Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет25/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
58 
- ұлттық-мемлекеттік мүдделерін ұғынуы және оларға қоғамда бұқаралық 
әлеуметтік іс-әрекеттер сәйкестігі. 
Сабақ  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Әнұранымен  ашылады,   
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  хаттамасына  сәйкес  рәміздерге  -  
Елтаңба, Туға ресімдеуге қойылатын талаптар орындалады. 
Сабақ  практикаға  бағытталған  құрылымға  сәйкес  болуы  тиіс:  білу  – 
түсіну  –  қолдану.  Инновациялық  технологиялар,  әдістер,  интерактивті 
тәсілдерді  пайдалану  ұсынылады:  «Идеялар  себеті»,  «Блумның  алты  сатысы» 
«Ыстық  орындық»  әдісі,  «Кластер»,  «Синквейн  жазу»,  «Ақыл  картасы», 
«Түрлендірілген дебаттар», «Жобалау пікірталасы».  
Рефлексия  әрбір  білім  алушымен  «Тегтер  бұлты»    инновациялық  тәсіл 
көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет: 
Мен ...............................................таныстым. 
Маған ................................................оңай болған жоқ. 
Мен .........................................................қол жеткіздім. 
Мен ...........................................................істей алдым. 
..................................................болса жақсы болар еді.  
Менің .......................................................есімде қалды. 
Мен ...........................................................істеп көремін. 
 
 
4.1  1-4-сыныптар концентрі 
Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын». 
Сабақ арқауы: МЕН –КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН. 
 
I-блок. Уәждемелік  
Білім  алушылар  өз  бетінше  синквейн  құрайды,  шамамен  мынадай 
мазмұндағы: 
Патриот 
Аса өнегелі, жауапты 
Еңбектенеді, жасайды, күреседі,  
Өз Отанын сүйеді, 
Азамат. 
ІІ-блок. Практикаға бағдарланған 
Осы  сыныптар  концентрі  білім  алушылары  үшін  белсенді  әуестік, 
эмоционалды  әсершілдік  тән,  осыдан  Білім  сабағын  өткізудің  келесі  түрлері 
арқылы патриотизм құндылықтарын бағдарлану ұсынылады: 
ᴥ Өзінің туған қаласы, ауылына арналған «Менің қалам  (менің ауылым) 
кеше-бүгін-болашақта» атты суреттердің көрме конкурсы,  қорғалынуы керек;  
ᴥҰжымдық  шығармашылық  іс:  «Менің  қаламның,  ауылымның  тарихын 
жазамыз» ( «Қала, ауыл тарихы» (таныс оқиғалар, қызықты адамдар, мақтануға 
тұрарлық «кіші Отан» патриоттары ұжымдық КІТАБын шығару) және басқа да 
ұжымдық шығармашылық істер


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
59 
ᴥ «Менің жерлестерім және олардың  біздің қала, ауыл  үшін   еңбектері»,  
«Қала,  ауылды  түрлендіруге  менің  отбасымның  үлесі»  (әркім    өз  суреттерін 
қорғайды) фото-көрмесі 
ᴥ «Мен - қала құрлысшысымын» рөлдік ойыны («Лего» конструкторынан 
қала, ауылдың жаңа бөлігінің  макетін жасау) және т.б.  
 
ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.  
Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар: 
- патриотизмге өз анықтамасын бере
- тарихи оқиғаларды атау және патриотизмге  байланысты кіші Отанының 
тарихымен байланысты тұлғалармен мысалдар келтіре
- патриотизм мен оның көріністеріне өз ұстанымын ұстана алады. 
 
Зерттеу  әдістері:  «Ойлану».  «Басқа  адамнан  сұрау».  «Қадағалау  (Фото, 
сурет)»,  «Ақпаратты  кітаптардан,  газет-журналдардан  алу»,  ата-аналармен 
бірлесіп бейнефильмдер түсіру. 
 
4.2 5-7-сыныптар концентрі 
Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын». 
Сабақтың  арқауы:  МЕН  –  МӘДЕНИ  ҰЛТТЫҚ  ИГІЛІКТЕР 
ПАТРИОТЫМЫН. 
 
I-блок. Мотивациялық  
«Ассоцация» тәсілі 
Әр  білім  алушыға  «Патриот»  ұғымы  кіммен  немесе  немен 
байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру  ұсынылады:  
Патриот – бұл...........  
Болжамды жауаптар: 
1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам. 
2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам. 
3.  Ұлттық  рәміздерді  -  Әнұраны,  Туы,  Елтаңбасын  және  өз  елінің 
Президентін мақтан тұтатын адам.  
4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің  жеңістермен мақтанатын адам. 
5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам. 
6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам. 
7. Елі үшін  өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады. 
8.  Мемлекеттік  және  ана  тілдерін,  өз  мәдениетін  жақсы  көретін  және 
білетін адам. 
9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды. 
10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам. 
11.  Елі  әлемдегі  ең  үздік  ел  болуын  және  барлығы  лайықты  өмір  сүрсе 
деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам. 
12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.  
13.  Өз  елінің  тарихын,  салт-дәстүрін,  ұлттық  мерекелерін  біледі,  ата- 
бабаларын  мақтан тұтады.  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
60 
14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін. 
 
II-блок. Практикаға бағдарланған 
Осы  жас  аралығындағы  білім  алушылардың  бойында  мінез-құлық 
қалыптасады,    қарым-қатынас,  диалог  арқылы  практикалық  іске  деген 
мотивация пайда болады.  
Осы  сыныптар концентрі үшін мынадай сабақ түрлері ұсынылады: 
ᴥ «Жібек жолы» іскерлік ойыны: сауда керуені жолымен білім алушылар 
қалаларға  біздің  ұлттық  бірегейліктің  базасын  құрайтын    ежелгі  ескерткіштер 
орналасқан қалаларға аялдама жасайды. Шағын топтарда жұмыс істей отырып 
осы ескерткіштер туралы постер дайындайды және қорғайды. Ұлытау төріндегі 
жәдігерлер  кешенін,  Қожа  Ахмет  Яссауи  кесенесін,  Тараздың  ежелгі 
ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың 
киелі  мекендерін  және  ежелгі  Отырар  қаласы,  ЮНЕСКО-ның  Бүкіләлемдік 
Мұралар  тізіміне  енгізілген  Тамғалы  археологиялық  кешені  айналасындағы 
ескерткіштерді сипаттау ұсынылады; 
ᴥ  «Шығыс  шеберлері»  жәрмеңкесі.  Қазақ  халқының  жарқын  тарихы  бар 
сәндік-қолданбалы  өнер  бұйымдары,  олардың  арасында  ежелгі  шеберлердің 
бұйымдары  да  болуы  мүмкін,  мысалы,  «Қарғалылық  олжа»,  қазіргі  заманғы 
белгілі шеберлердің жұмыстары. Білім алушылар бұйымдардың шығу тарихын, 
оларды  шеберлер  қалай  жасағанын  айтады.  Мүмкіндігіне  қарай  шеберлік 
сыныптарын  көрсетеді,  мысалы,  қыш  заттары  қалай  дайындалатындығы 
туралы; 
ᴥ  «Мұражай  алаңы».  Қазақстан  мұражай  залдарында  тарихи 
реконструкциялау  элементтері  бар  театрландырылған  экскурсия  ұсынылады 
Мұражай экспонаттарымен таныстыратын білім алушы-экскурссия жетекшісін  
даярлауды  қарастыру;  сабаққа  музыкалық  шығармалар,  суреттер,  слайд-шоу, 
мультимедиялық  презентациялар  енгізіп  экспозиция  ресімдеу.  Білім 
алушылардың  тақырыпты  және    экскурссия  материалдарын  толық  «тереңірек 
меңгеруі»  үшін  театрландырылған  сценарий  және  әртүрлі  есте  қалатын  
костюмдердегі  білім алушы топтарын дайындау.  
 
ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.  
Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар: 
- «патриотизм» ұғымымен тығыз байланысты ассоциативті қатар құруды; 
-  сәндік-қолданбалы  өнер    заттарын  сипаттау  және  патриоттық  сананы 
ынталандыратын  тарихи оқиғаларды қайта жаңартуды; 
- мұражай сайты материалдарын  пайдалануды орындай алады. 
 
Зерттеу  әдістері:  «Тарихи  қайта  қалпына  келтіру»,  материалды 
«тереңірек меңгеру», сайттар, мұражай әдебиеті материалдарын зерделеу. 
 
4. 3.  8-9-сыныптар концентрі 
Сабақтың тақырыбы: «Мен-патриотпын». 
Сабақтың арқауы: «МЕН – ПАТРИОТ – АЗАМАТ 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау