Зерттеу әдістемесі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
5
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
DESK RESEARCH
Ақпарат көздері ретінде аналитикалық жарияланымдар және басқа да ашық
ақпарат көздері пайдаланылды. «DAMU RG Зерттеу тобы» ЖШС-ң арнайы
сауалы бойынша ведомстволық органдардан Қазақстан Республикасындағы қатты
тұрмыстық қалдықтар нарығының дамуы бойынша негізгі деректер, сонымен
қатар осы саланы ары қарай талдау және бағалау үшін қосымша ақпарат алынды.
Ақпарат көздері:
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитеттің
жарияланымдары;
ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің статистикалық
деректері;
арнайы сауалдар бойынша
алынған статистикалық деректер;
арнайы басылымдарда, БАҚ-да және Интернетте жайғастырылған
ақпараттық, аналитикалық
және сараптамалық материалдар;
салалық қауымдастықтардың ресми пресс-релиздері және аналитикалық
материалдары және т.б.;
басқа да дереккөздер.
Саланың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
7
міндетін кешенді шешу талап етілуде. Қалдықтар және оларды қайта өңдеу
тәсілдері бойынша деректер банкін құру керек, қалдықтарды сала бойынша
есепке алу, экономикалық ынталандыру қағидаларын, сәйкес заңдылық базасын
ендіру қажет.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қалдықтар туралы заңдары бар елдерде
оларды кәдеге жарату мәселесі шешіліп келуде. Соңғы жылдары қоқыс
үйінділерін жоюға бағытталған түрлі іс-шаралар сыналып келеді: тұрмыстық
қалдықтар сұрыпталуда, оларды ауыл шаруашылығы үшін тыңайтқыштар немесе
сұйық жанармай түріне қайта өңдеуде; қалдықтардың бір шамасы карьерлерді,
сайларды және т.б. толтыру үшін қолданылуда.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың үш негізгі нұсқасы бар:
үйінділерді және полигондарды ұйымдастыру;
қалдықтарды жағу
қалдықтарды екінші рет пайдалану.
Осы нұсқалардың әрқайсысының өз минустары мен плюстары бар. Мысалы,
қоқыс жағатын зауыттарда тұрмыстық қоқыстарды қайта өңдеуді алайық. Бір
жағынан, бұл экологиялық тұрғыдан қауіпті, себебі осындай зауыттардағы газ
тәріздес қалдықтар атмосфераны ластайды. Және де қоқыстарды жағу қымбатқа
түсетін үрдіс. Басқа жағынан, бұның пайдасы да бар: тұрмыстық қоқысты жағу
нәтижесінде күлдің көп мөлшері жиналады. Қордаландырудан кейінгі
органикалық қалдықтар жануарлар, әсіресе балықтар үшін жем және
тыңайтқыштар ретінде шикізат бола алады.
Тұрмыстық қалдықтарды жоюдың немесе кәдеге жаратудың күрделі
мәселесі пластик болып табылады, одан қораптарды, тұрмыстық техника,
автомобильдің бөлшектерін, бөлме дизайны үшін бөлшектерді жасайды. Қазір
шығарылатын пластиктердің едәуір бөлігі микроағзалармен ыдыратылмайды,
сондықтан олар қоршаған ортаға ондаған жылдар бойы зиян тигізе алады.
Шыныны қайта кәдеге жарату мәселесі жеңілірек болады, себебі оны қайта
балқыту экономикалық тұрғыдан пайдалы. Мысалы, Германияда пайдаланылған
шынының көп бөлігін жинайды - шамамен 1,17 млн тонна. Қиратылған шынының
100 мыңнан астам тоннасы басқа елдерден импортталады және өзіндік шыны
ыдысымен қайта балқытылады. Тұрмыстық қалдықтың көлемі шыны ыдыстарды
көп рет пайдаланған кезде азая түседі, дегенмен көп жағдайда көлік шығындары
қосымша төленеді. Халықты бөтелкелерді тапсыруға ынталандыру үшін көптеген
еуропалық елдерде олардың кепілдік құны арттырылады, қосымша қабылдау
пункттері құрылады.
Қазақстандық қоқыс үйінділерінің мәселесі, көптеген жағдайларда, олардың
жағумен байланысты. Пластик пен тағамдық қалдықтарды бір уақытта
жандырғанда, аса улы зат - диоксин түзіледі. Ол ағзада жиналып, аздаған
концентрацияда орталық жүйке жүйесіне зиян тигізеді және еш затпен
шығарылмайды. Сонымен қатар, қоқыстың құрамына сынап немесе басқа ауыр
металдар, химиялық қосылыстар сияқты улы заттар кіруі мүмкін, олар жаңбырда
және
еріген суда ериді де, су қоймаларына және жер асты суларына өтіп кетеді.
Егер қазіргі таңдағы қалдықтарды кәдеге жарату тәсілдерін талдайтын
болсақ, келесідей көрініс аламыз.