Ж ж. ұжымдық келісім шартқа №1 Қосымша


КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ ҰСТАНЫМДАРЫ



жүктеу 0,5 Mb.
бет4/6
Дата21.11.2017
өлшемі0,5 Mb.
#1261
1   2   3   4   5   6

КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ ҰСТАНЫМДАРЫ


  1. Кәсіпорында жұмысшылардың еңбек қызметін бағалауда қолданылатын негізгі ұстанымдар төмендегідей:

  • жоғары деңгейдегі кәсіби білім;

  • қойылған тапсырманы шешудің кәсіби тәсілі;

  • орындалатын жұмысқа адал ниетті қатынас;

  • жұмысқа деген шұғылдық, нақтылық және тиянақтылық;

  • орындалатын жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігі;

  • технологиялық және орындаушылық, еңбек тәртібінің бұзылуын болдырмау;

  • Кәсіпорын басшылары мен құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары тарапынан жұмыс нәтижесін және орындалатын жұмысты бағалауда жағымсыз негізделген болмауы қажет;

    1. Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек қызметін бағалауды жүйелі негізде жүргізу:

  • тікелей және одан жоғары тұрған басшылар;

  • сала бойынша проректор.

    1. Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттар және еңбек ақы жүйесіне сәйкес Кәсіпорында жеке санаттағы жұмыскерлердің ғылыми, емдеу, оқу, тәрбие, әдістемелік, педагогикалық қызметтерінің нәтижесін бағалау ұстанымдары қолданылуы мүмкін.

    2. Жұмысшы(лар)ның атқарып отырған қызметіне сәйкес, іскерлік сапасын, кәсіби деңгейі мен біліктілігін даярлығын анықтау мақсатында Осы ереже мен Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерінде белгіленген тәртіп бойынша Кәсіпорын жұмысшыларына аттестация жүргізуге құқығы бар.

    3. Аттестация белгілі санаттағы жұмыскерлерге қатысты, сондай-ақ жеке жұмыскерге қатысты жүргізілуі мүмкін.

    4. Кәсіпорын әкімшілігі жұмыскер тәртіп бұзған жағдай жоспарлы түрде аттестация жүргізуі мүмкін, сондай-ақ, Кәсіпорынның білім алушылары, жұмыскерлері және үшінші тұлғаның өтініші мен шағымы, мемлекеттік басқару мемлекеттік бақылау және қадағалау орындарының ескертпесі негізінде өткізіледі.

    5. Аттестация жүргізу үшін Кәсіпорын жұмысшылары, сол саланың өзге тараптағы мамандары тартылған аттестациялық комиссия құрылады. Аттестациялық комиссия құрамы мен аттестацияның өткізілетін күні Кәсіпорын ректорының бұйрығымен әрбір жеке жағдайда белгіленеді. Аттестация құрамына Кәсіподақ төрағасы да қатысуы қажет.

    6. Педагогикалық және медициналық жұмыскерлердің міндетті аттестация өткізу жағдайы мен тәртібі қызмет саласына сәйкес өкілетті мемлекеттік органдар анықтайды.

    7. Кәсіпорын басшылары шешім қабылдауға бағалау нәтижесі негіз болып табылады:

  • сыйақы тағайындау туралы;

  • тәртіп жазасын тағайындау туралы;

  • белгіленген үстемақы немесе жалақы өзгерістері туралы;

  • қосымша оқуға жіберу туралы;

  • атқарып отырған қызметінен босатылу туралы;

сондай-ақ, жұмыскердің жұмысына қатысты басқа да шешімдер.
  1. ЕҢБЕКТЕГІ ЖЕТІСТІГІ ҮШІН МАРАПАТТАУ ШАРАЛАРЫ


    1. Еңбек міндетін үлгілі орындағаны, жұмыстағы жоғарғы нәтижелі жетістіктері, жұмысын мінсіз жалғастырғаны, жаңашылдығы және басқа да еңбектегі жетістіктері үшін Кәсіпорын жұмыскерге төмендегідей марапаттау шараларын қолдануға құқылы:

  • алғыс жариялау;

  • құрмет грамотасымн марапаттау;

  • Құрмет Тақтасына /кітапқа енгізу;

  • қызмет белестеріне көтеру;

  • бағалы сыйлықпен құттықтау;

  • ақшалай сыйақы беру;

  • қызметтік еңбекақы мөлшеріне белгіленген қосымақы және жалқыға басқа да қосымақы түрлерін бекіту.

    1. Кәсіпорынның педагогикалық жұмыскерлері педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін моральдық және материалдық марапаттануға құқығы бар оларға Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасында қарастырылған, мемлекеттік марапаттау түрлері, құрмет қағазы, сыйақы, атаулы стипендия жатады.

    2. Кәсіпорын еңбектегі жетістігі үшін Кәсіпорынның ішкі актілерінде қарастырылған басқа да марапаттау түрлерін қолдануы мүмкін

    3. Марапаттау шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасымен, еңбек, ұжымдық келісім шарттарымен, Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерімен анықталады.

    4. Кәсіпорын жұмыскерлерінің ерекше еңбегі үшін жоғарғы органдардың марапаттауы, салалық және мемлекеттік марапаттар, құрмет грамотасы, төс белгі, жұмысшыға осы мамандық бойынша ең жақсы атақ пен құрметті атақтар иелендіру.

    5. Марапаттау Кәсіпорын ректорының бұйрығымен бекітіледі, жұмыскер туралы мәлімет еңбек ұжымына жеткізіліп, жұмысшының еңбек кітапшасына енгізіледі.

    6. Жұмысшыға өзінің еңбек міндетін сәтті және адал ниетпен орындағаны үшін әсіресе, бірінші кезекте әлеуметтік-мәдени және санитарлық-шипажайлық қызмет көрсету саласында жеңілдіктер беру.
  1. ЕҢБЕК ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК




    1. Осы ережедегі жұмыскердің «тәртіпсіздігі» дегеніміз – жұмыскердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ, еңбек міндетін заңға қарсы жұмысын орындамауы немесе тиісті деңгейде орындамауы түсіндіріледі.

    2. Тәртіп жазасының түрлері.

  • Кәсіпорын тәртіп бұзғаны үшін жұмысшыға заңдық күші бар заңнамаға сәйкес төмендегідей тәртіп жазасының түрлерін қолданады:

  • ескерту;

  • сөгіс;

  • қатаң сөгіс;

  • Кәсіпорын бастамасы бойынша еңбек келісім шартын төмендегідей жағдайда бұзылады:

  • жұмысшы бір жұмыс күнінде (жұмыс ауысымында) қатарынан үш немес одан да көп сағат себепсіз жұмыстан қалса;

  • жұмыскер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, писхотроптық, токсикоманиялық маскүнемдік (соған ұқсас) жағдайда, соның ішінде, жұмыс күнінде алкогольдік, нашақорлық, токсикоманиялық маскүнемдік (соған ұқсас) заттарды қолданса;

  • жұмыскер сынық және апатты қосқанда, ауыр зардапқа душар ететін немесе ұрындыратын көлік қозғалысының қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі және өртке қарсы қауіпсіздікті бұзса;

  • жұмысшы жұмыс орнында біреудің мүлкін (соның ішінде ұсақ) тонаса, оны қасақана бұзса немесе жойса, белгіленген заң күшіне еніп және сот өкімі шығарылады;

  • ақшалай және тауардай бағалы қызмет көрсетудің жұмыскер бейәрекетсіз немесе қылмысты қылықтар жасаса, егер осы әрекет немесе әрекетсіздік Кәсіпорын тарапынан сенімді жоғалтса;

  • тәрбие қызметін атқаратын жұмысшы үйлесімсіз, құлықсыз қылықтар жасаса жұмысын тоқтату;

  • мемлекеттік құпияны құрайтын және басқа заңды құпияны қорғау, жұмыскерге еңбек міндетін орындауға байланысты оған әйгілі болған мәліметтерді жария ету.

  • егер тәртіп жазасы болмаса, жұмысшы еңбек міндетін себепсіз орындамаса;

  • басшы, оның орынбасары және Кәсіпорынның құрылымдық бөлімше басшысы еңбек міндетін бұзу, Кәсіпорынға материалдық шығын келтірсе;

  • Осы ережеде тәртіп жазасын қолдану және қарастырылған тәртіп жазасын тартқызу мерзімі реттеліп, жоғарыда көрсетілген негіз бойынша еңбек келісім шарт бұзылады.

  • Еңбек кодексінің (Кәсіпорын жойыларда) 54 бабының 1 тармағының 1) тармақшасында қарастырылған ерекше жағдайда болмаса, Кәсіпорын бастамасымен уақытша жұмысқа қабілетсіздік және жұмыскер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болғанда еңбек келісім шартын бұзуға рұқсат етілмейді.

  • Еңбек кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа заңдарында қарастырылмаған тәртіп жазасын қолдануға рұқсат етілмейді.

    1. Тәртіп жазасына шағымдану және қабылдау тәртібі.

  • Жұмыс берушінің шығарған актісі (бұйрығы) арқылы тәртіп жазасына тартылады.

  • Тәртіп жазасын қолдану алдында Кәсіпорын ректорының бастамасымен тәртіп бұзу және жемқорлықтың алдын алу бойынша Кәсіпорында құрылған Комиссия басқа алқалық органдардың тәртіп жазасын тартқызу туралы мәселелерді қарастырады. Комиссияның шешімі ұсыныс сипатында болады.

  • Кәсіпорын әкімшілігі тәртіп жазасын қолданбас бұрын жұмыскерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Жұмыскердің жазбаша түсінік беруден бас тартуы тәртіп жазасын қолдануға кедергі бола алмайды. Жұмыскер қарсылық білдірген жағдайда сәйкес акті жасалады.

  • Кәсіпорын әкімшілігі тәртіп жазасының түрін анықтауда мазмұны, тәртіп бұзушылықтың сипаты, мінездемесімен және ауыр, оны жасаудағы жағдай, жұмыскердің оның алдында және одан кейін өзін өзі ұстауы, оның еңбекке қатынасын ескеруі қажет.

  • Әрбір тәртіп бұзушылық үшін жұмыскерге бір ғана тәртіп жазасы қолданылуы мүмкін.

  • Жұмыскерге тәртіп жазасын тарту туралы жұмыс берушінің (бұйрығы) актісі төмендегідей жағдайда алдын ала шығарылмайды:

  • жұмысшының уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде;

  • жұмыскер мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау үшін уақытша босатылған кезде;

  • жұмыскер демалыста болса;

  • жұмыскер іс-сапарда болса;

  • Тәртіп жазасына тартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қою үшін, шығарылған тәртіп жазасын тарту туралы бұйрық жұмыскерге жариялануы қажет. Жұмыскер бас тартқан жағдайда, тәртіп жазасына тарту туралы бұйрықпен танысқаны туралы жазба жазылады.

  • Тәртіп жазасын тартқызу туралы бұйрықпен жұмыскерді таныстыру мүмкіндік болмаған жағдайда, Кәсіпорын әкімшілігі жұмыскерге бұйрықты жазбаша түрде хатпен жіберуге міндетті.

  • Жұмыскер тәртіп жазасына Еңбек кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес шағымдануы мүмкін.

    1. Тәртіп жазасына тартылу мерзімі.

  • Еңбек кодексінде қарастырылған ерекше жағдайдан басқа жағдайда жұмыскерді тәртіп жазасына тарту тәртіп бұзған күннен бастап бір айдың ішінде іске асырылады.

  • Жұмыскердің тәртіп бұзу әрекеті Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жағдайда сол күннен бастап алты айдан кем емес мерзімде немесе тексеру нәтижесі мен Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша белгіленген тәртіп бұзу әрекеті тәртіп бұзған күннен бастап бір жылдан кем емес мерзімде тәртіп жазасы қолданылуы мүмкін. Көрсетілген мерзім қылмыстық іс бойынша өндіріс уақыты болып саналмайды.

  • Жұмыскердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемені орындаудан босатылса, демалыста, іссапарда болса тәртіп жазасына тартқызу тоқтатылады.

    1. Тәртіп жазасының жарамдылық мерзімі

  • Осы ережеде қарастырылған негіз бойынша Кәсіпорын бастамасымен еңбек келісім шарты бұзылған жағдайды қоспағанда, тәртіп жазасының жарамдылық мерзімі қабылданған күннен бастап алты айдан аспауы тиіс. Егер жұмысшы осы мерзім ішінде жаңа тәртіп жазасын алмаса, ол тәртіп жазасын алмаған боп саналады.

  • Кәсіпорынның жұмысшыдан мерзімінен бұрын өз бастамасымен немесе оның басшысының, Кәсіподақтың тікелей өтінішімен тәртіп жазасын алып тастауға құқы бар.

  1. жүктеу 0,5 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау