Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
263
Сондықтан 2017-2018 оқу жылында білім мазмұны жаңартылған
бағдарлама бойынша 5-сыныпта отандық тарихтың барлық курсы емес, тек
қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дүниежүзі тарихымен қатар)
оқытылады.
Сонымен жаңартылған бағдарламаға сәйкес тарихты оқу пәні ретінде
жүйелі оқыту толықтығы және логикалық аяқталуына қатысты тұтастығымен
сипатталатын 5-сыныптан басталады.
Назар аударыңыздар!
2017-2018 оқу жылында тарих пәндері бойынша бір мезгілде
5,7-сыныптарда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын
енгізу
барысында
қолданыстағы
және
жаңартылған
оқу
бағдарламалары мазмұнында хронологиялық кезеңдердің сәйкессіздігі орын
алады.
66-кесте – Оқу бағдарламаларын салыстыру
Қолданыстағы бағдарламалар
Білім
мазмұны жаңартылған
бағдарламалар
5-сынып
– Қазақстан тарихынан
әңгімелер
5-сынып – Ежелгі
заман тарихы
6-сынып – Ежелгі заман тарихы
6-сынып – Орта
ғасырлар тарихы
7-сынып – Орта
ғасырлар тарихы
7-сынып – Жаңа заман тарихы
8-сынып – Жаңа заман тарихы
8-сынып – Қазіргі заман тарихы
(ХХ ғасырдың бірінші жартысы)
9-сынып – Қазіргі заман тарихы
9-сынып – Қазіргі заман тарихы
(ХХ ғасырдың екінші жартысы –
бүгінгі күнге дейін )
Алдағы уақытта жаңартылған білім беру мазмұнын кезең-кезеңімен
енгізу кезінде мазмұнының сабақтастығын сақтау мақсатында:
1) 7-сыныпта 6-сыныптың (орта ғасырлар) жаңа бағдарламасы
енгізіледі, бұл тарихи кезеңдерді оқытуда сабақтастықты сақтап қалуға
мүмкіндік береді;
2) 8-сыныпта 7-сыныптың (жаңа кезең) жаңа бағдарламасы
енгізіледі, бұл да тарихи оқиғаларды оқытуда сабақтастықты сақтауға
мүмкіндік береді;
3) 9-сыныпта 8-9-сыныптардың (қазіргі заман тарихы) мазмұнын
қамтитын өтпелі бағдарлама енгізіледі;
4) Барлық жалпы білім беретін мектептерде 9-сыныптың өтпелі
бағдарламасы екі оқу жылында қолданылатын болады.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқудың ерекшеліктері:
Оқу пәнінің мақсаты: білім алушылардың бойында тарихи сана,
қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды
қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
264
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:
1) 5- сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2) 7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
5,7-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының
ежелгі дәуірдегі және орта ғасырдағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық
салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады. Қазақстан тарихы ата-бабалар
мәдениетінің бірегейлігі, тарихи процестердің біртұтастығы мен сабақтастығын
түсінуге мүмкіндік береді. Көшпелілердің әлемдік тарихтағы орны мен ролін,
адамзат өркениетіне қосқан үлесін жаңа өркениеттік тұрғыдан қарастырады.
Оқу пәнінің өткенді саралау, бүгінгі күнді сипаттау және болашақты
бағдарлаудағы маңызы ерекше.
Тарихты оқыту – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес
материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды және т.б.
құрайтын күрделі процесс
Оқу пәнінің мазмұны төрт бөлімді қамтиды:
1)
Әлеуметтік қатынастардың дамуы;
2)
Мәдениеттің дамуы;
3)
Мемлекеттің дамуы;
4) Қазақстанның экономикалық дамуы. Аталған бөлімдер сыныптар
бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
Мысалы,«Мәдениет» бөлімі бойынша оқу мақсаттары
Бөлімше
5-сынып
6-сынып
7-сынып
8-сынып
9-сынып
Өнер мен
әдебиет
5.2.2.1
Археологи
ялық
ескерткіш-
терді
салыстыру
6.2.2.1
күй,
аңыз,
шежіре,
эпостық
жырлардың
тарихи
дереккөзі
ретіндегі
маңыздылы-
ғын айқындау
7.2.2.1
халық
ауыз
әдебиеті мен
музыка өнері
туындыларын
ың тарихи
дереккөзі
ретінде
құндылығын
бағалау
8.2.2.1
қазақ
зиялыларының
шығармашы-
лық
мұрасын
талдау
және
қоғамдық
санаға тигізген
әсеріне
баға
беру
9.2.2.1
кеңестік
әдебиет пен
өнер
туындыларын
да қоғамдық
өмірдің
бейнеленуін
талдау
Пәнді оқытуда білім алушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамыту
және олардың тарихи процестердің мәнін түсінуіне көңіл бөлу ұсынылады.
Сонымен қатар оқу процесін ұйымдастыру барысында оқу мақсатында
нақты көрсетілмеген дағдыларды да дамытуға болады. Мысалы,
«ежелгі
мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
» оқу мақсаты білім
алушылардың ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіруді қажет
етеді. Оған қоса мұғалім білім алушыларға тарихи картадан ежелгі мемлекеттік
бірлестіктердің орналасқан жерлерін көрсетуге тапсырма бере алады, бұл өз
кезегінде білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану
дағдыларының дамуына септігін тигізеді.
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқудың ерекшеліктері: