Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі



жүктеу 1,44 Mb.
бет1/12
Дата22.05.2018
өлшемі1,44 Mb.
#16183
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының       
2015 жылдың 26 наурыздағы    
№ 349 бұйрығымен бекітілген 

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 


23-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.
      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) багаж түбiртегi – багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшiн қабылдағанын растайтын құжат;
      2) багажды автомобиль – тұрақты халықаралық жолаушылар мен багажды автомоибльмен тасымалдау маршрутында жолаушылардың багажын (жүгін) тасымалдау үшін жүк автомобилі;
      3) борт журналы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмiрленген және тiгiлген, тасымалдаушының мөрімен бекiтiлген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлiк құралында болатын журнал, оған автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргiзушiнiң рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өткенi туралы белгiлер қойылады;
      4) диспетчерлік жүйе – келісілген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;
      5) диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар;
      6) жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi (аялдау пунктi) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсiру мақсатында автокөлiк құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесi;
      7) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;
      8) қауiптi учаскелер – автомобиль жолдарының жүрiп өткенде жол-көлiк оқиғасы болуының жоғары қаупi туындайтын немесе қозғалыс режимiнiң елеулi өзгерiстерiне байланысты учаскелері;
      9) қозғалыс кестесi – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбiр аялдама пунктi бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);
      10) қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;
      11) маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгiленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттерi арасында белгiленген жүретiн жолы;
      12) маршрут схемасы – аялдау пункттерi, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, темiржол өтпелерi, көпiрлер және тоннельдер) көрсетiлген маршруттың графикалық шартты бейнеленуi;
      13) механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;
      14) рейс – маршруттың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне дейiнгi автобустың, шағын автобустың, троллейбустың жолы;
      15) таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;
      16) техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы.
      4. Ұйымдастыру сипаты бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi.
      5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау – тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келiсiлген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттерi, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi белгiленген қозғалыс кестелерi бойынша жүзеге асыратын тасымалдар.
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары (автобустар, шағын автобустар немесе троллейбустар) алдын ала анықталады.
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттан ауытқуға жол берілмейді.
      6. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы автокөлік құралында жол қағазының болуын қамтамасыз етеді, оны тасымалдаушы жүргізушінің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан және автокөлiк құралының техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлер бар, тасымалдаушы ауысымға немесе рейске ресiмдейді.
      7. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды тасымалдаушылар ұйымдастырады және осы Қағидалар талаптарына сәйкес келетiн автобустарды, шағын автобустарды пайдалану арқылы жүзеге асырады.
      8. Тұрақты емес тасымалдау: 
      1) жеке және заңды тұлғалардың бiр жолғы тапсырысы (өтiнiмi) бойынша тасымалдау. Мұндай тасымалдауға: туристiк, экскурсиялық, iс-шараларға қызмет көрсету жатады.
      Бiр жолғы тасымалдау белгiлі бір кезең ішінде шарттық негiзде жүзеге асырылуы мүмкiн;
      2) таксимен тасымалдау болып бөлінеді.

2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының ашылу және жабылу тәртібі

1-параграф. Маршруттарды ашу және тiзiлiмiн жүргiзу тәртібі

      9. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган, жергiлiктi атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу бастамашылары бола алады.


      10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу жөнiндегi мәселелердi шешу үшiн бастамашы маршрут схемасы мен ол бойынша қозғалыс кестесiн әзiрлейдi және оларды тасымалдауды ұйымдастырушыларға:
      тұрақты халықаралық маршруттар бойынша – автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға; 
      жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына;
      жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына жібереді.
      11. Егер:
      1) автомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi белгілі бір маршруттар бойынша автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
      2) автомобиль жолдарының жай-күйi және оларды жайластыру жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келсе, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдаудың маршруттары ұйымдастырылуы мүмкін.
      12. Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тұрақты тасымалдаудың маршруттық желiсiн қалыптастырған кезде, жергiлiктi атқарушы органдар кенттермен, селолармен аудан орталықтары арасындағы және аудан орталықтары мен облыс орталықтары және облыстық маңызы бар өзге де жақын қалалар арасындағы байланыс басымдылығын басшылыққа алады.
      13. Қалыптастырылатын маршруттар желiсi (халықаралық, қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа) мынадай шарттарға сәйкес келеді:
      1) қосарланған маршруттар автобустары арасында жоспарланған жүру интервалы бойынша:
      150 км дейінгі қосарлану ұзақтығы кезінде 1 сағаттан артық;
      350 км дейiнгi қосарлану ұзақтығы кезінде 2 сағаттан артық;
      500 км дейiнгi қосарлану ұзақтығы кезінде 3 сағаттан артық;
      500 км артық қосарлану ұзақтығы кезінде 4 сағаттан артық болуы тиiс;
      2) жетпiс бес пайыздан артық қосарлану учаскесiнде автобустардың орташа сыйымдылығын пайдалану кезiнде уақыт бойынша айырмашылығы:
      150 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 10 минутқа дейiн;
      350 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 15 минутқа дейiн;
      350 км артық қосарлану ұзақтығында 20 минутқа дейiн қысқартылады.
      14. Жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттарында (халықаралық қатынастардан басқа) барлық маршруттардың ұзақтығында автобустардың орташа жылдық толтырылуы жетпiс бес пайыздан артық болған кезде тасымалдауды ұйымдастырушы тасымалдаушылардың немесе жолаушылардың өтiнiшi бойынша қосымша қозғалыс кестесiн енгiзу туралы шешiм қабылдайды. Жолаушылар мен багажды тасымалдаудың қосымша қозғалыс кестесі «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына және 14-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйес құзіретті органдармен бекітіледі.
      Қосымша қозғалыс кестесi бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау, осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушымен жүзеге асырылады.
      Тасымалдаушы қосымша қозғалыс кестесiне қызмет көрсетуден бас тартқан немесе маршрутқа екі және одан көп тасымалдаушы қызмет көрсеткен (бір тараптан) жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар осы қозғалыс кестесiн конкурстық негiзде осы маршрутқа қызмет көрсету жөнiндегi шарттың қолданылу мерзiмiне бөледi.
      15. Ұзақтығы 300 км-ге дейінгі тұрақты қалааралық облысаралық маршруттарда автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша автобустардың, шағын автобустардың еркін қозғалысы бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асырудың тұрақты кезеңін көрсете отырып, қозғалыс кестесін бекітеді. Автобустардың, шағын автобустардың еркін қозғалысы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау, осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушымен жүзеге асырылады.
      16. Жаңа республикаішілік маршруттарды ашу кезiнде келiсу мынадай сатыға сәйкес жүзеге асырылады:
      қалааралық облысаралық;
      ауданаралық (қалааралық облысішілік);
      қала маңындағы және ауданішілік.
      17. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау осы Қағидалардың 3-қосымшасыдағы нысанға сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған куәлiк (бұдан әрі – Куәлік) негізінде жүзеге асырылады.
      18. Жергiлiктi атқарушы органдар жаңа ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттарды ашу кезiнде тасымалдау көлемiн зерделеу үшiн осы маршрутқа екi ай қызмет көрсететiн тасымалдаушыны белгiлейдi.
      Зерделеу нәтижесi бойынша осы Қағидаларда белгiленген мерзiмдерде осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына тиiстi конкурс өткiзу туралы шешiм қабылданады.
      19. Халықаралық және қалааралық облысаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттары тасымалдаушының маршрутты ұйымдастырушыға, тасымалдауды тоқтатуды жобалау уақытына дейін 3 айдан кемемес жазбаша үндеуі бойынша жабылады.
      Халықаралық және қалааралық облысаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттары тасымалдаушының маршрутты ұйымдастырушыға, тасымалдауды тоқтатуды жобалау уақытына дейін 3 айдан кемемес жазбаша үндеуі бойынша жабылады.
      Қалалық (селолық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік) жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттары олар бойынша жүруге тұрғындардың мұқтаждығы болмаған жағдайда маршрутты ұйымдастырушылармен жабылады.
      20. Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарымен жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша қозғалыс кестесi оң келiсiлген кезде маршрут бойынша деректер осы Қағидалардың 
39-тармағына сәйкес тиiстi тiзiлiмге енгiзiледi.
      21. Маршруттарды ұйымдастыру мен есепке алуды жоспарлау мақсатында:
      1) автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган – жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық және қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдау маршруттарының;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары – жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік), республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарының;
      3) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары – жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады.
      22. Тiзiлiмдер маршруттардың мынадай негiзгi сипаттамаларын:
      жүрудiң бастапқы және соңғы пункттерi бойынша маршруттардың нөмiрiн және атауын;
      тiкелей және керi қайту бағыттарындағы маршруттағы пункттер бойының санын және атауын;
      тiкелей және керi қайту бағыттарындағы маршрут ұзақтығын;
      тiкелей және керi қайту бағыттарындағы маршруттағы қозғалыстың орташа пайдалану жылдамдығын;
      маршрутқа қызмет көрсету кезеңдерiн: жыл бойы, қосымша (белгiлi бiр күндерде немесе тәулiктiң кезеңдерiнде қолданылатын (қалалық маршруттар үшін демалыс, мереке күндері немесе «қауырт» сағаттар), маусымдық (алдын ала белгiленген уақыт аралығы iшiнде қолданылатын (саяжай кезеңiнде, демалыс аймақтары, жолаушылар ағыны жоғарылаған кезеңде жұмыс iстеген кезде);
      жолаушылар және жалпы отыруға арналған орындар бойынша автобустардың маршруттағы автобустардың, шағын автобустардың класы және паспорттық сыйымдылығын (жинақтау алаңшасының сыйымдылығын ескере отырып);
      тасымалдаушы туралы мәліметтерді (атауы, мекенжайы, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болған жағдайда), тасымалдауды ұйымдастырудағы жауапты адамның және басшының телефондары) және оған берiлген рұқсат құжаттарының қолдану кезеңiн қамтиды.

2-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау

      23. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен маршрут желiсi бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлiгiн дамытудың бекiтiлген кешендiк схемасының және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар легiн талдау негiзiнде құрылады.
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жүргізушілерді және кондукторларды талаптарды жергілікті атқарушы органдар бекіткен бірыңғай арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етеді.
      24. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрутында шағын автобустарды пайдалану анықтамасы төменгi жолаушылар легiмен негiзделедi, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын маршруттардың ұзақтығы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрут желiсiнiң жалпы ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиiс.

3-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың қызмет көрсету режимдерi

      25. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына мынадай режимдердiң бiрiнде қызмет көрсетiледi:
      1) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты қала маңындағы автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегi, қала шегiнде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 метірге дейiн болуы тиiс;
      2) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен және қалааралық автобустармен маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел (қалалық тасымалдау үшiн ғана), олардың арасындағы қашықтық 1,5-ден 3,0 км дейiн болуы мүмкiн.
      26. Халыққа қызмет көрсету ерекшелiгiне сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауы мынадай сипатта болуы мүмкiн:
      1) тәулiктiң барлық белгiленген кезеңi және аптаның барлық күндерi iшiнде қолданылатын тұрақты;
      2) белгiлi бiр күндерде немесе тәулiктiң кезеңдерiнде қолданылатын (демалыс, мерекелiк күндер немесе «қауырт» сағаттар) қосымша;
      3) алдын ала белгiленген уақыт аралығы iшiнде қолданылатын (саяжай кезеңiнде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендерi жұмыс iстеген кезде) маусымдық;
      4) қысқа уақытқа қолданылатын (әдеттегi режимде қызмет көрсетуге кедергi жасайтын жол желiсiнде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда) уақытша.

4-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi

      27. Жолаушыларды автокөлiк құралына отырғызу және түсiру мынадай дәйектiлiкпен жүргiзiледi:
      1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсiру, одан кейiн отырғызу жүргiзiледi;
      2) екi есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - екi есiк арқылы, ал отырғызу артқы есiк арқылы жүргiзiледi;
      3) үш және одан артық есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - барлық есiктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есiктен басқа барлық есiктер арқылы жүргiзiледi.
      28. Кезектен тыс отырғызу, сондай-ақ алдыңғы есiк арқылы отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады.
      29. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустардың салонында мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар басым отыру үшiн 4-тен 8 орынға дейiн (олардың паспорттық сыйымдылығына байланысты) бөлiнедi.
      30. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдау маршрутында «сұрау бойынша» аялдама пункттерi болған кезде, жолаушылар жүргiзушiге (кондукторға) көрсетiлген аялдама пунктiнде тоқтау қажеттiгi туралы алдын ала хабарлауы керек. Осындай аялдама пунктiнде жолаушылар тұрған кезде, жүргiзушi оларды отырғызу үшiн аялдама жасауы тиiс.
      31. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жолаушылар жол жүргенде:
      1) автобустан, шағын автобустан ол толық тоқтағанға дейiн немесе қозғалыс кезiнде шығуға және кiруге;
      2) автобустың есiктерiнiң ашылуы мен жабылуына кедергi жасауға;
      3) жүргiзушiнi автокөлiк құралының қозғалысы кезiнде әңгiмемен алаңдатуға;
      4) автобустың, шағын автобустың салонының iшкi жабдығы мен жарағын бүлдiруге;
      5) темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;
      6) от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, өткiр және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және iлеспе құжаттары жоқ дәрiмен атылатын қаруды тасымалдауға жол берiлмеуi тиiс.
      32. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында:
      1) автобустарда тұрып және отырып, олардың толық паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде;
      2) шағын автобустарда отырып қана, отыратын орындар санынан аспайтын мөлшерде, олардың жасаушы кәсiпорын белгiлеген паспорттық сыйымдылығына сәйкес жолаушыларды тасымалдауға және автобустардың, шағын автобустардың салонын толтыруға рұқсат етiледi.

5-параграф. Қол жүгi мен багажды алып жүру

      33. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында автобустың, шағын автобустың салонында өлшемi 60х40х20 см дейiнгi бiр орын қол жүгiн, сондай-ақ қабы бар бiр жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат етiледi (автобустарда ғана).
      34. Осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетiлген өлшемдерден асатын қол жүгiн автобустардың топталу алаңшаларында ғана және қолданылып жүрген тарифке сәйкес қосымша ақы үшiн алып жүруге рұқсат етiледi.
      35. Қол жүгiнiң орамасы мен тасымалдануы басқа жолаушыларға және автобус, шағын автобус салонының жарағына қандай да болмасын залал келтiру (ластау немесе зақымдау) мүмкiндiгiн толық болдырмауы тиiс.
      36. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жабық торларға немесе сумкаларға салынған ұсақ жануарлар мен құстарды тегiн тасымалдауға рұқсат етiледi.
      37. Иттер автобустарда топталу алаңшаларында ғана тұмылдырықпен және қарғы баумен тегін тасымалданады.
      38. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдауын, сондай-ақ жедел режимдегi жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын және багаж бөлiмшесi бар автобустарда жолаушыларға өзiмен бiрге багаж бөлiмшесiнде әрбiр орынның өлшемi 120х60х40 см аспайтын багажды белгiленген тарифке сәйкес қосымша ақы үшiн алып жүруге рұқсат етiледi.
      39. Жолаушыға тасымалдауға қабылданған багажына қалалық (ауылдық) қатынаста – бiр жолғы бақылау билетi, қала маңындағы қатынаста багаж түбiртегi берiледi.
      40. Багажды тасымалдауға тапсыру кезiнде жолаушы белгiленген алымды төлеу арқылы оның бағасын көрсетуi мүмкiн. Бұл ретте багаж түбiртегiне тиiстi жазу жазылады.

6-параграф. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастағы  жол жүру және багажды алып жүру төлемi

      41. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемi жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргiзушiге) беру немесе жүру үшiн электрондық төлеу жүйесi арқылы жасалады.
      42. Қалалық (ауылдық) қатынастағы қолма-қол ақшаға жол жүру, сондай-ақ багажды алып жүру төлемінің фактісі жолаушыға жол жүру құжатын (билетін) берумен белгіленеді.
      43. Бiр жолғы бақылау билетi бiр маршруттағы, жолаушы жүрiп өткен қашықтыққа қатыссыз бiр маршрут бойынша сапар кезiнде ғана жарамды.
      44. Техникалық себептер бойынша автобус, шағын автобус маршрут бойынша қозғалысты жалғастыруы мүмкiн емес жағдайлар туындаған жағдайда, жолаушыларға берiлген бiр жолғы бақылау билеттерi осы маршруттың басқа автобусында, шағын автобусында жол жүру үшiн жарамды болып табылады.
      45. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушы маршруттың бастапқы пунктiнен сапарды жүзеге асыру кезiнде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына немесе маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде кондукторға (жүргiзушiге) жергілікті атқарушы орган бекітетін тарифке сәйкес төлейдi.
      46. Қала маңындағы қатынаста жол жүру төлемiнiң айғағы, жолаушыға жол жүру құжатын (билетiн) берумен белгiленедi.
      47. Багажды алып жүру төлемiнiң айғағы, жолаушыға багаж түбiртегiн берумен белгiленедi.
      48. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерiн сатуды алдын ала, жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген сату орындарында, сондай-ақ тасымалдаушылар кондукторлар немесе жүргiзушiлер арқылы жүргiзедi.
      49. Қалалық (ауылдық) қатынастағы сапарларға арналған ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерi жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жарамсыз.
      50. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерiнiң қолданылуы белгiленген нормадан артық қол жүгiн және багажды алып жүруге тарамайды.
      51. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетi бар жолаушы оны кондукторға (жүргiзушiге) автобусқа, шағын автобусқа мiнген кезде көрсетедi.


жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау