Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет7/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
16 
12-
летнее  образование»,  «Білім  –  Образование»,  «Қазақстан  кәсіпкері  – 
Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар); 

«Сұрақ-жауап»  (оқыту  мен  тәрбиенің  өзекті  мәселелерін  талқылау, 
Академия мамандарына сұрақтар қоюға болады).   
Академия  Жаңартылған  білім  мазмұнына  көшу  жағдайында  1-сынып 
мұғалімдеріне  көмек  ретіндегі  Әдістемелік  ұсынымдама  дайындады. 
Ұсынымдама Академия сайтына орналастырылған.  
Білім  беру  қызметін  ұйымдастыру  кезінде  жалпы  білім  беру  ұйымдары 
басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы 
Әділет  министрлігінің  сайтындағы 
(
http://www.adilet.gov.kz

«Әділет»  ақпараттық-
құқықтық жүйе» 
(
http://adilet.zan.kz

блогында орналастырылған. 
Жаңартылған  білім  мазмұнына  көшетін  мұғалімдерге    әдістемелік  көмек 
көрсету  үшін  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  Дербес  білім  беру  ұйымы  
НЗМ  сайтында  ұсынылған  (sk.nis.edu.kz  сілтемесі  арқылы  кіру)  Жүйелі-
әдістемелік кешенді (ЖӘК) әзірледі. 
 
Оқу  процесін  ұйымдастыруда  қолданылатын  педагогикалық 
тәсілдер, әдістемелер, технологиялар 
 
Білім  алушылардың  оқу  әрекетін  ұйымдастыру  және  оның  нәтижелерін 
бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  педагог  әртүрлі  әдістер  мен  құралдарды 
пайдаланады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың 
өздерінің  белсенді  қызметімен  сипатталатынын  атап  өткен  маңызды.  Бұл 
жағдайда  мұғалім  білім  алушылардың  танымдық  іс-әрекеттерінің 
ұйымдастырушысы ретінде болады. 
Жаңа  стандарттар  құзыреттілік  тәсіліне  негізделген,  соған  сәйкес  оқу 
бағдарламаларының  құрылымы  өзгерді:  міндетті  меңгерілуі  тиіс  белгіленген 
оқу материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әрекет жасаймыз. Бұл білім 
алушының қабылдауы өзгергенін, яғни басым авторитарлықтан ынтымақтастық 
оқытуға көшуді білдіреді. 
Мұғалім назар аударуы қажет мына бір сәтті атап өткен жөн.  
Өйткені,  кестеге  сәйкес  2017-2018  оқу  жылында  2,  5,  7-сыныптар, 
2018-
2019 оқу  жылында 3,  6, 8,  10-сыныптар, 2019-2020  оқу  жылында 4, 9 
және 11-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Демек, мұғалім 
балаларды осы жаңартылған білім мазмұына көшуге дайындау керек. Оның 
бір  жолы  –  білім  алушы  қызметін  жандандыру  тәсілдерін  пайдалану, 
оларға барынша дербестік беру. 
 
Практик-мұғалімге  көмек  ретінде  оқу  процесін  ұйымдастырудың  қазіргі 
заманғы  тәсілдеріне,  әдістеріне,  технологияларына  қысқаша  сипаттама 
ұсынылған. 
1. 
Зерттеушілік тәсілі. 
Зерттеушілік тәсілі негізінде білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу   
іске асырылады.   
Зерттеушілік тәсілі: 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
17 

оқу  процесінің  барлық  кезеңдеріне  ғылыми  зерттеулердің жалпы және 
жеке әдістерін енгізуді (қабылдаудан практикада қолдануға дейін); 

шығармашылық-ізденіс  қызметтерін  оқу  және  оқудан  тыс  уақытта 
ұйымдастыруды жобалайды. 
Зерттеушілік  тәсілі  «мұғалім  –  білім  алушы»  өзара  қарым-қатынасы 
сипатының  ынтымақтастық  жағдайына  қарай  өзгеруіне,  сондай-ақ  танымдық 
қызығушылығына  тәрбиелеуге,  білім  алу  мен  оқуға  деген  оң  уәждеме  құруға, 
терең, сапалы білім алуды қалыптастыруға ықпал етеді. 
Зерттеушілік  тәсілді  қолдану  жеке  тұлғаның  интеллектуалдық  дамуына, 
өзіндік білім алу дағдыларын, белсенді танымдық іс-әрекетін  қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. 
2. 
Құндылықтарға бағытталған тәсіл.  
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл  – ол оқу әрекетін белгілі 
бір  құндылықтар  тұрғысынан ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру,  нәтижелерге 
қол  жеткізу  және  пайдаланудың  тәсілі.  Құндылыққа  бағытталған  оқу  процесі 
білім алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін қалыптастырады. 
Құндылықты  бағдарлау  –  тұлғаның  өз  әрекетінде  жекелеген 
құндылықтарды  (құндылықтарға  бағдарлану  қабілеттілігі)  бағдар  ретінде 
таңдап  алу  қабілеттілігі  (қасиеті),  сондай-ақ  оларды  өзінің  жеке  әлеуметтік 
маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі.  
Құндылықтарды  іске  асыру  құндылықтардан  шығатын  талаптарға  сай 
болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні 
белгілі  бір  қоғамның  сәтті  әрекет  етуі  үшін  қажетті  ережелерді,  дағдыларды, 
өмір салтын, мінез-құлық мәнерін қалыптастыруда көрініс табады. 
Құндылықтар  –  қоғам  қолдайтын  және  адамдардың  көпшілігі  бөлісетін 
белгілі  нысандардың  және  құбылыстардың,  адамдық  қасиеттері  мен  өзін-өзі 
ұстау  ережелерінің  тұлғалық  және  әлеуметтік-мәдени  маңыздылығы. 
Құндылықтар  тұлғаны  ынталанырудың  өте  маңызды  факторы  ретінде  мінез-
құлығы мен іс-әрекеттерін көтермелейді.  
Орта  білім  берудің  құндылықтары  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының 
құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылықтары ретінде:   
1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;  
2) құрмет;  
3) 
ынтымақтастық; 
4) еңбек пен шығармашылық;  
5) 
ашықтық;  
6) 
өмір бойы білім алу  белгіленді. 
3. Тұлғаға бағдарланған тәсіл.  
Тұлғаға  бағытталған  тәсілдің  мақсаты  оқу  процесін  дараландыру,  оның 
жеке  психикалық  және  дене  бітімі  ерекшеліктерін,    қажеттіліктері  мен  мінез-
құлық уәждерінің
  
әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушыны тұлға 
ретінде  үйлесімді  қалыптастыру  және  жан-жақты  дамыту,  оның 
шығармашылық қабілеттерін толық ашу болып табылады. 
4. 
Іс-әрекеттік тәсіл. 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау