Изображение государственного Герба Республики Казахстан


ГОСТ Р1) 51734-2001 Таулы бағыттарға арналған автокөлік құралдары. Техникалық талаптар



жүктеу 3,28 Mb.
бет2/6
Дата05.01.2018
өлшемі3,28 Mb.
#7048
1   2   3   4   5   6

ГОСТ Р1) 51734-2001 Таулы бағыттарға арналған автокөлік құралдары. Техникалық талаптар.


ГОСТ 30335-95 Халыққа көрсетілетін қызметтер. Терминдер мен анықтамалар.

ГОСТ 31286-2005 Жол көлігі. Негізгі терминдер мен анықтамалар. Жіктелуі.



Ескертпе: Осы стандартты пайдаланған кезде ағымдағы жылғы жай-күйі бойынша жыл сайын шығатын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар сілтемесі» атты ақпараттық сілтемелер және ағымдағы жылы жарияланған ай сайын шығатын ақпараттық сілтемелер бойынша сілтемелік стандарттар қолданысын тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы стандартты пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай жойылса, онда оған сілтеме берілген ережелер осы сілтемеге қатыссыз бөлімде қолданылады.

3 Терминдер мен анықтамалар

Осы ұйым стандартында ГОСТ 30335, ГОСТ 31286 белгіленген тиісті анықтамалары бар терминдер қолданылады, сонымен қатар тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:



Борттық журнал: [1] пішіміне сәйкес, рейсалды техникалық байқауды өткендігі және жүргізушінің рейсалды медициналық бақылауды өткендігі туралы белгісі қойылған, автокөлік құралында болатын, жергілікті атқарушы органдармен тіркелген және мөрімен бекітілген нөмірленген және тігінделген журнал.

Таулы бағдарлар: Жоспарда бағыты күрт өзгеретін автомобильдік жолдары бар және созыңқы бойлық еңістері бар тау бағдарлары және жиынтығында мынадай ерекшеліктері бар:

- бойлық еңісі 60 % артық және ұзақтығы 2 км және одан артық;

-  саны алты және одан көп жоспардағы 1 км қисықтарының радиусы 100 м кем;

- бойлық пішіндердің томпиған қисықтарының радиусы 1500 м кем және ішке ойықтары қисықтарының радиустары 1200 м кем;

- жол бетінің көрінетін қашықтықтары 60 м кем және қарсы бағыттағы автомобильдің көріну қашықтығы 120 м кем.

Диспетчерлік жүйесі - белгіленген бағдарлар бойынша жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын, автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақтылы уақыт тәртібінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе.

Жүргізушінің электронды картасы: Санды тахографпен жабдықталған көлік құралын жүргізген кезде, көлік құралын жүргізушіні анықтайтын және оның жұмыс істеу және демалу кезеңдері туралы мәліметтерді оқитын ақпарат тасымалдаушы.

Бағдар: Белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдау пункттері аралықтарында автобустың, микроавтобустың белгіленген жүру жолы.

Жолаушы: Қолында жол жүру билеті бар жеке тұлға.

Қауіпті телімдер: Автомобиль жолдарының жол көлік оқиғасына түсу қауіпі жоғары немесе қозғалыс тәртібі айтарлықтай өзгруімен байланысты телімдер.

Диспетчерлік жүйе операторы: Диспетчерлік жүйенің ұйымдастырылуын және қызмет етуін қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлға.

Тұрақты қатынастарда жолаушыларды тасымалдау: Техникалық нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай жабдықталған, жолаушыларды отырғызатын және түсіретін орындары бар белгілі бағдарлар бойыша жұмыстарының басталу және аяқталу уақыттары белгілі көлік құралдарының қозғалыс интервалдарына немесе кестеге сәйкес орындалатын жолаушыларды жүйелі түрде тасымалдау.

Тұрақсыз қатынастарда жолаушыларды тасымалдау: Іске асу шарттары тапсырыс берушімен тасымалдаушының арасындағы келісім бойынша әрбір жекеленген жағдайда анықталатын, жолаушылар автомобильін фрахтілеу келісімі бойынша жолаушыларды тасымалдау (бөгде ұйыммен жолаушыларды тасымалдау, оқушіларды, саяхаттаушыларды, серуендеушілерді, басқада шараларға қызмет көрсету және т.б.).

Рейс: Автобус, микроавтобус бағдарының басынан аяғына дейінгі жолы.

Бағдар схемасы: Аялдау пункттері, олардың арасындағы қашықтығы, сипатталған бағдарлары бар (жол айрықтар, қиылыстар, теміржол, көпір және тоннель өтпелері) графикалық шартты бейне.

4 Жалпы ережелер

4.1 Жолаушыларды тұрақты қалалық, қала маңы, қалааралық облысаралық және аудан аралық (қалааралық обылысішілік) қатынастарда, бағдарда жұмыс істеуге құқығын растайтын, жолаушыларды және жүкті, тұрақты республикаішілік автомобильдік тасымалдарға қызмет көрсетуге құқық беретін куәлігі бар, заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен іске асады.

Тұрақты халықаралық қатынастарда жолаушыларды тасымалдау, мыналары бар заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен іске асады:

- көрсетілген жолаушылар мен жүктер түрлерін тасымалдау құқығын беретін лицензия;

- халықаралық тасымалдарды іске асыруға рұқсат беретін құжаттар: бағдар және онымен қозғалу схемасы, жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильдік тасымалдаумен іске асыруға рұқсат беру құжаттары.

Жолаушыларды тұрақсыз қалалық, қала маңы, қалааралық облысаралық және аудан аралық (қалааралық обылысішілік) қатынастарда, бағдарда жұмыс істеуге құқығын растайтын, жолаушыларды және жүкті, тұрақты республика ішілік автомобильдік тасымалдарға қызмет көрсетуге құқық беретін куәлігі бар, заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен іске асады.

4.2 Тұрақты қатынаста республика ішімен жолаушылар тасымалдау, жүргізілген байқау процедуралар негізінде жергілікті атқарушы органмен автомобильдік тасымалдаушының жасасқан тұрақты қатынаста жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы келісіміне сәйкес орындалады.

4.3 Тұрақты қатынаста жолаушылар тасымалы жолаушыларды фрахтілеу келісімі бойынша немесе жолаушыларды автомобильдік тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісім бойынша орындалуы керек.

4.4 Тұрақты және тұрақсыз қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін жолаушылар автомобилі ретінде ГОСТ 31286 бойынша М1, М2 және М3 санатты автокөлік құралдары қолданылуы керек.

4.5 Тұрақты және тұрақсыз халықаралық қатынастарды жүргізген кезінде, жүргізушіде жолаушылардың аты, тегі және әкесінің аты және автобустағы аты көрсетілген тізім болуы керек. Жолаушыларды рейске отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын тегі, аты және әкесінің аты бар құжат негізінде, тізімде көрсетілген бойынша жүргізіледі.

4.6 Республика ішіндегі тұрақты жолаушылар тасымалын жүргізген кезде, байланыс құралын қолда отырып жол жүру билетін тарату, электронды билетте басылған, тегін, атын, әкесінің атын көрсетумен жүргізеді.

5 Тұрақты жолаушылар тасымалы

5.1 Автомобильдік тасымалдаушыға қойылатын талаптар

5.1.1 Тұрақты жолаушылар қатынасында жолаушыларды тасымалдауды жүргізу үшін, автомобильдік тасымалдаушыда төмендегілер болуы керек:

– жүргізілетін тасымалдар түріне байланысты 4.1 және 4.2 көрсетілген құжаттар;

– жүргізушінің жолаушылар автобусын басқарған ағымдағы аптаға және өткен аптаның соңғы күніне электронды картасы (егер автобус санды тахографпен жарақталған болса) немесе тахографтың/тахограмманың тіркейтін беттері (егер автобус аналогтық тахографпен жабдықталған);

– өндірістік базасы немесе жүргізушіні медициналық бақылауға және жолға шығар алдында автобустардың техникалық күйіне тексеру жүргізуге, сақтауға және қызмет көрсетуге арналған, сонымен қатар жүргізушілермен профилактикалық және оқу жұмыстарын жүргізуге арналған келісім шарты болуы керек [1];

– автобусты басқаруға арналған рұқсаты бар жүргізушілер [1, 2];

– осы стандартта қарастырылған қызметтерді орындауға арналған мамандар, немесе осы қызметтерді орындауға құзыретті ұйымдармен келісім шарттар [1];

– «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламенті, ҚР СТ 41.36, ҚР СТ 41.52, ҚР СТ 1040 талаптарына жауап беретін, автобустың санатына және сыныбына байланысты автобустар (5.2.3; 5.2.4 қара).

5.1.2 Автомобильдік тасымалдаушылар автобус водительін қаматамасыз етуілері керек, ал автобус жүргізушісі төмендегідей құжаттарға ие болуы керек:

– Жолаушылар мен жүктерді тұрақты республикаішілік автомобильдік тасымалдауда бағыттарға қызметтер көрсетуге құқық беретін куәлігі және куәлікке қосымшамен (автобустар туралы мәліметтер);

– Қазақстан Республикасы жол қозғалыс ережелеріне сәйкес көлік құралын (автобусты) тіркеу туралы куәлік [2];

– ҚР СТ 1811 бойынша міндетті техникалық тексеруден өту туралы куәлік;

– [3] талаптарына автобустардың сәйкестігін растайтын көлік құралына санитарлы-эпидемиологиялық қорытындын: салондарға арналған әрлеу материалдарына, оралрдың механикалық әсерлерге, жуу және дезинфекциялаушы құралдардың әсеріне төзімділік шарттары бойынша; суық кезеңде салондағы (кабинадағы) ауа температурасы; салондағы салыстырмалы ылғалдық; салонға (кабинаға) шаңның кіруін болдырмайтын, ауа тазалау жүйесінің сүзгісінің болуы; кабинаның жарықтылығы; жолаушылар салонында (кабинасында) дірілдің гигиеналық нормаларының параметрлері; салондағы шу деңгейіне; аспаптар шкаласының жарықтылығына;

– белгіленген пішіндегі жол қағазы [1];

– көлік құралы иесінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімін жасағанын растайтын, сақтандыру куәлігі (сақтандыру полисі) [4];

– жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімін жасағанын растайтын сақтандыру куәлігін (сақтандыру полисі), немесе тасымалдаушымен расталған оның көшірмесін [4];

– бағдар схемасының көшірмесі [1];

– автобус қозғалысының кестесі [1];

– жүргізушінің газбаллонды көлік құралымен қауіпсіз жұмыс істеуіге оқудан өткендігі туралы куәлік және газды отында жұмыс істеу үшін көлік құралының қайтажабдықталғандығы туралы және баллондардың куәландырылғандығын өткендігі туарлы куәлік (сығылған және сұйытылған газда жұмыс істейтін автобустарда тасымалдарды орындау кезінде) [1].

5.1.3 Автомобильдік тасымалдаушы жүргізушінің жеке медициналық бақылаудан Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес [5] рұқсаты бар, лицензиясы бар және тиісті штампы бар медициналық жұмыскерден өтуін қамтамасыз етуі керек, медициналық лицензиясында аты, тегі, әкесінің аты көрсетілген болуы керек (ары қарай – медициналық жұмыскер), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Көлік және комммуникация министрлігімен [6] және ҚР СТ 1811 белгіленген тәртіпте, жолға шығар алдында автобустың техникалық күйін тексеруден өткізуді қамтамасыз етуі керек.

5.1.4 Тасымалдаушыға рейске шығар алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушілерді және рейске шығар алдындағы техникалық бақылаудан өтпеген автобусты жолға шығаруға рұқсат етілмейді.

5.1.5 Автомобильдік тасымалдаушы [2] сәйкес жол қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі және жолаушылар мен жүкті (қол жүгін) қауіпсіз тасымалдау бойынша оқу және профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыруы керек.

5.1.6 Автомобильдік тасымалдаушыда тұрақты қалалық жолаушылар тасымалынан басқаларында, ескертулер мен ұсыныстар кітабы болуы керек.

5.1.7 Автомобильдік тасымалдаушы көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын талдауына (анкета, сауалнама және т.б.), сонымен қатар жолаушылардың арыздарыны мен ұсыныстарының есебін жүргізуі керек.

Жолаушылар тасымалында кемшіліктер анықталған кезде автомобильдік тасымалдаушы, оларды тудырған себептерді жоюға шаралар қолдануы керек, сонымен қатар жұмыс сапасын арттыру бойынша шараларды жоспарлауы және іске асыруы керек.

5.1.8 Жолаушылар мен жүктерді тұрақты автомобильдік тасымалдауды іске асырған кезде, тасымалдаушы жүргізушінің рейс алдындағы медициналық тексеруден өткендігі туралы және автокөлік құралының техникалық бақылаудан өткендігі туралы белгілері бар рейс немесе ауысымға тасымалдаушымен рәсімделінетін, автокөлік құралында жолдама қағаздарының болуын қамтамасыз етуі керек [1].


5.2 Автобусқа қойылатын талаптар

5.2.1 Автобус белгіленген тәртіптк рәсімделген және тіркелген болуы керек, тіркеу белгісі, [6] бойынша жоспарлы техникалық қызмет көрсетілгендігі туралы белгісі болуы керек, ҚР СТ 1811 бойынша міндетті техникалық бақылаудың және [1] талаптарына сәйкес рейс алды (ауысым алды) техникалық бақылаудан өткендігі туралы.

5.2.2 Автобус көлік құралын дайындаушының техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес болуы керек, сонымен қатар «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламенті және ҚР СТ 41.36, ҚР СТ 41.52.

5.2.3 Тұрақты қалалық және қаламаңы автомобильдік тасымалдар бағыттарында екіден кем емес есігі бар, қалалық автобустарды (ҚР СТ 41.36 бойынша I сынып), микроавтобустарды, сонымен қатар тұрақты қала маңы автомобильдік тасымалы бағдарларында халықаралық автобустарды (ҚР СТ 41.36 бойынша I сынып) қолдануға рұқсат етіледі.

5.2.4 Тұрақты халықаралық облыс аралық және халықаралық автомобильдік тасымал бағдарларында халықаралық автобустар ( II сынып ) немесе алыс жолдық автобустар (III сынып) қолданылуы керек. Бұл бағдарлдардың ұзақтығы 300 км дейін болғн кезінде, республикалық маңыздағы жолдар бойынша, микроавтобустарды қолдануға рұқсат етіледі.

5.2.5 Халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен тұрақты жолаушыларды тасымлдау бағдарларында, көрсетілген тасымал түрлерін іске асыруға құқық беретін лицензиясы бар тасымалдаушылар жіберіледі;

5.2.6 Тұрақты қалаларалық облысаралық және халықаралық жолаушылар және жүкті тасымалдау бағдарларында қолданылатын автобустар мен микроавтобустар, тасымалдарды жүрген кезінде нақтылы уақыт тәртібінде байланыс арналары бойынша үздіксіз мәліметтер беретін құрылғылармен жабдықталады.

5.2.7 Ұзақтығы 150 км артық республикалық маңыздаға жолдарда жолаушылар мен жүкті тұрақты қалааралық және халықаралық бағдарлардағы автомобильдік тасымалдарда қолданылатын автобустардың орындықтары жұмсақ және арқалары шалқайтылатын болуы керек.

Бұл талаптар бағдарлары таулы аймақтармен өтетін, үлкен орамдары бар және бұрылу бұрыштары аз, немесе үлкен асулары бар, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдарға таралмайды.

Егер бағдардың ұзақтығы 500 км артық болатын болса, онда автобус салонында ауыстыратын-жүргіуші орны қарастырылуы керек.

5.2.8 Таулы бағдарларда ГОСТ Р 51734 талаптарына жауап беретін автобустар пайдаланылады; Жортуы 500 км асатын немесе күрделі жөндеуден өткен автобустарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Таулы аймақтарды пайдаланылатын автобустар, алдыңғы тұманға қарсы фаралармен және қосымша артқы жүріс фараларымен жабдықталулары керек, ал шина қатпарларының суреттерінің биіктігі 3,0 мм кем болмауы керек.

5.2.9 Автобус салоны жолаушы киімін немесе жүгін (қол жүктерін) былғамайтын немесе бүлдірмейтін болуы керек. Күнделікті ауысым аяқталғаннан кейін автобусты пайдалану процесінде жолаушылар тасымалының санитарлы-гигиеналық шарттарын қатамасыз ету үшін, жуғыш және дезинфекциялаушы құралдардың көмегімен шанақты сыртынан және салонды ылғалды жуу жүргізілуі керек.

5.2.10 Автобус орындықтарының немесе арқаларын шалқайтуды реттеу механизмдері жұмыс істеп тұруы керек.

5.2.11 Автобуста болатындар:

- Қзақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің талаптарына жауап беретін, қажетті дәрілер жинағы мен медициналық құралдары бар медициналық дәрі қобдишасы (автокөліктік);

- апаттық тоқтау белгісі [2];

- жұмыс істейтін өрт сөндіретін құралдар [2];

- жол-көлік оқиғасы кезінде апаттық люктерді, есіктерді, терезелерді ашу үшін және әйнектерді алу үшін ҚР СТ 41.36, ҚР СТ 41.52 тиісінше үлкен және аз сыйымдылықты автобустар үшін тиісті құралдары болуы керек және олардың ақпараттық тақтайшалары болуы керек.

5.2.12 Автобуста болатындар:

– жинақтаушы алаңқайлар және салонда таянғышатар (тұрақты қатынаста қалалық және қаламаңы тасымалдарын орындайтын, максималды массасы 5000 кг артық автобустар үшін);

– жолаушыларға арналған орындықтарының саны автобустың техникалық сипаттамасымен белгілегеннен артық емес;

– жүргізушінің жұмыс орнын және салонын жылытқыш;

– бапалдақтарды іштен жасанды жарықтандырғыштар;

– қызметтік және қосалқы есіктерге (егер ол автобус құрылысымен қарастырылса) еркін жетімділік;

– тиісінше үлкен және аз сыйымдылықты автобустар үшін ҚР СТ 41.36, ҚР СТ 41.52 сәйкес ақпараттық жазулар мен пиктограммалар;

– жолаушылар отыруға арналған орындар нөмірлемесі (қаламаңы, қалааралық тасымаларды орындау үшін қолданылатын автобустарда);

– 5.2.19-5.2.31 талаптарына сәйкес бағдар жолын көрсеткіштер;

– отыратын орындар саны 22 артық М3 санатты механикалық көлік құралдарын ақпараттандыруға арналған радиожүйе.

5.2.13Жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильдік тасымал кезінде пайдаланылатын, автобус салонының алдыңғы бөлігінде мүгедектерге, зейнеткерлерге, екіқабат әйедерге, оқушыларға арналған орындар қарастырылуы керек. Осы орындардың қасында олардың арналымын көрсететін ақпараттық таблолар орналасуы керек.

5.2.14 Жолаушылар мен жүкті қалааралық облысаралық және халықаралық бағдарларда автомобильдік тасымалдарда пайдаланылатын автобуытар мен микроавтобустар жүкті бөліктерге, сонымен қатар қосалқы дөңгелекпен және домкратпен жиынтықталуы керек.

5.2.15 Төмендегілерді іске асыру кезінде пайдаланылатын автобустар тахографтар мен видеорегистраторлармен жабдықталуға жатады:

1)  жолаушылар мен жүкті халықаралық автомобильдік тасымалдарды;

2) жолаушылар мен жүкті қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобильдік тасымалдарда;

5.2.16 Диспетчерлік қызметтермен байланыстыратын және спутниктік сілтеуіш құрылғыларымен жабдықтауға, бағдарларында диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жалғанған автобустар жатады.

5.2.17 Автобус салонының жүргізуші кабинасының жанында , төмендегідей ақпараттар орналасуы керек:

1) тасымалдаушының толық атауы;

2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының байланыс телефондарының нөмірі;

3) аймақтық жол полициясы, көлік бақылау органдарының және медициналық қызметтердік нөмірлері;

4) бағдар схемасының көшірмесі;

5) жол жүру бағасы туралы мәліметтер. Тұрақты маршруттар үшін (қалалық маршруттардан басқа) баратын қашықтығына байланысты жол жүру және жүкті тасу құнының кестесі болуы керек;

6) төленбеген жол және/немесе тасылған багажға айыппұлдың мөлшері;

7) жолаушылар құқықтары мен міндеттері.

5.2.18 Отыруға арналған орындарды нөмірлеу қаламаңы, қалааралық және халықаралық қатынастағы автобустарда жүргізіледі және төбесінің ішкі қаптамаларының бүйірлік және артқы жақтарына жүргізіледі немесе багаж сөрелерінің бүйірлік жақтарына жүргізіледі.

Сандар биіктігі 30 мм кем болмауы керек, ені – 15 мм, сызық қалыңдығы – 4 мм.

5.2.19 Балалы жолушылар мен мүгедектерге арналған орынды көрсететін тақтайша тиісті орындарға қарсы орнатылуы керек.

5.2.20 Бағдар схемасы автобус салонының ішінде орналасуы керек. Қаланың бағдар схемасы күрделі кезінде, барлық аялдама пункттері көрсетілген нақты бағдар схемасымен уаыстыруға рұқсат етіледі.

5.2.21 Жолаушылардың құқықтары мен міндеттері жайлы ақпарат автобус салонының ішінде, әріптерінің биіктігі 4 мм кем болмайтындай етіп ақ фонда қара бояумен басылуы керек және төмендегідей міндетті талаптардан тұруы керек:

– жолушылардың кіріп-шығу тәртібі;

– жолушылардың жүру тәртібі;

– жолушылардың құқығы, міндеттері және жауапкершілігі.

5.2.22 Ақпараттық тақтайшалардың фоны ақ түсті, ақпараттық жазбалардың түсі қара болуы керек. Пиктограммалардың түстері – қара-ақ немесе түрлі түсті.

5.2.23 5.2.17 тармақтарының 1-3) тармақшаларын талдау бойынша ақпараттар өлшемі (110 × 200) мм, әріптері мен сандарының биіктігі 10 мм кем болмайтындай болатын кестеге жазылуы керек.

5.2.24 Жолаушылар көлік құралының салонынындағы жарнамалық ақпарат, соған арналған арнайы бекітілген планшеттерде орналастырылуы керек және жүргізушінің шолулығына кедергі болмауы керек.

5.2.25 Тұрақты қатынастарда қалалық және қаламаңы жолаушылар тасымалын орындайтын автобустардың шанағының оң жақ бүйірлік панельінде деколкомания әдісімен немесе трафареттің (бояу, шанақ түсіне реңді) көмегімен «Кіру» және «Шығу» , егер жолаушылардың кіріп-шығуы, кіретін есік жақта валидатор болған кезінде әртүрлі есіктерден жүзеге асатын болса. «Кіру» және «Шығу» белгілері, есік қуысынан 50 мм артық емес горизонталь бойынша терезе астында орналастырылады.

«Кіру» және «Шығу» белгілерінің пішіндері А Қосымшасында келтірілген, ал олардың автобус шанағына жүргізілуі – Б Қосымшасында келтірілген.

5.2.26 Тұрақты тасымалдау жолаушылар тасымалын орындайтын автобустар, жүретін бағдарларын көрсеткіштермен жабдықталуы керек (ары қарай - көрсеткіштер).

5.2.27 Көрсеткіштер бағдарлардың нөмірі немесе атауы туралы, бастапқы, соңғы және негізгі аралық ялдау пункттері туралы ақпараттардан тұруы керек.

5.2.28 Көрсеткіштер электронды табло ретінде, қатты материалдардан жасалған планшеттер немесе ақ түсті майысқақ материалдан жасалған таспа түріндегі ақпаратты ауыстыратын орамды құрылғылар болса. Жолаушылар көлік құралында электронды табло істен шыққан кезінде, бағдарларды планшетті көрсеткіштер орнатылуы керек.

Бағдарларды көрсеткіштер электронды табло және планшетті түрде болуына рұқсат етіледі.

5.2.29 Автобустардың алдыңғы көрсеткіштерінде, сол жағынан – бағдар нөмірін және ары қарай бастапқы және соңғы пункттер бағдарларын көрсетеді.

5.2.30 Жолаушылар көлік құралының құрылымымен қарастырылған, арнайы қуысқа алдыңғы көрсеткішті орнатады. Қуыс болмаған жағдайында - ҚР СТ 41.125 сәйкес жүргізуші орнынан қажетті шолулық талаптарын қамтамасыз ететін жағдай кезінде жүру бағыты бойымен оң жақтан желдік әйнектің арғы жағында салон ішінде арнайы құрылғыда орналастырылуы керек.

Алдыңғы көрсеткіштер ретінде (соның ішінде электронды табло ретінде) қызыл түсті және (немесе) қызыл түсті шағылдыратын бағдар көрсеткіштерді қолдануға рұқсат етіледі.

5.2.31 Жолаушылар көлік құралдарында орналасу орнына байланысты алдыңғы, бүйірлік және артқы болып бөлінеді.

Әріп биіктігі жазбадағы әріп санына байланысты максималды болуы керек.

Автобустың алдыңғы көрсеткіштерінің өлшемдері – (200 × 900) мм, сандар биіктігі – 120 мм кем емес, бастапқы және соңғы пунктер атауының әріптері – 75 мм кем емес, сызық қалыңдығы – 15 мм кем емес.

М2 санатты автобустар үшін көрсеткіштері өлшемдері – (150 × 700) мм (сандар биіктігі – 100 мм кем емес, әріптер биіктігі – 75 мм кем емес, сызық қалыңдығы – 10 мм кем емес) немесе (280 × 400) мм.

Егер қуыс немесе арнайы құрылғы барлық ақпаратты сыйғызуға мүмкіндік бермесе, тек қана бағдар нөмірін жүргізуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда көрсеткіш өлшемі (200 × 270) мм кем емес, сандар биіктігі 220 мм, бір санның ені 220 мм және сызық қалыңдығы 30 мм болады.

5.2.32 Бүйірлік көрсеткіштерді жолаушылар көлік құралының құрылымымен қарастырылған арнайы қуыстарға орнатқан жөн.

Автобустарда қуыстар болмаған жағдайында, бүйірлік көрсеткіштерді автобус салоны ішінде терезе қуысында арнайы құрылғы көмегімен орнатылады:

а) бір есікті автобустарда – есіктен кейінгі бірінші терезенің оң жақ төменгі бұрышында;

б) екі есігі бар автобустарда:

– қалалық бағдарларда – екінші есіктің алдындағы бірінші терезе қуысының сол жақ төменгі бұрышында;

– қаламаңы бағдарларында – бірінші есіктен кейінгі бірінші терезе қуысының оң жақ төменгі бұрышында;

– халықаралық бағдарларда – бірінші есіктен кейінгі бірінші терезенің қуысында арнайы ұстатқышта;

в) үш немесе оданда көп есіктері бар автобустарда – екінші есіктен кейінгі бірінші терезенің оң жақ төменгі бұрышында, электронды таблолармен жабдықталған автобустарда (электронды табло істен шыққан кезде және арнайы қуыста көрсеткішті орнату мүмкін болмаған кезде), - екінші есіктің алдындағы бірінші терезенің қуысында.

5.2.33 Бүйірлік көрсеткіште сол жағында – бағдар нөмірі және ары қарай – бастапқы, соңғы және бір немессе бірнеше жолаушыларды ең көп құрайтын аралық бағдар пункттерін, сонымен қатар жол жүру ақысын (экспрессті тұрақты қатынаста қалалық жолаушылар тасымалын жүргізетін).

Жазудағы әріптердің санына қарай әріптердің биіктігі максималды болуы керек.

Автобустардың бүйірлік көрсеткіштерінің өлшемдері - (270 × 900) мм, сан биіктігі – 220 мм кем емес, бағдардың бастапқы және соңғы пункттерінің атауы әріптерінің биіктігі – 75 мм кем емес, сызық қалыңдығы – 15 мм кем емес, аралық пункт атауы әріптерінің биіктігі – 35 мм кем емес, сызық қалыңдығы – 7 мм кем емес.

М2 санатты автобустар үшін көрсеткіш өлшемдері - (150 × 700) мм (сандарының биіктігі – 100 мм кем емес, бағдардың бастапқы және соңғы пункттері атауының әріптерінің биіктігі – 75 мм кем емес, сызық қалыңдығы – 10 мм кем емес) немесе (280 × 400) мм.

5.2.34 Артқы бағдарлар көрсеткішін жолаушылар көлік құралының құрылымымен қарастырылған арнайы қуыстарда орнатқан жөн, немесе көлік құралының жүріс бағытына бойымен артқы әйнектің оң жағында немесе ортасында арнай құрылғыларда орнатылады.

5.2.35 Артқы көрсеткіштерде тек қана бағдар нөмірі жазылады.

Бағдар нөмірі (200 × 270) мм өлшемдері (200 × 270) мм, сандарының биіктігі 220 мм, бір сананың ені 120 мм және сызық қалыңдығы 30 мм өлшемді тақтайшада орындалуы керек.

Тұрақты қатынаста қаламаңы, халықаралық және халықаралық жолаушылар тасымалын орындайтын автобустарда артқы көрсеткіштері орнатылады.

5.2.36 Жүру бағдарларының көрсеткіштері орнатылатын орындар Б Қосымшасы келтірілген.

5.2.37 Көрсеткіштердегі жазу Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде орындалады және орыс тілінде қайталануы мүмкін.

5.2.38 Жүру бағдарларының алдыңғы және артқы көрсеткіштерінің жарықтандырулары, сонымен қатар бағдардың барлық көрсеткіштерінде ақпараттық жазулардың өлшемдері олардың тәуліктің қараңғы және жарық уақыттарында оқылуы қамтамасыз етілуі керек: алдыңғы және артқы көрсеткіштерінде – 15 м кем емес қашықтықтан, бүйірлік көрсеткіште – 3 м қашықтықтан.

Ақпараттардың оқылуын тәуліктің жарық және қараңғы уақыттарында анықтайды.

5.2.39 Мәтінді ойылған трафареттер көмегімен жазу кезінде технологиялық үзіктерді бояу керек.

Тұрақты қатынастарда халықаралық жолаушылар тасымалын орындайтын автобустар үшін, көрсеткіштердегі жазуларды екі тілде жазады – мемлекеттік және баратын мемлекет тілінде.
5.3 Автобус жүргізушісіне қойылатын талаптар

5.3.1 Жолаушылар тасымалын орындауға қатысатын автобус жүргізушісі жолаушылар тасымалын орындау үшін «D» (немесе «D» және «Е» буынды автобусты басқару үшін) санатты механикалық көлік құралын басқаруға құқық беретін куәлігі болуы керек.

5.3.2 Жолаушылар автомобильінің жүргізушісі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында құзіретті органмен белгіленген тәртіпте медициналық қайта куәландырудан қайта өтуі керек.

5.3.3 Жүргізуші рейске шығардан отыз минут бұрын жолдама қағазды немесе ернеулік журналды ұсынғаннан кейін, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатын ұсынғаннан кейін рейс алды (ауысым алдындғаы) медициналық бақылаудан өтуі керек.

5.3.4 Сырқаты, ауырудың объективті белгілері және ағзаның функционалды күйі бұзылғаны байқалмаған жүргізуші автокөлік құралын басқаруға жіберіледі.

5.3.5 Медициналық жұмыскер ернеулі журналдың тиісті графаларына мөр қояды – жүргізушілер жолаушылар мен жүкті тұрақсыз тасымалдауды жүргізген кезінде, және жолдама қағазын – тұрақты жолаушылар тасымалын жүргізген кезде.

Мөрде бақылаудан өткендігі туралы және медициналық жұмысшының қолы қойылады [1].

Бір күн ағымында бірнеше рейістерді орындау қажет болған жағдайда, рейс алды медициналық бақылау бір рет қана жүргізіледі және бірінші рейс алдында.

5.3.6 Жүргізушіге рұқсат етілмейтіндер:

1) мас күйінде (алкагольді, нашақорлық немесе басқа), назар мен реакциясын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен, сонымен қатар жол қозғалыс қауіпсіздігіне қатерге төндіретін сырқаттанған және шаршаған күйде автокөлік құралын жүргізуге;

2) спирттік ішімдіктерді және кабинада және автобус салонында темекі тартуға;

3) мастық күйіне куәландыру жүргізгенге дейін автокөлік құралын басқарудан шеттетілгеннен кейін алкогольды ішімдіктер, наркотиктік және психотропты заттарды қабылдауға;

4) уәкілетті органмен автокөлік көлігі саласында белгіленген мерзімде міндетті бақылауды өтпеген немесе істен шыққан автокөлік құралдарын пайдалануға;

5) иесі заңнамада белгіленген көлік құралы иесі жауапкершлігін міндетті сақтандыру келісімін және/немесе жолаушылар алдында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімін жасамаған жағдайда көлік құралын пайдалануға;

6) белгіленген тәртіпте тіркелмеген және мемлекеттік тіркеу нөмірлері болмаған жағдайда немесе олардың тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайда автокөлік құралын басқаруға;

7) ластану деңгейі жүргізуші орнынан шолулығын, сыртқы айналар арқылы артқы көріністі, сыртқы жарықтандыру аспаптарының тиімділігі төмен, сонымен қатар автокөлік құралын тіркеу туралы куәлікке енгізілген мемлекеттік нөмір белгісін және автокөлік құралының түсін анықтауға кедергі болатын автокөлік құралын пайдалануға;



8) автокөлік құралын басаруды жолдама қағазда көрсетілмеген тұлғаларға, жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаларға беруге, мас күйінде, назар мен реакциясын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен, сонымен қатар жол қозғалыс қауіпсіздігіне қатерге төндіретін сырқаттанған және шаршаған күйдегі тұлғаларға, сонымен қатар осы санатты автокөлік құралын басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаларға, бірақ жүргізуді үйреніп жүргендерден басқа беруге;

9) ұйымдасқан колонналарды қиюға (жаяу жүргіншілерді қоса) және олардың арасынан орын алуға;

10) автокөлік құралын басқаруда телефонмен қолдануға;

11) тежегіш жүйесі істемейтін немесе рульдік басқарғышы істемейтін, ілмекті құрылғысы істемейтін (автопоезд құрамында), сонымен қатар жасанды жарықтандырғыштары жоқ жолдарда тәуліктің қараңғы уақыттарында немесе көрінуі жеткіліксіз жағдайларда – жанбайтын (жоқ) фарлармен және (немесе) артқы габаритті жарықтарымен, жауын-шашын немесе қар кезінде жүргізуші жағынан әйнек тазалағышы істемейтін автокөлік құралдарын басқаруға.

5.3.7 Жолаушыларға қызмет көрсетер кезде автобус жүргізушілер және кондукторлар, қарым-қатынас кезінде сыпайы және оларға нормативті лексикамен мемлекеттік және орыс тілдерінде түсіндрулері керек.


5.4 Тұрақты қатынаста жлолаушыларды тасымалдаудың технологиялық процессіне қойылатын талаптар

5.4.1 Тұрақты қатынаста жлолаушыларды тасымалдаудың технологиялық процес талаптармен регламенттелінеді [1].

5.4.2 Тұрақты республика ішілік жолаушыларды және жүкті автомобильдік тасымалдау жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылады.

5.4.3 Тұрақты республика ішіндегі жолаушылар мен багажда автомобильдік тасымалдау, [1] сәйкес жергілікті атқарушы орган мен тасымалдаушы арасында жасалатын, жолаушылар мен жүкті тиісті тұрақты автомобильдік тасымалдарды ұйымдастыру келісім негізінде көрсетілген бағдарларға қызмет көрсетуге құқық беретін байқауда жеңген тасымалдаушымен іске асады.

5.4.4 Тұрақты қалалық (ауылдық) және қаламаңы жолаушыларды және жүкті автомобильдік тасымалдау, азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстары бойынша, жолаушылар ағынын талдау және жолаушылар көлігін дамытудың бекітілген кешенді схемасының негізінде құрылатын, жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен бекітілген бағдарлар желісі бойынша іске асырылады.

5.4.5 Тұрақты халықааралық облысаралық бағдарларда тиісті облыстардың, республикалық маңыздағы қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша автомобиль көлігі саласында құзіретті органмен [1] сәйкес қозғалыс кестесі бекітіледі.

5.4.6 Тасымалдаушы (жүргізуші) жолаушылар мен багажда республикаішілік автомобильдік тасымалдарда бағдарларды пайдалануға құқық беретін куәліктің тасымалдауды ұйымдастырушымен расталған көшірмесін пайдалануға құқылы.

5.4.7 Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық (ауылдық) және қаламаңы автомобильдік тасымалдарды жүргізген кезде, тасымалдаушы талабы жергілікті атқарушы органмен белгіленетін біркелкі формалы киіммен жүргізушілерді және кондукторларды қамтамасыз етуі керек.

5.4.8 Жолаушылар мен жүкті тұрақты қаламаңы автомобильдік тасымалын жүргізген кезде, [1] сәйкес қала ішінде жолаушылар мен жүкті тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Осы кезде қала аумағылнда елді мекендер арасында қаламаңы қатынасында жүретін жолаушыларды отырғызуға және түсіруіне болады. Жолаушылар мен жүкті қаламаңы автомобильдік тасымалында жолаушыларды түсіруге және отырғызауға аялдау, қаланың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша жергілікті атқарушы органмен анықталады.

5.4.9 Жолаушылар мен жүкті тұрақты қалалық (ауылдық) және қалалық автомобильдік тасымалдардың бағдарлық желісі, бағдарлардың қайталануын минималдайтындылығын, сонымен қатар бір бағдардың екіншісінің үстіне қабаттасуын минималды болуын қамтамасыз ететіндей етіп құрылады.

5.4.10 Жолаушылар мен жүкті тұрақты қалалық (ауылдық) автомобильдік тасымалдар бағдарында микроавтобустарды қолдануды анықтау, аз жолаушылар ағынымен негізделінеді, осы кезде микроавтобусты қолдануда бағдарлардың ұзақтығы жолаушылар мен жүкті тұрақты қалалық (ауылдық) автомобильдік тасымалдарда, бағдарлық желілердің жалпы ұзақтығының отыз пайызынан аспауы керек.

Жалпы қолданыстағы бағдарларға микроавтобустармен қызмет көрсетілетін, бағдардың аялдамасын салу 25% артық болмауы керек.

5.4.11 Жолаушылар мен жүкті тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобильдік тасымалдар, алыс ауылдық елді мекендердің тұрғындарына көліктік жетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін, жолушылар ағынын талдау негізінде құрылатын, сонымен қатар ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары бойынша, жергілікті атқарушы органдардың бекітілген бағдарлық желілері бойынша жүргізіледі.

5.4.12 Бағдармен төрт жүзден артық километр тоқтаусыз қозғалған жағдайда тасымалдаушы демалыс және жолаушылардың қажеттілігін қамтамасыз ететін он минуттан кем емес технологиялық аялдамаларды қарастыруы керек. Технологиялық аялдамаларда жолаушыларды отрғызуға рұқсат етілмейді.

5.4.13 Қазақстан Республикасымен қолқойылған халықаралық келісімдермен реттелмеген бөлімінде, жолаушылар мен жүкті тұрақты халықаралық автомобильдік тасымалдар бағдары бойынша жүру реті, осы стандартпен және [1] реттелінеді және жолаушылар мен жүктің тұрақты автомобильдік тасымалдарының бағдары бойынша жүру тәртібіне сәйкес келеді.

5.4.14 Жолаушылар мен жүкті тұрақты халықаралық автомобильдік тасымалдарды іске асыру кезінде Қазастан Республикасының территориясында пункттер арасында жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілмейді.

5.4.15 Тұрақты қатынаста, жолаушыларды тасымалдауға арналған автобус [1] талаптарына сәйкес бағдардың аялдамалық пунктіне берілуі керек.

Автобусқа бірінші болып кезектен тыс отыратындар мүгедектер, зейнеткерлер, мектеп жасына дейінгі балалы жолаушылар.

5.4.16 Тұрақты қатынаста қалалық және халықаралық жолаушылар тасымалы кезінде жүкті тасымалдау және сақтау [1] сәйкес іске асырылуы керек.

5.4.17 Тұрақты қатынаста қалалық және қаламаңы жолаушылар тасымалында, қозғалыс кестесінде қарастырылған, уақытқа қатысты 3 мин ерте емес және 5 мин артық кешікпей келуіне рұқсат етіледі.

5.4.18 Тұрақты қатынаста халықаралық жолаушылар тасымалында, қозғалы кестесінде қарастырылған уақытқа қатысты 5 мин ерте емес және 10 мин кем емес кешікпей келуіне рұқсат етіледі.

5.4.19 Бағдардың аялдамалық пункттерде жұмыс күндері, демалыс және мейрам күндеріне арналған тәулік кезеңдері бойынша.

5.4.20 Тұрақты қатынаста қалааралық және қаламаңы жолаушылар тасымалын іске асырған кезде жолаушыларға қызмет көрсеткен кезінде, осы елді мекен бойынша автобус қозғалысының тасымалдау шарты және кестесі туралы ақпарат ілінуі керек.

5.4.21 Тұрақты қатынаста қалалық жолаушылар тасымалын іске асырған кезде осы және келесі аялдамалық пункттер атауы туралы жолаушылардың ақпараттандырылуы керек.

5.4.22 Автобустар жолаушылардың қауіпсіз кіріп түсуін қамтамасыз ететін, есіктердің ашылуын және жабылуын қадағалау қамтамасыз етілуі керек.

5.4.23 Тұрақты бағдарды қамтамасыз ететін автобус жүргізушісінің еңдегін және демалысын ұйымдастыру [1] талаптарына сәйкес болуы керек.

6 Тұрақсыз жолаушылар тасымалы

6.1 Автомобильдік тасымалдаушыға қойылатын талаптар

6.1.1 Автомобильдік тасымалдаушы 5.1.1; 5.1.3-5.1.7 ұқсас талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.

6.1.2 Тұрақсыз тасымалдар заңды және жеке тұлғалардың бір реттік тапсырысымен іске асады.

6.1.3 Бір реттік тасымалдар, тиісті автокөлік құралдарына қозғалу рұқсат етілген жол желісі және жол құрылыстары бойынша белгілі белгілі бір кезең ағымында келісім негізінде іске асырылады. Тасымалдауды жүргізер алдында тасымалдаушы алдын ала зерттеулер жүргізеді, соның ішінде жол қызметкерлерінен және жол полициясы органдарынан тасымалдау жүргізілетін бағдарда жолдың және жол құрылыстарының жйы жайлы сұрастыру жүргізеді.

6.1.4 Бір реттік жолаушылар мен жүкті тасымалдау, екі пункттің арасында, немесе бағыттың біреуінде жолаушлар алмай, бастапқы бір пункттен соңғы пунктке дейін жолаушылардың бір тобын жеткізу мақсатымен іске асырылады.

6.1.5 Бір реттік жолаушылар мен жүкті тасымалдау кезінде, тасымалдаушы [1] сәйкес жол қағазын толтырады.

6.1.6 Жолаушылар мен жүкті тұрақсыз автомобильдік тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы, [1] рейс алды (ауысым алды) медициналық тексеруден және автокөлік құралының техникалық байқауы өтілгені туралы белгісі бар ернеулік журналдың автокөлік құралында болуын қамтамасыз етуі керек.

6.1.7 Жолаушылар мен жүкті тұрақсыз тасымалдауда іске асырылатын жолаушыларды отығызу-түсіру, отырып-түсудің қауіпсіздігін қамтамасыз етілетін жерлерден, сонымен қатар тиісті деңгейдегі жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша тасымалдаушымен жабдықталған және ұйымдастырылған аялдау пункттерінен.

Осы тасымалдарды іске асыруға арналған аялдамалық пункттер, жолаушылардың көптеп шығатын жерінде ұйымдастырылады (саяхаттық, серуендік және т.б.).

6.1.8 Жолаушылар мен жүкті тұрақсыз автомобильдік тасымалдарды ұйымдастырған кезде, аялдамалық пункттер жолаушыладың қауіпсіз отырып түсуін қамтамасыз етуі керек және жолаушылар мен жүкті тұрақты тасымалдау бағдарының аялдамалық пункттерімен сәйкес келмеуі керек.

Жолаушылар мен жүкті тұрақсыз автомобильдік тасымалдау кезінде қолданылатын автобустың, микроавтобустың, жолаушыларды және жүкті тұрақты автомобильдік тасымалдау бағдарларының аялдау пункттерінде, оларға жақын жерлерде аялдауға, сонымен қатар оларға жолаушыларды отырғызып-түсіруге рұқсат етілмейді.

6.1.9 Жолаушылар мен жүкті тұрақсыз автомобильдік тасымалдар кезінде, автобустың отыруға арналған орындар санынан асатын жолаушыларды тасымалдауға және өлшемі 60х40х20 см және салмағы 35 кг қол жүгін тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Осы тармақта көрсетілген өлшемдерден асатын, жолаушылардың қоло жүктері автокөлік құралының багаж бөлігінде немес автобустқа, микроавтобусқа жолсерік, багаж автомобильінде тасымалдануы керек.

6.1.10 Жолаушыларды және жүкті тұрақсыз автомобильдік тасымалдау кезінде жүкті өткізу және тасымалдау ақысы, келісім шарттарына сәйкес тасымалдаушыға (жүргізуішге) жолаушылармен төленеді.

6.1.11 Тапсырыс автобусымен, микроавтобусымен және жеңіл автомобильмен жолаушыларды және жүкті тасымалдау жүйелі сипатта болады және тек бір қана топты жұмыс орнына, сабаққа жеткізу мақсатымен іске асырылады, сонымен қатар саяхаттық және серуендік жүрістерді ікке асыру мақсатымен.

6.1.12 Саяхаттық немесе серуендік ұйымдардың тапсырыс бойынша тапсырыстық жүрулерді іске асырған кезде, [1] сәйкес тасымалдаушы жол қағазын толтырады.

6.1.13 Бала тәрбиесі және білім мекемелері тапсырыстары бойынша тапсырыстық балалар тасымалын іске асыру реті ҚР СТ ГОСТ 51160 сәйке іске асырылады.

6.1.14 Тапсырыстық автобустармен жолушыларды және жүкті тасымалдау, қызметке тапсырыс берушімен және тасымалдаушы арасындағы жазбаша келісім шарттарына сәйкес іске асырылады, оның көшірмесі автокөлік құралының ішінде болуы керек.

6.1.15 Тасымалдаушы жолаушылар автомобилінің жүргізушісін қамтамасыз етуі керек, ал жолаушылар автомобилінің жүргізушісі жолаушылар тасымалын орындаған кезде келесіде құжаттарды өзінде ұстауы керек:

- Жазбаша түрде тасымалдаушы мен тапсырыс берушінің арасында жасалған республика ішіндегі тұрақсыз тасымалдар кезінде жолаушылар мен жүкті тасымалдау келісім шарты

Келісім шартта төмендегілер қарастырылуы керек:

1) Келісім шарт мақсаты;

2) жолдың мақсаты;

3) қозғалыс бағдары, жолаушыларды отырғызу және түсіру бастапқы және соңғы пункттері;

4) жеткізу мерзімі;

5) жол жүру ақысы;

6) екі жақтың құқықтары мен сіндеттері;

7) келісім шарт бойынша міндеттерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктері;

8) дауларды шешу тәртібі;

9) жолаушылар тізімінің болуы.

– [2] сәйкес автобусты тіркеу туралы куәлік;

– [1, 7] халықаралық, қалааралық облысаралық және аудан аралық (қалааралық облысішілік) қатынастарда жолаушылар тасымалын тұрақсыз іске асыратын автобусқа лицензиялық карточка;

– [1] білгіленген пішімдегі жолдама қағаз;

– ернеулік журнал;

– егер тасымалдаушы автобус иесі болып табылмаса жалға алу келісім шарты [1];

– көлік құралының азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімін жасағанын растайтын сақтандыру куәлігі [4];

– жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шартын жасағанын растайтын сақтандыру куәлігі (сақтандыру полисі), немесе оның тасымалдаушымен расталған көшірмесі [4];

– [1] сәйкес жолаушыларды автомобильдік тасымалдауға арналған көлік құралының фрахтілеуіне тапсырыс-наряды;

– жолаушылар автомобилінің фрахтын төленгенін растайтын құжат;

– [1] сәйкес автомобильдік тасымалдаушымен және\немесе тапсырыс берушімен расталған формуляр (жолаушылар тізімі);

– тұрақты қатынаста шетел мемлекеттерінің тарриториясымен өтуге рұқсатнама, егер бағдар өтетін елдерде сондай рұқсатнама талап етілетін болса;

– жүргізушінің облысарадық, қалааралық және ауданаралық (облысішілік қалараалық) қатынастарды жолаушылар автомобилін басқарған ағымдағы аптаға және өткен аптаның соңғы күніне электронды картасы (егер автобус санды тахографпен жарақталған болса) немесе тахографтың/тахограмманың тіркейтін беттері (егер автобус аналогтық тахографпен жабдықталған);

– ҚР СТ 1811 автобустың балаларды (балалар тобын тасымалдауға) тасымалдауға жіберілгендігі туралы қортындысы бар міндетті техникалық бақылаудан өткендігі туралы куәлік;

– [3] талаптарына автобустардың сәйкестігін растайтын көлік құралына санитарлы-эпидемиологиялық қорытындын: салондарға арналған әрлеу материалдарына, оралрдың механикалық әсерлерге, жуу және дезинфекциялаушы құралдардың әсеріне төзімділік шарттары бойынша; суық кезеңде салондағы (кабинадағы) ауа температурасы; салондағы салыстырмалы ылғалдық; салонға (кабинаға) шаңның кіруін болдырмайтын, ауа тазалау жүйесінің ыүзгісінің болуы; кабинаның жарықтылығы; жолаушылар салонында (кабинасында) дірілдің гигиеналық нормаларының параметрлері; салондағы шу деңгейіне; саймандар мұғдарының жарықтылығына;

– техникалық бақылаудың халықаралық сертификаты (халықаралық тасымал кезінде);

– медициналық сақтандыру полисі (халықаралық тасымал кезінде);

– жолаушылар автомобилінің экологиялық және техникалық қауіпсіздігі туралы сертификаты (тиісті талаптарды халықаралық тасымалдарды орындайтын мемлекеттерде талапт етілетін болса);

– жүргізушінің газбаллонды көлік құралдарымен қауіпсіз жұмыс істеу оқуынан өткендігі туарлы куәлік және көлік құралының газ отынында жұмыс істеу үшін қайта жабдықталғандығы туралы куәлік (сығылған және сұйытылған газда жұмыс істейтін автобуспен тасымалду жүргізген кезде) [1].

6.1.16 Тұрақсыз қатынастарда орындалған жолаушыларды автомобильдік тасымалдаудың формулярлары, тапсырыс-наряды автомобильдік тасымалдаушыда үш жылдан көп сақталуы керек.

6.1.17 Автомобильдік тасымалдаушыда ұсыныстар мен ескертпелер кітабы болуы керек.


6.2 Автобусқа қойылатын талаптар

6.2.1 Тұрақсыз жолаушылар тасымалы кезінде 5.2.1; 5.2.2; 5.2.7-5.2.11; 5.2.17-5.2.23 ұқсас талаптар қойылады.

6.2.3 Жолаушыларды қалааралық тасымалдауды орындау кезінде ҚР СТ 41.36 сәйкес II немесе III сыныпқа сәйкес, немесе В сыныпты ҚР СТ 41.52 сәйкес автобустар қолданылуы керек.

Бір реттік және жолаушылар саны сегізден аспаған кезде М1 санатты автокөлік құралдары қолданылады.

6.2.4 Жолаушыларды халықаралық тасымалдауды орындау кезінде ҚР СТ 41.36 сәйкес II немесе III сыныпқа сәйкес, немесе В сыныпты ҚР СТ 41.52 сәйкес автобустар қолданылуы керек.

6.2.5 Халықаралық тасымалдарды орындау үшін қолданылатын М2, М3 санатты автокөлік құралдары, әрбір жолаушы орнына есепке ала отырып 0,1 м3 кем болмайтындай көлемдегі багаж бөліміне, қадағалау құралына (тахограф) және автобус қозғалысы және жүргізуші жұмысы жайлы мәліметтерді тіркеуге арналған видеорегистраторға ие болуы керек.

6.2.6 Тұрақсыз қатынаста халықаралық автомобильдік тасымалды іске асыру үшін, автомобильдік тасымалдаушымен қолданылатын М3 санатты автокөлік құралдары, сонымен бірге В Қосымшасының талаптарына сай болуы керек.

6.2.7 Автобус ішінде жүргізуші кабинасының (жұмыс орнының) жанында, төмендегіден тұратын ақпарат болуы керек:

1) тасымалдаушының толық атауы;

2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының байланыс телефонының нөмірі;

3) аймақтық жол полициясы, көлік бақылау органдарының және медициналық қызметтердік нөмірлері;

4) бағдар схемасының көшірмесі.

6.2.8 Балаларды тасымалдауға арналған автобустар екіден кем емес есікке ие болуы керек және төмендегілермен жабдықталуы керек:

1) автобустың алдында және артында, сонымен қатар шанақтың бүйір жақтарында орнатылатын, «Балалар тасымалы» шаршылы айқындаушы белгісімен. Автобустың симметрия өсі бойынша алдында және артында, сонымен қатар шанақтың бүйір жақтарында, әріптерінің биіктігі 25 см және қалыңдығы биіктігінің 1/10 кем емес тік баспалы әріптермен жазылған «БАЛАЛАР» реңді жазуы жүргізілуі керек. Жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы керек. Көрсетілген жазуға жақын (биіктігінен 1/2 қашықтықта) немесе жазбада басқа жазулардың болуыне рұқсат етілмейді.

2) сары түсті жарқылдауық жыпылықтауықпен;

3) әрқайсысы екі литрден кем емес сыйымдылықты тез шешілетін өртсөндіргіштен (біреуі жүргізуші кабинасында, екіншісі жолаушылар салонында);

4) алғашқы көмектік екі дәрі қобдишасынан (автомобильдік);

5) сырғып кетуге қарсы екі тіректен;

6) апаттық тоқтау белгісінен;

7) колоннада жүрген кезде – қозғалу бағыты бойымен автобустың желдік әйнегінің оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетілген ақпараттық тақтайшамен;

8) [3] талаптарына автобустардың сәйкестігін растайтын көлік құралына санитарлы-эпидемиологиялық қорытындын: салондарға арналған әрлеу материалдарына, олардың механикалық әсерлерге, жуғыш және дезинфекциялаушы құралдардың әсеріне төзімділік шарттары бойынша; суық кезеңде салондағы (кабинадағы) ауа температурасы; салондағы салыстырмалы ылғалдық; салонға (кабинаға) шаңның кіруін болдырмайтын, ауа тазалау жүйесінің ыүзгісінің болуы; кабинаның жарықтылығы; жолаушылар салонында (кабинасында) дірілдің гигиеналық нормаларының параметрлері; салондағы шу деңгейіне; саймандар мұғдарының жарықтылығына құжатары болуы керек.

6.2.9 Автобуста тасымалданатын балалар мен ересектердің жалпы саны осы көлік құралына белгіленген және отыру үшін жабдықталған орындар санынан аспауы керек.

6.2.10 Тапсырыстық автобустармен, микроавтобустармен және жеңіл машиналармен жолаушыларды және жүкті тасымалду кезінде қолданылатын автокөлік құралының алдыңғы және артқы жақтарынада «Тапсырыс» жазбасы бар ақпараттық тақтайша орнатылуы керек, ол өз кезегінде жолаушылар көлік құралының құрылымымен қарастырылған арнайы қуысқа орнатылуы керек, қуыс болмаған жағдайда, қозғалыс бағыты бойымен желдік әйнектің оң жағында салон ішінде арнайы құрылғыда орнатылуы керек.

«ТАПСЫРЫС» тақтайшасының өлшемі (200 × 400) мм (әріп биіктігі 120 мм кем емес, ені – 25 мм кем болмауы керек).


6.3 Автобус жүргізуішісіне қойылатын талаптар

6.3.1 Жүргізуішіге қойылатын жалпы талаптар – 5.3.1-5.3.7 белгіленгендерге ұқсас.

6.3.2 Жолаушылар автомобилі ретінде М1 санатты автокөлік құралы қолданылатын болса, тұрақсыз қатынаста жолаушылар тасымалду үшін қатыстырылатын жолаушылар автомобилінің жүргізушісі, «В» санатты механикалық көлік құралын басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігіне ие болуы керек.

Автомобиль жүргізу өтілі жүргізуші куәлігімен және автомобильді пайдалануға құқық беретін құжат бойынша.

Жүргізуші ретіндегі жұмыс өтілі, еңбек кітапшасындағы жазба арқылы расталуы керек және қажет болған жағдайда бұрынғы істеген жұмыс орнынан, бұйрықтар мен еңбек шарттарының расталған көшірмесімен анықтама арқылы (контрактілер).

6.3.3 Тұрақсыз қатынаста балалар тобын тасымалдауды қамтамасыз ететін жүргізуші, «D» санатты (немесе «D» және «Е» буынды автобустарды басқару үшін) механикалық көлік құралдарында үздіксіз жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы керек, автобус жүргізушісі ретіндегі үздіксіз жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы керек, жасы 25-тен кем емес және соңғы жыл ішінде еңбек тәртібін өрескел бұзбаған және [1] сәйкес Жол жүру ережелерін бұзбаған болуы керек.

6.3.4 Балаларды тасымалдуға төмендегідей жүргізушілер жіберіледі:

1) тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар, жасы жиырма бестен кем емес және жүргізуші болып жұмыс істеу өтілі бес жылдан кем емес;

2) автобус жүргізушісі болып үздіксіз жұмыс істеу өтілі соңғы үш жылдан кем емес;

3) соңғы жыл ішінде еңбек тәртібін өрескел бұзбаған және Жол жүру ережелерін бұзбаған болуы керек.

6.3.5 Тасымалдың кезкелген түріндегі жүргізушілердің, жұмыстық ауысымының ұзақтыңы 12 сағаттан артық болмауы керек.

Балалар тасымалын жүргізер алдында жүргізушілердің ауысым аралық тынығуларының ұзақтығы, жұмыс күніндегі демалысұа сай келетін екі еселенген жұмыс уақыты ұзақтығына асай келеді.

Егер қозғалу тәртібі жүргізушінің 12 сағаттан артық жұмыс уақытының ұзақтығы қарастырылса, рейске екі жүргізуші жіберіледі.

6.3.6 Автомобильді басқару өтілу жүргізуші куәлігімен және автомобильді пайдалану құқығын куәландыратын құжатпен.

Жүргізуші ретіндегі жұмыс өтілі, еңбек кітапшасындағы жазба арқылы расталуы керек және қажет болған жағдайда бұрынғы істеген жұмыс орнынан, бұйрықтар мен еңбек шарттарының расталған көшірмесімен анықтама арқылы (контрактілер).
6.4 Тұрақты қатынаста жолаушыларды тасымалдаудың технологиялық процессіне қойылатын талаптар

6.4.1 Тұрақты қатынаста жолаушыларды тасымалдаудың технологиялық процессіне қойылатын талаптар [1] талаптарымен регламенттелінеді.

6.4.2 Тұрақсыз қатынаста жолаушылар тасымалына тапсырыс, заңды және жеке тұлғалардан автомобильдік тасымалдаушымен тек жазбаша түрде қана алынуы керек.

6.4.3 Жолаушыларды тасымалдау тұрақты қатынастың жолаушылар бағдарының желісіұйымдастырылған, автомобильдік көшелер мен жолдар бойынша, сонымен қатар басқада автомобильдік жолдар мен көшелерде, егер автомобильдік тасымалдаушыда тиісті жолаушылар автомобилі қозғалуы үшін жолдардың (көшелердің) жарамдылығы жөнінде және оларда орналасқан инженерлік құрылыстардың орналасқандығы туралы дәлелдік ақпараты болатын болса.

6.4.4 Тұрақсыз қатынаста жолаушыларды тасымалдауды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде жолаушылардың және жолаушылар автомобилі экипажының демалуына және тамақтануына арналған аялдамалар қарастырылуы керек.

6.4.5 Жолаушыларды тасымлдау келісім шартпен қарастырылған мерзімде және шартта іске асуы керек.

6.4.6 Жолаушыларрды тасымалдау белгіленген жолаушылар автомобиліне дайындаушымен белгіленген отыруға арналған орындар санымен іске асуы керек.

6.4.7 Балаларды тасымалду кезінде, жолаушылар автомобилі ҚР СТ 1811 және ҚР СТ ГОСТ Р 51160 сәйкес техникалық байқаудан өтуі керек.

6.4.8. М3 санатты көлік құралдарын қолдануымен саяхаттық ұйымдар тапсырысы бойынша халықаралық жолаушылар тасымалын орындау кезінде, жолушыларды отырғызу және түсіру, аялдамалық пункттерде немесе жергілікті атқарушы органдардың өздерінің әкімшілік аумақтық бірліктерінен бөлінген жерлерде іске асуы керек.

6.4.9 Тұрақсыз тасымалда жолаушылар тасымалын орындау кезде [1] сәйкес тасымалдың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

6.4.10 Тұрақсыз бағдарға қызмет көрсететін жолаушылар автомобилінің жүгізушісіне еңбекті және демалысты ұйымдастыру [1] талаптарына сәйкес іске асуы керек.

6.4.11 Автобусқа бірінші болып кезектен тыс отыратындар мүгедектер, зейнеткерлер, мектеп жасына дейінгі балалы жолаушылар.



7 Қызмет көрсетудің жылдамдығы, заманауйлығы және сапасы

7.1 Автомобильдік тасымалдаушы көрсетілетін қызмет сапасына талдау жүргізуі керек (анкета, сауал және т.б. негізінде), сонымен қатар жолаушылардың наразылығына және ұсынысына есепке алу қажет.

7.2 Жолаушыларды тасымалдау кезінде кемшіліктер анықталған кезде, оларды тудыратын себептерді жою бойынша шаралар қолдануы керек, сонымен қатар жұмыстың сапасын арттыру бойынша шараларды іске асыру керек.

8 Қауіпсіздік талаптары

8.1 Қызметтер көрсеткен кезде, орындаушы азаматтардың өміріне және денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі керек.

8.2 Жолаушыларды тасымалдау мынадай шарттарды сақтау кезінде іске асады:

а) автокөлік құралдары : жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құзыретті олрганда тіркелуі керек; «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің, ҚР СТ 41.36, ҚР СТ 41.52 оларды техникалық пайдаланудың ережелері мен нұсқамалары; оларды пайдалануға рұқсат етілмейтін ақаулықтары болмау керек; ҚР СТ 1811 сәйкес мемлекеттік техникалық бақылауды уақытында өткендігін растайтын құжаты болу керек;

б) автокөлік құралдарының мақсаты мен орындалу түрлері, жол және климаттық жағдайларын ескере отырып тасымалдау түріне сәйкес болуы керек;

в) тасымалданатын жолаушылар саны автокөлік құралының техникалық сипатамасында немесе тасымалдардың нақтылы бір түрін жүргізу ережелерінде қарастырылған сыйымдылық нормасынан аспауы керек;

г) автокөлік құралын пайдалану процессінде, жүргізуші кабинасы мен жолаушылар салонында қажетті температураны, ауа құрамын және шу деңгейін ұстап тұратын жүйелердің жұмысқабілеттілігін қатамасыз ету керек;

д) апаттық сипаттағы, жолдық-климаттық жағдайлардың өзгеруі, жылу, газ, электрлік және басқада коммуникациялардығы аппаттармен байланысты, ол жолдармен қозғалу жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, кейбір жағдайларда қазмет көрсетуді ұйымдастырғыш автокөлік құралының қозғалысын тоқтатуы керек. Қозғалысты жалғасытыру, қозғалуға қауіпсіз жағдайлар жасалғаннан кейін жүзеге асуы керек;

е) тасымалдау кезінде жолаушыларға, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге байланысты сұрақтар бойынша қажетті және уақтылы дыбыстық және визуалды ақпараттар берілуі керек. Дыбыстық ақпарат дыбыс күшейткіш құрылғыларды қолдана отырып берілуі мүмкін, соның ішінде автоматтық. Визулды ақпаратты жолаушыға ыңғайлы сілтеуіштерде, схемаларда және ақпараттық тақтайшаларда берілуі мүмкін. Жалпы қолданыстағы тапсырыстар кезінде автокөлік құралдарының ақпараттық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар – [1] бойынша;

ж) жолаушыларды тасымалдуды жүргізетін жүргізушілер, тиісті санаттағы автокөлік құралдарын басқару құқығының жүргізуші куәлігі, белгіленген мерзімде медициналық куәліандыруды өткендігі туралы құжат, рейс алды медициналық тексеруден өткендігі туралы, автокөлік құралының рейс алды техникалық бақылаудан өткендігі туралы белгісі бар жолдама қағаз, сонымен қатар кейбір тасымал түрлерін жүргізу үшін қажетті басқа да құжаттарға (қозғалу кестесі, бағдар схемасы және т.б.) ие болуы керек;

з) біліктілігі, жұмыс өтілі, жасы және жүргізушінің басқа да кәсіби мінездемелері, белгіленген жолаушылар тасымалдауға арналған белгіленген талаптарға сай болуы керек;

и) технологиялық процесстерді күшіндегі нормативтік құжаттарда белгіленген жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртіптерін міндетті сақтай отырып орындайды;

к) автокөлік құралының жүру жолы (бағдар) және оның қозғалу параметрлері (кестесі, жылдамдығы, аялдау орындары және т.б.) Жол жүру ережелерін міндетті сақтаумен техникалық құжаттарда белгіленген, тасымалдау келісімінің шарттарына сай келуі керек;

л) жолаушылардың автокөлік құралына отыруы және шығуы тек автокөлік қозғалмай тұрғанда оң жағынан жүргізіледі.

Автокөлік құралының қозғалысты бастау, тек есіктері жабылған кезде қана жүргізілуі керек. Жолаушыларға зақым келтіруі мүмкін автобустың күрт үдеуіне, бұлғақтауына, сонымен қатар қосарланған озуға рұқсат етілмейді.

8.3 Тасымалдың нақтылы түрлерінің технологиялық процесстерін (балаларды мүгедектерді, жолаушыларды автобустық тасымалы; таулы бағдарларды қозғалу, халықаралық тасымалдар және т.б.) тиісті нормативтік құжаттарында белгіленген қосымша арнай талаптарды ескере отырып орындау керек.

8.4 Жолаушылар автомобиль көлігімен қызметтер көрсету кезінде, қоршаған ортаны қорғаудың мынадай талаптары қамтамасыз етілуі керек:

- белгіленген экономикалық нормалар мен нормативтерді сақтау (суды тұтыну және суды ағызу, ағызылатын өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық сулардағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген мөлшері, атмосферадағы ластаушы заттардың қалдығы соның ішінде автокөлік құралдарынан, шулық әсерлер және т.б.);

- қоршаған ортаның сипатының нашарлауын ескерту бойынша талаптыар мен шарттарды қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру-шаруашылық, техникалық және бсқада шараларды жүргізу (жөндеу-қызмет көрсету әрекеттерін жүргізу, соның ішінде рұқсат етілмеген жерлерде жуу; қозғалтқыштарды жалату үшін от жағуға; газбаллонды автомобильдердің баллондарынан атмосфераға газ шығаруға; автокөлік құралдардың шөпті жабындармен және басқа да өсімдікті жабынмен жүруіне; жүретін жолды және оған жататын территорияны тұрмыстық және өндірістік қоқыспен былғауға; табиғи қорықтарда белгіленбеген бағдарлармен жүруге; автокөлік құралы ісінен қалдықтарды рұқсатсыз утилизациялау және т.б.) және олардың салдарын жою;

- жұмыскерлерді қоршаған ортаны қорғау мәселелрі бойынша және қоршаған ортаның ластануына келтіретін әрекеттер үшін жауапкершіліктің үлестірілуін оқыту;

- қоршаған ортаны қорғу бойынша шараларды іске асырар кезіде қолданылатын қондырғыларды, саймандарды және құрылғыларды жұмыстық күйде ұстау.

8.5 Қызметтерді орындаушы қызмет көрсетумен байланысты жұмыстың белгіленген экологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын құжатпен қамтамасыз етуі керек (экологиялық құжатың болуы; атмосфераға ластаушы заттардың шектен тыс болуына рұқсаттың болуы, ластанған суларды ағызу; экология бойынша мемлекеттік есеп беруді жүргізу және т.б.).

8.6 Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігі екі бағыт бойынша іске асады:

- жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүргізушінің Жол қозғалыс ережесін сақтаумен регламенттелінеді [2];

- Қазақстан Республикасының Көлік қауіпсіздігі концепциясының талаптарына сәйкес жолаушылар мен жүктің қауіпсіз тасымалын қамтамасыз ету [8].

8.7 Лаңкестік актілердің алдын алу мақсатында, жүргізуші автокөлік құралында бөгде заттардың болмауына тыңғылықты тексеру жүргізуі керек [1].



жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау