесінде
айтылған ән Гакку), Естайдың (Қорлан, Еркем) әндерін атауға болады.
Халықтың бейнесін сомдайтын тамаша түрдегі сұлулық қазақтың табиғаты
саналады. Қазақ халқының музыкалық өнері қоршаған ортадағы сезімді баурап,
оның эстетикалық байлығы болатын эмоционалдық-бейнелі дерек көзін
қабылдау болып табылады. Халықтың лирикасындағы тамаша бейне –
«Япырау» әні. Оның айқын түрдегі түрлі-түсті суреттері адамның рухани
болмысымен ұштасатын бірыңғай таулы өзен мен терең тұңғиықтағы ойды
білдіреді. Көшпелі халықтың сүйікті жануармен, табиғатпен қарым-қатынас
жасауда адамның сезімі туралы жылқыға арналған өлеңде бейнеленген.
Егер қазақтың жырында айғыр жылқылардың бейнесін сомдайтын
Тайбурыл («Қобыланды батыр» поэмасы), Байшұбар («Алпамыс батыр»
эпосы), атақты Тарлан («Ер-Тарғын») болса, онда осы дәстүрдегі ән-жыр
толғауындағы шығармаларда Біржанның «Телқоңыр» мен «Ақсеркеш»,
сондай-ақ Ақан серінің «Маңмаңгер» мен «Құлагер» жазылған. Табиғатпен
байланыстыра отырып жастарды эстетикалық тәрбиелеудің үлкен рөлі
қоғамдық қызметті ынталандыра отырып эмоционалдық саланы кеңейтеді,
эстетикалық дыбысты дамытады, оны өмірлік тәжірибемен байытады, жастар
жаттай отырып табиғаттың сұлу бейнесін көру мен сезуге үйрене отырып,
оларды тыңдау мен ойлауға оқытады деген қорытындыға келдік. Бұл қазақ
халқының эстетикалық ойын қалыптастыруға, Отанға деген махаббатқа
тәрбиелеудің тиімді үдерістерін жеңілдетті.
Еңбек әндерінде қазақтың ең алдымен жануарлармен, жермен
байланыстыра отырып эстетикалық еңбекті бейнелейді. Халық даналығында,
адам тірі ағзаның қажеттілігі, өмірдің қайнар көзі болатынын дәлелдейді. Бұған
дәлелді қазақтың мақал-мәтелдерінен көруге болады: «Еңбек-ердің атасы»,
Достарыңызбен бөлісу: |