Ж ж. ұжымдық келісім шартқа №1 Қосымша



жүктеу 0,5 Mb.
бет5/6
Дата21.11.2017
өлшемі0,5 Mb.
#1261
1   2   3   4   5   6

ЖҰМЫС ТӘРТІБІ


  1. Жұмыс аптасы.

  • Кәсіпорында жұмыс аптасының төмендегідей түрлері қалыптасқан:

  • алты күндік жұмыс аптасы бір демалыс күнімен – жексенбі, - профессор-оқытушылар құрамы үшін, сондай-ақ, Кәсіпорын кафедралары құрылымына кіретін оқу-қосымша қызметкерлеріне арналған.

  • бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен – сенбі және жексенбі, - Кәсіпорын кафедралары құрылымы, сондай-ақ, қызмет көрсету және тағы басқа қызметкерлер кірмейтін әкімшілік-басқару, оқу-қосымша жұмысшы қызмет атқарушыларға арналған.

    1. Жұмыс уақытының ұзақтығы.

  • Жұмыс уақытына төмендегілер жатады:

  • жұмыскердің еңбек міндетінің іске асырған уақыты;

  • дайындық-қорытынды жұмыс: әдістемелік және басқа да материалдарды дайындау, соның ішінде, тұрақты жұмыс орынынан тыс; материал, құрал-саймандар алу; техникамен, құжаттамамен танысу; жұмыс және басқа да орындарды жинау және дайындау;

  • еңбек ұйымдары, технология еңбекті ұйымдастыру және реттеу мен еңбекті қорғау ережелерінде қарастырылған үзіліс;

  • іс-сапарда болған уақыт;

  • мереке және демалыс күндеріндегі кезекшілік, үйдегі кезекшілік;

  • жұмыскер өзінің бос уақыты болмай және бос уақыты бола тұра, Кәсіпорын мүддесіне әрекет ету үшін жұмыс орнында жұмысты күткен уақыты;

  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі немесе Кәсіпорын актісі, еңбек келісім шартында анықталған басқа да кезеңдер;

  • Заңдық күші бар еңбек заңнамасына сәйкес қарастырылған жұмыс уақытының ұзақтығының түрлері төмендегідей:

  • қалыпты мерзім;

  • қысқарған мерзім;

  • толық емес жұмыс уақыты.

  • Қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы төмендегідей:

  • аптасына 36 сағат, - профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ, Кәсіпорын кафедраларының құрамына кіретін оқу-қосалқы қызметкерлер үшін;

  • аптасына 40 сағат, - Кәсіпорын кафедраларының құрамына кірмейтін әкімшілік-басқару, оқу-қосалқы қызметкерлер, сондай-ақ, қызмет көрсету және басқа жұмыскерлер үшін;

  • Заңдық күші бар заңнамаға сәйкес белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығы төмендегідей жағдайда қысқартылады:

    • Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін:

  • он төрт жастан он алты жасқа дейін - аптасына 24 сағаттан аспайды;

  • он алты жастан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан аспайды;

  • білім беру ұйымдарының оқу жылы бойында оқумен жұмысты қатар алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі білім алушылар үшін – күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгілерге - күніне 3,5 сағат;

    • «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ РМК-дағы да ауыр, зиянды (аса зиянды) жұмыспен айналысатын және/ (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасайтын құрылымдық бөлімше, кәсіп пен лауазым тізіміне сәйкес ауыр, зиянды (аса зиянды) жұмыспен айналысатын және/немесе қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасайтын қызметкерлерге үстемақы, жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға және аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс күні, жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын алуға құқы бар.

    • бірінші және екінші топтағы мүгедек жұмыскерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс жасайды;

  • Кәсіпорында заң күші бар заңнамада қарастырылған жағдайдан бөлек қысқарған жұмыс уақытының режимі қолданылуы мүмкін.

    • 5 жасқа толмаған баласы бар әйелдер үшін;

    • алдын ала медициналық тексеру мен емдеуден өту кезінде еңбек қызметімен қосымша айналысатын созылмалы аурумен ауыратын тұлғалар үшін;

    • өндіріске, еңбекке жарамдылығы ішінара жойылған тұлғалар үшін;

    • аттестация нәтижесінде қолайсыз еңбек жағдайы туралы арнайы қорытынды жасалған жұмыс орнында жұмыс жасайтын тұлғалар үшін Кәсіпорын ректорының бұйрығымен жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде құрылымдық бөлімше басшысының дәлелді дәйегін есеке алып немесе жұмысшы жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше басшының баянатымен белгіленген жұмыскерлердің көрсетілген санаты үшін жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылады.

  • Мереке күндерінің қарсаңындағы жұмыс емес күндерінде жұмыстың ұзақтығы бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында 2 (екі) сағатқа қысқартылады.

    1. Күнделікті жұмыстың ұзақтығы.

  • Күнделікті жұмыс ұзақтығын (жұмыс ауысымын) төмендегілер құрайды:

    • бес күндік жұмыс аптасының ұзақтығы күнделікті жұмыс күнінде (жұмыс ауысымында) 40 сағаттық апталық нормада 8 сағаттан, 36 сағаттық апталық нормада 7сағат 12 минуттан және 24 сағаттық апталық нормада 5 сағаттан аспауы тиіс;

    • алты күндік жұмыс аптасының ұзақтығы күнделікті жұмыс күнінде (жұмыс ауысымында) 40 сағаттық апталық нормада 7 сағаттан, 36 сағаттық апталық нормада 6 сағаттан және 24 сағаттық апталық нормада 4 сағаттан аспауы тиіс;

    • күнделікті жұмыс ұзақтығы (жұмыс ауысымының) бірінші және екінші топтағы мүгедек-жұмыскерлер үшін жеті сағаттан аспауы тиіс.

    • Негізгі жұмыс орны және қосымша жұмыс бойынша күнделікті жұмыс ұзақтығының жиынтығы Осы ереженің 9 тармағының 3) тармақшасында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан, кемінде 4 сағаттан аспауы тиіс.

    1. Жұмыс уақытының режимі.

  • Кәсіпорын кафедраларының құрылымына кіретін профессор-оқытушылар құрамы мен оқу-қосымша қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі Кафедраның жұмыс кестесіне сәйкес белгіленеді.

Кәсіпорынның оқу сабақтарын және басқа да жұмыс түрлерінің (әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік, клиникалық және қоғамдық) бекітілген кестесіне байланысты жұмыс кестесін әр кафедраның жеке кафедра меңгерушілері бекітеді және Осы ережеде белгіленген талаптарды сақтайды.

Жұмыс кестесін айына немесе оқу семестріне оқу сабақтарының кестесіне байланысты кафедра бекітуі мүмкін.

Педагогикалық жұмыскерлердің уақытын үнемдеу және оқу демалысы мен еңбек режимін айрықша есептеумен педагогикалық мақсатқа сәйкес оқу сабақтарының кестесін Кәсіпорын әкімшілігі құрастырады.

Атқарып отырған қызметіне, оқу жоспарына, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары және жеке жоспарға сәйкес оқытушы жұмыс күні шегінде барлық оқу түрлерімен, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік, клиникалық, қоғамдық жұмыстармен айналысуы қажет.



  • Кәсіпорынның клиникалық бөлімшелерінің медициналық жұмыскерлерінің жұмыс режимі осы құрылымдық бөлімшенің ішкі тәртіп ережесінің ауысымдық есебімен, Осы ереженің және Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасының талабын сақтаумен белгіленеді.

  • Үздіксіз өндірісте жұмыс уақытының режимі кесте бойынша бес немесе алты күндік жұмыс аптасы болып ұйымдастырылмаған, сондай-ақ, өндірістік үдерістің не өнідірістік қызметтің ұзақтығы қалыпты күнделікті жұмыс ұзақтығынан жоғарылаған жағдайда ауысымдық жұмыс белгіленеді.

Жұмыс ауысымының ауысымдық жұмыс ұзақтығы біріншісі ауысымнан екінші ауысымға белгіленген кесте ауысымымен ауысады, қызметкерді үздіксіз жұмыспен қамтамасыз етуде ауысым ұзақтығы бірдей болады.

Кәсіподақпен келісілген ауысым кестесі Кәсіпорында бекітіледі және әрекетке енгізілмей тұрып кем дегенде бір ай бұрын жұмыскерге мәлімделеді, Кәсіпорын әкімшілігіне жеткізіледі. Ауысым кестесінде әр жұмыскерге, тұрақты бригада құрамы мен кесте бойынша бір демалыс күннен кейін келесі ауысымға ауысуда демалыс күндері реттеліп қарастырылуы керек. Кестеде артық істелген уақыт үшін қашан ауысым кестесі шегінде тоқтату мүмкін емес болады, сонда демалыс беру тәртібі ерекше ескертіледі. Жұмыскерді екі жұмыс ауысымында қатарынан жұмысқа тартуға тыйым салынады.



  • Қалған санаттағы жұмыскерлерге белгіленген жұмыс уақытының режимі төмендегідей:

Жұмыс уақытының басталуы - сағат 9.00.

Тамақтану мен демалыс үзілісі - 13.00 ден бастап 14.00 дейін.



Жұмыс уақытының аяқталуы - сағат 18.00.

    1. Үстеме жұмыс.

  • Кәсіпорын әкімшілігінің бастамасымен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығы шегінде орындалатын жұмыстардан тыс жұмыстар «үстеме жұмыс» деп түсінділеді.

  • Үстеме жұмысқа төмендегідей жағдайда рұқсат етілмейді:

    • аяғы ауыр әйелдерге;

    • он сегіз жасқа толмаған жұмысшыларға;

  • Үстеме жұмысқа тартуға заңдық күші бар заңнамада қарастырылған ерекше жағдайда жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі.

  • Үстеме жұмыс әр жұмыскер үшін бір тәулікте екі сағаттан, ауыр, зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда және/ немесе қауіпті еңбек жағдайында - бір сағаттан аспауы керек. Жалпы үстеме жұмыс уақытының ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс.

  • Кәсіпорын жұмыскерін еңбек келісім шартында келтірілмеген жағдайда, тек қана олардың жазбаша келісімімен және белгіленген ақылы тәртіпке байланысты клиникалық базадағы түнгі кезекшіліктерге, демалыс кезінде кезекшіліктерге тартыуы мүмкін

  • уақытша үстеме еңбек уақытының ақысы кем дегенде бір жарым есе мөлшерінде төленеді. Үстеме жұмыс уақыты үшін кесімді еңбек ақы қосымшасы жұмыскерге белгіленген тарифтік жүктемеде (лауазымдық жалақы) елу пайыздан кем емес мөлшерде шығарылады.

    1. Демалыс, мереке күндері мен түнгі уақыттардағы жұмыс.

  • демалыс және мереке күндері жұмысқа Кәсіпорын бастамасымен, жұмыскердің жазбаша келісімімен жіберіледі, айрықша жағдайларда жұмыскерден жазбаша хат талап етілмейді:

    • төтенше жағдай, стихиялық апат және өндірістік авария не оның салдарын шұғыл жоюдың алдын алу үшін;

    • сәтсіз жағдайды, өлім немесе мүліктің бүлінуін тексеру және алдын алу үшін;

    • шұғыл орындалатын, алдын ала күтпеген жұмыстарды, Кәсіпорынның тұтас немесе оның жеке бөлімшелерінің болашақтағы қалыпты жұмысына байланысты жедел орындау үшін;

  • Демалыс және мереке күндердегі жұмысқа жұмыскер бастамасы бойынша, Кәсіпорын әкімшілігінің шешімі негізінде жіберіледі.

  • Жұмыскер еркі бойынша демалыс және мереке күндердегі жұмысқа басқа күндері демалыс немесе кем дегенде жұмыскердің күндізгі (сағаттық) жүктемесінен екі есе көп мөлшерде жалақы шығарылады.

  • Жұмыскерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) рәсімделеді.

  • сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін түнгі уақыт болып саналады.

  • Түнгі уақыттың әр сағатына кем дегенде жұмыскердің күндізгі (сағаттық) жүктемесінен бір жарым есе көп мөлшерде жалақы төленеді.

  • Жұмыскерді демалыс және мереке күндері және түнгі уақытқа жұмысқа тарту Еңбек кодексінде белгіленген шектеуді сақтаумен жүзеге асырылады.

  • Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

    1. Демалыс мерзімі.

  • Кәсіпорын жұмыскеріне Қазақстан Республикасының заңдық күші бар еңбек және білім беру заңнамасында қарастырылған демалыс уақытының түрлерінің барлығы беріледі. Бұнда профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлердің демалыс уақытын реттеу ерекшеліктері ескеріледі.

    1. Тамақтану және демалу үшін үзіліс.

  • жұмыскерге күнделікті жұмыс уақыты бойына (жұмыс ауысымында) демалу мен тамақтануға бір үзіліс беріледі:

    • Кәсіпорынның кафедра құрылымына кіретін профессор-оқытушылар құрамы мен оқу-қосымша қызметкерлермен үзіліс мерзімі – кемінде жарты сағат. Кафедраның нақты үзілісі уақытының кестесі белгіленеді;

    • Кәсіорынның клиникалық бөлімшелерінің медициналық жұмыскерлеріне – үзіліс мерзімі кем дегенде жарты сағат.

Нақты үзіліс уақыты сол құрылымдық бөлімшелердің ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.

    • Үзілістің нақты уақыты осы құрылымдық бөлімшенің ішкі тәртіп ережесімен белгіленген;

    • Басқа санаттағы жұмыскерлерге – үзіліс мерзімі 1 (бір) сағат, 13.00 ден 14.00 ге дейін.

  • Демалу және тамақтану үшін үзіліс Осы ереженің 9 тармағының 8) тармақшасында бабында белгіленген айрықша жағдайдан басқа, күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кейін кемінде үш сағат немесе төрт сағаттан соң белгіленуі тиіс.

  • Демалу және тамақтану үшін үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кейін кемінде төрт сағаттан кейін белгіленеді, күнделікті жұмыс уақытының (жұмыс ауысымы) жалпы ұзақтығы 8 сағаттан жоғарыларға белгіленуі тиіс.

  • Демалу және тамақтану үшін үзіліс уақыты жұмыс уақытына кірмейді. Жұмыста өндірістік жағдай бойынша үзіліс беру мүмкіндігі болмаса, Кәсіпорын әкімшілігі жұмыскерді жұмыс уақытында арнайы жабдықталған орында демалу және тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.

Бұндай жұмыстар тізіміне демалу және тамақтану үшін орын және тәртіп Кәсіподақ келісімімен Кәсіпорында белгіленген.

    1. Демалыс.

  • Кәсіпорын жұмысшыларына жұмыс орны (қызметін) мен орташа жалақысын сақтай отырып жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, сондай-ақ, еңбек туралы заңдық күші бар заңнамада қарастырылған басқа да демалыс түрлері беріледі.

  • Жыл сайынғы еңбек демалысы төмендегідей бөлінеді:

    • негізгі демалыс;

    • қосымша демалыс.

  • Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының кезегі Кәсіпорын жұмысшыларының пікірімен санаса отырып бекітілген еңбек демалысының кестесімен анықталады. Өндірістік қажеттілікке байланысты демалыс кестесі өзгерген жағдайда Кәсіпорын әкімшілігі ол туралы жұмысшыға еңбек демалысы басталардың алында кем дегенде екі апта бұрын хабарлауға міндетті.

  • Кәсіпорын жұмысшыларының жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы төмендегідей күнтізбелік күнге созылады:

    • 56 (елу алты) күн, – педагогикалық жұмысшылар мен педагогикалық жұмысшылармен теңдестірілген жұмысшыларға;

    • 30 (отыз) күн, - басшылар, мамандар санатына жататын және басқа да санаттағы жұмысшыларға;

    • 24 (жиырма төрт) күн – қара жұмысшылар санатына жататындарға.

  • Кәсіпорын әкімшілігі әр күнтізбелік жыл сайын 29 қаңтардан қалдырмай жұмысшылардың Кәсіподақпен келісілген демалыс кестесін бекітуге міндетті.

  • Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының мерзімі мереке күндерінің күнтізбелік күндерін есептемегенде, қабылданған жұмыс режимі мен кестесінен тәуелсіз еңбек демалыс күндері кіреді.

  • Қосымша ақылы еңбек демалысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес беріледі:

    • «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ РМК-дағы да ауыр, зиянды (аса зиянды) жұмыспен айналысатын және/ (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасайтын құрылымдық бөлімше, кәсіп пен лауазым тізіміне сәйкес ауыр, зиянды (аса зиянды) жұмыспен айналысатын және/немесе қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасайтын қызметкерлерге үстемақы, жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға және жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын алуға құқы бар;

    • Бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін жұмыс ұзақтығы – 15 күнтізбелік күн;

    • Азаматтық мәртебесі бар, экологиялық апат салдарынан зардап шеккен және Арал дағдарысы жағдайындағы жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 1992 жылғы 30 маусымдағы №1468-ХII заңнамасы бойынша:

  • экологиялық апат – 12 күнтізбелік күн;

  • экологиялық дағдарыс – 9 күнтізбелік күн;

  • экологиялық дағдарыс алдындағы жағдай – 7 күнтізбелік күн;

  • Азаматтық мәртебесі бар, ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен және Семей ядролық сынақ полигонының жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 1992 жылғы 12 желтоқсанындағы 1788-ХII заңнама бойынша:

    • төтенше радиациялық қауіп – 14 күнтізбелік күн;

    • максималды радиациялық қауіп – 12 күнтізбелік күн;

    • жоғары радиациялық қауіп – 10 күнтізбелік күн;

    • минимальды радиациялық қауіп – 7 күнтізбелік күн;

Басқа санаттағы жұмыскерлерге жыл сайынғы қосымша демалыс беріледі және оны ең аз мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.

  • Заңнамада қарастырылған жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы берілетін жағдайдан басқа, Кәсіпорынға қосымша ақылы еңбек демалысының берілетін түрлері төмендегідей:

    • мөлшерден тыс жұмыс уақыты үшін;

жұмыскер үшін қосымша демалыс Кәсіподақпен келісілген және Кәсіпорын әкімшілігі бекіткен айналысатын лауазымы келісілген тізіммен белгіленеді.

Демалыс мерзімі 3 күнтізбелік күннен 10 күнтізбелік күнге дейін белгіленген.



    • Еңбек нәтижесінің жоғары жетістігі үшін және Кәсіпорынның білім беру қызметі мен ғылыми, медициналық бағыттағы маңыздылығы бойынша басым жұмыстарды орындау;

Демалыс мерзімі 5 күнтізбелік күннен 10 күнтізбелік күнге дейін белгіленген.

  • Жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысының берілу тәртібі мен шарты:

    • Қосымша демалыс жыл сайынғы негізгі ақылы демалысының үстіне жұмыскерде қосымша демалысқа басқа негіз бойынша осы демалыстардың үстіне беріледі.

    • қосымша демалыс айналысатын қызметі бойынша қарастырылған жыл сайынғы негізгі ақылы демалысымен қоса есептеледі.

    • Белгіленген қосымша демалыс туралы шешім жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде Кәсіпорын ректоры қабылдаған Ереженің 9 тармағының 9) тармақшасында бабында қарастырылған және жұмыскер жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше басшысының дәлелдері болып табылады;

    • Кәсіпорын әкімшілігі ереженің 9 тармағының 9) тармақшасында қарастырылған қосымша демалысты азайтуға және толықтай жоюға құқылы.

  • Кәсіпорын жұмыскерлеріне берілетін әлеуметтік демалыс түрлері төмендегідей:

    • жалақысы сақталмайтын демалыс;

    • оқу демалысы;

    • бала тууға, жаңа туған баланы (қызды) асырауға байланысты демалыс;

  • Жұмыскер өтініші негізінде екі тараптың еңбек келісім шарты бойынша оған еңбек ақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Еңбек ақысы сақталмайтын демалыс ұзақтығы жұмыскер мен Кәсіпорын әкімшілігі арасындағы келісім шарт бойынша анықталады.

  • Жұмыскер өтініші негізінде екі тараптың еңбек келісім шарты бойынша оған базалық лауазымдық жалақысы сақталатын оқу демалысы беріледі.

  • Жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде Кәсіпорын бес күнтізбелік күнге жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті:

    • некеге тіркелуде;

    • бала тууға;

    • туыстарының өлімінде;

  • Жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша Кәсіпорын демалыс күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес қосымша ақылы демалыс беруге міндетті:

    • Жұмыскердің некеге тұруы – 5 жұмыс күні;

    • Балаларының некеге тұруы - 3 жұмыс күні;

    • мерейтой күні (50, 60 және 70, 75, 55 әйелдер үшін) – 1 күнтізбелік күн;

    • бала (асырауға) тууға байланысты – 5 күнтізбелік күн;

    • туыстарының қайтыс болуына байланысты (шешесі, әкесі, балалары, туған ағасы, әпкесі, күйеуі, әйелі, атасы, әжесі) – 5 күнтізбелік күн;

    • жаңа орынға қоныс аудару – 3 (үш) жұмыс күні;

    • төменгі сынып оқушыларының ата-аналарына (10 жасқа дейін) 1 қыркүйек (немесе оқу жылының басталған басқа күні).

  • Педагоикалық жұмыскерлерге ғылыми іспен айналысуға педагогикалық өтілі сақталатын шығармашылық демалыс алуға құқы бар

  • Аяғы ауыр әйелдер, бала босанған әйелдер, жаңа туған нәрестені (бала немесе қыз баланы) асырап алушы әйелдерге (ерлерге) баланың туылуына байланысты төмендегідей демалыс беріледі:

    • аяғы ауыр болу және тууына байланысты демалыс;

    • жаңа туған нәрестені (бала немесе қыз баланы) асырап алу жөніндегі демалыс;

    • үш жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысуға байланысты еңбек ақысы сақталмайтын демалыс

  • Бала тууға, жас нәрестені (бала немесе қыз баланы) асырап алуға, бала тәрбиесімен айналысуға байланысты демалыс беру Еңбек кодексінің 192 – 195 баптарында қарастырылған жағдайда жүзеге асырылады.

    1. Жеке санаттағы немесе басқа топтағы жұмысшыларға Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарымен және Еңбек шартымен басқа жұмыс тәртібі қарастырылуы мүмкін.

  1. жүктеу 0,5 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау