1. Тақырып: Жедел миокард инфарктісі. Мақсаты



жүктеу 22,61 Kb.
бет1/3
Дата10.02.2023
өлшемі22,61 Kb.
#41237
  1   2   3
Әлеум 203


1. Тақырып: Жедел миокард инфарктісі.
2. Мақсаты: Білім алушыларды мейірбикелік процестің кезеңдерің Жедел миокард инфарктісі күтімді ұйымдастыру және іске асыруға үйрету.
3.Дәріс тезистері.
Жүрек ишемиялық ауруы – тәж артерияларда пайда болған тромбыға немесе олардың тарылуына байланысты, миокардқа жеткізілетін оттегі мен жүрек етінің қажет ететін оттегі арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан пайда болатын жүрек етінің ауруы.
Созылмалы ЖИА классификациясы:
*Стенокардия: 1. Кернеулі стенокардиясы: тұрақты және тұрақсыз, үдемелі түрлері.
2.кенеттен пайда болған стенокардия.
*Миокард инфарктісі: 1.ірі ошақты немесе трансмуралды, 2.ұсақ ошақты.
*Жүрек ырғағының бұзылуы.
*Жедел коронарлық өлім.
*Постинфаркті кардиосклероз
*Жүрек жетіспеушілігі.
Негізгі себептері:
1.Тәж артерияларының атеросклерозына байланысты коронарлық қан айналысының нашарлауы.
2.Қанның қоюлануына байланысты тамырда тромбы пайда болуы.
3.Ангиоспазм және жүрек тамырларының коллатералы толық дамымауы.
ЖИА дамуына себебші қауіпті факторлар: тұқым қуалаушылық, көбіне ер адамдарда, орта және кәрі адамдар, жиі болатын стрестер, темекі шегу, гиподинамия, семіру, гиперхолестеринемия, эстрогендердің тапшылдығы (менопауза), гормоналды контрацептивтерді жиі қолдану, артериалды гипертензия, қант диабеті.
ЖИА емі бөлінеді:
1.Медикаментозды.
2.Ангиопластика.
3.Хирургиялық реваскуляризация.
Медикаментозды терапия
ЖИА негізгі емдік тәсіл болып есептеледі, олардың негізінде антиангеналды, тромболитикалық, ангиотензивке ауысатын ферменттер ингибиторлерін (АПФ), статиндерді қосынды ретінде
Миокард инфарктісі
Миокард инфарктісі – жүрек етінің қажет ететін оттегісі мен оған жеткізілетін оттегі арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуының әсерінен пайда болатын жүрек етінің өліктенуі.
Себептері:тәж артерияларының атеросклерозы, жергілікті коронароспазм тәж артерияларының тромбозына әкеліп соқтырады, бұл жағдайлар МИ себебі болып табылады. Көбіне сол жақ қарынша етінің некрозы жиі болады, өйткені оның ет массасы жоғары және жұмыс істеу қызметі де жоғары, сондықтан ол қанмен қамтамасыз етуді де көп қажет етеді. Тәж артерияларының бітелу сатысы мен коллатералдардың дамуына байланысты миокардтың қанмен қамтамасыздануы бірнеше бұзылу вариантарына бөлінеді.
Трансмуралды МИ (жүрек етінің барлық қабатының зақымдануы) артерия кеңістігінің кенеттен тромбымен бітелуінен болады.
Тұрақсыз стенокардия клиникасы тәж артериясының кеңістігі тромбымен жартылай бітелген кезде пайда болады.
Субэндокардиалды және субэпикардиалды коллатерал жақсы дамуында болады.
Классификациясы:
I.Жүрек етіндегі некроз ошағының көлеміне байланысты:
1.Ұсақ ошақты МИ (субэпикардиалды, субэндокардиалды).
2.Ірі ошақты МИ.
3.Трансмуралды МИ (жүрек етінің барлық қабаттары).
II. Клиникалық кезеңдерінің дамуына байланысты:
1.Жеделдеу (острейший) кезеңі аурудың басталғанынан бастап 2 сағатқа дейін немесе өте жедел ишемия кезеңі некрозға дейін.
2.Жедел (острый) кезеңі ауру басталғанынан бастап 10 тәулікке дейін немесе некроз даму кезеңі.
3.Жеделше кезең 4-8 аптаға дейін немесе тыртық даму кезеңі.
4.Инфарктіден кейінгі кезең –аурудың басынан 2-6 айға дейін.
III.Ағымына байланысты:
-Қайталамалы немесе рецидивті;
-Қайталанған;
-Ұзақ уақытқа созылған.
IV.Миокард инфарктісінің атипиялық формалары:
-астматикалық (жүрек астмасы, өкпе шемені),
-аритмиялық (ес тану, кенеттен пайда болған өлім),
-цереброваскулярлы (жедел неврологиялық симптоматика),
-абдоминалды (эпигастралды ауыруы, құсқысы келу, құсу),
-симптомдары аз түрі.
Клиникасы:
Негізгі шағымы –ауырсыну:
-төс артының немесе жүрек орынының қатты қысып, басып ауыруы, ұзақтығы (15-20 минуттан ұзақ), оның сол жақ қолға, иыққа, жауырынға, мойынға, төменгі иекке таралуы, жүрек ырғағының және өткіздігішінің бұзылуы, артериалдық қысымның қалыпты болмауы, нитроглицеринді тіл астына салған кезде жеңілдік болмауы.

жүктеу 22,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау