Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
9
айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей
білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Ғылыми-жаратылыстану
сауаттылығы
–
жаратылыстану
ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген
өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми
дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген
қорытынды жасай білу қабілеттері.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруын
тексеруге арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-
әдістемелік құралдарында қамтылған.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 2-4-сыныптарда
«Дүниетану» оқу курсының аясында жүзеге асырылады; 2-3-сыныптарда
жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат көлемінде бастауыш сынып
мұғалімдері жүргізеді. 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының
аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің
оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық»
оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери
дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір
қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу
процесі кезінде жүргізіледі.
«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда
әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен, 5-8-сыныптарда аталған
оқу курсы сыныптан тыс уақыттарда сынып сағаты мен факультатив сабақтар
есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылады.
1-8-
сыныптарға арналған сабақтардың үлгілік тақырыптары қоса беріліп
отыр (4-қосымша).
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды даярлық сыныптарында – 32 оқу
аптасы, 1-сыныпта – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)
-
сыныптарда – 34 оқу аптасы
Назар аударыңыздар!
Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар, сабақ кестесінде
көрсетілген, қайталауға берілген сағаттардың есебінен, оқу
пәндерінің мазмұнына кіріктіру арқылы келесі жұмыс күндеріне
ауыстырылады.
1, 2, 5, 7-
сыныптарға арналған жаңартылған білім мазмұнының оқу
бағдарламаларында қайталау сабақтары барлық оқу пәндерінде бірдей
қарастырылмаған. Сондай-ақ әр тоқсанда бөлімдер бойынша және
бөлімдердің ішінде сағат санын бөлу мұғалімнің қалауы бойынша
өзгертіледі, сондықтан қайталау сабақтарын мұғалімнің өзі енгізуге
құқығы бар.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
10
Оқу жылы барысында каникул күндері белгіленді:
1) 1-11 (12)-
сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы
30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан
– 2018
жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21
наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
2)
мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн
(2017
жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы
25
желтоқсан – 2018 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018
жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптардағы қосымша
каникулдар: 7 күн (2018 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда).
2-4-
сыныптарда пәндік нәтижелер базалық деңгейде белгіленеді, келесі
сыныптарда – үш деңгейде: базалық (міндетті), 5-11 сыныптарда ілгері
мүмкіндік деңгейі (таңдау пәндері бойынша 1 сағат көлеміндегі вариативті
компонентті меңгеру үшін) және 8-9-сыныптарда ілгері бейіналды,
10-11-
сыныптарда ілгері бейін деңгейінде (жалпы білім беру ұйымдарының
пәндерді тереңдетіп меңгеру үшін оқытатын типтік оқу жоспарларының
таңдалған нұсқалары).
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 1-2-сыныптардың
толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға
жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім
алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2)
оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
3) ағылшын тілі;
4)
өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту
жүзеге асырылады.
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 3-4, 6, 8-11-сыныптар
толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға
жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім
алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін
сыныптардағы орыс тілі;
4)
шет тілі;
5)
информатика;
6) бейінді пәндер;
7)
технология (6, 8-11-сыныптарда толымдылығына қарамастан ұл және
қыз балалар топтарына);
8)
дене шынықтыру сабақтарын өткізуде (6, 8-11-сынып) сыныпты екі
топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 5, 7-сыныптар
толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға
жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім
Достарыңызбен бөлісу: |