Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
268
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге
асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде,
мұражайларда;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен
олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша
арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан
тыс
жұмыстар
білім
алушылардың
пәнге
деген
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге
үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және
білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
«ӨНЕР»БІЛІМ САЛАСЫ
Музыка
5-сыныпқа арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу
бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес
жүзеге асырылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары
шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері
негізінде
оқушылардың
музыкалық
мәдениеттілігін
қалыптастыру,
шығармашылық
қабілетін дамыту
Пәнді оқытудың міндеттері:
- өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем
тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру;
- музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның
адам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру;
- сын тұрғысынан ойлауы мен музыкаға жағымды қарым-қатынасын,
музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;
- музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және
орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық
білім, білік, дағды аясында дамыту;
- музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы
мен зерттеушілік
дағдысын дамыту;
- музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін
қалыптастыру;
- музыкалық-шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі
бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу,
импровизация және өңдеу);
-
ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану
барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін
қалыптастыру, дамыту.
«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныпта –