Основные выводы исследования
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
106
НЕГІЗГІ ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Қазақстандағы ҚТҚ қайта өңдеу нарығы төмен бәсекеге қабілеттілігімен
ерекшеленеді. Компаниялардың көп саны қоқысты шығару, сонымен қатар
қалдықтарды қайта өңдеу (мысалы, макулатура немесе пластика және т.с.с.)
сегментінде жұмыс істейді.
ҚТҚ қайта өңдеу нарығына шығу қоқыс сұрыпатушы кешен үшін де,
қоқысты қайта өңдейтін зауытты салу үшін де едәуір инвестицияларды талап
етеді.
Тартымды бизнес қалдықтардың нақты түрін қайта өңдеу болып табылады
(осы қалдықтарға қолжетімділік болса).
Осы жобаның шеңберінде өткізілген статистикалық көрсеткіштерді, қатты
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тәсілдерін талдауға сәйкес, сонымен қатар
ҚТҚ жұмыс жасау бойынша халықаралық тәжірибеге, ҚТҚ қайта өңдеу үшін
заманауи технологияларды қолдануға сәйкес бірнеше қорытынды жасауға
болады.
ҚТҚ атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера сияқты Жердің
барлық қабаттарына тиетін зиянды және улы заттары бар көп
компонентті құрамымен қоршаған ортаға зиянды әсер тигізеді.
Дамыған елдер осы әсерді түрлі әдістермен төмендетуге тырысуда,
олардың ішінде ҚТҚ құраушыларын сұрыптау және қайта пайдалану
жетекші орынға ие.
Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік құжаттарына сәйкес
елде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қадағалау, сақтау,
қайта өңдеу мен кәдеге жарату сияқты қалдықтарды кешенді басқару
жүйесі айтарлықтай жоқ, бұл тұрақты дамуға көшуге кедергі келтіреді.
ҚТҚ реттеу және басқару үшін жауап беретін мемлекеттік органдар
мен түрлі фракцияларды қайта өңдеумен айналасатын кәсіпорындар
арасында өзара әрекеттесу мен өзара көмек көрсету механизмі жоқ.
Он жылдықтарда жиналған коммуналдық қалдықтар Қазақстанда,
сарапшыларды бағалауынша, 100 млн. тоннадан асады.
Жыл сайын 3 млн. тонна коммуналдық қалдықтар түзіледі, 2017
жылдың қорытындысы бойынша олардың тек 442,7 мың тоннасы
немесе 13,7% кәдеге жаратылады, ал 5,3 мың тонна (0,2%) екінші рет
қайта өңдеуге жіберіледі.
Қазақстандағы негізгі қалдықтар массасы полигондарда және рұқсат
етілмеген үйінділерде жиналады.
Қоқысты жағу тәсілі, көму сияқты экологиялық зиянды әдіс. Әрине,
бұл тәсілдерден толығымен бас тартуға болмайды, себебі 100 %
рециклингке жетуге болмайды. Бірақ жағылатын қоқыстың көлемін
азайтуға болады.
Қалдықтарды жинау, сақтау және қайта өңдеу мәселесін шешу үшін
оларды кешенді шешу керек. Біріншіден, қалдықтарды басқару
саласында заң актілерін қолдануға бақылау керек. Екіншіден, халықты
Основные выводы исследования
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
107
бұл мәселе бойынша тәрбиелеу мен мәселеге тарту керек. Үшіншіден,
қайталама ресурстарды сату нарығы болуы керек.
Қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасау салысында маңызды
бағыттардың бірі түрлі қалдықтар түрін бөлек жинауға бағдарланған
қалаларда қоқысты селективті жинау бойынша қызметтердің
тиімділігін және сапасын арттыру үшін экономика-ұйымдастыру
механизмі керек, қауіпті қалдықтарды жалпы массадан бөлу керек.
Қалдықтарды сұрыптау олардың түзілуі кезінде іске асырылуы керек–
тұрғын үй секторында, мекемелерде, нарықтарды және т.б. Мұнда
біздің қоғамға қалдықтарды жинау мәдениетін арттыру керек, ал бұл
ұзақ және қиын үрдіс. Осы сатыда маңызды рөл кәдеге жаратылған
заттарды қабылдау пункттерінде жатыр.
Қазіргі уақытта ҚТҚ қайта өңдеу саласының қажет болмауының төмен
деңгейі отандық өндірістердің табиғи шикізатқа сұранысымен
түсіндіріледі. Қайта өңдеуге қарағанда, дайын шикізатты сатып алу
оңай. Дегенмен, экологиялық тараптан, бірінші нұсқа пайдалырақ.
Кәдеге жарату тәсілі метариал мен улылыққа тәуелді. Әр түрі жеке
тәсілді және қайта өңдеуді талап етеді. ҚТҚ қайта өңдеу бойынша кез
келген кәсіпорынның даму стратегиясы болуы керек және өзекті кәдеге
жарату тәсілдерін анықтау керек.
Қайталама шикізатқа қайта өңдеу арқылы Еуропа елдерінде,
Жапонияда, Қытайда және т.б. бизнес құрылуда, ол өз кезегінде
табысты. Халықаралық тәжірибені талдау қалдықтарды қайталама
шикізатқа өңдеу өнімді және қауіпсіз екендігін көрсетеді. Нәтижесінде
ҚТҚ-ға «екінші өмір беріледі», энергияны тұтыну қысқартылады,
атмосфераға зиянды заттардың шығарылуы азаяды. Еуропа бойынша
орта есеппен: 40% көмуге, 40% қайталама шикізатқа қайта өңдеуге
жатады және 20% энергияға қайта өңделеді.
ҚТҚ қайта өңдеудің негізгі сатылары: қалдықтарды қолмен немесе
механикалық әдіспен жинау, оны жалпы массадан келешегі бар
материалдарды бөлу арқылы сұрыптау (мысалы, түсті және қара
металл, шыны және пластмасса) және де қайта өңдеу.
Органикалық ҚТҚ жылу энергиясы мен органикалық тыңайтқыштарды
алу мақсатында қайта өңдейді. Органикалық емес қалдықтар құрылыс
материалдарын жасау үшін жұмылдырылады, ал алынған металл
пресстеу кейін құю өндірісіне жіберіледі. Шыны ҚТҚ техникалық
шыныны жасау және құрылыста пайдалану үшін керек. Пластик ҚТҚ
шығындары бойынша ең тиімді бизнесті құруға мүмкіндік береді,
себебі пластмасса – әмбебап материал, оның сапалық сипаттамалары
едәуір сақталады.
Қалдықтарды қайта өңдеу табысты және ұзақ мерзімді бизнес, ал
қалдықтар бүгінде көп-ақ. Қазақстанда ҚТҚ кешенді өңдеу жүйесі,
ҚТҚ қайта өңдеумен айналасатын кәсіпорындарды салу керек..
Основные выводы исследования
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
108
Қазіргі уақытта пайдаланылатын ҚТҚ қайта өңдеу тәсілдері
экологиялық қауіптілік (полигонда ҚТҚ көму, ҚТҚ газ оттықтарымен
бірге жағу), қолмен жұмыс істеудің жоғары деңгейі (ҚТҚ жеке
құраушыларға сұрыптау), қайта өңдеу үрдісінің жеткіліксіз
жылдамдығы (биогазды өндіру) сияқты кемшіліктерге ие.
17-кесте ҚТҚ жинау, сұрыптау және қайта өңдеу нарығының SWOT-анализі
Кұшті жақтары
Әлсіз жақтары
1. Осы сектор әлемдік тәжірибеде зерттелген –
тексерілген технологиялар мен оны жетілдіру
үшін шешімдер бар.
2. Нарық әлеуетті инвесторлар және жеке
қаржыландыру көздері үшін ашық.
3. «Жасыл»
энергетика
мақсатында
ҚТҚ
пайдалану әлеуеті бар.
4. ҚТҚ алынатын қайталама ресурстардың
пайдалану әлеуеті бар.
1. Жинау жүйесінің дамығандығы, оның
ішінде ҚТҚ бөлек жинау дамымаған.
2. Алдын ала қайта өңдемей қалдықтарды
көму республиканың барлық аумағында
тараған.
3. Қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге
жаратудың төмен деңгейі.
4. Санитарлық талаптарға ағымдағы ҚТҚ
көму объектілерінің сәйкессіздігі.
Мүмкіндіктер
Тәуекелдер
1.
ҚТҚ тиімді жинау жүйесі.
2.
ҚТҚ жұмыс жасау жүйесіне аймақтық
бөлуді енгізу.
3.
Қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта
өңдеу көлемін арттыру.
4.
ҚТҚ жинау, тасымалдау мен қайта өңдеу
бойынша маңызды және экономикалық
тиімді тәсілдерге жету.
5.
Республиканың аумағында
үйінділерді
рекультивациялау.
6.
Әлемдік
стандарттарға
сәйкес
ҚТҚ
полигондарын салу.
5. Қалдықтар жиналған аумақта экологиялық
жағдайдың шиеленісуі.
6. Түзілетін қалдықтар көлемінің көп рет
артуы.
7. Климаттың өзгеруіне әсер ететін
полигондардан атмосфераға шығарылым
ҚТҚ-мен жұмыс жасаудың кешенді стратегиясында концессиялық
келісімдерді пайдаланумен МЖӘ пайдалану қажеттілігіне акцент жасалды.
МЖӘ механизмдерін пайдалануға алғышарттар - қарастырылып отырған
аумақта қатты тұрмыстық қалдықтардың жеткілікті нарық көлемі, жеке жақтың
шығындарын өтеу үшін бюджеттен қаржыландырудың болуы, сонымен қатар
инвестицияларды қайтару кепілі сияқты экономикалық факторлар болуы керек.
Сонымен қатар, МЖӘ механизмдерін пайдалана отырып, инвестициялық
жобаларды іске асыру үшін маңызды алғышарттар - аймақтарда ҚТҚ саласында
жеке стратегиялардың немесе бағдарламалардың болуы керек.
Мұнда осы факторлардың барлығы болса да, қатты тұрмыстық қалдықтарды
басқару саласындағы МЖӘ жобаларын іске асыру аймақта экономикалық дәйекті
және бәсекеге қабілетті кәдеге жарату тарифтері болмаса сәтті болмайды.
Аймақтардағы заманауи тарифтер, шын мәнісінде, жеке әріптеске табыс табуға,
шығындарды өтеуге мүмкіндік бермейді. Аймақтық билік азаматтардың төмен
табысына және басқа қызметтерге жоғары бағасына байланысты ҚТҚ бойынша
тарифтерді арттыра алмайды.
Осылайша, Қазақстанда МЖӘ сұлбасын пайдалана отырып, ҚТҚ басқару
мен қайта өңдеу мүмкін және өткір қажеттілік болып табылады.
Осыған байланысты, ҚР ірі қалаларында және 300 мың адамнан асатын
агломерацияларында МЖӘ механизмін пайдалана отырып, ҚТҚ басқару
Основные выводы исследования
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
109
бойынша жобаларды іске асыру мүмкін. Осы жобалар бірыңғай операторды
құрудан тұруы мүмкін, ол жеке әріптес, таңдалған аймақта ҚТҚ секторын толық
жаңғырту, қалдықтарды жинау мен тасымалдау жүйесін жетілдіру, қоқысты ақйта
өңдейтін зауытты салу, жаңа полигонды салу үшін жауапты болады.
Маркетингтік зерттеудің негізгі қорытындылары
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен, сұрыптаумен, кәдеге
жаратумен және қайта өңдеумен байланысты міндеттерді кешенді
шешу тұрақты және жоғары өзектілік дәрежесіне ие.
Қазақстан қатты тұрмыстық қалдықтарыдң едәуір көлеміне ие,
олардың көп бөлігі полигондарда көміледі, ал ақйта өңдеуге
жіберілетін қалдықтардың үлесі аз.
МЖӘ механизмін тарту арқылы қатты тұрмыстық қалдықтарды
кешенді басқару жүйесін құру жоғары тиімділік, сенімділік дәрежесіне
ие, орындалатын жұмыстардың сапасын және елдің экологиялық
қауіпсіздігін арттыруға септігін тиігзеді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін құру жоспарлы және
тиімді мемлекеттік қолдаумен, оның ішінде МЖӘ механизмін тарту арқылы
тиімді бизнес-жоспар ретінде қарастырылуда.
Диаграммалардың тізімі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
110
ДИАГРАММАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
1-диаграмма 2017 жылдың қорытындылары бойынша қалдықтардың түзілу
көздері ......................................................................................................................... 64
2-диаграмма Қалдықтардың жылдық түзілу көлемінің динамикасы .................. 65
3-диаграмма 2018 жылдың қыркүйегінің соңындағы өз қызмет бағыты бойынша
қалдықтардың барлық түрлерін жинаумен және қайта өңдеумен айналасатын
тіркелген кәсіпорындардың таралуы (бірлік, %-бен үлесі) .................................. 66
4-диаграмма Жыл ішінде пайда болған және тіркелген қалдықтарды жинаумен,
қайта өңдеумен айналасатын кәсіпорындардың сандық динамикасы ................ 66
5-диаграмма 2018 жылдың қыркүйегінің соңындағы аймақтар бойынша
қалдықтардың барлық түрлерін жинаумен, өңдеумен және кәдеге жаратумен
айналасатын тіркелген кәсіпорындардың үлестік таратылуы (бірлік, %-бен
үлесі) ........................................................................................................................... 67
6-диаграмма
2017 жылдың қорытындылары бойынша коммуналдық
қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналасатын кәсіпорындардың
таратылуы ................................................................................................................... 68
7-диаграмма Аймақтар бойынша 2017 жылдың қорытындылары бойынша
коммуналдық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналасатын
кәсіпорындардың үлестік таратылуы (бірлік, %-бен үлесі) ................................. 68
8-диаграмма 2018 жылдың І жарты жылындағы қызмет түрі бойынша
қалдықтарды жинаумен, өңдеумен және кәдеге жаратумен айналасатын
кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер санының таратылуы
..................................................................................................................................... 69
9-диаграмма Қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату қызметін
ұсынатын кәсіпорындардағы жалдамалы жұмыскерлердің сан динамикасы..... 70
10-диаграмма Аймақтар бойынша 2018 жылдың І жарты жылындағы
қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату бойынша кәсіпорындарда
жалдамалы жұмыскерлердің санының үлестік таралуы (адам, %-бен үлесі) ..... 70
11-диаграмма Қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату бойынша
қызметтерді көрсететін кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы
жұмыскерлердің орташа айлық жалақысының динамикасы ................................ 72
12-диаграмма Аймақтар бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанында қалдықтарды
жинау, өңдеу және кәдеге жарату бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейтін
жалдамалы жұмыскерлердің орташа айлық номиналды жалақылары (теңге) . 73
13-диаграмма Жиналған және тасымалданған коммуналдық қалдықтардың
жылдық көлемінің динамикасы (өздігімен кәсіпорындарды ескермегенде) ...... 75
14-динамика Адам басына шаққандағы коммуналды қалдықтарды динамикасы
..................................................................................................................................... 75
15-диаграмма
Коммуналдық қалдықтардың түзілу көздері (өздігімен
шығаратын кәсіпорындарды есептемегенде) ......................................................... 76
16-диаграмма 2017 жылдың қорытындысы бойынша аймақтарға шаққанда
жиналған және тасымалданған қалдықтардың көлемінің үлестік таратылуы
(өздігімен шығаратын кәсіпорындарды есептемегенде) ....................................... 76
Диаграммалардың тізімі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
111
17-диаграмма 2017 жылы тасымалдау бағыттары бойынша коммуналдық
қалдықтар көлемінің таратылуы .............................................................................. 77
18-диаграмма Сұрыптауға, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және сақтауға келіп
түскен қалдықтардың көлемін тарату ..................................................................... 78
19-диаграмма Қалдықтар түрі бойынша сұрыпталған қалдықтардың көлемі .... 79
20-диаграмма 2017 жылы қалдықтар түрлері бойынша қайта өңдеуге жіберілген
қалдықтардың көлемі ................................................................................................ 79
21-диаграмма Пайдалану бағыттары бойынша 2017 жылдағы қалдықтар көлемі
..................................................................................................................................... 80
22-диаграмма 2017 жылы қалдықтар түрлері бойынша кәдеге жаратылған
қалдықтардың көлемі ................................................................................................ 80
23-диаграмма Бір адамнан қоқыстарды шығаруды төлеу үшін алынатын
тарифтердің динамикасы .......................................................................................... 82
24-диаграмма 2018 жылдың қыркүйек айының соңындағы ірі қалалар бойынша
бір адамнан қоқысты шығару үшін төлеу тарифі (теңге) ..................................... 83
25-диаграмма Қатты тұрмыстық қалдықтардың бағалық экспорт және импорт
динамикасы ................................................................................................................ 86
26-диаграмма Қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорты мен импортының
шынайы мәніндегі динамикасы ............................................................................... 86
27-қалдықтар Негізгі тауарлық позициялар бойынша шынайы мәніндегі қатты
тұрмыстық қалдықтардың экспорт көлемінің құрылымы (пайызбен) ................ 87
28-диаграмма Негізгі тауарлық позициялар бойынша шынайы мәніндегі қатты
тұрмыстық қалдықтардың импорт көлемінің құрылымы (пайызбен) ................. 87
29-диаграмма Негізгі тауарлық позициялар бойынша бағалық мәніндегі қатты
тұрмыстық қалдықтардың экспорт көлемінің құрылымы (пайызбен) ................ 88
30-диаграмма Негізгі тауарлық позициялар бойынша бағалық мәніндегі қатты
тұрмыстық қалдықтардың импорт көлемінің құрылымы (пайызбен) ................. 88
31-диаграмма Шынайы мәнінде қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт және
импорт көлемдері бойынша ірі мемлекеттер ......................................................... 89
32-диаграмма Бағалық мәнінде қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт мен
импорт көлемдері бойынша ірі елдер ..................................................................... 90
33-диаграмма Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық қалдықтардың
шынайы мәніндегі ресурстар мен пайдалану теңгерімі ........................................ 91
34-диаграмма Қазақстан Республикасындағы алдағы 5 жылда қатты тұрмыстық
қалдықтар нарығының сыйымдылық болжамы ..................................................... 92
Кестелердің тізімі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
112
КЕСТЕЛЕРДІҢ ТІЗІМІ
1-кесте ҚТҚ қайта өңдеу технологияларын салыстырмалы талдау ........................ 21
2-кесте Кәсіпкерлердің құзыреттілігін арттыру бойынша нысаналы көрсеткіштер
......................................................................................................................................... 36
3-кесте «Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату»
ЭҚЖЖ құрылымы ......................................................................................................... 62
4-кесте Үй шаруашылығы үшін тоқыма бұйымдарды өндіруге жататын СЭҚ ТН
сәйкес болатын СЭҚ ТН өнімдерінің тізімі ................................................................ 63
5-кесте Қалдықтардың түзілу көздері ......................................................................... 65
6-кесте Аймақтар бойынша қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату
бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлердің сан
динамикасы .................................................................................................................... 71
7-кесте Аймақтар бойынша қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату
бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлердің орташа
айлық номиналды жалақысының динамикасы .......................................................... 73
8-кесте Жиналған және тасымалданған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі
(өздігімен шығаратын кәсіпорындарды есептемегенде) ........................................... 77
9-кесте 2017 жылы аймақтар бойынша сұрыптауға, кәдеге жаратылған және
сақтауға келіп түскен қалдықтардың көлемі .............................................................. 81
10-кесте Қазақстан Республикасының ірі қалалары бойынша халық үшін қоқысты
шығару тарифтерінің динамикасы .............................................................................. 83
11-кесте Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда айналымының динамикасы
......................................................................................................................................... 85
12-кесте. Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық қалдықтардың СЭҚ ТН
сыртқы сауда айналымының динамикасы .................................................................. 85
13-кесте Негізгі тауарлық позициялар бойынша шынайы және бағалық мәніндегі
қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт және импорт көлемі ............................... 89
14-кесте Бағалық мәніндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың сыртқы сауда
қызметі бойынша негізгі серіктестер .......................................................................... 90
15-кесте Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің
жобаларын іске асыру (2018 жылдың 12 шілдесіндегі жағдайы бойынша) ......... 100
16-кесте Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің пайдасы ....................................... 101
17-кесте ҚТҚ жинау, сұрыптау және қайта өңдеу нарығының SWOT-анализі .... 108
Достарыңызбен бөлісу: |