Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет3/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 

барлық МЖМБС және оқу бағдарламаларының қағазға шығарылған бір 
нұсқасы 
болса 
жеткілікті
Мұғалім 
МЖМБС 
және 
 
оқу 
бағдарламаларының  электронды нұсқаларымен жұмыс істеуіне болады. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстанның  әлеуметтік 
жаңғыртылуы:  «Жалпыға  Ортақ  Еңбек  қоғамына  қарай  20  қадам» 
бағдарламалық  мақаласында  берілген  тапсырмаларын  іске  асыру  мақсатында 
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен 
бекітілген  оқу  бағдарламасы  бойынша  «Абайтану»  (9-11-сыныптар)  таңдау 
курстарын оқыту ұсынылады. 
 
 
Назар аударыңыз!  
 
2017-
2018  оқу  жылында  «Қазақстан  тарихы»,  «Қазақ 
әдебиеті»  (5-7  сыныптар),  «Қазақ  әдебиеті»  (6-сынып),  «Қазақ 
тілі  және  әдебиеті»  (5, 7-сыныптар),  «География»  (6, 7-
сыныптар)  пәндері  бойынша  білім  беру  ұйымдарында  «Туған  ел»  кең 
ауқымды  мақсатқа  бағытталған  «Туған  жер»  бағдарламасын  іске  асыру 
барысында  сабақты  мұражайларда,  мәдени  ұйым  салаларында,  тарихи 
ғимараттарда (мектептен тыс жерлерде) өткізу үшін көрсетілген пәндерін 
бойынша  барлығы  оқу  жылында  5  сағат  бөлініп  отыр.  Қажетті 
ғимараттардың  болмауы  себепті  мұндай  сабақтарды  ұйымдастыра 
алмайтын ауыл мектептері үшін арнайы бейнематериалдар әзірленеді. Бұл 
бейнематериалдар әзірленуіне қарай білім басқармаларына жіберіледі.  
 
 
 
 
Назар аударыңыз! 
 
1-9-
сыныптарда  білім  сабағын  «Мен  –  өз  елімнің 
патриотымын»  тақырыбы  бойынша  жүргізу  ұсынылады. 
Сабақты  жеке-жеке үш концентр бойынша өткізуге арналған әдістемелік 
ұсынымдамалар:  (1-4-сыныптар,  5-7-сыныптар,  8-9-сыныптар)  осы  ӘНХ-
та ұсынылған.  
10-11-
сыныптарда 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша 
интерактивті сабақ өткізіледі. 
ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген бейнефильм 22 тамыздан 
кешіктірілмей білім басқармаларына (бөлімдеріне) жіберілетін болады. 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  тапсырмасы  бойынша                            
Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Тұңғыш  Президент 
күнін, Тәуелсіздік күнін атап өту аясында интерактивті сабақ өткізу үшін 
бейнефильм  дайындады.  Оған  қоса  сабақтың  тұжырымдамасы  мен  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 

сабақты 
өткізу 
бойынша 
мұғалімдерге 
арналған 
әдістемелік 
ұсынымдамалар  әзірленді.  Сабақтың  тұжырымдамасы  әдістемелік-нұсқау 
хатқа  қоса  беріледі.  Бейнефильм  мен  мұғалімдерге  арналған  әдістемелік 
ұсынымдамалар  білім  басқармаларына  (бөлімдеріне)  жіберілетін  болады    
(5-
қосымша).  
 
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық 
және  дінтану  негіздері»  курсын  оқытуға  1  сағат  апталық  жүктеме  беріледі.  
ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  15  шілдедегі  №  281 
бұйрығымен  бекітілген  үлгілік  оқу  бағдарламалары  бойынша  аталған  курсты 
біліктілікті арттыру курстарынан өткен тарих пәні мұғалімдері жүргізуі тиіс. 
Мектеп  және  білім  алушы  компонентінің  пәндері  бойынша  емтихан 
жүргізілмейді. 
Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  мектепте  білім  алушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі 
ретінде айқындалып отыр. 
Функционалдық  сауаттылық  әр  мектеп  пәнінің  негізінде  қалыптасады. 
Білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  және  оның 
қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу 
жұмыстарына  бейімделген  тапсырмалар;  экономикалық,  тарихи  мазмұндағы 
тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады. 
Білім  алушылардың  оқу  жетістігін  сырттай  бағалау  (ОЖСБ)  аясында 
білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық 
сауаттылықты  тексеруге  арналған  тест  тапсырмалары  алғаш  рет  2014  жылы 
ОЖСБ тапсырмаларына қосылды. 
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған 
білімі,  білігі  мен  дағдысын  адамзат  қызметінің  әртүрлі  саласында,  сонымен 
бірге  тұлғааралық  қатынастар  мен  әлеуметтік  байланыстарда  кездесетін 
тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. 
Білім  алушылардың  оқу  жетістігін  сырттай  бағалау  аясында 
функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы 
(қазақ  тілі,  орыс  тілі);  математикалық  сауаттылық;  ғылыми-жаратылыстану 
сауаттылығы (физика, химия, биология, география). 
2016-2017 
оқу  жылында  мектеп  бітірушілерді  қорытынды 
аттестаттау  және  ұлттық  бірыңғай  тестілеуді  тапсыру  форматы  өзгерді. 
Мектеп  бітірушілер  жоғары  оқу  орнына  түсу  үшін  міндетті  үш  пәннің 
қатарында  «Математикалық  сауаттылық», «Оқу  сауаттылығынан» 
емтихан тапсырды. 
Оқу  сауаттылығы  –  білім  алушылардың  мәтін  мазмұнын  түсіне  білу 
және  оларға  ой  жүгірте  білу,  мәтін  мазмұнын  өз  мақсаттарына  жету  үшін 
пайдалана  білу,  қоғам  өмірінде  белсенділік  таныту  мақсатында  білімдері  мен 
мүмкіндіктерін  дамыту  қабілеттері.  Оқу  жылдамдығы  мен  мәтінді  дәлме-дәл 
түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқығанын өмірлік 
мақсатында жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.  
Математикалық  сауаттылық  –  әлемдегі  математиканың  рөлін 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау