Тәжірибелік сабақ №4
1. Тақырыбы: Адренорецепторларды қоздыратын дәрілер; Адренергиялық синапстың құрылысы. - және β- адрено рецепторларды қоздыратын дәрілер; Адренорецепторларды
тежейтін дәрілер. Адренолитиктер); -,β-адренорецепторларды тежейтін дәрілер; Дәрілердің фармакокинетикасы, фармакодинамикасы.
2.Сабақтың мақсаты: Адреномиметиктрдің және адренолитикалық дәрілік заттар фармакодинамикасы мен фармакокинетикасын, біріншілік және екіншілік фармакологиялық реакциялары туралы ұғым қалыптастыру. Жоғарыда аталмыш дәрілік заттарға дұрыс рецепт жаздыра білу.
3.Оқыту мақсаты: Адренқабылдағыштарды (адренорецепторларды) қоздыратын эндогенді заттардың (катехоламиндерді) биологиялық белсенділігін, синтезін, метаболизмін білу барлық ағзалар мен жүйелердің қызметін түсінуіне өте маңызды. Сонымен қатар бұл деректер гипертония ауруы, миокард инфарктісі, жүрек ырғағының әртүрлі ауытқулары, феохромацитома іспетті кең өрістеген аурулардың этиология, патогенез, белгілері және дәрі-дәрмектермен дұрыс емдеуін танып білуге қажет. Осыған байланысты сабақ барысында студенттер адреномиметиктердің,адренолитиктердің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасын, қолдану көрсетпелерін, жағымсыз әсерлерін білу қажет және жоғарыда аталмыш дәрілік заттарға дұрыс рецепт жаздыра білу қажет.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Симпатикалық нерв жүйесі қандай ағзаларды қамтиды?
2. Адренорецепторлардың түрлері және орналасуы.
3. Адреноблокаторлар мен адреномиметиктердің әсер ету түріне байланысты анықтамасы.
4. Адреномиметиктердің әсер ету механизмін көрсетіңіз.
5. α-адреномиметикің: норадреналин, мезатон, нафтизин, галазолиннің негізгі әсерлерін атаңыз.
6. β-адреномиметиктер: изадрин, орципреналина сульфат, сальбутамолннің негізгі әсерлерін атаңыз.
7. α-,β- адреномиметиктер: адреналин, эфедриннің негізгі әсерлерін атаңыз.
8. Адрено-, симпатомиметиктерді қолданғанда экзогенді және эндогенді норадреналинге адренқабылдағыштардың сезімталдығы қалай өзгереді?
9. Адреноблокаторлар мен симпатолитиктердің әсер ету түріне байланысты анықта-масы.
10. Адреноблокаторлар мен симпатолитиктердің әсер ету механизмін көрсетіңіз.
11. α-адреноблокаторлардың: фентоламин, тропафен, дигидроэрготаминнің негізгі әсерлерін атаңыз.
12. α-адреноблокаторларды қандай жағдайда қолданатының атаңыз.
13. β-адреноблокаторлардың негізгі әсерлерін атаңыз.
14. β-адреноблокаторлардың қандай жағдайда қолдануға болатынын атаңыз.
15. β-адреноблокаторлардың негізгі жағымсыз әсерлерін атап шығыңыз.
16. α- және β-адреноблокаторлардың қандай жағдайда қолдануға болмайтын-дығын атап беріңіз.
17 Симпатолитиктердің негізгі фармакологиялық әсерлерін атап беріңіз.
18. Симпатолитиктерді қандай жағдайда қолданатынын атаңыз.
19. Октадин, резерпин, метилдофаны қолданғанда болатын негізгі асқынуларды атап беріңіз.
20. Симпатолитиктерді қолдануға болмайтын жағдайларды атаңыз.
21. Адрено-, симпатолитиктердің әсер ету механизмі бойынша негізгі айырмашылықтары қандай?
22. Адрено-, симпатолитиктерді қолданғанда экзогенді және эндогенді норадреналинге адренқабылдағыштардың сезімталдығы қалай өзгереді?
23. α-адренолитиктердің гипертония ауруын емдеуге тиімділігі неге шамалы?
24. Көптеген адрено- және симпатолитиктер не себептен ортостатикалық коллапс тудырады?
25. α-адренолитиктердің әсері аяқ қолдың плетизмограммасында қалай анықталады?
26. α-адренолитиктер аяқ-қол қан тамырларын кеңейту үшін (акроцианоз, Рейно ауруы) қолданылады. Оларды стенокардияның ұстамасында неге қолдан-байды?
27. α-адренолитиктерді қолданғанда шеткі қан тамырларының кедергісі төмен-дейді. Осыған орай оларды гипертониямен ауыратын науқастарға беруге болар еді, бірақ антигипертензиялық дәрілер ретінде олар жарамсыз. Не себептен?
28. Гипертония ауруы бар науқасты симпатолитикпен емделгенде артериялық қан қысымы ортостатикалық жолмен төмендеді. Қандай симпатолитиктерге ортостатикалық гипотензия тән? Жүрек жұмысы және гемодинамика бұл жағдайда қалай өзгереді?
29. Гипертония ауруын қандай симпатолитиктермен емдегенде қосымша седативті дәрілерді (тыныштандыратын) тағайындау қажетсіз?
Достарыңызбен бөлісу: |