Изучение социального самочувствия граждан и его влияние на политические настроения



жүктеу 2,02 Mb.
Pdf просмотр
бет6/42
Дата30.12.2019
өлшемі2,02 Mb.
#25561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Саланың қысқаша сипаттамасы 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      
16 
ұйымдар 
болып 
табылады. 
Ауылды 
елді-мекендердегі 
қалдықтардың 
морфологиялық құрамы қалалардан ерекшеленеді. Мұнда органикалық қалдықтар 
көбірек, пластмассаның, қораптаушы материалдардың, қағаз бен картонның үлесі 
аз.  Ауылдарда  органикалық  қалдықтардың  үлесі  полигондарда  немесе  қоқыс 
үйінділерінде  жайғастырылмайды.  Органикалық  қалдықтардың  көп  бөлігі 
малдарға жем ретінде беріледі немесе үй шартында компостталады. Бұдан басқа, 
ағаш  және  басқа  материалдар  жылыту  мақсатында  жағылуы  мүмкін.  Осы  екі 
жұмыс түрі қалдықтардың құрамына және көлеміне әсер етеді. 
Бүгінгі таңда полигондарда қалдықтарды көму Қазақстандағы қалдықтарды 
жайғастырудың  негізгі  әдісі  болып  табылады.  Көптеген  қатты  қалдықтар  қайта 
пайдалану/өңдеу  үшін  сұрыпталмайды  және  қалдықтарды  көму  орындарында 
жиналады. 
Қалдықтарды  жайғастыру  объектілерін  ҚТҚ  полигондары  деп  атауға 
келмейді,  шын  мәнісінде,  олар  қоқыстардың  рұқсат  етілмеген  үйінділері  болып 
табылады.  Олардың  көбісі  «ҚТҚ  полигондары»  класына  жатқызуға  болатын 
инженерлік  құрылыстар  болып  саналмайды.  Сонымен  қатар,  қалдықтар,  әдетте, 
құрамында  ауыр  металдар  бар  қауіпті  медициналық  және  өнеркәсіптік 
қалдықтармен бірге кәдеге жаратылады.  
ҚР  Экологиялық  кодексінде  қалдықтарды  жайғастыратын  полигондардың 
келесі жіктемесі бар: 
  1 класс — қауіпті қалдықтарды жайғастыру үшін полигон 
  2 класс — қауіпті емес қалдықтарды жайғастыру үшін полигон 
  3 класс — қатты тұрмыстық қалдықтарды жайғастыру үшін полигон. 
2018 жылдың қаңтар айында қоршаған ортаны қорғау саласында өткізілген 
жұмыстар туралы пресс-конференциясында аталған Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі Қанат Бозумбаевтың ақпараты  бойынша экологиялық және 
санитарлық ереже талаптарына сәйкес келетін полигондардың үлесі 16% құрайды 
және тек біреуі үздік халықаралық тәжірибеге сай Астана қаласында жобаланған. 
Коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау жүйесінің негізгі мәселелері: 
  Халықтың  қоқыстарды  жинау  және  шығару  қызметіне  қолжетімділігі 
тек ірі қалаларда ғана жарамды. 
  Шағын қалалар, сонымен қатар ауылды жерлер үшін осы қызметтердің 
жоқтығы немесе жеткіліксіз көрсетілу дәрежесі және төмен сапасы тән. 
  Халықты  тарта  отырып,  қатты  тұрмыстық  қалдықтарды  сұрыптау 
жүйесінің,  сонымен  қатар  арнайы  алаңдардың  жоқтығы  және 
полигондардың рұқсат етілмеген үйінділердің алыс орнатылмауы. 
  Қоршалған  контейнерлік  алаңдар  санының  жеткіліксіздігі,  сонымен 
қатар  контейнерлердің  тозуы  көпқабатты  үйлердің  айналасында 
антисанитариялық жағдайдың пайда болуына алып келеді. 
Жалпы алғанда, Қазақстанда қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесі 
аз және «жасыл» энергияны өндіру үшін қуат жеткіліксіз.  
Полигондарда  қалдықтарды  жайғастыру  саласында  Қазақстандағы  ҚТҚ 
көму объектілері үшін тән кәдімгі сәйкессіздіктер болып мыналар табылады: 


Саланың қысқаша сипаттамасы 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      
17 
  қалдықтарды  жайғастыратын  көптеген  объектілерде  синтетикалық 
немесе қыш сүзгілеуге қарсы экранның болмауы; 
  өнеркәсіптік,  медициналық  және  басқа  да  қауіпті,  әрі  улы  заттармен 
коммуналдық қалдықтарды жайғастырудың кең таралуы; 
  жайғастырылған  қалдықтарды  оқшаулаушы  топырақ  қабатымен 
(қышпен) жүйесіз тығыздау немесе ондай тәсілдік болмауы; 
  сүзгішті  және  үйінді  газдарды  (оның  ішінде  метан)  жинау  үшін 
жүйенің болмауы; 
  жобалық  қуатынан  асып  кеткен  көптеген  полигондар  мен  үйінділерді 
тым аса пайдалану; 
  үйінділерді қадағалау жүйесінің болмауы; 
  санитарлық  ережелердің  мен  санитарлық-қорғаушы  аймақтардың 
талаптарын сақтамау. 
Қазақстан  Республикасында  ҚТҚ  басқару  саласындағы  негізгі  құжат  ҚР 
Экологиялық кодексі болып табылады. Қалдықтармен жұмыс жасауға қойылатын 
Кодекстің талаптарын үш тарауға бөлуге болады: 
  заңды және жеке тұлғалардың қызмет етуі нәтижесінде пайда болатын 
және пайда болғанға дейін орындауға жататын қалдықтарға қойылатын 
экологиялық талаптар; 
  заңды және жеке тұлғалардың қызмет етуі нәтижесінде пайда болатын 
және  пайда  болғаннан  кейін  орындауға  жататын  қалдықтарға 
қойылатын экологиялық талаптар  және қалдықтардың жинақталуына, 
сонымен  қатар  оларды  жинауға,  қайта  өңдеуге,  кәдеге  жаратуға, 
залалсыздандыруға,  тасымалдауға  және  сақтауға  (қоймалауға) 
қойылатын экологиялық талаптар; 
  заңды және жеке тұлғалардың қызмет етуі нәтижесінде пайда болатын 
және  пайда  болғаннан  кейін  көмуге  жататын  қалдықтарға  қойылатын 
экологиялық 
талаптар 
 
және 
қалдықтарды 
жайғастыратын 
полигондарға,  оның  ішінде  қауіпті  қалдықтарды  жайғастыратын 
полигондарға,  сонымен  қатар  радиоактивтік  қалдықтарды  көму 
пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар. 
 
 


Саланың қысқаша сипаттамасы 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      
18 
1.4  ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ/ӨҢДЕУ 
ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ 
Қазіргі  әлемде,  халық  санының  тұрақты  өсуіне  байланысты  ресурстарды 
пайдалану көлемі де тоқтаусыз артып келеді. Қалпына келтірілетін және қалпына 
келтірілмейтін  ресурстарды  тұтынуға  қалдықтар  көлемінің  артуы  да  қосылады. 
Қоқыс үйінділері, су қоймаларының ластануы – осының барлығына адам тіршілігі 
алып келеді. 
Қоқыстарды инновациялық қайта өңдеу тәсілдерін қолданбасақ, планетаның 
үлкен  қоқыс  үйіндісіне  айналу  ықтималдығы  бар.  Сондықтан  ғалымдар  ҚТҚ 
қайта өңдеу үшін жаңа және тиімді тәсілдерді жасаумен және ендірумен тұрақты 
айналасып келеді. 
Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде келесідей ҚТҚ кәдеге жарату мен қайта 
өңдеу тәсілдері бар: 
1.  Полигондарда қалдықтарды көму. 
  Қоқыстарды сұрыптау 
  Жер үйіндісі 
2.  ҚТҚ табиғи ыдырау тәсілдері. 
  Компосттау 
3.  ҚТҚ термиялық қайта өңдеу. 
  Жағу 
  Төмен температуралық пиролиз, 
  Жоғары температуралық пиролиз (плазмалық қайта өңдеу) 
Полигондарда көму  
Осы тәсіл қазіргі уақытта қалдықтарды кәдеге жарату бойынша әлемдегі ең 
таралған  әдіс  болып  табылады.  Осы  тәсіл  жанбайтын  қалдықтарға  және  жану 
кезінде улы заттарды бөлетін қалдықтарға қатысты қолданылады.  
ҚТҚ полигоны кәдімгі үйінді болып табылмайды. Кәдеге жарататын қазіргі 
полигондар    —  бұл  жерасты  суларын  және  атмосфералық  ауаны  ластанумен 
күресетін  жүйелермен  жабдықталған  күрделі  инженерлік  құрылыстар.  Жеке 
полигондар  шіру  барысындағы  қалдықтарды  газға,  электр  энергиясына  және 
жылуға айналдыратындай етіп ұйымдастырылған. 
Өкінішке орай, бүгінде мұндай жағдай еуропалық елдерге тән, Қазақстанда 
полигондардың аз саны ғана осындай сипаттамаларға ие. 
Дәстүрлі  көмудің  басты  кемшілігі  –  көптеген  тазарту  және  сүзгілеу 
жүйелері  пайдаланылса  да,  осы  кәдеге  жарату  түрі  шіріген  ферментация  сияқты 
су  мен  ауаны  ластайтын  қалдықтардың  негативті  ыдырау  әсерінен  толығымен 
арылуға  жол  бермейді.  Басқа  кәдеге  жарату  тәсілдеріне  қарағанда,  ҚТҚ  көму 
айтарлықтай  арзан,  бірақ  эколог  мамандар  экологиялық  тәуекелдерді  азайта 
отырып, қалдықтарды қайта өңдеуді ұсынады. 
Қоқысты компосттау 
Компосттау  табиғи  биоыдырауға  негізделген  қалдықтарды  қайта  өңдеу 
технологиясын  білдіреді.  Осы  себептен,  компосттау  органикалық  шығу  тегі  бар 
қалдықтарды  қайта  өңдеу  үшін  қолданылады.  Бүгінде  тағамдық  қалдықтарды, 
ҚТҚ ажыратылмаған ағынын да компосттау технологиясы баршылық. 


жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау