Тараптардың міндеттері
Жабдықтаушы міндеттеледі:
1) осы Келісім шарт бойынша өзіне алынған міндеттерді толық және тиісті орындауға;
2) Көрсетілетін Қызметтерді осы келісім шарттың 2 Қосымшаларында қарастырылған мерзімде жеткізуге;
3) келісім шарт бойынша міндеттерін орындау кезінде Қызметтердің осы Келісім шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Келісім шарттың № 2 қосымшасында (техникалық сипаттама) берілген талаптарға сәйкес болу керектігін ескеруі қажет;
4) тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Келісім шарт бойынша міндеттердің орындалу жағдайы туралы ақпарат беруге;
5) қызмет көрсету бойынша Тапсырыс берушінің негізсіз шығындануына қарсы шара қолдануға;
6) тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Келісім шарттың шарттарын орындауға Жабдықтаушымен жұмылдырылған қызметкерлерді қоспағанда, Тапсырыс берушімен немесе оның атынан басқа тұлғалармен берілген Келісім шарттың немесе оның қандай да бір ережесінің мазмұнын ашпауға;
7) Келісім шарттың осы тармағының 6 тт көрсетілген ақпаратты Келісім шарттың осы тармағының 6 тт көрсетілген қызметкерге оңаша және міндеттерді орындауға қаншалықты қажетті болған мөлшерде жеткізуге;
8) тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Келісім шартты орындау мақсатынан өзге мақсаттарда жоғарыда аталған кез келген жоғарыды аталған құжаттарды және Келісім шарттың осы тармағының 6,7 тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қолданбауға;
9) жабдықтаушының Келісім шарт міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауымен және/немесе басқа да заңға қайшы әрекеттерімен Тапсырыс берушіге тигізген зиянын толық өтеуге;
10) Қызметтерді көрсеткен уақытта осы келісім шарттың №3 Қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тапсырыс берушіге жергілікті қамтудың үлесі бойынша есеп беруге;
11) Келісім шарт жасасқаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінің ішінде келесі құжаттардың бірін енгізуге:
-тендерлік құжаттамада қарастырылғандай, алдын ала төлем сомасының жүз пайызы көлеміндегі Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент-банктерінің банктік кепілдемесі түріндегі келісім шартын орындауды қамтамасыз ету;
-тендерлік құжаттамада қарастырылғандай, франшизаны есепке ала отырып, алдын ала төлем сомасы көлеміндегі келісім шарт талаптары бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жабдықтаушының жауапкершілігін сақтандыруды растайтын құжатты (сақтандыру полисі).
Ескерту. Осы тармақ Тапсырыс беруші Келісім шарт бойынша алдын ала төлемді жүргізген жағдайда көрсетіледі.
12) келісім шарттың осы тармағының 11 тармақшасында көрсетілген сақтандыру келісім шарты жобасын Жабдықтаушымен келісу.
Ескерту. Осы тармақ Тапсырыс беруші Келісім шарт бойынша алдын ала төлемді жүргізген жағдайда көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |