Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет134/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
318 
Тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  оқушылар  шағын  топта  және  жеке 
сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады: 
1)  емдік  дене  тәрбиесі  (ЕДШ)  сабақтары  2-4  адамнан  тұратын  топпен 
немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші 
жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін; 
2)  тіл  дамуының  кемшіліктерін  дамыту  бойынша  сабақтарды  ұқсас  тіл 
бұзылыстары  бар  оқушылармен  жеке  немесе  топтық  түрде  аптасына  2-3  рет 
логопед  жүргізеді.  Сабақтар  күннің  бірінші  жартысында,  сондай-ақ  екінші 
жартысында жүргізілуі мүмкін; 
3)  танымдық  қызметті  қалыптастыру  және  дамыту  бойынша  түзету 
сабақтарында  бағдарламалық  материалды  игеруге,  қоршаған  орта  туралы 
білімін  кеңейтуге,  кеңістіктік  және  уақыттық  ұғымдарын  қалыптастыруға, 
графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға 
және  оқу  материалын  игеруге,  бұзылған  психикалық  қызметтерді  түзетуге, 
күрделі  оқу  материалын  меңгеруге  дайындықты  қамтамасыз  етеді.  Сабақтың 
ұзақтығы – 20-25 минут. 
Түзету  сабақтары  күнделікті  сабақтардың  мазмұны  мен  формасын 
қайталамауы  қажет.  Бастауыш  сыныптарда  сабақтың  бір  бөлігі  ойын 
формасында өткізген дұрыс. 
Топтар (3-4 адамнан) оқушылардың сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының 
және  өзге  де  даму  бұзылыстарының  біртектілігі  мен  айқындығын  ескере 
отырып жинақталады. 
Білім  алуышының  топта  болу  ұзақтығы  арнайы  қиындықтарды  түзету 
дәрежесімен  және  тапсырмаларды  сыныппен  бірге  орындау  дайындығымен 
анықталады. Топ құрамы қозғалмалы болуы тиіс. Бір оқушы бір жылда әртүрлі 
топтардың құрамында болуы мүмкін.  
Факультативтік  сабақтарды  анықтау  барысында  оқушылардың 
әлеуметтенуі және олардың даму кемшіліктерінің алдын-алатын, оқушылардың 
шығармашылық қабілетін жетілдіруге ықпал ететін курстарды таңдау қажет. 
5.  Сөйлеу  тілінің  күрделі  бұзылыстары  бар  оқушыларды  арнайы 
мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді: 
− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар; 
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар. 
Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына 
түседі. 
Мектепте төмендегідей оқушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін: 
−  ауыр  деңгейдегі  жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  (алалия,  дизартрия, 
ринолалия,  афазия),  сонымен  қатар  тұтықпамен  қатар  жүретін  жалпы  сөйлеу 
тілі дамымаған балалар; 
− сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы. 
Кохлеарлы имплантацияға дейін 6 айдан кем емес ұдайы есту аппаратын 
тағып  жүрген  1  жастан  4  жасқа  дейінгі  кохлеарлы  импланты  бар  балалар 
қабылданады.  Оқытудың  бірінші  деңгейінде  арнайы  бағдарламалар,  арнайы 
әдістемелік  және  дидактикалық  материалдарды  пайдалану  қарастырылады. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
319 
Негізгі  сатыда  балалар  оқушылардың  мүмкіндіктеріне  бейімделетін  мектептің 
жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды. 
Негізгі мектепте, әсіресе, күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін қазақ, 
орыс  және  шет  тілдерін  оқыту  сағаттарын  бөлгенде  вариативтілікке  жол 
беріледі. 
Сөйлеу  тәртібін  сақтай  отырып,  барлық  сабақтарда  және  сабақтан  тыс 
уақыттарда  арнайы  логопедиялық  және  түзету-педагогикалық  қолдау 
көрсетіледі.  Арнайы  түзету  курстарына  мыналар  жатады:  қоршаған  ортамен 
таныстыру,  түзету  ырғағы,  дыбыс  айту,  сөйлеу  тілін  дамыту,  жеке-топтық 
логопедиялық сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні «Түзету 
ырғағы»  сөйлеу  тілінің  күрделі  бұзылыстары  бар  балалардың  моторлық  және 
сөйлеу моторлық даму ауытқушылықтарының алдын-алуға бағытталған. 
Логопедиялық сабақтар белгіленген сабақтардың мазмұны мен формасын 
қайталамай, күннің екінші жартысында өткізілуі тиіс. Оқушылар логопедиялық 
көмекті жеке, шағын топта және топтық сабақтарда алады. 
Жеке  сабақтар:  сөйлеу  тілінің  жүйелі  бұзылыстары  бар  және 
артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысы бұзылған (ринолалия, 
дизартрия)  балалармен  өткізіледі.  Жеке  сабақтар  аптасына  кемінде  2  рет 
өткізіледі.  Сабақтың  ұзақтығы  20-25  минут.  Шағын  топтарға  сөйлеу  тілінің 
біртекті  құрылымы  бұзылған  балалар  бірігеді.  5-10  сынып  оқушыларымен 
логопедиялық сабақтарды ұйымдастырудың шағын топтық  формасы жетекші 
болып табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут. 
Топтық сабақтың ұзақтығы (0, 1-4-сынып) дайындық сыныбы мен бірінші 
сыныптың  алғышқы  жартысында  35 минутты,  келесі  сыныптарда 45  минутты 
құрайды.  Негізгі  орта  буын  оқушылары  үшін  қазақ  және  орыс  тілдерін 
қосымша зерделеуге арналған факультативтерді ұйымдастыруға болады. 
6.  Психикалық  дамуы  тежелген  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге сәйкес қамтамасыз етіледі: 
− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар; 
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар. 
Арнайы  мектептерге  (сыныптарға)  церебральды-органикалық  түріндегі 
психикалық  дамуы  тежелген  балалар  қабылданады.  Арнайы  сыныптарға 
дамуында ауытқушылық (ақыл-ойы кем балалар, сөйлеу, көру, есту қабілетінде 
бұзылыстары) айқын көрінетін балалар қабылданбайды. 
Арнайы  сыныптарға  жинақтау  оқытудың  бастапқы  деңгейінде  –  0, 1 
сыныптарда  іске  асырылады,  2  сыныпты  да  кіргізуге  болады.  Оқушыларды 
оқытудың  кез-келген  кезеңінде  жалпы  білім  беретін  сыныптарға  кіріктіру, 
сондай-ақ, психикалық даму тежелісі айқын көрінетін екінші сатыдағы арнайы 
сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады. 
Оқу  күн  тәртібі  балалардың  тез  шаршағыштығына  байланысты 
белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту. 
Екінші  (қазақ  немесе  орыс)  және  үшінші  (ағылшын)  тілдерін  зерделеу 
сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілінің  даму  деңгейін  ескере  отырып, 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау