Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
31
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды
аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жиынтық бағалауды өткізу
күні белгілі себептермен (ауыруына, жақын туыстарының қайтыс болуына,
конференцияға, олимпиадаға және ғылыми жарыстарға қатысуына байланысты)
келмеген білім алушы мектепке келген соң екі апта ішінде жиынтық бағалаудан
өтуі тиіс.
Білім алушы екі аптадан артық белгілі себептермен (ауыруына, жақын
туыстарының қайтыс болуына, конференцияға, олимпиадаға және ғылыми
жарыстарға қатысуына байланысты) болмаған жағдайда, мектеп құрған жеке
кестеге сәйкес жиынтық бағалаудан өтуі тиіс.
Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижелері болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестатталмаған болып
есептеледі.
Үлгерім бойынша есеп беру кезінде уақытша аттестатталмаған білім
алушылар ескерілмейді, олардың үлгерімі бойынша есеп қосымша
тапсырылады.
Білім алушылардың жиынтық бағалау бойынша балл түріндегі
нәтижелері балдарды бағаға ауыстыру шкаласына сәйкес тоқсандық және
жылдық бағаға ауыстырылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері туралы
ақпарат білім алушылар мен ата-аналарына немесе олардың өзге де заңды
өкілдеріне қағаз немесе электрондық түрде беріледі (айдарлар, шолулар және
т.б.).
1-
сыныпта бірінші жартыжылдықтың оқу материалын меңгеру деңгейіне
жиынтық бағалау жүргізілмейді, тиісінше тоқсандық бағалар тек 3-ші және
4-
ші тоқсандарда қойылады.
Тоқсандық баға 50% де 50% пайыздық қатынасында бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде қойылады. Бұл
білім алушы тоқсандық бағаның 50%-ын бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау нәтижелері, 50%-ын – тоқсандық жиынтық жұмыстың
нәтижелері бойынша жинайтынын білдіреді. Осы екі бөліктің қосындысы
тоқсанға қойылатын қорытынды бағаны көрсетеді.
1-
сыныпта жылдық баға 3-ші және 4-тоқсандардағы бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау
нәтижелерінің негізінде 50% де 50% пайыздық қатынасында қойылады.
Жылдық бағаны есептеу үшін білім алушының бөлімдер/ортақ тақырыптар
үшін алған жиынтық бағалауының және тоқсандық жиынтық бағалауының
жалпы балдары қосылады. Бұдан әрі оқу жылының балдық пайыздық мазмұны
пайыздық қатынаста (50%:50%) анықталады. Бағаларды санау электрондық
журналға енгізілген формула бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тоқсандық және жылдық бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.
Білім алушыларды денсаулығына байланысты дене шынықтыру
сабағынан босату олардың келесі сыныпқа көшірілуіне әсер етпейді.
Электронды журналдың формасы кесте түрінде берілген, бұл кестеге
білім алушылардың тоқсан барысындағы жетістіктері енгізіледі (бөлімдер
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
32
бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауының балдары), сонымен қатар
балдарды бағаға ауыстыруды қарастыратын шкалаға сәйкес автоматты түрде
бағаны санау жүзеге асырылады (тек тоқсан және оқу жылының қорытындысы
бойынша) (1-сурет).
Білім берудің барлық деңгейлері бойынша әрбір оқу пәні үшін әр
тоқсандағы бөлімдер бойынша жиынтық жұмыстардың саны көрсетілген
электронды журналдың өзіндік форматы әзірленген.
1-
сурет – Электронды журналдың үлгісі
Мұғалім электронды журналдың келесі тор көздерін толтырады:
1. Мектеп.
2. Білім алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туралы мәліметтер
берілген баған.
3.
Білім алушының Т.А.Ә. берілген баған.
4.
Сынып/литер.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
33
5.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың максималды балын енгізу өрісі.
6.
Бөлім үшін жиынтық бағалау бойынша жиналған балдарын енгізу
бағаны.
7.
Тоқсан үшін жиынтық бағалау бойынша жиналған балдарын енгізу
бағаны.
8.
Мұғалім туралы мәліметтер.
9.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары туралы мәліметтер.
(2-
сурет).
2-
сурет – Электронды журналдың мұғалімдер толтыруға арналған тор
көздері
Төменде жаңартылған білім мазмұны аясындағы білім алушы
күнделігінің үлгісі берілген, бұл күнделікте бес күндік оқу аптасына өту
ескерілген және алтыншы күн мұғалімнің түсіндірмесін жазуды қарастырған
(3-
сурет).
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
34
3-
сурет – Білім алушы күнделігінің үлгісі
Үш тілде оқыту туралы
Заманауи жағдайда үш тілде білім берудің әдіснамасы алдымен, тарихи
және
әлеуметтік-педагогикалық
алғышарттармен,
сондай-ақ
лингводидактикалық тұжырымдамалармен анықталады. Алғашқылары:
1) кеңестік Қазақстандағы тілдік жағдай орыс-қазақ (қазақ-орыс емес)
қостілділігін тарихи қалыптастырды, сондықтан орыс тілін ана тілі және ана
тілінен өзге тіл ретінде оқытудың ғылыми-әдістемелік базасы өте жоғары
деңгейде әзірленген;
2) Тәуелсіздікке дейін Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер
басым болған және ол мектептерде қазақ тілі оқытылмаған, бұл оның
функционалдық белсенділігін дамытудың тежеуші факторына айналды және
қазақ тілін (сонымен қатар ана тілінен өзге тіл ретінде) оқыту мәселесіндегі
педагогикалық тәжірибенің жетіспеушілігіне апарды;
3) қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы және оның іс жүзіндегі
қолданыс деңгейі Типтік оқу жоспарында оқу сағаттарының мөлшерін
көбейтуге мүмкіндік берді, дегенмен қазақ тілінің лингводидактикалық
аспектілерін теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер бүгінгі күнге
дейін жеткіліксіз;
4) Әлемдік экономикаға бірігуге қажетті көлемде оқытуды талап ететін
ағылшын тілінің қазақстандық қауымдастықтың лингвокоммуникативтік
Достарыңызбен бөлісу: |