Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
51
Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына
айналды. Мұндай жағдайда білім алушыларда апат қауіп-қатерінің азаюы мен
қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылау маңызды.
Сонымен қатар, Президент ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де
бергеніне назар аударды.
Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік
перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық
күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.
«Сондықтан, – деп жазады Н.Ә. Назарбаев – әлемдегі оқиғаларды ой
елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен
қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани
жұмысының бір бөлігі».
6. Сананың ашықтығы
Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында
және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің
бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз
түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін
бойға сіңіру мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің іргелі
еңбегінің
«Таяу жылдардағы міндеттер» тарауында алдағы жылдарда
мықтап
қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынады.
Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын
бастау қажет.
Екінші, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа
гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы.
Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық
деңгейде білім беруге
мүмкіндік береді. Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет
сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты
күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім ордаларының
аудиторияларында қаланады.
Үшіншіден, Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды
ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен
атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген
халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-
генетикалық кодының негізі.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын
оқудан көрініс тапса игі.
Төртіншіден, Елбасы жергілікті нысандар мен елді мекендерге
бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан
да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет деп