2016 жылы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.
Заңда көзделген профилактикалық іс-шаралардың арасында ерекше орын алатыны ақпараттық-түсіндірме жұмысына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарымен тиісті әрекеттесу орнатылған.
Журналистер, блогерлер, баспалар мен телеарналардың бас редакторларымен 40-тан астам кездесулер өткізілді.
Республикалық және аймақтық БАҚ-да 80 астам тақырыптық айдарлар («Сыбайластықпен күрес», «Адал өмір сүру», «Фемида», «Закон и порядок», және т.б.) құрылды.
Мысалы, «Сыбайластықпен күрес» айдарында мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарға сыйлықтар қабылдау бойынша шектеулер түсіндірілді.
3 мыңнан астам мақалалар жарияланып, 1700 жуық бейнесюжеттердің көрсетілімі ұйымдастырылды. Интернетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы салада шамамен 8 мыңға жуық материалдар жарияланды.
Сонымен қатар, 2016 жылы үкіметтік емес ұйымдарға елдің барлық өңірлерінде қоғамдық қабылдау бөлімдерін ашуға мүмкіншілік беретін «Азаматтық бақылау» жобасы іске қосылды.
Олар мемлекеттік қызметтер сапасына қатысты, әкімшілік кедергілерді жою мәселелерімен өтініш жасау мүмкіндігін беретін азаматтық бастаманың орталығына айналды. Жұмыс барысында қоғамдық қабылдау бөліміне тиісті түсіндірулер алған 1 мыңнан астам азаматтар өтініштермен барған.
Сондай-ақ, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін назарға ала отырып, Қазақстанда алғаш рет сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ашық ынтымақтастық туралы келісім әзірленді.
Оған әркім қосыла алады, өйткені ол «Адалдық алаңы» атты арнайы жобаланған интернет-ресурсында орналастырылған.
Бүкіл республика бойынша 39 мыңнан астам ұйымдар, 54 мыңға жуық азаматтар оның қатысушылары болды.
Қабылданған шаралардың тиімділігі әлемдік жемқорлық Барометрімен расталады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа белсенді қарсы күресетін адамдар саны 4 есе артты (7% -дан 28% -ға дейін).
Пара берген азаматтардың үлесі соңғы үш жылда 40%-дан 29% - ға дейін төмендеді.
Барометр қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ілгерілеуін халықтың 37% айқындады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда шамамен екі есе жоғары (19%).
Сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алуында халықтың белсенділігіне ықпал ететін көрінісінің бірі айқын заңнамалық шаралар мен жағдайлардың болуы. Осылайша, Қылмыстық кодексіне сәйкес, өз еркімен пара бергені туралы баяндаған адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді баяндаған адамдарды ынталандыру тетігі құрылған. Өткен жылы 185 адам мадақталған. Халықтың азаматтық ұстанымның белсенділігі сыбайлас жемқорлықтың барынша қысқаруына септігін тигізеді.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымдарға бірігуге қатысты қазіргі уақытта Еуропа Кеңесі көне беделді ұйымдардың бірінің бастамасымен құрылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
ГРЕКО ұйымына қосылу Қазақстанға алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнаманы жетілдіру мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар, ГРЕКО ұйымына қатысу кейіннен құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстап беру және активтерді қайтаруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша Еуропа елдерімен ынтымақтастығының құқықтық негізі болып табылатын сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылуына шақыру алу мүмкіншілігін тудырады.
|