5. Кальций каналдарын блоктау арқылы ми қан айналымын жақсартатын препараттар:
/ Циннаризин, нимодипин
/ Ксантинолоа никотинат, флунаризин
/ Ницерголин нирацетам
/ Эуфиллин, винапоцетин
/ Аминалон, пентоксифиллин
6. Дипиридамолдың антиагрегациялық әсер ету механизмі:
/ фосфодиэстеразаны блоктау
/ циклооксигеназаны блоктау
/ тромбоксансинтетазаны блоктау
/ аденилатциклазаны блоктау
/ холинэстеразаны блоктау
7. Жедел ми қанайналымы бұзылысы фонында тырысу синдромы пайда болғанда белгілейді:
/ Диазепам
/ Циннаризин
/ Ницерголин
/ Ксантинол никотинаты
/ Эуфиллин
8. Жедел ми қанайналымы бұзылысы кезінде қайталамалы құсу және ықылықтау болғанда белгілейді:
/ Метоклопрамид
/ Аминалон
/ Диазепам
/ Пентоксифиллин
/ Натрий оксибутират
9. Жедел ми қанайналымы бұзылысы кезінде микроциркулацияны жақсарту үшін және қайталамалы алдын алу үшін белгілейді:
/ Пентоксифиллин
/ Натрий оксибутираты
/ Диазепам
/ Пирацетам
/ Аминалон
10.Винпоцетитті қолдануға көрсетілім :
/ Ишемиялық инсультты емдеу
/ Эндоартерит
/ Мигрен ұстамасының алдын алу
/ Геморрагиялық инсультты емдеу
/ Гипертензия
7.3.Ситуациялық есептер:
Есеп №1
Жедел психозды жеңілдету үшін препараттың бір ғана парентералды енгізуі баладаға қауіпті гипотензияны тудырды.
1. Науқасқа қандай дәрі берілді?
2. Таңдалған дәрі-дәрмектер қандай топқа жатады?
3. Гипотензияны қалай түсіндіруге болады?
4. Препараттың антипсихотикалық әсер механизмі қандай?
Есеп №2
15 жастағы қыз дəрігерге денсаулықтың нашарлығы туралы шағымданды. Бір апта бұрын мұрнынан су ағу,түшкіру , ал соңғы күндерде көңіл-күйдің төмендеуі, тәбеттің төмендеуі болды. Науқасты зерттегенде тұмаудың басқа белгілерінсіз риниттің ауыр ағымды түрі анықталды. Температура қалыпты. Науқас дәрігер-невропатолог тағайындаған ұзақ уақыт дәрі-дәрмекті қабылдады.
1. Науқаста қандай дәрі-дәрмек қабылданады?
2. Таңдалған дәрі-дәрмектер қандай топқа жатады?
3. Көмек көрсету шаралары?
Есеп №3
Жасөспірім 15 жасқа толды, үнемі қорқыныш, алаңдаушылық, ұйқысулар, нервоздықтар туралы шағымдары бар. Осы жағдайы әкесінің өлімімен байланысты.
1. Науқасқа қорқыныш сезімін жою үшін қандай препарат ұсынуға болады?
2. Таңдалған дәрі-дәрмектер қандай топқа жатады?
3. Бұл жағдайда антипсихотикалық препараттарды ұсынуға болады ма, өйткені оларда седативтік әсер бар ма?
Есеп №4
Науқас Асқар 48 жаста. АГ 1 сатысымен ауырады. Ишимиялық инсультпен емделген. 30 күн көктамырға тамшылатып церебролизин қабылдаған. Осы уақыт емдеу барысында науқастың дене қызуы 38 С сақталған. Дене қызуын түсіру үшін терапия жүргізілген: цефазолинмен , бірақ нәтижесіз.
1)Дене қызуының көтерілу себебі?
2) Бұл жағдайда кім кінәлі?
3) Не істеу қажет?
Есеп №5
11 сынып оқитын мектеп оқушысына емтихан алдында есте сақтау қызметін жақсарту үшін және білім алуын нығайту үшін қандай препараттарды тағайындауға болады.
1.Қандай топ препараттын тағайындаймыз?
2.Тағайындаған топ препаратыныздың әсерін көрсетіңіз?
Есеп №6
4 жасар Фатима деген қыз, диагнозы: микроцефалия. Қызды тырысуға қарсы және дегидратациялық дәрмектермен емдеген. Сонымен қатар тыныштандыратын дәрі – күніне 4 тамшы валериан тұнбасын (Дәрілік шүйгіншөп)қабылдайды. 7 күннен кейін ұйқышылдық, тежелгіш, іш қату байқалған.
1.Клиникалық симптомдардың пайда болу себебі?
2.Сіздің іс-әрекетіңіз?
Есеп №7
Науқас Ж.,стационарда депрессияға байланысты амитриптилин қабылдайды. Ем алу барысында біршама жақсарды, бірақ аузының құрғауына, көруінің нашарлауына(жақын орналасқан заттарды), іш қатуға,кіші дәретінің тоқтауына шағымданады. Антидепрессанттар топ дәрісі.
1.Амитриптилин басқа балама қандай дәрмек ұсынуға болады?
2.Антидепрессанттардың қай тобы жағымсыз әсерлері тудырмайды?
Достарыңызбен бөлісу: |