Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
20
қарым-қатынасқа,
бос
уақытқа
арналған
технологияларды
дұрыс
шығармашылықпен қолданудан тұрады. Білім алушылар өздерінің АКТ
бойынша дағдыларын білім алу процесіндегі барлық оқу пәндері арқылы
дамытады, яғни ақпаратты табу, құру, мәліметтермен, идеялармен алмаса
отырып, кең спектрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы
бірлесіп қызмет жасау барысында өзінің жұмысын бағалайды және жетілдіреді.
Орта мектепте АКТ-ні БАҚ және мультимедиялық құралдарды
пайдалануға қойылатын талаптар:
-
дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу, табу;
-
сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және
оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
-
сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның
ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа да
қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу;
-
заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді
пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және
қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық
таныстырылымдар құру үшін біріктіру, басқа нұсқаларды зерделеуде,
нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін
толығымен пайдалану;
-
электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және
оқытушылармен ынтымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту
орталарына қатысып, қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
-
интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету
мақсатында қолдану;
-
аяқталған жұмыс бойынша мектептің шеңберінде немесе одан тыс
жерде мультимедиялық таныстырылым жасау.
13. Кейс-стади.
Кейс-стади - бұл нақты оқиға мен жағдаятты талдауға арналған іскерлік
ойын. Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылар топтық сұрақ-жауап
кезінде шығарылған мәселенің маңызын түсіндіріп, жағдайды бағалайды, оқиға
немесе процеске талдау жасайды, өзіндік шешу жолдарын көрсетеді.
Кейс-стадиді қолдану:
-
жүйелі, корреляциялық, факторлық, статистикалық және тағы басқа
талдау біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік береді;
-
білім алушылармен қосымша тапсырмалар жасау нұсқаларын
жобалайды;
-
«ми шабуылы» пікірталасын өткізу, ғылыми дауласу, негізгі және әр
жақты шешім бойынша дебаттар дайындалып өткізіледі деп жобалайды.
Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылардың дайын білімді
меңгеруі емес оны өндіруге, яғни теориялық білімін практикалық міндеттерді
шешуге қолдану дағдыларын дамыту және мұғаліммен білім алушылардың
ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс жасауына басты назар аударылады.
14. Дамыта оқыту.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
21
Дамыта оқытудың мақсаты білім алушының күнделікті өмірге тәуелсіз,
сонымен қатар ақиқатты іздей отырып, өзіндік оқуы арқылы білім алуға қол
жеткізуі.
Дамыта оқыту әр білім алушының дербес танымдық әрекеттерге
ұмтылуға құштарлығын, белсенді өмірлік қағидаттарын қалыптастырады. Білім
алушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Ол оқытуда
қолданылатын дидактикалық ойындар, пікірталастар, сонымен қатар
шығармашылық қиялы мен ойлауына, есте сақтауына, сөйлеуіне бағытталған
түрлі іс-әрекеттерге білім алушыларды оқыту түріндегі оқыту әдістерін қолдану
арқылы жүзеге асырылады.
Дамыта оқыту білім алушының жан-жақты тұлғалық сапасының дамуына,
өзіндік ой-тұжырымын жасауға, өзіндік оқу іс-әрекетіне талдау жасауға және
оны басқара білуіне бағытталған.
15.
Модульдік оқыту.
Модульдік оқыту – оқу ақпаратын блокты – модуль негізінде беру
арқылы оқу процесін ұйымдастыру тәсілі. Оқу мазмұны ақпаратты блоктарда
беріледі де меңгеру мақсатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Модульдік оқыту барысында білім алушылар үшін оқытылатын білім
көлемі ғана емес, оны меңгеру деңгейінің дидактикалық мақсаты
тұжырымдалады.
Модульдік
оқыту
білім
алушылардың
базалық
дайындығының деңгейіне, жеке сұраныстары мен икемділігіне қарай оқытуды
қамтамасыз етеді. Оқытуды дараландыруды: оқу мазмұнын, меңгеруін, өзіндік
деңгейі, әдісі мен тәсілі, бақылау, өзін-өзі бақылауы бойынша қамтамасыз
етеді.
16. Проблемалық оқыту.
Проблемалық оқыту – өзіндік дүниетанымын қалыптастырудың
барынша өзекті құралы. Проблемалық оқытудың тиімділігі ол білім
алушылардың сыни, шығармашылық, диалектикалық ойлауын қалыптастыру
міндетін шешуден тұрады.
Проблемалық оқыту логикалық тәсілдер жүйесін немесе жекелеген
шығармашылық іс-әрекеттерін, жаңа жағдаятта білімін шығармашылықпен
қолдану біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол шығармашылық
тәжірибесінің молаюына, зерттеушілік әдістерді меңгеруіне, практикалық
проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Проблемалық оқыту оқудың қажеттілігін, уәжін қалыптастыруға, яғни
әлеуметтік құзыреттілігін, адамгершілік, танымдық қажеттілігін құруға
мүмкіндік береді.
17.
Дербес оқыту тәсілі.
Дербес оқу – оқу-тәрбие процесін дараландыруға, білім алушылардың
жеке ерекшелігін ескеріп оқыту мен тәрбиелеуге, өзіндік танымдық іс-әрекеті
тәжірибесін қалыптастыруға, өзіндік білімін көтеруге дайын болуы мен
қажетсінуіне, білім алушылардың ұйымшылдығын, дербестігін тәрбиелеуге
мүмкіндік береді. Бәрі бірдей ортақ қарқынды жұмыс жасау арқылы барлық
сыныпқа арналған тапсырманы білім алушының өзіндік орындау іс-әрекетін
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |