Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет132/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
314 
0-
4  сыныптарда,  ал  5-9,  10  сыныптарда  мектеп  басшылығы  қарауымен 
ұйымдастырылады. 
Ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  еңбекке  оқыту 
жұмыс  кадрларына  қажеттілігіне  бағдарланған  және  психофизикалық 
дамуының жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек 
профилін  таңдау  негізінде  тәрбиеленушілер  мен  олардың  ата-аналарының 
мүдделерін  ескере  отырып  өңірлік,  жергілікті  жағдайларға  негізделе 
ұйымдастырылады.  Типтік  оқу  бағдарламалар  даму  мүмкіндігі  шектеулі 
оқушыларға  арналған  еңбекке  оқытудың  профилі  бойынша  немесе  білім 
алушылардың  білім  алудағы  ерекше  оқытуды  қажет  етуін  және  еңбектің 
әрқилы  профилін  ескере  отырып  құрылған  бағдарламалары  бойынша 
қолданылады. 
Кәсіби  еңбекке  үйрететін  сабақтар  5-сыныптан  басталады,  ақыл-ой 
кемістігі  бар  оқушылар  үшін  4-сыныптан  басталады,  ол  екі  топқа  бөлінеді. 
Еңбек  түрлеріне  қарай  топты  жиынтықтау  олардың  психофизикалық  жағдайы 
және  мүмкіндігіне  байланысты  дәрігердің  нұсқауымен  іске  асырылады.  Қатар 
және шектес сыныптардағы оқушыларды топ бөлігіне біріктіру мүмкіндігі бар. 
Сабақты  өткізу  барысында  әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау  бойынша  сынып 
екі топқа бөлінеді. 
Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілі 
күрделі  бұзылған,  психикалық  дамуы  тежелген  балаларға  арналған  арнайы 
мектептердің бітірушілері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі 
құжатқа ие болады. Ақыл-ой кемістігі бар (1 және 2 бөлім) бітірушілер аталған 
түрдегі арнайы білім беру ұйымының белгіленген үлгідегі куәлігін алады. 
1.  Есту  қабілеті  бұзылған  (естімейтін)  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді: 
− бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар; 
− негізгі орта білім - 5-10 сыныптар. 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  толық  өтпеген  балалар  дайындық  (0) 
сыныбына  түседі.  Арнайы  мектепке  дейінгі  дайындықтың  толық  курсынан 
өткен балалар 1 сыныпқа барады. 
Дайындық  (0)  және  1-7  сыныптарда  оқыту  арнайы  бағдарламалар  мен 
оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда білім алушылар жалпы білім 
беретін  мектептің  бағдарламалары  мен  оқулықтары  бойынша  білім  алады, 
ондағы  материал  оқушылардың  білім  алудағы  ерекше  қажеттіліктерін  ескере 
отырып  бейімделеді  және  қайта  бөледі.  5  сыныптан  бастап  қазақ  әдебиетін 
зерделеу орыс тілінде жүргізіледі (орыс тілді мектептер үшін). «Алгебра және 
«Геометрия»  пәндерін  оқыту  8  сыныптан  бастап  іске  асырылады,  өйткені 
естімейтін  балаларға  арналған арнайы оқу  бағдарламасына  сәйкес  математика 
пәнін зерделеу 7 сыныпта аяқталады. 
Оқу жоспарында міндетті түрдегі түзету пәндері ұсынылған: 
1)  «Заттық  –  тәжірибелік  оқыту»  (0-4  классы).  Міндеті  –  жоғары 
психикалық қызметтерді қалыптастыру, тілді игеру, жалпы білім беру пәндері 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
315 
бойынша  білімдерін  меңгеруге  арналған  база  ретінде  тұрмыстық  түсініктерді 
игеру; 
2)  «Түзету  ырғағы»  (0-4  сыныптар).  Міндеті  –  электроакустикалық 
аппараттарды  қолдану  арқылы  естіп  қабылдауын  қарқынды  дамыту 
жағдайында қозғалысы мен сөйлеу тілін дамыту; 
3)  «Ым-ишараттық  сөйлеу  тілі»  (4-10  сыныптар).  Міндеті  –  оқушының 
коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету. ҚР естімейтін оқушыларды оқыту 
есту-көру  негізінде  іске  асырылады,  оқыту  процесіндегі  ыммен  сөйлеу 
оқушыларға  бағдарламалық  материалды  сапалы  меңгеруге  көмектесетін 
көмекші құрал ретінде пайдаланылады; 
4)  «Ауызекі  және  тұрмыстық  сөйлеу  тілі»  (4-10  сыныптар).  Міндеті  – 
еститін  адамдармен  қарым-қатынаста  қолданылатын  күнделікті  қатынас  сөз 
қорын, қарым-қатынас әрекетін дамыту
5)  «Дыбыстардың  айтылуын  қалыптастыру  және  есту  қабілетін  дамыту 
және  (ДАҚ  және  ЕҚД).  Сабақтарда  ауызша  сөйлеу  тілі  қалыптасады  және 
қалдық есту арқылы сөйлеу дамиды. 
0 мен 4-сыныпқа дейін ДАҚ және ЕҚД сабақтары бір сыныпқа апталық 
жүктемемен  18  сағат  көлемінде  жүргізіледі.  5-6-сыныптарда  жеке  сабақтарға 
бөлінетін апталық жүктеме аптасына 16 сағатты құрайды. Бұл кезеңде оқытуда 
сөйлеу  дыбыстарын  қою  және  машықтандыру  аяқталады  деп  болжамдалады 
және тек сөйлеу тіл дыбыстарын ажырату жүргізіледі және естіп қабылдауын 
дамыту  және  сөйлеуде  өзін-өзі  бақылау  дағдысын  қалыптастыру  жұмысы 
жалғасады,  сөйлеуде  жұппен  жұмыс  жасау  және  әдіби  мәтіндерді  естіп 
қабылдау  жұмысы  басталады.  7-9-сыныптарда  ДАҚ  және  ЕҚД  бойынша 
сабақтар  аптасына  4  сағаттан  (жұппен),  10-сыныпта  2  сағаттан  жүргізіледі. 
Сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, сөйлеуде дыбысты шығару 
жағын түзеу, диалогиялық сөйлеумен жұмыс жасау жалғасады. Түзету циклінің 
сабақтары күннің екінші жартысында топпен, шағын топпен жүргізіледі. Түзету 
циклінінің  жеке  сабақтары  (сағат  көлемінің  ауқымды  болуына  байланысты) 
күннің  бірінші  жартысында,  сондай-ақ  екінші  жартысында  басқа  сабақтардан 
(серуендеу, тәрбие сағаты) ала отырып жүргізіле алады. 
Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты 
меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі 
қарай  оқуды  кәсіптік  колледждерде,  кешкі  мектептерде  жалғастыруға 
мүмкіндік бар. 
2.  Есту  қабілеті  бұзылған  (нашар  еститін,кейіннен  естімей  қалған) 
оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді: 
− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар; 
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар. 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  балар  дайындық  (0)  сыныбына 
түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 
сыныпқа барады. 
Дайындық  (0)  және  1-4-сыныптарда  оқыту  арнайы  бағдарламалар  мен 
оқулықтар бойынша жүргізіледі. 5-10-сыныптарда сыныптарда білім алушылар 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау