Жалпы хирургия кафедрасы


Атропиннің қолданылу көрсеткіштерін атаңыз



жүктеу 145,33 Kb.
бет9/57
Дата09.12.2023
өлшемі145,33 Kb.
#44635
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Әдістеме ФАРМАКОЛОГИЯ (1)

63. Атропиннің қолданылу көрсеткіштерін атаңыз:


1. гипоацидті гастрит. 2. Гиперацидті гастрит. 3. Артериялық қысым жоғарлағанда. 4. Бронхиальді астма. 5. Сілекей безінің гиперсекрециясында. 6. Ішек атониясында. 7. Асқазан мен 12-елі ішек жарасы ауруында. 8. Ішек, бүйрек және бауыр шаншуында. 9. Көзді зерттеу үшін. 10. Глаукоманы емдеу үшін.
64. Дитилиннің жанама әсерлерін көрсету:
1. Жүрек соғуының аритмиясы. 2. Операциядан кейінгі кезеңдегі бұлшық еттің ауруы.
3. Бронхоспазм (бронхтардың таралуы). 4. Артериялық қысымының төмендеуі. 5. Артериялық қысымның жоғарлауы.
65. Платифилиннің әсер етуінің ерекшеліктерін атау:
1. М-холиноблоктар әсері жағынан атропиннен асып түседі.
2. М-холиноблоктар әсері жағынан атропиннен нашар.
3. Миотропты спазматикалық әсер көрсетеді.
4. Миотропты спазмалитикалық әсер көрсетеді.
5. Қан тамырларын кеңітіп, артериялық қысымды төмендетеді.

7.3. Ситуациялық есептер
1. Балалар өте ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Анамнезінен балалар орманда серуендеп жүргендері анықталды. Объективті: көз қарашығының кішірейгені, гипотония, сілекей көбейгені, демікпе, тер шығару күшейгені анықталды. Диагнозын анықтаңыз.Көмек беру үшін қандай шаралар қолданамыз?
2. Асқазанына резекция жасағаннан кейін науқаста ішек атониясы пайда болды. Қандай дәрілер беру керек, неге? .
3. Ауруханаға 50 жастағы науқас тәбетінің төмендегеніне, ішінің шаншып ауырсынуына, демікпеге, жүргенде аяғының ауыратынына шағымданып келді. Тұрақты жөтел, жүрек тұсының шаншуы науқастың мазасын алады. 12 жасынан бастап науқастың темекі тартатыны анамнезінен анықталды. Диагноз қойыңыз?
4. Қуық атониясымен ауырған науқасқа дәрігер дәрі тағайындады. Науқас өз бетімен оның мөлшерін көбейтті. Нәтижесінде зәр шығару қалпына келді, бірақ науқас тершеңдікті, сілекей ағуын, үлкен дәретке жиі отыратынын байқады. Науқасқа қандай препарат берілген?
Асқыну себебі мен механизмі қандай? Осы препаратқа ұқсас дәрілерді атаңыз.
5. Миастениямен ауырған науқасқа дәрі берілді. Оны қолданған соң миоз, брадикардия, сілекей бөлінуінің көбеюі, диарея байқалды. Қандай препарат қолданылды? Жағымсыз әсерлерінің себебін түсіндіріңіз.
6. Ауруханаға бастың ауыруы, айналуы, эпигастрий аймағының, кіндік тұсының ауыруы, құсу, іш өту шағымдарымен науқас түсті. Науқасты тексерген кезде брадикардия, жүрек тондарының әлсіреуі, қаңқа бұлшықеттерінің тартылуы, галлюцинация байқалды. Анамнезі бойынша науқас бақшаны инсектицидпен өндегені анықталды. Қолданған инсектицид әсер ету механизміне қарай қандай дәрілер тобына ұқсас? Науқасқа қандай шаралар қолдану керек?
7. Мынадай токсикалық белгілер бойынша дәрілердің тобын анықтаңыз:
- көз қарашығының қатты тарылуы;
- брадикардия;
- артериялық қысымның төмендеуі;
- бронхтың тарылуы;
- бездер сөлінің күшеюі;
- дірілдеу және тырысу.
Аталған белгілер дипироксим (изонитрозин), атропинді қолдану арқылы жойылады.
8. Мына жағдайларда қолданылатын заттарды атаңыз:
- ішек-қарын жолының парезінде;
- толғақтың әлсіздігінде;
- қуықтың атониясында;
- қаңқа бұлшықетінің параличі мен парезінде;
- миорелаксанттарды көп мөлшерде қолданғанда болатын жүйке-ет өткізгіштігінің бұзылуында.
9. Төмендегі белгілер өсімдіктерден алынатын қандай затпен уланғанда байқалады:
- миоз;
- сілекей ағу, терлеу;
- құсу, диарея;
- брадикардия, гипотония, бронхтың тарылуы.
Атропин берілгенде бұл белгілер жойылады.
10. Ауруға операция кезінде тубокурарин хлориді енгізілді. Операциядан кейін оның тынысы қалпына келмеді. Пайда болған асқынудың себебі неден? Ауруға қандай көмек беру керек?



жүктеу 145,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау