Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет105/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
254 
Аталған  бөлімшелерді  оқыту  оқушыларды  қоршаған  ортаны  түсіну, 
сонымен  қатар  жоғары  сыныптарда  пәнді  барынша  тереңірек  одан  әрі 
зерделеуге көмектеседі. 
Биология бойынша бағдарламаның негізгі ерекшеліктері болып биология 
бөлімдерін  зерделеу  жүйелілігінде  оқытудың  «шиыршық»  принципін 
пайдаланылады.  Бағдарламада  7-сыныптан  бастап  біртіндеп  мазмұнының 
тереңдеуімен  және  күрделенуімен  биология  курсының  барлық  негізгі 
мәселелері оқытылады.  
 Демек,  оқушылар  ағзалардың  әртүрлі  топтарына  тән  биологиялық 
процестер  мен  құбылыстарды  бір  мезгілде  зерделеу  және  салыстыру 
мүмкіндігін алады.  
Оқу  бағдарламасының  мынадай  бөлімдері  бойынша  тақырыптарды 
зерделеудің күрделілік және тереңдік деңгейіне назар аудару керек: 
 «Тірі ағзалардың әралуандылығы»  – оқушыларды ағзалардың әр түріне 
арналған анықтау-кілттерін құрастырған кезде дихотомия әдісіне оқыту. 
 «Қорек»  –  адамның  ас  қорыту  жүйесі  бойынша  білім  негіздерін  қалау 
(аталған тақырыпты оқушылар 9-сыныпта барынша толық зерделейтін болады). 
 «Жасушалық  цикл»  –  генетикалық  материал  туралы  түсінікті  енгізу 
(химиялық формуланы ғана және ДНҚ-мен байланысты оқушылар 10-сыныпта 
жан-жақты зерделейтін болады). 
Сабақтарды  жоспарлаған  кезде  практикалық  дағдыларды  дамытуға 
бағыталған белсенді оқыту әдістерін көбірек қарастыру керек.  
«Биология»  оқу  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі  7  сыныпта  – 
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.  
 
Мектепте  «Физика»  пәнін  оқыту  заманауи  технологиялық  әлемдегі 
өмірге дайындауда маңызды мағынаға ие.  
Жаңартылған мазмұндағы 7-сыныпқа арналған «Физика» пәнін оқытудың 
мақсаты  -  білім  алушылардың  ғылыми  дүиетанымдық  негіздерін,  әлемнің 
жаратылыстанымдық-ғылыми  бейнесін тұтастай  қабылдауын, өмірде  маңызды 
практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау 
қабілеттерін қалыптастыру.  
Оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 
1) білім  алушылардың  әлемнің  заманауи  физикалық  бейнесінің  негізінде 
жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың  
ғылыми әдістерін меңгерту; 
2) білім  алушылардың  интелектуалдық,  ақпараттық,  коммуникативтік 
және  рефлективтік  мәдениетін,  физикалық  экспериментті  және  зерттеу 
жұмыстарын орындау дағдыларын дамыту;  
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
4) меңгерген  дағдыларды  табиғат  ресурстарын  пайдалану  мен  қоршаған 
ортаны  қорғауда,  қоғам  мен  адам  өмірінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде 
қолдану. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
255 
7-сыныптың  физика  курсында  табиғат  құбылыстарын  қарастырады, 
физиканың  негізгі  заңдарымен  танысады  және  осы  заңдарды  техникада  және 
күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады. 
Физика  мен  оның  заңдары  барлық  жаратылыстану  саласының  өзегі 
екендігіне  басты  назар  аударылады.  Сондықтан,  курстың  ең  маңызды 
міндеттердің  бірі  -  оқушылардың  әлемнің  заманауи  физикалық  бейнесінің 
негізін  және  табиғатты  танудың  ғылыми  әдістерді  туралы  түсініктерін 
қалыптастыру. 
Қазіргі  заманауи  физика  қарқынды  дамып  келе  жатқан  ғылым,  оның 
жетістіктері адам қызметінің көптеген салаларында әсер етеді. Бағдарламаның 
мазмұны  физика  эксперименттік  ғылым  болып  табылатына,  оның  заңдары 
фактілерге, тәжірибелер көмегіне сүйенетіне негізделеді.  
Физика  -  нақты  ғылым  және  құбылыстардың  заңдылықтары  сандармен 
зерттеледі,  сондықтан  басты  назар    физикалық  заңдарды  тұжырымдау  мен 
оларды түсіндірудің математикалық аппарататын қолдануына аударылады.  
7-сыныптың  физика  курсына  кіріспе  «атом»,  «зат»,  «материя»    және 
«физикалық  термин»,  «физикалық  шама»,  «гипотеза»  және  «эксперимент», 
«өлшем»  және  «өлшеу  қателігі»  сияқты  негізгі  ұғымдарды  оқытады,  одан  әрі 
оқу материалын оқыту кезінде қазіргі ғылымның заманау деңгейі мен қоршаған 
ортамен байланыстың үзілмеуіне мүмкіндік береді. 
Оқушылардың алған білімі қоршаған ортаға шығармашылық көзқарасын 
және  оны  дамытуға  ықпал  ететін  болады  және  қоршаған  орта  туралы 
шындықты дұрыс талдауына көмектеседі. 
Мектепте «Физика» пәнін оқыту заманауи технологиялық әлемдегі өмірге 
дайындауда  маңызды  мағынаға  ие.  Оқушылар  оқу  процесінде  бақылау 
жүргізуге,  топтастыруға,  құбылыстарды  бір-бірімен  байланыстыру  мен  оларға 
түсінік  беруге  үйренулері  тиіс.  Ерекше  басымдылық    ғылыми  мәселелерді 
әлеуметтік  және  тұлғалық  маңызды  міндеттер  мәнмәтінінде  қарастыра  алатын 
ақпараттанған және сыни ойлайтын азаматты тәрбиелеуге аударылуы тиіс.  
Оқушылар 
оқу 
процесінде 
бақылау 
жүргізуге, 
топтастыруға, 
құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйренулері 
тиіс.  
Жаңартылған 
мазмұндағы 
бағдарламаның 
ерекшелігі 
келешек  
мамандығында  жетістіктің  маңызды  критерий  болып  табылатын  білім 
алушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру,  өйткені проблеманы зерттеу, 
идеяларды сынақтан өткізу, жақсартудың жолдарын ұсыну қандай да болмасын 
проблеманы шешу үшін әмбебап операциялар болып табылады 
Алған  білімдерін  практикада  қолдану  үшін  оқушылар  технология, 
коммуникация,  медицина,  ауыл  шаруашылығы,  түрлі  өнеркәсіп  және 
энергетика  сияқты,  адам  қызметінің  әртүрлі    салаларындағы    физиканың 
жетістіктері мен рөлін түсінуі қажет. 
Физика  пәні  сабақтарында  оқушылар  тәжірибелер  өткізіп  қоймайды, 
мәліметтерді жинақтайды, жазып алады және талдайды; градиентті тәуелділігі 
мен  табуға  қатысты  кестені  құрастырады,  соның  ішінде  Корнфильд  әдісін 
пайдалана  отырып  ақаулықтарды  табады,  тәжірибені  өткізуге  әсер  ететін 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау