Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
311
бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген
түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.
Білім беру ресурстары мен технологиялары
Қазақстанда инклюзивті білім беруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-
әдістемелік қолдау мақсатында бірқатар әдістемелік ұсынымдар мен құралдар
әзірлену үстінде. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген ғылыми-әдіснамалық
және оқу-әдістемелік ресурстар академияның сайтында мына сілтеме бойынша
қолжетімді
http://nao.kz/blogs/fromorg/2/22
:
1. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері.
2. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік
сүйемелдеу бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік
тәжірибесін талдау.
3. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды
бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар.
4. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа
мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар.
5. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне
енгізу үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар.
6. Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен
енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар.
7. Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби
құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік
ұсынымдар.
8. Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар
балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету.
9. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар
оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
10. Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын
ұйымдастыру
11. Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім
беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру
12.
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум
ережесі
13.
Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығының ережесі.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
312
10
АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Арнайы мектеп, арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен
бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерімен,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14
ақпандағы №66 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің
қызметінің Типтік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61, 2016 жылғы 15 шілдедегі №453,
2016 жылғы 7 шілдедегі №432 бұйрықтарымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі
оқушыларға арналған бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу
жоспарларымен реттеледі.
Жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар оқушылардың даму
бұзылыстары түрлері бойынша сараланады:
− есту қабілеті бұзылған балалар үшін;
− көру қабілеті бұзылған балалар үшін;
− сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін;
− тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін;
− психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ) – қалыпты
психикалық даму қарқыны бұзылған;
− зияты бұзылған балалар үшін (жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой
кемістігі).
Үлгілік оқу жоспары оқу жүктемесін жалпы білім беретін пәндер, түзету
курстары, еңбекке дайындық курстары және факультативтік сабақтар арасында
бөледі.
Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу
тілінің күрделі бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген білім
алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі жалпы
білім беретін пәндердің тізімі және олардың негізгі мазмұны ҚР МЖМС
талаптарына сәйкес. Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері
мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім беру
бағдарламаларын да және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын да
пайдалану арқылы іске асырылады.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ерекше білім беруге қажеттілігі
бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу бағдарламалары әзірленді және
апробациядан өтті (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығы).
Оқу процесінде арнайы оқулықтар мен ОӘК, сонымен қатар, жалпы
бағыттағы мектептерге арналған оқулықтар мен ОӘК пайдаланылады. 0
(дайындық) және 10 сыныптар есебінен мектептегі оқу ұзақтығын арттыру
білім алушылардың даму ауытқушылықтарымен байланысты оқу процесінде
бағдарламалық материалды игерудің қиындығын ескеру қажеттілігімен,
сондай-ақ, оқу процесінде түзету-оңалту іс-шараларына арнайы уақыт бөлу
қажеттілігімен байланысты.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
313
Зияты зақымдалған оқушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарындағы
бөлімдер мен оқу пәндерінің тізімі, сонымен қатар, оқу бағдарламалардың
мазмұны мен оқулықтар ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына бағытталмаған.
Мектептегі барлық оқыту жылдары ағымында ақыл-ойы кем білім алушыларды
оқыту арнайы бағдарламалар, оқулықтар және ОӘК бойынша іске асырылады.
Арнайы мектептің (сыныптардың) педагогтері сынып құрамын есепке ала
отырып, оқулық, оқу құралдарын, дидактикалық, түзету-дамытушылық
материалдарды таңдау құқығына ие. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген
оқулықтар мен ОӘК болмаған жағдайда РФ әзірленген және шығарылған
оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытатын білім беру ұйымдары білім
мазмұнының ерекшелігін және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере
отырып оқушылардың үлгерімі мен аралық аттестациялау формаларын, тәртібі
мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін анықтайды.
Үлгілік оқу жоспарының негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін
олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып Оқу жұмыс
жоспарын құрады. Үлгілік оқу жоспарының 15-20% сағаты оқушылардың
ерекше білім беруге қажеттілігіне сәйкес қайта бөлуге болады (үлгілік оқу
жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шыкпай).
Білім беру ұйымдары үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен (немесе
оларды алмастыратын тұлғалармен) бірге зерделенетін пәндер тізімін
анықтайды, сыныптар бойынша олардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде
оқытудың Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағат шегіндегі пәндер бойынша
сағаттарды бөледі.
Арнайы мектептегі және арнайы сыныптардағы оқу-тәрбиелік процесс
мектеп штатындағы мамандардың (арнайы психолог, логопед, арнайы
педагогтар
(тифлопедагог,
сурдопедагог,
олигофренопедагог,
ЕДШ
нұсқаушысы) психологиялық-педагогикалық қолдауымен іске асырылатын
баланы зерделеудің психологиялық-медициналық-педагогикалық мәліметтеріне
негізделе отырып, сараланған және жеке ықпалды қолданумен іске асырылады.
Мамандардың өзара іс-әрекет нысаны мектептегі психологиялық-
медициналық-педагогикалық консилиум болып табылады. Психологиялық-
педагогикалық көмек көрсететін мамандардың жұмысы мектеп директорымен
бекітілген желілік нормативтік актілермен реттеледі.
Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың оқушылары түзету-
педагогикалық көмекті Үлгілік оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес бөлінген
сағаттар аясында психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары өткізетін
топтық, шағын топтық және жеке сабақтарда алады (түзету компоненті). Түзету
сабақтары барлық типтегі арнайы мектептер мен арнайы сыныптарда міндетті
болып табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты
компонентіндегі пәндермен алмастыруға, сондай-ақ осы сағат сандарын
қысқартуға болмайды.
Арнайы мектептердегі жұмыс алдын-алу бойынша қажетті жағдайларды
құратын, бұзылған қызметтердің орнын толтыратын және қажетті денсаулық
сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ететін ұзартылған күн тәртібінде
Достарыңызбен бөлісу: |