Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет106/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
256 
факторларды  анықтайды  және  оны  жақсарту  жолдарын  ұсынады.  Осының 
арқасында,  әрбір  оқушы  зерттеу  жолын  жеке  меңгереді  және  қандай  да 
болмасын физика заңдылығына қатысты қорытындыны жасай алады. Мысалы, 
сұйықтықтың  кинематика  саласындағы  зертханалық  жұмыстар  кешенін 
орындау  оқушылардың  қазіргі  күні  сұранысқа  ие  «Мұнай-газ  ісі», 
«Жылуэнергетика»,  «Сумен  қамтамасыз  ету»  мамандықтарын  сәтті  игеруіне 
дайындай алады.   
 «Орындалуға міндетті тәжірибелік және зертханалық жұмыстар тізілімі» 
оқушыларға  пән  бойынша  жаңа  білім  алып,  зерттеу  машықтарын  дамытуға 
мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.  
Жаңартылған  бағдарламаның  басты  мақсаттарының  бірі  –  физика 
шамаларын тәжірибе жүзінде анықтау,  қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, 
көрсеткіштерді  оқи  білу  және  нәтижені  талдау.    Осыған  байланысты,  бұл 
қосылған  тәжірибелік  есептердің  есесінен,  оқу  бағдарламасының  әрбір 
бөлімшесі кем дегенде 3 практикалық жұмыстардан тұрады:  

 
ауырлық күшін зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7 сынып); 

 
түрлі денелердің созылуын зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі 
7 сынып);   

 
жұмыстың  мәнін  график  бойынша  анықтау  («Кинематика  негіздері» 
бөлімшесі 7 сынып);   

 
ауырлық  күші  мен  үйкеліс  күшінің  жұмысын  салыстыру  («Динамика 
негіздері» бөлімшесі 7 сынып); 

 
көлік  түрлерінің  қуатын  бағалау  («Сақталу  заңдары»  бөлімшесі  7-
сынып); 

 
үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау  («Сақталу 
заңдары» бөлімшесі 7-сынып); 

 
күштің  айналу  осіне  дейінгі  қашықтыққа  тәуелділігін  зерттеу 
(«Статика» бөлімшесі 7-сынып); 
7-сыныптарға  арналған  «Физика»  пәнінің  жаңартылған  мазмұндағы 
үлгілік  оқу  бағдарламасы  10  зертханалық  жұмыс  және  22  практикалық 
жұмыстан тұрады.  
7-сыныпта  физиканы  оқыту  математикадан  өтілген  білім  мазмұнымен 
байланысына  негізделеді.  Мұғалім  оқушылардың  6-сыныпта  математиканы 
оқығанда  қандай  білім  алғанына,  7-сыныпта  математика  сабақтарында  нені 
қарастыратынына  сүйенеді.  Мұнда  7-сынып  оқушылары  қазірдің  өзінде 
координаталық  жазықтық  және  теріс  сандармен,  әріппен  белгілеумен  таныс 
екендігі, формуланы жаза аладытыны есте болу керек. Олар бүтін және бөлшек 
сандармен  әрекеттерді  орындауды  біледі,  арифметикалық  ортаны  таба  алады, 
сызықтық  теңдеулерді  шешеді.  Оқу  жылының  ішінде  оқушылардың 
математикалық  дайындығы  екі  белгісізі  бар  теңдеулер  туралы  білімімен 
толықтырылады,  олар  функция  ұғымын  және  оның  графикалық  көрсетілімін 
меңгереді. 
Физика  және  химияда  көптеген  ортақ  ұғымдар  зерттеледі:  атом, 
молекула,  физикалық  және  химиялық  құбылыстар,  масса,  дененің  агрегаттық 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
257 
күйі. Осы шамаларды және оларды қолдану мен түсіндіруде бірдей анықтаманы 
қолдану қажет. 
Физика  мен  биологияда  өзарабайланысы  ретінде  жалпы  және  ішінара 
пайымдау  болады.  Табиғаттың    біртұтастығын  түсіну  қабілеті  және  физика 
заңдарының  әсері  туралы  білімі  оқушылардың  биологиядан  алған  білімдерін 
кеңейтуі  мүмкін.  Ол  биологияның  әдістерін  физикамен  байланыстырып 
пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.  
Жаңартылған  білім  беру  мазмұнында  жетістікке  қол  жеткізу  үшін 
мыналарды жасау ұсынылады: 

 
ғылыми  тілді  қалыптастыру  мақсатында  оқушылардың  сөздік  қорын 
байыту,  үш  тілдегі  физикалық  терминологиямен  таныстыру  бойынша  жүйелі 
жұмыстар жүргізу; 

 
физикалық  процестерге  диаграммалар,  сызбалар,  жалпылама  және 
талдау  кестелерін    жасай  білу  дағдыларын,  баяндау,  сипаттау,  салыстыру, 
графикті  талдау,  қорытынды  жасау  және  жалпылама  қорыту  (жазбаша  және 
ауызша); дағдыларын қалыптастыру 

   есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару

 
жүргізілген  тәжірибелік  және  зертханалық  жұмыстар  бойынша 
кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді 
дамыту; 

 
оқушылардың  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  мәдениетін,  олардың 
пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру.  
Оқу  бағдарламасының  келесі  бөлімдері  бойынша  тақырыпты  оқу 
күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет: 
-  «7.2.1.4  үдеудің  не  білдіретіндігін  түсіну»  -  есептерді  шешуде 
формулалар қолданбай, «үдеу» түсінігінің өзін ғана енгізу. 7-сынып деңгейінде 
үделген  қозғалыс  және  «үдеу»  түсінігі  тек  негізгі  деңгейде  оқытылады, 
сәйкесінше  жылдамдықтың  уақытқа  тәуелділігі  графигінің  астында  ауданды 
есептеу, тікбұрыштың ауданын есептеуге келтіріледі. 
-  «7.1.1.7  графикалық  әдіспен  бір  түзу  бойымен  бағытталған  векторды 
қоса  және  ала  білу»  -  оқушыларға  қиын  емес  есептер  ұсыну  және  әр  түрлі 
денелердің  қозғалысының  нақты  мысалында  жақсы  меңгерілетін  «вектор» 
бастапқы түсінігін енгізу ұсынылады. 
-  7.3  «Қатты  денелердің,  сұйықтықтар  мен  газдардың  қысымы» 
бөлімінде 
«Торричелли 
тәжірибесі» 
және 
«Атмосфералық 
қысым» 
тақырыптары қаралады. 
«Физика»  оқу  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі  7  сыныпта  – 
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.  
 
«Химия»  пәні  білім  алушылардың  дүниетанымдық  көзқарасын 
дамытуда,  әлемнің  тұтас  ғылыми  бейнесін  қалыптастыруда  маңызды  рөл 
атқарады.  Бұл  пән  оқушыларға  заттардың  әртүрлілігі  мен  олардың 
өзгерістерінің  маңыздылығын  түсінуге  көмектеседі.  Жаңа  заттарды  алу 
мүмкіндіктерін  аша  отырып,  оқушыларды  қоршаған  ортаның  экологиялық 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау