|
Жалпы хирургия кафедрасы
|
бет | 12/57 | Дата | 09.12.2023 | өлшемі | 145,33 Kb. | | #44635 | түрі | Сабақ |
| Әдістеме ФАРМАКОЛОГИЯ (1)7.2. Тест-бақылау
1.Пресинаптикалық деңгейде адренергиялық (симпатикалық) иннервациясын тежейтін дәрілік заттар тобын ………….. деп атайды.
2. a-адреноблокаторлар адреналиннің қан тамырларын тарылту әсерін ……………….. .
3. a-адренорецепторлардың орналасқан жерлерін көрсетіңіз:
1. Қан тамырлары
2. Каротид шумақтары
3. Көздің сыртқы мөлдір қабығы
4. Бүйрек үсті безінің жұмсақ затындағы хромафинді клеткаларда
5. Көк бауырда (талақта)
6. Ішекте
4. Симпатолитиктерді әсерінің механизмін көрсетіңіз:
1. Адренорецепторларды тежейді
2. МАО ферментін тежейді
3. Медиатордың кері тартылып алуын күшейтеді
4. Медиатордың синтезін бұзады
5. Қандай әсерлер b2-адренорецепторлардың қозуымен байланысты:
1. Жүрек жиырылуының күшеюі
2. Жүрек жиырылуының әлсіреуі
3. Тахикардия
4. Брадикардия
5. Қан тамырының тарылуы
6. Қан тамырының кеңеюі
7. Бронхтың түйілуі
8. Бронх етінін босансуы
9. Атриовентрикулярлық өткізгіштігінің жеңілдеуі
10. Жүрек автоматизмінің күшеюі
6. a-адреноблокаторлардың қолданылатын жерлерін көрсетіңіз:
1. Гипотензия
2. Гипертониялық криз
3. Эндартериит
4. Феохромоцитома
5. Ішек атониясы
6. Гипертониялық ауру
7. Адреналиннің жағымсыз әсерлерін көрсетіңіз:
1. Көздің ішкі қысымының төмендеуі 2. Бронхтардың түйілуі
3. Ішек атониясы 4. ОЖЖ қозуы
5. Депрессия 6. Тремор
7. Құсу 8. Аритмиялар
9. Жанама әсерлі адреномиметиктер ………………… деп аталады.
10. ……………… заттар дегеніміз, бұл бронхтардың тегіс жолақты бұлшық еттерінің таңдамалы b2-адренорецепторларын қоздыратын дәрілер.
11. b1-адренорецепторлардың орналасқан жерлерін көрсетіңіз:
1. Қан тамырлары
2. Каротид шумақтары
3. Көздің сыртқы мөлдір қабығы
4. Бүйрек үсті безінің жұмсақ затындағы хромафинді клеткаларда
5. Жүректе 7. Ішекте
6. Бронхта 8. Бауырда
12. Эфедрин әсерінің механизмін көрсетіңіз:
1. Моноаминооксидазаны тежейді
2. Адренорецепторларды тікелей қоздырады
3. Адренергиялық талшықтарының ұшынан норадреналиннің
шығуын күшейтеді
4. Медиатордың кері тартылып алынуын тежейді
13. Симпатолитиктердің қолданылатын жерлерін көрсетіңіз:
1. Гипотония 5. Жүрек аритмиясы
2. Гипертония 6. Ішек атониясы
3. Глаукома 7. Депрессия
4. Гипоацидті гастрит
14. Изадриннің әсерлерін көрсетіңіз:
1. Жүрек жиырылуының күші және жиілігі жоғарылауы
2. Жүрек жиырылуының күші және жиілігі әлсізденуі
3. АҚ жоғарылауы
4. АҚ төмендеуі
5. Атриовентрикулярлы блок
6. Жүректің өткізгіштегі және автоматизмі жоғарылауы
7. Бронхоспазм
8. Бронходилятация
9. ОЖЖ қозуы
10. Депрессия
15. Октадиннің жағымсыз әсерлерін көрсетіңіз:
1. Іш қатуы 2. Іш өтуі
3. Ас қорыту бездерінің сөлінісі төмендеуі
4. Ас қорыту бездерінің сөлінісі жоғарылауы
5. АҚ жоғарылауы 6. Ортостатикалық коллапс
7. Депрессия 8. ОЖЖ қозуы
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|