Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет110/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
265 
«Дүниежүзі  тарихы»  пәні  білім  алушылардың  бойында  тарихи  сана, 
толеранттылық,  өз  елі  және  басқа  елдердің  тарихы  мен  мәдениетіне  құрметті 
қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды 
меңгерту  және  зерттеушілік,  ойлау,  коммуникативті  дағдыларды  дамытуға 
бағытталған.  
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі: 
1)  5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
2)  7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат. 
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:  
1) Әлеуметтік қатынастардың дамуы;  
2) Мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі;  
3) Саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі;  
4)  Экономикалық  қатынастардың  дамуы.  Аталған  бөлімдер  сыныптар 
бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. 
Жаңартылған бағдарламаға сәйкес тарихты оқу пәні ретінде жүйелі оқыту 
толықтығы  және  логикалық  аяқталуына  қатысты  тұтастығымен  сипатталатын 
5-сыныптан басталады.  
Бағдарлама  білім  алушылардың  ежелгі  дәуір  өркениеті  туралы  жүйелі 
түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан адамға, оның өмір салтына, 
өзіндік  ерекшелігіне,  тұрмыс-тіршілігіне  және  мәдениеттің  маңызды 
көріністері:  дін,  мифология,  ғылым  мен  мәдениетке  ерекше  мән  бере  отырып, 
ежелгі қоғам тарихын кешенді сипаттауға басымдық берілген. 
Сабақ  мазмұны  және  оқытудың  қолданылатын  формалары  мен  әдістері 
білім алушылардың білімді толық меңгеруіне, білім алушының жеке тұлғасын 
қалыптастыруға және Ежелгі дүние тарихының тәрбиелік әлеуетін іске асыруға 
бағытталуы  қажет.  Тарихты  зерделеу  нәтижелерінің  бірі  өткен  оқиғалардың 
жарқын  және  әсерлі  бейнелері  негізінде  құрылған  білім  алушылардың  тарихи 
түсінігін қалыптастыру болып табылады.  
Оқыту  процесінде  білім  алушылардың  бейнелік  түсігінігін  дамытуда 
көрнекіліктерді  түрлендіріп  қолданудың  маңызы  зор.  5-сынып  білім 
алушылары сурет желісін, бейнефрагментті сипаттау, ерекшеліктерді анықтау, 
оған  сұрақ  қоя  білу,  қысқа  әңгіме  құру  және  онда  тарихи  ұғымдарды  қолдана 
білуі  қажет.  Білім  алушыларда  тарихи  картамен  жұмыстың  негізі  5-сыныптан 
қаланады,  ол  картаның  шартты  белгілерін  қолдана  білуі,  тарихи  және 
географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет.  
Жаңартылған  оқу  жоспарлары  оқыту  процесінің  тиімділігі  мен 
өнімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен, тарихи ойлау дағдыларын пәндік 
(мазмұн) мақсаттармен байланыстыру оқыту мақсаттарын біршама қолжетімді 
және өлшемді етуге мүмкіндік береді. 
Сонымен  қатар  оқу  процесін  ұйымдастыру  барысында  оқу  мақсатында 
нақты  көрсетілмеген  дағдыларды  да  дамытуға  болады.  Мысалы,  «Қоғамдағы 
діннің  рөлін  шектеуге  қатысты  адамдар  өміріндегі  өзгерістерді  анықтау»                          
(7-сынып)
 
оқу мақсаты білім алушылардан міндетті түрде осы мәселе бойынша 
тарихи  деректерге  салыстырмалы  талдау  жасау  негізінде  себеп-салдарлық 
байланысты анықтауды қажет етеді.  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
266 
Оған  қоса  мұғалім  білім  алушыларға  тарихи  картадан  ислам  мен 
христианның  таралу  динамикасын  көрсетуге  және  сол  арқылы  білім 
алушылардың  бойында  уақыт  пен  кеңістікте  бағдарлану  дағдыларының 
дамуына септігін тигізеді. 
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытуға  
әдістемелік ұсынымдар.  
Мұғалім  оқыту  процесінің  әдісі  мен  ұйымдастырылуын  анықтайтын 
ұйымдастырушылық-әдіснамалық принциптер: білімнің зерделілігі, толықтығы, 
тұтастығы, сабақтастығы, өзара байланыстылығы мен білім алушылардың жас 
ерекшелігіне сәйкестігіне сүйену қажет.  
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, 
сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары 
ұсынылады: 
- мұқият  іріктелген  тапсырмалар  мен  іс-әрекет  түрлері  арқылы  білім 
алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту
- білім  алушыларды  зерттеу  және  зерттеушілік  жұмыстарын  жүргізуге 
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;  
- білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;  
- білім  алушылардың  жеке  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  деңгейлік 
тапсырмалар құрастыру;  
-  білім  алушылардың  жеке,  жұптық,  топтық  және  тұтас  сыныптық 
жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану ұсынылады. 
Пәндерді оқытуда білім алушылардың басқа пәндерден алған білімдеріне 
сүйену қажет. 
Пән  мазмұнына  сәйкес  «Дүниежүзі  тарихын»  оқытуда  тарихи  зерттеу 
жүргізу (гипотезалар ұсыну, зерттеуге арналған сұрақтар құрастыру, деректерді 
талдау,  әртүрлі  көзқарастарды  салыстыру,  қорытындыларды  тұжырымдау,өз 
көзқарасын анықтау) дағдыларын қалыптастыру мен дамыту ұсынылады.  
Мұғалімнің 
сабаққа 
арнайы 
әзірлейтін 
тапсырмалары 
келесі 
критерийлерге сәйкес болуы қажет: 
• 
тапсырманың мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;  
• 
саралауға негізделуі
• 
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызуы; 
• 
проблемалық оқытуға негізделуі;  
• 
бағалау мүмкіндіктерінің болуы . 
Жұмыстың  келесі  түрі  –  оқушының  уақыт  пен  кеңістікте  бағдарлану 
дағдыларының дамуына септігін тигізетін тарихи карталарды қолдануы болып 
табылады.  Бұл  тарихи  оқиғаларды,  олардың  өзгерісі  мен  даму  жағдайын 
картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді. 
Білім  алушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  презентация, 
интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады. 
Тарихи  тұлғаға  сипаттама  бергенде  мынадай  арнайы  жадынаманы 
қолдану ұсынылады: 
- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу; 
- тұлғалық белгілерін сипаттау; 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау