Кәсіпорынның еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңдық күші бар Заңнамасымен, ұжымдық келісім шартпен, сондай-ақ, Кәсіпорын мен жеке әр жұмысшы арасында жасалған еңбек келісім шартымен реттеледі.
Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек міндеттемесінің шеңбері Қазақстан Республикасының заңдық күші тарифтік-біліктілік анықтамасына сәйкес дайындалған қызметтік құрылымдар мен Кәсіпорын ректоры бекіткен Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже, педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңдестірілген тұлғалардың типтік біліктілік сипаттамасы мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес анықталады.
Кәсіпорын жұмысшыларын жұмысқа алу, ауыстыру мен жұмыстан шығару тәртібі заңдық күші бар еңбек заңнамасы мен «Білім беру туралы» Заңға сәйкес Кәсіпорын ректоры бекіткен ережеге сәйкес анықталады.
Еңбек тәртібі – белгіленген Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Кәсіпорын жарғысына, ұжымдық еңбек келісім шарты мен Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерімен анықталған тәртіп ережесіне бағынатын барлық жұмысшылар үшін міндетті.
Кәсіпорындағы еңбек тәртібі Кәсіпорын әкімшілігіне қажетті ұйымдар мен экономикалық жағдайларды жасау жолында, жұмыскерлердің еңбек тәртібін сақтау қажеттілігі үшін, көз жеткізу әдісі, жеке және ұжымдық еңбек, адал ниетті еңбегі үшін мадақтау, сондай-ақ, жұмыскерлер тәртіп ережесін бұзғаны үшін тәртіп жазалау шараларын қолдануды қамтамасыз етеді.
КӘСІПОРЫН ӘКІМШІЛІГІ МЕН ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Әр Кәсіпорын жұмысшысы атқарып отырған қызметіне, жалақысына және басқа да еңбек жағдайына қарамастан төмендегілерге міндеттенеді:
Мемлекеттік білім беру ұйымдары жұмысшыларының мәртебесін жоғары ұстау аясында:
Адал және ақниетпен жұмыс істеу, Кәсіпорынның заңды мүддесін орынды шынайы сақтау, адал ниет пен ақылмен Кәсіпорынға қатысты міндеттерді орындау және өз құқығын жүзеге асыру, оның мүддесі мен іскерлік мәртебесіне қаржылай және басқа да шығындар әкелетін қадамдарға бармау;
жолдастық ынтымақтастық пен өзара жәрдемдесу қатынастарын дамыту, Кәсіпорынның басқа да жұмысшыларының еңбегін құрметтеу;
жалпыға бірдей тәртіп нормаларын, белгіленген қоғамдық тәртіпті сақтау, сыпайы болу, өзін құрметке лайықты ұстау, іскерлік жағдайда сабырлылық сақтау, басқа жұмыскерлерге өз міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін әрекеттерден бас тарту.
Еңбек тәртібін қолдау аясында:
Осы ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау, еңбек келісім шартындағы жағдайларды адал ниетпен орындау;
еңбек тәртібін сақтау: уақтылы жұмысқа келу, белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау, жұмыс уақытын тиімді және ұтымды пайдалану;
науқастану және басқа да себептермен жұмысқа шыға алмаған жағдайда тікелей басшыға, ал ол болмаса, одан жоғары тұрған басшыға ескерту;
еңбек тәртібін бұзса, ескерту мен шара қолдануда Кәсіпорын әкімшілігіне қажетті көмек көрсету;
Өзінің кәсіби және еңбек қызметі аясында:
жоғары кәсіби дайындықты меңгеру, орындайтын жұмыс аймағының пәнін жақсы білу, қызметтік міндетін нақты және өз уақытында орындау, жұмысқа қажетті ынта мен табындылық көрсету, өзінің мәдени деңгейін үздіксіз көтеру, кәсіби іскерлік біліктілігін жетілдіру;
орындалатын жұмыс аясында Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілер белгілеген пәнін білу және меңгеру;
орындалатын жұмысқа қойылатын негізгі талаптар мен ескертулерді дереу жоюды қамтамасыз ету;
Кәсіпорынның қызметке жауапты тұлғалары мен жоғары тұрған басшыларыа төмендегідей жағдайда дереу мәлім ету:
кез-келген штаттан тыс жағдайлар мен мәселелер туындаса, қиындықтар не өзінің міндетті қызметін орындау мүмкін емес боғанда;
өзіне міндеттелген қызметті орындау үшін қандай да бір құжатқа, құрал-жабдыққа, материалдық немесе қаржылық (еңбек, материалдық, қаржылық және басқа да) қажеттілік туындаса;
құпия ақпарат тасушылардың жеткіліксіздігі, куәлік, рұқсатттама, мекеменің, қойманың, сейфтің (метал шкафтар) режимдік кілтінің жоғалуы туралы, құпия ақпаратқа қайшы келтіру мүмкін жеке мөр және басқа фактілер туралы, сондай-ақ, мәліметтің жойылуы мүмкін жағдай мен себептер туралы;
Кәсіпорын ректоры жоқ болса, сондай-ақ қызметке мүдделі тұлғалар мен Кәсіпорынның құрылымдық бөлімше басшылары мен үшінші тұлғамен кез-келген мәселеде ұжымдық өзара қатынас туралы (соның ішінде мүмкін болса) туындаған мәселелерді бірге талқылау мақсатында, қайшылықтың алдын-алу мүмкіндігі мен қабылданған шешімді шығаруды жоғары тұрған басшыларға дереу мәлімдеу.
қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша талаптарды сақтау және тәртіпті қолдау аясында:
жұмыс орнының, құралдарды таза ұстау, тәртіп сақтау, тазалықты қолдау және Кәсіпорын ғимараттарын жалпы қолдану;
қызметтік ғимараттарды бақылаусыз қалдырмау;
жұмыстан шығарда ұқыппен жарықты, компьютерді, принтер және басқа да электор құралдарын сөндіру, терезе, жел көз, есіктерді жауып, кілтті вахтаға өткізу; ғимарат сигнализациямен жабдықталған ғимараттың пультін күзет бөлімшесіне өткізу;
жұмыс орынында өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша талаптарды сақтау;
жеке қорғаныш үшін берілген арнайы киім, арнайы аяқ киім, басқа да құралдарды қолданып, жұмыс істеу;
жұмысшылар мен Кәсіпорын мүлкіне және адам өмірі мен денсаулығына зиян туғызатын оқиға салдарын жоюға мүмкін болатын шара қолдану, Кәсіпорындағы оқиғалар мен әрбір сәтсіз жағдай туралы Кәсіпорын әкімшілігіне дереу хабарлау;
өз денсаулығының нашарлау жағдайы туралы, соның ішінде өткір кәсіби аурудың (уланудың) білінген белгілері туралы өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына дереу мәлімдеу;
еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдіс-тәсілдерінен білім алу, өндірістегі бақытсыз жағдай барысында алғашқы көмек көрсету, еңбекті қорғау бойынша нұсқау беру, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру;
медициналық тексеруден міндетті түрде өту.
Кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қаржыны үнемді қолдану аясында:
құжаттарды, материалдарды және ақшалай құндылықтарды белгіленген тәртіпте сақтау;
қызметтік мақсатта қолдануға немесе сақтауға берілген Кәсіпорынның материалдық құндылықтары мен мүлкіне байыппен қарау, жабдықтар, құралдар мен саймандардың жоғалуына, бұзылуына жол бермеу, оған келтірілетін залалдың алдын алу;
шикізат, материалдар, жылу және электр энергиясы мен басқа да материалдық ресурстарды үнемді және тиімді пайдалану;
Осы ереженің 5 тармағының 1) тармақшасында қарастырылған міндеттемеден басқа профессор-оқытушылар мен Кәсіпорынның ғылыми құрамындағы жұмысшылар төмендегілерге міндеттенеді:
жеке жұмыс жоспары мен оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарын адал орындау;
өзінің кәсіби құзіреттілік саласындағы оқытудың теориялық және тәжірибелік білімі мен дағдысына сәйкес әдіс-тәсілдерін меңгеру;
оқу және тәрбие үдерісін реттейтін Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерін білу және орындау;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім беру қызметімен қамтамасыз ету;
білім алушыларды жоғары адамгершілік рухта тәрбиелеу, ата-анаға құрмет, этномәдени құндылықтар, қоршаған ортаға ықыласпен қарау,
білім алушының өмірлік дағдысын, біліктілігін, өз еркімен шығармашылық және жеке дағдысын дамытуға тырысу;
барлық білім алушылармен қарым-қатынаста адал және әділетті болу, барлық ұлтты және дінді, және басқа нәсілді студенттерге тең қарау, білім алушылар мен оқытушылар арасындағы еркін пікір алмасуды мадақтау;
білім алушылар мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда алаламау және әділ болу;
өзінің кәсіби шеберлігін, ой-өрісін, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үздіксіз жетілдіру;
бес жылда бір аттестациядан өту;
педагогикалық әдеп нормаларын сақтау;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер және олардың ата-аналарының беделі мен абройын құрметтеу;
білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны насихаттау;
кафедара мәжілісіне және басқа кафедраның міндетті шараларына қатысу;
аудиториядан тыс жұмыс түрлерін кафедрадан тыс орындауда;
өзінің отырған орны туралы кафедра мен кафедра қызметкерлерін ақпараттандыруға байланысты мүмкіндікпен шұғыл қамтамасыз ету;
ұйымдастыру немесе өндірістік қажеттілік жағдайында оны жұмыс уақытында кафедра меңгерушісінің (басқа да тікелей жетекшінің) өкімі (нұсқауы) бойынша кафедраға келуі қажет.
Осы ереженің 5 тармағының 1) тармақшасында қарастырылған міндеттемеден басқа медициналық және фармацевт жұмысшылар төмендегілерге міндеттенеді:
өзіне тиесілі кәсіби міндетті орындауда, деонтология мен медициналық әдеп ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, пациентке құрмет және адамгершілікпен қарау;
азаматтар денсаулығын нығайту және аурудың алдын алуға ықпалдасу, медициналық көмек көрсету;
төтенше жағдайларда халыққа медициналық шұғыл көмек көрсету;
халық арасында салауатты өмір салты мен медициналық білімді наихаттау бойынша жұмыстар жүргізу;
медициналық және фармацевтикалық жұмыскерлердің Ар-ұждан кодексін (денсаулық сақтау жүйесі мен халық денсаулығы туралы Кодекстің 184 бабы) сақтау, дәрігерлік құпияны сақтау, азаматтар өміріндегі интимдік және отбасылық аурулар туралы мәліметтерді жарияламау;
өзінің кәсіби деңгейін көтеру және үздіксіз дамыту;
өте жоғары білікті немесе басқа сала мамандарын кеңес беру үшін қажетті жағдайда тарту;
Кәсіпорынның педагогикалық және басқада жұмысшыларына төмендегідей тыйым салынады:
Сенімді жұмыскерлер немесе еңбек міндетін атқаруға байланысты әйгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе басқа қорғалатын заңды құпияларды құрайтын ақпаратты жария ету;
басқа ұйымдардың жұмыстары немесе өз бизнесін жүргізуде Кәсіпорынның кез-келген оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарын қолдану;
сабақ және жұмыс кестесін өз шешіміне қарай өзгерту;
оқу сабақтарының және олардың арасындағы үзілістің ұзақтығын қысқарту немесе ұзарту, болдырмау;
Кәсіпорын жұмысшылары мен білім алушыларына қарым-қатынаста физикалық, моральдық, психологиялық күштеу (зорлық) әдістерін қолдану;
Кәсіпорынның әрбір жұмыскері төмендегідей құқыққа ие:
Еңбек Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
Заңдық күші бар еңбек заңнамасы мен Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерде, еңбек келісім шартында, ұжымдық келісім шартта қарастырылған жеңілдіктер мен өтемақыларды, кепілдіктерді беруді Кәсіпорын әкімшілігінен талап ету;
еңбекті қорғау және қауіпсіздік;
еңбекті қорғау мен еңбек жағдайының шарттары туралы толық және дұрыс ақпарат алу;
ұжымдық келісім шартты орындауы жөніндегі объективті ақпараттарды Кәсіподақ пен Кәсіпорын әкімшілігінен алуға;
еңбек үдерісіне байланысты және оның міндеттері мен кепілдігі, құқығына байланысты Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттары, ұжымдық келісім шарт мазмұнымен танысу;
еңбек келісім шарты мен ұжымдық келісім шартқа сәйкес өз уақытында және толық көлемге жалақы төлету;
демалыс, соның ішінде жыл сайынғы еңбек демалысын алу;
өзінің өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге қатысуға және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшы немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі себепті ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;
кәсіподақ немесе басқа бірлестіктерді құру құқығына қоса, бірлестіктерге, сондай-ақ, оның мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да еңбек құқықтарын қорғай алу;
Кәсіпорынның заңдық күші бар заңнамасы мен актілерде қарастырылғандай біліктілігін көтеру мен қайта даярлану, кәсіби дайындықтан өту;
Еңбек міндеттемесін орындауға байланысты оның денсаулығына келтірілген зиянның орын төлету;
Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған жағдайда әлеуметтік сақтандыруға міндетті;
Кепілдік пен өтемақы төлету;
заңға қайшы келмейтін барлық заңдық мүдделер мен өз құқықтарын қорғау;
комиссиямен келісілген еңбек дауларын шешу үшін сотқа жүгіну;
жұмыс орнын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықтату;
жұмыс орындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайына тексеру жүргізу туралы еңбек және оның аймақтық бөлімшелері бойынша өкілетті органдардың, сондай-ақ, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жағдайын жақсатуға байланысты қарастырылатын мәселелерді тексеру мен қарастыруға қатысу;
Кәсіпорынның профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмысшыларының құқығы төмендегідей:
педагогикалық қызметті кәсіби қызмет жағдайымен қамтамасыз ету;
ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстармен айналысу, педагогикалық практикаға жаңа әдістер мен технологиялар енгізу;
жеке педагогикалық қызмет;
білім берудің сәйкес деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын сақтай отырып педагогикалық қызметті ұйымдастырудың түрлері мен тәсілдерін, таңдау еркіндігі;
Кәсіпорынның басқару органдарының алқалық жұмыстарына қатысу;
ұзақтығы төрт айдан аспайтын бес жылда бір рет біліктілікті көтеру;
санатты көтеру мақсатында мерзімінен бұрын атестациялау;
мемлекеттік марапаттау, құрметті атақтар, сыйақы мен атаулы степендия иегері ретінде педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін моральдық және материалдық мадақтау;
өзінің кәсіби беделі мен абыройын қорғау;
әскери қызметке шақырудың мерзімін ұзарту;
ғылыми қызметі үшін педагогикалық өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алу;
Кәсіпорын әкімшілігінің өкімі мен бұйрығына шағым беру;
Медициналық және фармацевтикалық жұмысшылардың құқығы:
Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз ету;
жеке меншік медициналық практика мен фармацевтикалық қызметке;
кемінде бес жылда бір рет бюджеттік қаржы есебінен біліктілік деңгейін көтеру
Кәсіпорынның жойылуына немесе штат санынның қысқаруына байланысты жұмыскерлер жұмыстан босатылған жағдайда жұмыс беруші немесе бюджеттік қаржы есебінен қайта даярлау;
азаматтарға немесе ұйымға тиесілі байланыс құралдарын, сондай-ақ, азаматтардың өміріне қауіп төнген жағдайда жақын арадағы медициналық ұйымдарға тасу үшін кез-келген көлік түрін тегін және кедергісіз пайдалану;
өзінің кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде сапалы орындағаны үшін марапаттау;
өзінің кәсіби беделі мен абыройын қорғау;
медицина жұмыскерлері тарапынан құнтсыздық немесе немқұрайлы қатынас болмаған жағдайда азаматтардың денсаулығына келтірген зиянға кәсіби жауапкершілікті сақтандыру.
Кәсіпорын әкімшілігінің негізгі міндеттері.
Заңдық күші бар еңбек заңнамасының нормаларын, Кәсіпорынның жарлықтық міндеттерін орындауды Кәсіпорын әкімшілігі қамтамасыз етеді, еңбек жұмыскерлері мен олардың қызметтік міндеттерін орындауға қажетті жағдай жасау, оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыруға шара қолдану, осыған байланысты Кәсіпорын әкімшілігі міндеттенеді:
Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжат, ұжымдық келісім шарт, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын сақтау;
Кәсіпорынның тиімді дамуына бағытталған жұмыскерлердің еңбегін дұрыс ұйымдастыру;
Кәсіпорын қызметін ұйымдастыруға қатысты мәселелерде және жұмыскерлердің жұмыстарын орындауда Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарымен, ұжымдық келісім шартпен жұмысшыларды таныстыру;
оқу және еңбек тәртібін барынша нығайту;
жұмысшылар мен білім алушылардың киімдерін сақтау үшін қажетті жағдай жасау, ғимараттағы жабдықтар, жарық, жылу жүйесін күтіп ұстауды қамтамасыз ету;
жұмысшылар мен білім алушылардың өндірістік санитария мен өртке қарсы техника қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтауын бақылау;
қызметтік міндеттерін орындауда ерекшеленген жұмысшыларды мадақтау және тәртіп бұзған жұмыскерлерді қатаң жазалау;
егер жұмыс жұмысшылар және басқа тұлағалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірсе, оны тоқтату;
жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін көтеруде қосымша жұмыс үшін қажетті жағдай жасау;
Кәсіпорын жұмысын жақсартуға бағытталған білім алушылар мен жұмысшылардың қоғамдық ұйымдардың ұсынысын өз уақытында қарастыру және енгізу.
Жұмысшылар жұмысқа кірген немесе басқа жұмысқа ауыстырылған жағдайда Кәсіпорын әкімшілігі төмендегілерге міндеттенеді;
жұмыскерді берілген жұмысымен таныстыру, жұмыскерге жұмыс шарты және еңбек ақысын, оның құқығы мен міндетін түсіндіру;
Кәсіпорын жарғысы, Осы ережеге сәйкес құрылымдық бөлімшенің және Кәсіпорынның жұмыс режимімен жұмыскерді таныстыру;
Жұмысқа қабылдану кезінде арнайы оқу және еңбекті қорғау ережелерінен аттестациядан өткізу – қауіпсіздікті көтеру жағдайында өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік техникасы, қауіпсіздік техника ережелері бойынша жұмыскерлерге нұсқау беру;
Кәсіпорын әкімшілігінің құқығы:
жұмысқа қабылдауда таңдау еркіндігіне;
Еңбек кодексіне сәйкес негіздеме бойынша және тәртіп бойынша жұмыскермен еңбек келісім шартын бұзуға, қосымша енгізуге, өзгерту енгізу;
заңдық күші бар заңнама талаптарын сақтай отырып өкілеттілігі шегінде Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерін (бұйрық, өкімдері, ережелері, нұсқаулары, ереже және тағы басқа) шығару;
өз құқығы мен мүддесін қорғау және өкілдік ету мақсатында ұйым құру және құрамына ену;
әрбір жұмыскерден онымен жасалған еңбек келісім шартын, ұжымдық келісім шартты, Осы ережені және басқа да Кәсіпорын актілерін орындауды талап ету;
жұмыскерді заңдық күші бар еңбек туралы заңнамаға сәйкес мадақтауға, оны жазалау, материалдық жауапкершілікке тарту;
Кәсіпорын жұмыскерге еңбек міндетін орындау кезінде келтірілген зиянға төлем төлеуге;
Кәсіпорын әкімшілігі мен жұмыскерлері Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасын, ұжымдық келісім шартты, Осы ереже мен Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерінде қарастырылған, оның өкілеттілігі шегінде шығарылған сондай-ақ, басқа да құқық пен басқа да міндеттерді орындау;
Достарыңызбен бөлісу: |