Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет109/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
262 
ықпалдардың  өзара  әрекеттесуін  талдауы  және  бағалауы;  ұқсастықтарды, 
себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінуі; 
тарихи  құбылыс,  оқиға  немесе  процесті  басқа  ұқсас  тарихи  құбылыстармен 
уақыт  пен кеңістікте  байланыстырудың  әдістерін  түсіндіре  және  бағалай  білуі 
тиіс. 
3)  «Дәлел»: 
Білім  алушылар:  қарастырылып  отырған  дәлелге  қатысты:  аудитория, 
мақсаттар,  көзқарастар,  формат,  аргумент,  шектеулер  және  контекст  сынды 
тарихи  айғақтың  ерекшеліктерін  талдауы;  тарихи  айғақтарды  талдау  және 
бағалау  негізінде  дәйекті  қорытынды  жасауы;  өткен  заман  туралы  объективті 
түсінік  қалыптастыру  мақсатында  түпнұсқалық  және  қосалқы  деректерден 
әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдай білуі тиіс. 
4)  «Ұқсастық пен айырмашылық»  
Білім  алушылар:  белгілі  бір  жерде,  белгіленген  бір  уақыт  кезеңінде 
және/немесе  әртүрлі  қоғамдарда,  немесе  бір  қоғамның  ішіндегі  өзара 
байланысқан тарихи оқиғаларды салыстыруы тиіс. 
5)  «Маңыздылық»  
Білім  алушылар:  қоғамның  дамуы  үшін  тарихи  оқиғаның,  құбылыстың, 
процестің маңыздылығын анықтауы тиіс.  
6)  «Интерпретация»  
Білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты 
әртүрлі көзқарастарды түсіндіруі және бағалауы тиіс. 
Әр тақырыпқа сәйкес келетін нақты тарихи концептіге (түсінік) құрылған 
оқыту оқу материалдары негізінде білім алушылардың тарихи ойлау дағдысын 
дамытуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  тәсіл  зеттеуге  негізделген  оқытуды  жүзеге 
асыруға мүмкіндік туғызады. 
Әр  сынып  бойынша  күтілетін  нәтижелер  білім  алушылар  жетуі  тиіс 
минимум болып табылады, сонымен қатар, білім алушылар келесі сыныптарда 
қалыптасуы көзделген дағдыларды игереді. 
Негізгі  орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  «Қазақстан 
тарихы»  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәндері  мазмұнының  жаңа 
құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылады:  
5 - сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр) 
6 - сынып – ортағасырлар кезеңі (V -  XVII ғасырлар); 
7 - сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар); 
8 - сынып – қазіргі заман  (XX ғасырдың бірінші жартысы); 
9  -  сынып  –  қазіргі заман  (XX  ғасырдың  екінші  жартысы  –  бүгінгі  күнге 
дейін).  
«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  білім  мазмұны  жаңартылған 
бағдарламаға  сәйкес,  «Қазақстан  тарихынан  әңгімелер»  пәні  оқытылмайды. 
Себебі, бастауыш сыныпта «Дүниетану» (1-4-сынып) пәнінің жаңартылған оқу 
бағдарламасында  білім  алушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
Қазақстан  тарихының  ежелгі  дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  маңызды  тарихи 
оқиғаларын оқытуға ерекше назар аударылған. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
263 
Сондықтан  2017-2018  оқу  жылында  білім  мазмұны  жаңартылған 
бағдарлама  бойынша    5-сыныпта  отандық  тарихтың  барлық  курсы  емес,  тек 
қана  Қазақстанның  ежелгі  заман  тарихы  (дүниежүзі  тарихымен  қатар) 
оқытылады. 
Сонымен  жаңартылған  бағдарламаға  сәйкес  тарихты  оқу  пәні  ретінде 
жүйелі  оқыту  толықтығы  және  логикалық  аяқталуына  қатысты  тұтастығымен 
сипатталатын 5-сыныптан басталады.  
 
Назар аударыңыздар! 
2017-2018  оқу  жылында  тарих  пәндері  бойынша  бір  мезгілде  
5,7-сыныптарда  жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламаларын 
енгізу 
барысында 
қолданыстағы 
және 
жаңартылған 
оқу 
бағдарламалары  мазмұнында  хронологиялық  кезеңдердің  сәйкессіздігі  орын 
алады.  
 
66-кесте – Оқу бағдарламаларын салыстыру 
 
Қолданыстағы бағдарламалар 
Білім мазмұны жаңартылған 
бағдарламалар 
5-сынып 
–  Қазақстан  тарихынан 
әңгімелер 
5-сынып – Ежелгі заман тарихы 
6-сынып – Ежелгі заман тарихы  
6-сынып – Орта ғасырлар тарихы 
7-сынып – Орта ғасырлар тарихы  
7-сынып – Жаңа заман тарихы 
8-сынып – Жаңа заман тарихы 
8-сынып  –  Қазіргі  заман  тарихы 
(ХХ ғасырдың бірінші жартысы) 
9-сынып – Қазіргі заман тарихы 
9-сынып – Қазіргі заман тарихы  
(ХХ  ғасырдың  екінші  жартысы  – 
бүгінгі күнге дейін ) 
 
Алдағы уақытта жаңартылған білім беру мазмұнын кезең-кезеңімен 
енгізу кезінде мазмұнының сабақтастығын сақтау мақсатында: 
1)  7-сыныпта  6-сыныптың  (орта  ғасырлар)  жаңа  бағдарламасы 
енгізіледі,  бұл  тарихи  кезеңдерді  оқытуда  сабақтастықты  сақтап  қалуға 
мүмкіндік береді;  
2)  8-сыныпта  7-сыныптың  (жаңа  кезең)  жаңа  бағдарламасы 
енгізіледі,  бұл  да  тарихи  оқиғаларды  оқытуда  сабақтастықты  сақтауға 
мүмкіндік береді;  
3)  9-сыныпта  8-9-сыныптардың  (қазіргі  заман  тарихы)  мазмұнын 
қамтитын өтпелі бағдарлама енгізіледі;  
4)  Барлық  жалпы  білім  беретін  мектептерде  9-сыныптың  өтпелі 
бағдарламасы екі оқу жылында қолданылатын болады. 
«Қазақстан тарихы» пәнін оқудың ерекшеліктері: 
Оқу  пәнінің  мақсаты:  білім  алушылардың  бойында  тарихи  сана, 
қазақстандық  патриотизм,  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды 
қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
264 
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі: 
1)  5- сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
2)  7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.  
5,7-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының 
ежелгі дәуірдегі және орта ғасырдағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық 
салалардың  негізгі  даму  кезеңдері  оқытылады.  Қазақстан  тарихы  ата-бабалар 
мәдениетінің бірегейлігі, тарихи процестердің біртұтастығы мен сабақтастығын 
түсінуге  мүмкіндік  береді.  Көшпелілердің  әлемдік  тарихтағы  орны  мен  ролін, 
адамзат  өркениетіне  қосқан  үлесін  жаңа  өркениеттік  тұрғыдан  қарастырады. 
Оқу  пәнінің  өткенді  саралау,  бүгінгі  күнді  сипаттау  және  болашақты 
бағдарлаудағы маңызы ерекше. 
Тарихты  оқыту  –  оқу  мақсаттарын  анықтау,  оқыту  мазмұнына  сәйкес 
материалдарды  саралау,  оқытудың  тиімді  әдістерін  анықтауды  және  т.б. 
құрайтын күрделі процесс  
Оқу пәнінің мазмұны төрт бөлімді қамтиды:  
1) Әлеуметтік қатынастардың дамуы;  
2) Мәдениеттің дамуы;  
3) Мемлекеттің дамуы;  
4)  Қазақстанның  экономикалық  дамуы.  Аталған  бөлімдер  сыныптар 
бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. 
Мысалы,«Мәдениет» бөлімі бойынша оқу мақсаттары 
 
Бөлімше 
5-сынып 
6-сынып 
7-сынып 
8-сынып 
9-сынып 
Өнер  мен 
әдебиет 
5.2.2.1 
Археологи
ялық 
ескерткіш-
терді 
салыстыру 
6.2.2.1 
күй, 
аңыз, 
шежіре, 
эпостық 
жырлардың 
тарихи 
дереккөзі 
ретіндегі 
маңыздылы-
ғын айқындау 
7.2.2.1 
халық 
ауыз 
әдебиеті  мен 
музыка  өнері 
туындыларын
ың    тарихи 
дереккөзі 
ретінде 
құндылығын 
бағалау 
8.2.2.1 
қазақ 
зиялыларының 
шығармашы-
лық 
мұрасын 
талдау 
және 
қоғамдық 
санаға  тигізген 
әсеріне 
баға 
беру 
9.2.2.1 
кеңестік 
әдебиет  пен 
өнер 
туындыларын
да    қоғамдық 
өмірдің 
бейнеленуін 
талдау 
 
Пәнді  оқытуда  білім  алушылардың  тарихи  ойлау  дағдыларын  дамыту 
және олардың тарихи процестердің мәнін түсінуіне көңіл бөлу ұсынылады. 
Сонымен  қатар  оқу  процесін  ұйымдастыру  барысында  оқу  мақсатында 
нақты  көрсетілмеген  дағдыларды  да  дамытуға  болады.  Мысалы,  «ежелгі 
мемлекеттік  бірлестіктердің  құрылуын  түсіндіру»  оқу  мақсаты  білім 
алушылардың ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіруді қажет 
етеді. Оған қоса мұғалім білім алушыларға тарихи картадан ежелгі мемлекеттік 
бірлестіктердің  орналасқан  жерлерін  көрсетуге  тапсырма  бере  алады,  бұл  өз 
кезегінде  білім  алушылардың  бойында  уақыт  пен  кеңістікте  бағдарлану 
дағдыларының дамуына септігін тигізеді. 
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқудың ерекшеліктері: 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау