8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Жабдықтаушы тарапынан осы Келісім шарттың №2 Қосымшасында көрсетілген Қызмет көрсетудің бекітілген мерзім бұзылса, Жабдықтаушы Келісім шарттың жалпы сомасының 10% көлемінде айып төлейді.
8.2. Жабдықтаушы Келісім шарт бойынша қарастырылған уақыт аралығында Қызметтерді көрсете алмаған жағдайда, Жабдықтаушы айып төлем ретінде мерзімін өткізген әр күнтізбелік күн үшін Келісім шарттың жалпы сомасынан 0,1 (бір) пайызға баламалы соманы төлейді.
8.3. Егер Жабдықтаушы Келісім шарттың міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындамаса (сапасыз деңгейде Қызмет көрсетсе, Келісім шарт міндеттемелерінің өзге де шарттарын бұзса), Жабдықтаушы Келісім шартта көрсетілген жауапкершіліктерден басқа, Тапсырыс берушіге айыппұл ретінде сапасыз орындағаны себепті әр күнтізбелік күн үшін Келісім шарттың жалпы сомасынан 0,1 (бір) пайызға баламалы соманы төлейді.
8.4. Жабдықтаушы осы Келісім шарт бойынша Қызмет көрсетуден бас тартса, Жабдықтаушы Тапсырыс берушіге Келісім шарттың жалпы сомасының 10 % көлемінде айыппұл төлейді.
8.5. Қазақстандық мөлшер үлесі бойынша есептілікті ұсыну мерзімін бұзған жағдайда Жабдықтаушы Тапсырыс берушіге айып төлем ретінде мерзімін өткізген әр күн үшін Келісім шарттың жалпы сомасынан 0,1%-ға баламалы соманы төлейді.
8.6. Айып төлеу Жабдықтаушыны Келісім шарт бойынша өз міндеттерін орындаудан босатпайды.
8.7. Орындаушының 6.2-тармақта көрсетілген құжаттарды уақытында ұсынбауы Тапсырыс берушіні уақытында төлем жүргізбеу жауапкершілігінен босатады.
8.8. Тапсырыс беруші осы Келісім шартта көзделген тұрақсыздық айыбының сомасын осы Келісім шарт бойынша Жабдықтаушыға төленуге тиесілі төлемнен/төлемдерден ұстап қалуға құқылы.
8.9. Егер Жабдықтаушы Келісім шарттың міндеттемелерін орындамаса немесе тиісті дәрежеде орындамаса (уақтылы емес, көрсетілген Қызметтердің кемшілігі, Келісім шарт міндеттемелерінің мазмұнымен анықталған өзге де шарттарын бұзса), Тапсырыс беруші осы Келісім шарт бойынша алдын ала төленген төлем сомасын банке немесе сақтандыру ұйымына тиісті талаптарды жолдау арқылы өндіріп алуға құқылы.
Ескерту. Осы тармақ Тапсырыс беруші Келісім шарт бойынша алдын ала төлемді жүргізген жағдайда көрсетіледі.
8.10. Егер Жабдықтаушы ҚҚС төлеушісі болып табылатынын жасырса немесе Шартты орындау кезінде ҚҚС-ны төлеуші болатын болса, Жабдықтаушы мұндай төлемге байланысты барлық салықтар мен басқа да шығыстарды өзі көтереді, бұл ретте Шарттың 2.1-тармақғында көрсетілген Шарттың жалпы сомасы өзгеріссіз қалады. Ескерту. Егер Жабдықтаушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса.
Достарыңызбен бөлісу: |