Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
28
сауатты
пайдалану; хикаялар мен оқиғаларды мазмұндау.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы мұғалім өздігінен
құрастыра алады немесе қалыптастырушы бағалау бойынша ұсынылған
тапсырмалар жинағын қолданады.
Қалыптастырушы бағалау бойынша
есептік құжаттама талап етілмейді.
Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін тіркеу нысанын мұғалімнің
өзі анықтайды (сандық, графикалық, балдық). Қалыптастырушы бағалаудың
нәтижелері мұғалімнің есеп беру құжаттамасы болып саналмайды.
Тоқсандық және жылдық жиынтық бағалау өз кезегінде, бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тәртібін қамтиды.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптарды
оқуды аяқтағаннан кейін және тоқсан соңында білім алушылардың ілгерілеуі
туралы ақпаратты балл және баға қоя отырып, мұғалімдерге, білім алушыларға
және ата-аналарға (білім алушыларды жетістіктерін бағалау 3-тоқсанда
басталатын 1-сыныптан басқаларында) жеткізу мақсатында өткізіледі. Белгілеу
процесінде білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнына сәйкес білімдері
мен дағдыларын көрсететін дәлелдер жинау жүзеге асырылады.
Бағалау тәсілдері пәннің мазмұнына және критериалды бағалаудың түріне
байланысты ерекшеленуі мүмкін.
«Өзін-өзі тану», «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру»
пәндері бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Оның
қорытындысы бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы
қойылады. Дене шынықтыру пәнінен әр тоқсанның және оқу жылының
соңында, ал қалған үш пәннен жартыжылдықтың және оқу жылының
соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы журналға қойылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың
тапсырмалары білім алушылардың оқу бағдарламаларындағы тек өткен
материалдарын қамтуы тиіс.
Жиынтық бағалау бойынша жұмыстарды орындау барлық білім
алушылар үшін міндетті.
Бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды қайта
орындауға рұқсат етілмейді.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары тоқсандық
жиынтық бағалаудың ерекшеліктері негізінде әзірленеді. Ерекшеліктер барлық
орта білім беру ұйымдары үшін тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы
мен мазмұнына және оны өткізуге қойылатын бірыңғай талаптар түрінде
беріледі.
Ерекшеліктерде тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты, шолу, өткізу
бойынша нұсқаулық, тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері,
тапсырмалардың орындалуына қойылатын балдардың кестесі қамтылады.
Жиынтық бағалаудың тапсырмаларын мұғалім өз бетінше дайындайды
немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ әзірлеген Жиынтық бағалау
бойынша
әдістемелік
ұсынымдамаларда
ұсынылған
тапсырмаларды