Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет5/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
11 
алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:  
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;  
2
) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;  
3)  шет тілі;  
4)  информатика;  
5) 
дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық 
жерлерде – әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл 
(қыз) баладан кем емес болған жағдайда) өткізуде сыныпты екі топқа бөліп 
оқыту жүзеге асырылады.  
6)
 
көркем еңбек  (ұлдар және қыздар тобы сынып толымдылығына тәуелді 
емес). 
 
 
Назар аударыңыз! Бескүндік оқыту! 
 
 
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар» санитарлық қағидаларына өзгерістер енгізілген.  
 
1)  127-
бабының  тұжырымы  өзгертілді.  Жаңа  тұжырым:  «Жалпы 
білім  беретін  мекемелерде  оқу  жүктемесінің  жоғарғы  нормасы 
аталған  санитарлық  қағидалардың  9-қосымшасында  көрсетілген 
нормадан  аспауы  керек.  Оқу  жүктемесі  ұлғайған  жағдайда  сабақ 
кестесі  қамқоршылық  кеңесі  және  ата-аналар  комитетімен 
келісілуі тиіс». 
2) 2017-
2018  оқу  жылынан  бастап  сабақ  ұзақтығы  40  минутты 
құрайды. 
 
Бұл дегеніміз 2017-2018 оқу жылынан бастап барлық сыныптарға (1-11 
сыныптарға)  бескүндік  оқу  аптасына  көшу  рұқсат  етілген.  Бескүндік  оқу 
аптасы туралы шешімді мектеп әкімшілігі қамқоршылық кеңесі және ата-
аналар комитетімен келісе отырып қабылдайды. 
 
 
Үй тапсырмасы 
 
Үй тапсырмасы – білім алушылардың тапсырмаларды мұғалімнің бекітіп 
беруі  бойынша өз бетімен орындауы және оқып-үйренетін материалды терең 
меңгеруге,  сондай-ақ  оны  іс  жүзінде  қолдануға,  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуға  және оқу  біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.  
Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде: 
1) 
орта білім беру ұйымының түрі және білім алушылардың контингенті; 
2) 
сабақ  кестесіне  сәйкес  басқа  да  пән  бойынша  берілген  үй 
тапсырмасының көлемі; 
3) 
жоғары сыныптарда әр сабақ бойынша берілетін үй тапсырмасынан оқу 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
12 
тоқсанына  берілген  тапсырмалар  жүйесіне  өту  мүмкіндігі  (немесе  бөлімді 
аяқтағаннан кейін); 
4) 
бірнеше  оқу  мақсаттарын  ұйымдастыру  негізінде  жекелеген  пәндер 
бойынша үй тапсырмасының оқу жобасының нысаны; 
5) 
шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы, 
модель  жасау,  жоба  дайындау,  қызықты  тарих,  өз  ертегісі  бойынша 
киносценарий  жазу)  бір  білім  алушыға  айына  кемінде  бір  апта  және  бір 
тапсырмадан артық емес шегінде беру ескеріледі; 
6) 
бейнелеу  өнері,  көркем  еңбек,  музыка,  өзін-өзі  тану,  еңбекке  баулу, 
технология,  алғашқы  әскери  дайындық,  алғашқы  әскери  және  технологиялық 
дайындық  және  дене  шынықтырудан  үй  тапсырмасын  басқа  пәндермен 
кіріктіру ұсынылады; 
7) 
білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе ("біледі", "түсінеді", 
"қолданады",  "талдайды",  "бағалайды"  және  "жинақтайды")  үй  тапсырмасын 
орындау қажеттілігі болмайды. 
Үй тапсырмасын: 
1) 
мерекелік  және  демалыс  күндері  (жалпы  дамуы  үшін  көркем, 
қосымша  әдебиеттерді  оқу,  математикалық  мектептер  үшін  жобалық 
жұмыстар орындау мен есептер шешуден басқа); 
2) 
бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін; 
3) 
бірінші  сынып  білім  алушыларына  (екінші  жартыжылдықтан 
бастап  көлемі  20  минуттан  аспайтын  уақытта  оқу  бойынша 
тапсырмалар болуы мүмкін) бермеу ұсынылады. 
 
 
Назар аударыңыз! 
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында 
үй  тапсырмасын  ұйымдастыру  және  орындау  жөніндегі 
әдістемелік  ұсынымдама  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2017  жылғы 
24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді. 
 
Осы  ұсынымдамаға  сәйкес  үй  тапсырмасын  дайындау  уақытын 
қысқарту  үшін  5-11-сыныптарда  қосарланған  сабақтар  өткізуге  болады.
 
Қосарланған  сабақтарды  қандай  оқу  пәні  арқылы  жүргізуді  әр  мектептің 
әкімшілігі өздері анықтайды, шектеу қойылмаған. 
Үй  тапсырмасын  (бір  оқу  күніне)  орындауға  жұмсалатын  уақыт 
шығынын  ескере  отырып,  тапсырманың  көлемі  бойынша  нормативтер 
өзгертілді. 
Үй  тапсырмасын  орындау    2-сыныпта  50  минуттан, 3-4-сыныптарда  
70  минуттан, 5-6-сыныптарда  90  минуттан,  7-9-сыныптарда  110    минуттан,  
10-11-
сыныптарда 130 минуттан аспауы тиіс. 
Орта  білім  беру  ұйымдарының  басшыларына  педагогикалық 
қызметкерлердің  үй  тапсырмасын  ұйымдастыру  бойынша  жұмыстарының  
кезеңділігі  мен  мерзімдерін  басқаруды  мектепішілік  бақылау  жоспарында, 
мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
13 
Үй  тапсырмасын  беру  кезінде  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне,  пән 
мұғалімдеріне:  
1) 
сабақ  аясында  қоңырауға  дейін  білім  алушыларды  үй  тапсырмасы 
бойынша хабардар ету; 
2) 
үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру; 
3) 
білім алушылардың орындайтын аз көлемді тапсырмалар (орындалуы 
міндетті)  мен  көп  көлемді  тапсырмаларды  (орындалуы  ерікті  түрде) 
байланыстыру; 
4) 
сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады. 
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №  499 
қаулысымен  бекітілген  Жалпы  білім  беру  ұйымдары  (бастауыш,  негізгі  орта 
және жалпы орта білім) қызметінiң үлгілік қағидаларының 19-тармағына сәйкес 
білім  алушылардың  ата-аналарының  немесе  өзге  де  заңды  өкiлдерінiң 
мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен 
келісу  бойынша  білім  беру  ұйымдарында  инклюзивті  сыныптар  (бір  сыныпта 
ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  екі  баладан  артық  оқытылмауы  тиіс)  және 
(немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн. 
Инклюзивтік  сыныптарда  оқитын  ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар 
балалар 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультацияның 
қорытындысы  мен  ұсынымдары  бойынша  жалпы  білім  берудің  оқу 
бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін. 
 
«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  8-бабы  5-тармағына 
сәйкес  денсаулық  жағдайына  қарай  ұзақ  уақыт  бойы  бастауыш,  негізгі  орта, 
жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе 
стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту 
көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады. 
Мемлекет  инклюзивті  білім  берудің  мақсаттарын  іске  асыра  отырып,  
даму  мүмкіндігі  шектеулі  білім  алушылардың  білім  алуы,  даму 
бұзылыстарының  түзетілуі  және  әлеуметтік  бейімделуі  үшін  жағдайды 
қамтамасыз етеді. 
Ата-аналар қоғамдастығында адамгершілікті, толеранттылықты тәрбиелеу 
мақсатында инклюзия тәртібінде білім алушы  ерекше білім беруді қажет ететін 
балалар  бойынша  әр  мектептің  әкімшіліктері  жылына  бір  рет  әр  параллель 
сыныптарда  барлық  адамдарға  бірдей  қарым-қатынас  жасау  қамтамасыз 
етілетіндігі,  алайда  денсаулық  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  ерекше  жағдай 
жасау  қажеттілігі  туралы  және  инклюзивті  білім  берудің  идеологиясын 
түсіндіру  мақсатында  ата-аналар  жиналысын  өткізу  ұсынылады.  Мұндай 
жиналыстардың  мақсаты  –  барлық  ата-аналар  инклюзивті  білім  берудің  8 
принципін меңгеруге қол жеткізуі: 
1.  Адами  құндылық  оның  қабілеті  мен  жеткен  жетістіктеріне 
байланысты емес; 
2. Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті; 
3. Әрбір адамның қарым-қатынас жасауға, тыңдалуға құқығы бар; 
4. Барлық адамдар бірін- бірі қажет етеді;  


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау