Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
320
бағдарламаны бейімдеу және оқушыларды оқыту әдістері қарастырылып іске
асырылады.
Оқытудың бірінші сатысында арнайы бағдарламалар мен арнайы
әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады.
Негізгі сатыда оқушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына (1 жыл)
байланысты мазмұны қайта бөлінетін жалпы білім беру мектебінің
бағдарламалары бойынша білім алады, әрбір пән оқытушылары оқушылардың
мүмкіндіктеріне бейімделеді.
Оқытудың түзету-дамытушы бағыты түзету пәндерінің жалпы білім беру
циклі пәндерінің аясында, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде
жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге эмоционалдық-
тұлғалық сферасын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін және оқушылардың
танымдық әрекеттерін белсендендіретін эстетикалық циклдегі пәндерді
(музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі) жатқызуға болады.
Бірінші және екінші сатыдағы оқу жоспарының түзету компоненті
«Айналамен таныстыру және тіл дамыту», «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының
кемшіліктерін түзеу» (логопедтік сабақ), «Білімдегі олқылықтарды толықтыру
бойынша міндетті жеке және топтық түзету сабақтары», «Әлеуметтік-
тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ). Арнайы кіріктірілген түзету курсы «Айналамен
таныстыру және тіл дамыту» (0-1-сыныптар) баланың қоршаған орта туралы
шынайы білімдері мен түсініктерін байытуға бағытталған. «Түзету ырғағы»
түзету курсы (0-4-сыныптар) психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы
моторикасы мен қимылының үйлесімділігіндегі даму ауытқушылықтарын
алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» өмірлік құзырет
дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік-тұрмыстық
бағдарлау» пәні бойынша сабақтар үшін сынып 2 топқа бөлінеді. Сабақтар
арнайы жабдықталған ғимаратта жүргізіледі.
Сабақтар топ бөлігімен арнайы жабдықталған ғимаратта өтеді. Сабақта
оқу бағдарламасын игеруде қиындықты сезінетін оқушылар үшін білім
олқылықтарының орнын толтыруға арналған жеке және топтық түзету
сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы қиындықтарының
ұқсастықтары негізінде топ бөлігімен (2-4 оқушыға) жүргізіледі. Бастауыш
сынып оқушыларымен жеке және топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі
мұғалімі немесе дефектолог мұғалім өткізеді. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут.
Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы
тиіс. Олар пәндік-тәжірибелік және балалардың ойын әрекетін қоса отырып,
әртүрлі формалар мен оқушылардың әрекет түрлерін пайдалану арқылы
жүргізіледі.
6-10-
сыныптарда білім алудағы олқылықтарды толықтыру бойынша жеке
және топтық сабақтарға бөлінген сағаттарды пән мұғалімдері өз арасында
үлестіреді. Қандай топта болсын білім алушының сабақта отыру уақыты
арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және сыныппен бірге
тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы қозғалмалы
болуы тиіс: балалардың бірін сыныппен бірге жұмыс жасауға қосып, бірін
қарқынды жеке көмек үшін топ құрамына қосу керек. Сол бір оқушы жыл
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
321
ағымында әртүрлі топ құрамына кіруі мүмкін. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар
оқушылар үшін логопед жеке немесе топпен сабақ өткізеді.
Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар оқушылармен логопед жеке-шағын
топтық сабақтар жүргізеді.
Жеке-шағын топтық түзету сабақтары оқушылардың максималды
жүктемесі шегінде көрсетіледі. Үлгілік оқу жоспарында көрсетілген әрбір
сыныпта осы сабақтарға бөлінген апталық сағаттардың саны (бірінші сатыда 4
сағат және екінші сатыда 3 сағат) әрбір жеке оқушының жүктемесіне емес,
педагогтердің жүктемесіне кіреді. Әрбір оқушы үшін оқытудың бірінші
сатысында аптасына 40-60 минуттан, екінші сатысында 20-40 минуттан келеді.
Факультативтердің сағаттарын балалардың әлеуметтенуіне (Тіл және
қарым-қатынас мәдениеті. Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыздандыру.
Экономикаға кіріспе) немесе даму кемшіліктерінің алдын алуға (Сурет салу
әрекеті. Қолданбалы мәдениет. Жүзу. ЕДШ), болмаса еңбекке дайындық
бойынша қосымша сабақтарға қолдану дұрыс болады.
Есту, көру, сөйлеу тілі, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар,
психикалық дамуы тежелген білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Білім берудің жаңартылған мазмұнына өтуіне байланысты 1, 2, 5, 7
сыныптарда оқу нәтижесін бағалау барысында оқу жетістіктерін критериалды
бағалау жүйесі қолданылады.
Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалауда
МЖБС-да берілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын
талаптарға бағдарлану керек. Сонымен қатар кейбір оқушылар бағдарламаны
меңгеру мерзімін ұзағырақ қажет ететінін ескеру қажет.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың білім беру саласында тең
құқықтары мен олар орындайтын тең міндеттерінің болуы маңызды. осыған
байланысты олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны олардағы
бұзылысқа (көру, есту, сөйлеу тілі, тірек-қозғалыс аппараты, әлеуметтік-
эмоционалдық саласы) байланысты шектеуді ескере отырып, дені сау
құрдастарымен бірдей бола алады. Бұндай жағдайда келесілер бағалануы керек:
–
ерекше оқу дағдылары, мысалы, көру қабілеті бұзылған балаларда –
Л.Брайль және/немесе тегіс баспалы шрифтті меңгеру арқылы оқу мен жазу;
–
білім салалары бойынша құзыреттілігі: ауызша және жазбаша
коммуникацияны пайдалана алу, саналы түрде оқу мен жазуға қабілетті болу;
меңгерген математикалық білімнің элементтерін тәжірибеде қолдана алу,
олардың өмірдегі мәнін түсіну және т.с.с.;
–
әлеуметтік-тұлғалық нәтижелер: өзінің күш-қуатын тиісті бағалай алу,
дене жүктемесі кезінде, медициналық дәрі-дәрмекті қабылдауда, көп таныс
емес заттық-кеңістіктік ортада (ғимаратта, көшеде) өздігінен қозғалу кезінде
ненің болатынын және болмайтынын түсіну.
7. Танымдық қабілеті бұзылған балаларды оқытудың ерекшеліктері
(жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі)
Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту мақсаты – танымдық және
эмоционалдық-тұлғалық аясындағы даму ауытқуларын түзету, білім беру және
Достарыңызбен бөлісу: |