Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
36
тарату үшін жағдай жасау;
мәдени-білім кеңістігінде тұлғаның өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз
ету.
Осы тәсілдердің негізінде үш тілде оқыту келесі қағидаттардан
құрылады:
1) тіл мен мәдениетті бірге оқыту қағидаты, бұл – тілді мәдениет аралық
қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік құндылық, мәдени-
ұлттық мұраның бейнесі, қоршаған ақиқатты тану құралы ретінде оқыту;
2) білім беру мазмұнындағы қазақ тілі (мемлекеттік) және орыс тілінің
теңгерілімділік
қағидаты,
біріншіден,
нақты
аймақтың
әлеуметтік
лингвистикалық жағдайының ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін білдіреді.
Көп жағдайда, Қазақстанның әр аймағындағы тілдердің қолданыс белсенділігі
бірдей емес. Өйткені еліміздің оңтүстік аймағында орыс тілінің белсенділігі
төмендеу, керісінше, солтүстік аймақтарда қолдану аясы кеңірек;
3) «білімге екі жақты ену» қағидаты – біріншіден, тіл білім беру
үрдерісінде әрі оқыту құралы, әрі оқу пәні ретінде қолданылатынын біліреді:
3.1. тіл оқу бағдарламалары аясында оқу пәні ретінде қазақ тілді емес
мектептерде «Қазақ тілі» (1-4-сыныптарда), «Қазақ тілі мен әдебиеті»
(5-11-сыныптарда); оқыту орыс тілді емес мектептерде «Орыс тілі»
(1-4-сыныптарда), «Орыс тілі мен әдебиеті» (5-11-сыныптарда); оқыту тіліне
қарамастан барлық мектептерде «Ағылшын тілі» (1-11-сыныптарда)
оқытылады;
3.2. тіл оқыту құралы ретінде тілдік пәндердің басқа пәндермен кірігу
механизмі болып қолданысқа енеді, сондықтан негізгі мектепте оқыту тіліне
қарамастан «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» пәндері қазақ
тілінде, «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері орыс
тілінде, жоғары сыныптарда «Жаратылыстану», «Информатика», «Физика»,
«Химия», «Биология» пәндері ағылшын тілінде оқыту жоспарланған.
Мектептердің үш тілде оқытуы бойынша дайындығын анықтау үшін
2018 жылы мониторинг өткізу жоспарлануда. Осыған дайын мектептер
2019 жылдан бастап белгіленген пәндерді ағылшын тілінде беруге құқығы
бар.
Сонымен бірге, білім алушылар мен ата-аналар өз қалауларын
білдірген жағдайда ғана, ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылады. Мұны
қаламаған білім алушылар бұл пәндерді оқыту тілінде оқиды
«Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы
Қазіргі уақытта «Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесін
Қазақстанның 4000 аса мектептері қолданады. Жоба 14 облыс, сонымен қатар
Астана және Алматы қалалары аумағында жұмыс істейді.
«Kүнделік» жүйесіне елдегі кез келген қалалық, ауылдық мектептердің
тегін қосылуға мүмкіндігі бар, сонымен қатар, осы мектептердің барлық білім
алушылары, ата-аналары бағаларын, үй тапсырмасын, сабақ кестесін, мектеп
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
37
жаңалықтарын және басқа да пайдалы ақпараттарды тегін алу мүмкіндігіне ие
болады.
Портал «Күнделік» Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының
білім алушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің
бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасын енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №
536 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарымен жұмыс істейді.
«Күнделік» журналын қолдану бойынша бірқатар сұрақтар туындауда,
сондықтан Әдістемелік нұсқау хат аясында ең қажетті ақпараттар ұсынылған.
«Kүнделік» журналы тегін болып табылады. Kundelik.kz сайтын
қолдануға абоненттік төлем алынбайды. Ата-аналарға әрқашан Kundelik.kz
сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік»
бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, бағалары мен үй
тапсырмалары туралы білуге тегін мүмкіндік беріледі. Сайтты пайдаланғаны
үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды.
Алдыңғы барлық жобалардан ерекшелігі Kundelik.kz жобасы бюджеттен
қаржыландырылмайды. Сонымен, Kundelik.kz жүйесін әзірлеу, қолдау және
дамытуға Қазақстан салық төлеушілері мен азаматтарының қаражаты
жұмсалмайды.
Ешқандай жоба қаржыландырусыз мүмкін болмайды, сондықтан,
болашақта ақылы қосымша міндетті емес қызметтер пайда болады деп
болжануда. Бұл мысалы, білім беру қосымшалары және контент болуы мүмкін.
«Білім алушы рейтингі» осындай міндетті емес қызмет үлгісі болып табылады.
Әр ата-ана оған өз қалауымен қосылуға құқылы, ол ата-анаға нақты пән
бойынша өз баласының үлгерім деңгейін сыныптың басқа да білім
алушыларының үлгерімімен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл опцияның
баланың бағасын электронды күнделік түрінде әрқашан тегін кез-келген
уақытта қолжетімді түрде көрсетуге еш қатысы жоқ.
Тұтынушы деректерін қорғауға қатысты. Kundelik.kz сайты және
тұтынушылардың барлық мәліметтері «Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі» ММ бекітілген және «Ұлттық ақпараттақ технологиялар»
АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйесі операторына тиесілі ақпараттық-есептеу
ресурстарында, яғни Қазақстан Республикасы территориясында жабық
қорғалған дата орталықта орналастырылады. Тұтынушылар деректері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тікелей қарауында
болады. Kundelik.kz жүйесіне кіру ешқандай деректер қолжетімді емес жабық
болып табылады.
Kүнделік. kz ішінде әлеуметтік желі бар. Бұл байланыстың заманауи
құралы, соның арқасында тұтынушылар жүйе ішінде бір бірімен қарым-
қатынас жасай алады. Осы әлеуметтік желіде басқа әлеуметтік желілер сияқты
анонимді тұлғалар өз бетімен тіркеле алмайды. Әр тұтынушыны мектеп
тіркейді. Сондықтан, Күнделік желісіне балаларға қауіп төндіретін анонимді
тұлғалар шыға алмайды, бұндай тұтынушы бірден анықталып, бұғатталады
және оған Қазақстан Республикасы Заңнамасы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |