ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82

34 
 
Д.Б.Эльконин  білім  алушының    ақыл-ой  дамуының  басты  өлшемдері 
қатарында  оқу  іс-әрекетін      дұрыс  ұйымдастыруды  атайды.  Олардың 
қатарында  – тапсырмаларды дұрыс беру, құралдарды таңдау, өзін-өзі бақылау 
мен  өзін-өзі  тексеру,  оқу  іс-әрекетінің  белгілік  жоспары  мен  тиісті  пәнді 
тиімді меңгеру және т.б. жатады. [67].  
Осы 
тұрғыдан 
Н.А.Менчинскийдің 
зертханасында 
жүргізілген 
З.И.Калмыковтың  жобасы  ерекше  қызығушылық  тудырады.  Біріншіден, 
жылжу  қарқынын  –  жекелеген  жұмыс  қарқынындағы  көрсеткішпен 
шатастыруға болмайды. Жұмыстың жылдамдығы мен жалпылама жылдамдық 
–  екі  бөлек  нәрсе.  Жай  жұмыс  істеп,  жылдам  жалпылауға,  және  керісінше 
істеуге  болады.  Жылжу  қарқыны  жалпылауды  құрылымдау  үшін  қажетті  бір 
типтік жаттығулардың санын анықтау қажет.  
Мектеп  оқушыларындағы  басқа  да  ақыл-ой  дамуының  өлшемдеріне  
«экономикалық ойлау» деп аталатын талқылаулар білім алушылар үшін жаңа 
өзіндік  заңнамаларға  ие  болады.  Дегенмен  З.И.Калмыков  осыған  сүйене 
отырып  ақыл-ой  дамуының  төмен  деңгейіндегі  білім  алушылар  тапсырмада 
берілген  ақпараттарды  қолдана  отырып,  соқыр  сынамалар  немесе  негізсіз 
ұқсастықтардың аясында шешетіндігін дәлелдейді. Сондықтан, оның шешімін 
табуда  олар  қайталау  және  қате  жауаптарды  көрсетеді.  Мұндай  білім 
алушылар үшін әрдайым түзетулер мен сыртқы тараптан көмек қажет. Ақыл-
ой дамуының жоғары деңгейіндегі білім алушылар үлкен көлемдегі білім қоры 
мен олардың қабілеттеріндегі ақпараттық толық шығарылуы, өзінің қызметін 
әрдайым бақылауды қажет ететін тапсырмалардың жағдайына сай меңгереді, 
сондықтан  олардың  мәселені  шешудің  жолдары  қысқа  айтушылық, 
ықшамдық, рационалдық болып келеді [68].   
Дегенмен,  ұлттық  музыка  арқылы  тұлғаны  интеллектуалды  дамыту 
бағытындағы    жұмыстарда  ұлттық  музыка  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың тұлғалық белгілі бір құрылымындағы мазмұнның психологиялық-
педагогикалық  ғылымда  жинақталған  тәжірибені  қайта  қарастыру  қажет. 
Сонымен  қатар,  білім  алушылардың  интеллектуалдық  даму  деңгейін 
диагностикалау  үшін  ғылыми  негіздегі  психологиялық-педагогикалық 
әдістерді зерттей түскен жөн. 
Біздің 
тұжырымдауымызша, 
ұлттық 
музыка 
арқылы 
тұлғаның 
интеллектуалдық  дамыған  құрылымдық  жүйесін  қарастыруда  мына  мәселелер 
ескерілу қажет:  
–  тұлғаның  негізгі  ерекшелігі  интеллектуалдық,  эмоционалдық-сезімді, 
физикалық және ерікті саланы анықтайды; 
–  әрбір 
тұлғаның 
шығармашылық 
белсенділі 
мен 
қоғамдағы 
интеллектуалдылық қажеттілігін арттырудың тұлғалық әлеуетінің өзектілігі; 
–  тұлғаның  қажетті  әлеуметтік  тарапын  ескере  отырып  тұлғаны  шынайы 
әлеуметтік  өзара  байланысындағы  қоғамдық-тарихи  қарым-қатынастың 
субъектісін ұсыну; 
–  тұлғаның  интеллектуалдық  дамуындағы  ұлттық  музыканың  үлкен 
әлеуетін өзектендіру.   


35 
 
Біз  ұлттық  музыканың  әлеуеті  негізінде  тұлғаның  интеллектуалды  дамуы 
ерекшелігін  қарастыра  отырып  студенттердің  өзін-өзі  дамыту  мүмкіндігін 
арттыру  мен  шығармашылық  бастауын,  қабілетін,  ашылмаған  талантын 
анықтауды  қарастырамыз.  Мұнда  көптеген  шет  елдік  зерттеушілердің 
болжамдарын  еске  түсіреміз:  балалық  жастағы  ақыл  естің  дамуы  жоғары 
көрсеткішті көрсетуі табысты мансапқа кепілдік бермейді, және ересек өмірде 
шығармашылық  жетістікке  жету  мен  керісінше  IQ  жоғары  көрсеткіштегі 
балалар  қоғамдық  өмірде  және  алға  жылжуына  әсер  ететін  дарынды 
адамдардың  қатарына  енген.  Ғалымдар  мұндай  фактілерді  адамның 
психикасындағы  интеллектуалдық  дамудың  жоғары  деңгейіне  жетуге 
көмектесетін  компенсаторлық  механизмнің  жұмысымен  байланыстырады 
(мысалы,  ынта,  ерік  және  тұлғалық  сапа).  Осы  жерден  бастап  «өзекті»  және 
«әлеуетті»  қабілет  деген  түсінік  тарала  бастады.  Ең  бастысы,  «әлеуеттің 
принципі»  әрбір  студенттердің  болашақта  жоғары  кәсіби  шығармашылыққа 
жетудің  жекелеген  әлеуеті  мен  әрбір  адамның  ашылуына  қатысты 
адамгершілікті ерекшелейді.  
Ұлттық  музыка  арқылы  студенттердің  интеллектуалды  дамуын  зерттеуде 
белгілі  бір  тұлғаның  құрылымындағы  орнын,  оның  ұлттық  музыка  арқылы 
интеллектуалды дамуын, аталған дамуының өлшемдері мен көрсеткіштерін, оны 
жүзеге асырудың моделін және педагогикалық шарттарын, кешенді дидактикалық 
ерекшеліктерін 
анықтауды 
қарастырамыз. 
Біздің 
педагогикалық 
тұжырымдамамызда  болашақ педагогтардың білім беру үдерісінде ұлттық музыка 
арқылы  интеллектуалды  дамыту  мақсатында  олардың  интелектуалдық, 
эмоционалдық-сезімдік,  тұлғалық,  еріктік  және  физиологиялық  құрамдарын 
дамытуды қарастырамыз.   
Осы  айтылып  өткендер    аталған  дамуды  жүзеге  асыруда  тұлғаның,  біздің 
жағдайымызда  студенттің  генетикалық  негізіне  және  оны    әр  түрлі  құралдар 
арқылы жүзеге асыру мүмкіндігіне мән беру қажеттігін көрсетеді.  Сондықтан біз 
студенттің  темпераментінің  құрамына,  қабілеттеріне    (жалпы  интеллектуалдық, 
әлеуметтік,  музыкалық)  және  биологиялық  түзіліміне  баса  назар  аударамыз. 
Осыған  орай  студенттің  жеке-типологиялық  ерекшеліктеріне  ұлттық  музыканың 
ықпалын, сондай-ақ соның негізінде оның интеллектуалды дамуын жоғарылатуды 
көздейміз.  
Біздің  зерттеуіміз  үшін  ұлттық  музыка  арқылы  тұлғаны  интеллектуалды 
дамытудың  маңызды  ерекшеліктері  қатарына  мыналар  жатады:  тұлғаның 
құрылымдығына  енетін  эмоционалдық  және  танымдық  психикалық  үдерістің 
ерекшелігі:  ойлау  (конвергентті,  дивергентті,  көркемдік-бейнелік,  музыкалық 
және  т.б.);  ес,  қабылдау,  зейін,  интуиция,  шабыт,  қиял  және  т.б.),  тұлғаның 
жеке-типологиялық  құрамына  енетін  биологиялық  негіз  (интеллектуалдық, 
арнайы музыкалық қабілет, темперамент, нышандар, мидың нейродинамикалық 
қасиеттері  және  т.б.)  болатын  қабілеттер.  Ұлттық  музыканы  меңгерудің 
интеллектуалдық  іс-әрекет  барысы  барлық  танымдық  және  эмоционалдық 
үдерістің  табысты  болуы  адами  сападағы  тұлғалық-іс-әрекетті  қалыптастыру 
және  ұлттық  музыка  арқылы  тұлғаны  интеллектуалды  дамытудың  үдерісін 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау