Салауатты тамақтану, дене белсенділігі саласындағы саясат пен тәжірибені мектептің медициналық Кеңесі
мен үйлестірушісінің қатысуы арқылы үйлестіру
Жергілікті деңгейде мектеп медицинасы мәселелері бойынша Кеңесті құру және оның үйлестірушісін тағайындау. Даму деңгейіне сәйкес және дәлелді деректерге негізделген мектеп медицинасы саласындағы саясат пен тәжірибені қамтамасыз етуді бақылау мақсатында мектеп медицинасы мәселелері бойынша Кеңесті құру ұсынылады. Мектеп медицинасы мәселелері бойынша Кеңес мектеп медицинасы мәселелері бойынша жоспарлау, кеңес беру, шешім қабылдау бойынша топты құрайды. Бұл Кеңеске мектеп пен қоғамдастықтың түрлі сегменттерінің өкілдері кіруі тиіс, оның ішінде, денсаулық сақтау және дене шынықтыру саласындағы оқытушылар, тамақтану қызметінің қызметкерлері, оқушылар, отбасылар, басқа да медициналық қызметкерлер, әлеуметтік қызмет саласындағы мамандар және басқа да көшбасшылар болады. Мектеп медицинасы мәселелері бойынша Кеңес денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дағдыларды ынталандыру туралы шешім қабылдайды, оның ішінде, оқушылар арасындағы салауатты тамақтану мен дене белсенділігіне қатысты. Мектеп медицинасы мәселелері бойынша Кеңестің қызметінің кейбір параметрлері
(American Cancer Society et al, 1999) :
Қажеттіліктерді бағалау және ресурстарды тіркеу;
Бағдарламаны жоспарлау;
Ақпараттық-насихаттау қызметі;
Қаржы мен ресурстарды жоспарлау;
Саяси және тәжірибелік шараларды дамыту, салауатты тамақтану және дене белсенділігін насихаттауға бағытталған түрлерін қоса;
Емдік-сауықтыру бағдарламалары және әдістемелік материалдар бойынша ұсыныстарды қарастыру және әзірлеуге көмек көрсету;
Мектеп басшылығына, ұстаздар кеңесіне және қоғамдастыққа денсаулық пен қауіпсіздік саласындағы саясаттың маңыздылығы туралы ақпаратты беру;
Облыс, аудан шеңберінде, сондай-ақ, мектептер және жергілікті қоғамдық топтардың арасында мектеп сауықтыру бағдарламаларының қызметін үйлестіру;
Мектеп медицинасы саясаты мен бағдарламаларының сапасын талдау, есепке алу және бағалау;
Сондай-ақ, әр аудан үшін мектеп медицинасы мәселелері бойынша үйлестірушіні тағайындау ұсынылады, ол бүкіл ауданның оқушыларының денсаулығына байланысты саяси және тәжірибелік іс-шараларды, оның ішінде, салауатты тамақтану мен дене белсенділігіне байланысты түрлерін қоса, басқаруы және үйлестіру бойынша жұмысты іске асыруы тиіс. Үйлестіруші ауданның денсаулық сақтау жүйесінің белсенді мүшесі ретінде болуы тиіс, ол мектептің денсаулық сақтау Кеңесінің шешімдері мен әрекеті туралы мектеп деңгейінде денсаулық сақтау үйлестірушілеріне, командаларға, қызметкерлерге, оқушыларға, ата-аналарға хабарлауы қажет (Fetro et al, 1998; American Cancer Society et al, 1999; Winnail et al, 1996; Resnicow et al, 1996). Аудан деңгейіндегі мектеп медицинасын үйлестіруші атқаруы тиіс:
Мектеп денсаулық сақтау жүйесі саласында саясат пен тәжірибені бірізді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін мектеп деңгейіндегі денсаулық сақтау үйлестірушілерімен тығыз ынтымақтастықта орындау;
Мектеп медицинасы жүйесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды үйлестіру;
Мектеп медицинасы және қауіпсіздігі саласында саясат пен қызметті қолдау үшін ресурстармен қамтамасыз етуге кепілдік беру;
Жергілікті деңгейде денсаулыққа байланысты бағдарламалар мен қызмет көрсету, қоғамдастық ресурстар арасындағы байланысты орнатуға
септестік ету;
Саяси және тәжірибелік іс-шараларды бағалауды өткізуді үйлестіру.
Мектеп медицинасы мәселелері бойынша команданы құру және мектеп деңгейінде мектеп медицинасы үйлестірушісін тағайындау. Оқушылардың, ұстаздардың, мектеп әкімшілігі қызметкерлерінің, ата-аналардың, мектеп қызметкерлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр мектеп жұмыс өткізуге мектеп қоғамдастығымен және қоғамдық топтармен өкілетті команда құруы қажет. Мектеп медицинасының командасы атқаруы тиіс:
Аудан деңгейінде саяси және тәжірибелік іс-шараларды тиімді іске асыруға кепілдік береді;
Аудан деңгейіндегі мектеп медицинасы үйлестірушісімен өзара біріккен әрекет етеді;
Мектеп медицинасы саясаты мен тәжірибесін бағалауды өткізуге септестік етеді;
Оқушылардың денсаулығын сақтау және қауіпсіздігі саласында жаңа немесе қайта қарастырылған саясат пен іс-шараларды ұсынады;
Денсаулыққа байланысты оқу бағдарламалары мен оқу материалдарына ұсыныстарды қарастыруда және енгізуде көмек көрсетеді;
Мектеп медицинасы және қауіпсіздігінің басымдылықтарын қолдау үшін қаржыландыруға немесе ресурстарды қолдауға қол жеткізуге белсенді қатысады;
Мектеп медицинасы және қауіпсіздігі саласындағы саясаттың мектеп, ата-аналар, қоғамдастық үшін маңызы туралы хабарлайды.
Сондай-ақ, мектеп медицинасының саясатын, тәжірибелік қызметін және ресурстарын басқару үшін, оның ішінде, салауатты тамақтану және дене белсенділігіне қатысты түрлерін қоса, әр мектепте мектеп медицинасы үйлестірушісі тағайындалуы қажет. Мектеп медицинасының үйлестірушісі атқаруы тиіс:
Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапты мектеп қызметкерлерінің ортақ жұмысына септестік ету;
Өңірдегі денсаулық сақтау саласының ресурстары және мектептегі денсаулыққа байланысты бағдарламалар арасындағы байланысты орнату (Fetro et al, 1998; American Cancer Society et al, 1999; Winnail et al, 1996);
Аудандарда және басқа мектептерде мектеп медицинасы және қауіпсіздігі бағдарламаларына жауапты тұлғалар мен мектептің арасында байланыстырушы буын болу;
Денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы басымдылықтар туралы мектеп директорына, қызметкерлерге, ата-аналарға, үкіметтік емес
ұйымдарға, оқушыларға хабарлау;
Мектеп медицинасы және қауіпсіздігі саласындағы қызмет көрсетуді қолдау үшін қаржыландыруға немесе басқа ресурстармен сенімді қамтамасыз етуге көмек көрсету;
Мектеп медицинасының материалдық ресурстарын басқару;
Мектеп медицинасы және қауіпсіздігі саласындағы материалдарды дамытуға, оқу материалдарын таңдауға септестік ету;
Мектептің денсаулық сақтау командасының жиналыстарын ұйымдастыру және өткізу;
Мектеп медицина қызметкерлері үшін кәсіптік даму бағдарламасын енгізуге септестік ету;
Мектеп медицинасы саласындағы саясат пен іс-шараларды бағалауға және денсаулық сақтау саласында оқушылардың қажеттіліктерін бағалауға септестік ету.
Достарыңызбен бөлісу: |