Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет14/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
30 
конференцияға, олимпиадаға және ғылыми жарыстарға қатысуына байланысты) 
келмеген білім алушы мектепке келген соң екі апта ішінде жиынтық бағалаудан 
өтуі тиіс. 
Білім  алушы  екі  аптадан  артық  белгілі  себептермен  (ауыруына,  жақын 
туыстарының  қайтыс  болуына,  конференцияға,  олимпиадаға  және  ғылыми 
жарыстарға  қатысуына  байланысты)  болмаған  жағдайда,  мектеп  құрған  жеке 
кестеге сәйкес  жиынтық бағалаудан өтуі тиіс. 
Бөлім  (ортақ  тақырып)  және  тоқсан  бойынша  жиынтық  бағалаудың 
нәтижелері  болмаған  жағдайда  білім  алушы  уақытша  аттестатталмаған  болып 
есептеледі. 
Үлгерім  бойынша  есеп  беру  кезінде  уақытша  аттестатталмаған  білім 
алушылар  ескерілмейді,  олардың  үлгерімі  бойынша  есеп  қосымша 
тапсырылады. 
Білім  алушылардың  жиынтық  бағалау  бойынша  балл  түріндегі 
нәтижелері  балдарды  бағаға  ауыстыру  шкаласына  сәйкес  тоқсандық  және 
жылдық бағаға ауыстырылады. 
Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  нәтижелері  туралы 
ақпарат  білім  алушылар  мен  ата-аналарына  немесе  олардың  өзге  де  заңды 
өкілдеріне  қағаз  немесе  электрондық  түрде  беріледі  (айдарлар,  шолулар  және 
т.б.). 
1-сыныпта бірінші жартыжылдықтың оқу материалын меңгеру деңгейіне 
жиынтық  бағалау  жүргізілмейді,  тиісінше  тоқсандық  бағалар  тек  3-ші  және                       
4-ші тоқсандарда қойылады.   
Тоқсандық  баға  50%  де  50%  пайыздық  қатынасында  бөлім/ортақ 
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде қойылады. Бұл 
білім алушы тоқсандық бағаның 50%-ын бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық  бағалау  нәтижелері,  50%-ын  –  тоқсандық  жиынтық  жұмыстың 
нәтижелері  бойынша  жинайтынын  білдіреді.  Осы  екі  бөліктің  қосындысы 
тоқсанға қойылатын қорытынды бағаны көрсетеді. 
1-сыныпта  жылдық  баға  3-ші  және  4-тоқсандардағы  бөлім/ортақ 
тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  және  тоқсандық  жиынтық  бағалау 
нәтижелерінің  негізінде  50%  де  50%  пайыздық  қатынасында  қойылады. 
Жылдық  бағаны  есептеу  үшін  білім  алушының  бөлімдер/ортақ  тақырыптар 
үшін  алған  жиынтық  бағалауының  және  тоқсандық  жиынтық  бағалауының 
жалпы балдары қосылады.  Бұдан әрі оқу жылының балдық пайыздық мазмұны 
пайыздық  қатынаста  (50%:50%)  анықталады.  Бағаларды  санау  электрондық 
журналға енгізілген формула бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады. 
Тоқсандық және жылдық бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді. 
Білім  алушыларды  денсаулығына  байланысты  дене  шынықтыру 
сабағынан босату олардың келесі сыныпқа көшірілуіне әсер етпейді. 
Электронды  журналдың  формасы  кесте  түрінде  берілген,  бұл  кестеге 
білім  алушылардың  тоқсан  барысындағы  жетістіктері  енгізіледі  (бөлімдер 
бойынша  және  тоқсандық  жиынтық  бағалауының  балдары),  сонымен  қатар 
балдарды  бағаға  ауыстыруды  қарастыратын  шкалаға  сәйкес  автоматты  түрде 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
31 
бағаны санау жүзеге асырылады (тек тоқсан және оқу жылының қорытындысы 
бойынша) (1-сурет). 
Білім  берудің  барлық  деңгейлері  бойынша  әрбір  оқу  пәні  үшін  әр 
тоқсандағы  бөлімдер  бойынша  жиынтық  жұмыстардың  саны  көрсетілген 
электронды журналдың өзіндік форматы әзірленген.  
 
 
 
1-сурет – Электронды журналдың үлгісі 
 
Мұғалім электронды журналдың келесі тор көздерін толтырады: 
1. Мектеп 
2. Білім алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туралы мәліметтер 
берілген баған  
3. Білім алушының Т.А.Ә. берілген баған  
4. Сынып/литер  
5. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың максималды балын енгізу өрісі  
6.  Бөлім  үшін  жиынтық  бағалау  бойынша  жиналған  балдарын  енгізу 
бағаны 
7.  Тоқсан  үшін  жиынтық  бағалау  бойынша  жиналған  балдарын  енгізу 
бағаны 
8. Мұғалім туралы мәліметтер 
9.  Директордың  оқу-тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  туралы  мәліметтер 
(2-сурет).  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
32 
 
 
2-сурет – Электронды журналдың мұғалімдер толтыруға арналған тор 
көздері 
 
Төменде  жаңартылған  білім  мазмұны  аясындағы  білім  алушы 
күнделігінің  үлгісі  берілген,  бұл  күнделікте  бес  күндік  оқу  аптасына  өту 
ескерілген  және  алтыншы  күн  мұғалімнің  түсіндірмесін  жазуды  қарастырған     
(3-сурет). 
 
 
3-сурет – Білім алушы күнделігінің үлгісі 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
33 
Үш тілде оқыту туралы 
 
Заманауи  жағдайда  үш  тілде  білім  берудің  әдіснамасы  алдымен,  тарихи 
және 
әлеуметтік-педагогикалық 
алғышарттармен, 
сондай-ақ 
лигводидактикалық тұжырымдамалармен анықталады. Алғашқылары: 
1)    кеңестік  Қазақстандағы  тілдік  жағдай  орыс-қазақ  (қазақ-орыс  емес) 
қостілділігін тарихи қалыптастырды, сондықтан орыс тілін  ана тілі  және ана 
тілінен  өзге  тіл  ретінде  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  базасы  өте  жоғары 
деңгейде  әзірленген;   
2)  Тәуелсіздікке  дейін  Қазақстанда  орыс  тілінде  оқытатын  мектептер  
басым  болған  және  ол  мектептерде  қазақ  тілі  оқытылмаған,  бұл  оның  
функционалдық  белсенділігін  дамытудың    тежеуші  факторына  айналды  және 
қазақ  тілін  (сонымен  қатар  ана  тілінен  өзге  тіл  ретінде)    оқыту  мәселесіндегі 
педагогикалық тәжірибенің жетіспеушілігіне апарды; 
3) қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы және оның іс жүзіндегі 
қолданыс  деңгейі  Типтік  оқу  жоспарында  оқу  сағаттарының  мөлшерін 
көбейтуге  мүмкіндік  берді,  дегенмен  қазақ  тілінің  лингводидактикалық 
аспектілерін  теориялық  және  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер  бүгінгі  күнге 
дейін жеткіліксіз; 
4) Әлемдік экономикаға  бірігуге  қажетті көлемде оқытуды талап ететін 
ағылшын  тілінің  қазақстандық  қауымдастықтың  лингвокоммуникативтік 
кеңістігіне  белсенді  еніп  келе  жатқаны  да,  қазіргі  кездегі  тілдік  жағдайды 
күрделендіре түсті.  
Барлық  көрсетілген  ұстанымдар  Қазақстанда  тілдердің  үштұғырлылығы 
идеясын  енгізудің  алғышарты  болып,  келесі  формуламен  айқындалды: 
мемлекеттік  тілді  дамытамыз,  орыс  тілін  қолдаймыз  және  ағылшын  тілін 
үйренеміз.  
Бұл  ретте  қазақ  тілі  Қазақстан  халқының  бірігуінің  жетекші  факторы 
болып табылады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бірлік жолында азаматтық 
бірізділікті  қалыптастыру  үшін  маңызды.  Қазақ  тілін  білу  –  қазіргі    әр 
қазақстандықтың өзіндік ерекшелігінің кепілі.  
 Дәл  осы  идея  қазақ  тілін  оқытудың  тиімді  әдістерін    іздеу    қажеттілігін  
туғызды.     
Үш  тілде  білім  берудің  негізгі    стратегиялық    мақсаты  – 
қазақстандықтардың  бір  уақытта  үш  мақсатты  тілді  халықаралық  стандартқа 
сай меңгеруіне қажетті жағдай жасау, нақты айтқанда: 
-қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  білу,  ол  азаматтардың  үйлесімді 
бірлесуіне ықпал етеді; 
- орыс тілі, қазақ тілімен қатар қолданылатын ресми тіл ретінде; 
- ағылшын тілін әлемдік экономикаға бірігу құралы ретінде үйрену. 
Білім  процесінде  барлық үш тіл (екінші және үшінші тілдер, яғни, қазақ 
тілі (Т2), орыс тілі (Т2), ағылшын тілі (Т3) бәсекелестікте емес, бірлікте дамуы  
тиіс. Осыған орай, үш мақсатты тілге оқытудың негізгі тәсілдемесі белгіленді.  
Ең біріншісі  –  мақсатты тілдерді  деңгейлеп оқыту.  Бұл – мақсатты үш 
тілде  оқыту    CEFR  («Common  European  Framework  of  Reference:  Learning, 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау