Қызметкерлеріне


Балалар мен жасөспірімдердің тағамдық мінез-құлығына әсер ететін факторлар



жүктеу 1,93 Mb.
бет18/57
Дата30.01.2023
өлшемі1,93 Mb.
#41064
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
manual-kz

Балалар мен жасөспірімдердің тағамдық мінез-құлығына әсер ететін факторлар




Балалар мен жасөспірімдердің тағамдық мінез-құлығына көптеген факторлар әсер етеді, оның ішінде, демографиялық, тұлғалық, экологиялық факторлар бар. Мысалы, табыс деңгейі төмен отбасыларда тұтас дәнді өнімдерді аз тұтынатындығы анықталған (Harnack et al, 2003).
Балалар мен жасөспірімдердің
дәмдік талғамдары организмнің нутриенттермен қамтамасыз етілуіне және жалпы тамақтану сапасына үлкен әсер етеді (Neumark-Sztainer D et al, 2003). Ұлдар мен қыздардың арасындағы сүтті таңдау организмдегі кальцийдің тапшылығымен байланысты (Larson et al, 2006). Көкөністер мен жемістерді таңдау ұлдар мен қыздардың арасындағы осы өнімдерді тұтынудың ең мол қатынасын анықтайды (Neumark-Sztainer D et al, 2003).
Балалар мен жасөспірімдердің өздерінің ынтасымен дағдыларын өзгертуге бағытталатын стратегиялар (көкөністер мен жемістерді көбірек тұтынуға мақсат қою немесе ол үшін өздерін ынталандыру), сондай-ақ, көкөністер мен жемістерді тұтынудағы оң сезімдер осы салауатты өнімдерді тұтыну деңгейіне оң әсер етеді (Zabinski et al, 2006).
Үйдегі қоршаған жағдай, ата-ананың қатынасы мен жастардың тағамды таңдауының арасында зор байланыс бар. Үйде салауатты тағам өнімдерінің болуы жемістерді, кальций мен сүт өнімдерін тұтынуды реттейді (Larson et al, 2006; Neumark-Sztainer D et al, 2003). Отбасының тағамдық үлгілері, отбасындағы салауатты тамақтану ережелері, ата-анасының салауатты өмір салты жасөспірімдер арасында көкөністер мен жемістерді, кальций мен сүт өнімдерін, емдәмдік майларды тұтынуға әсер етеді (Neumark-Sztainer D et al, 2003; Zabinski et al, 2006; Larson et al, 2007; Van der Horst K et al, 2007).
Мектептерде салауатты өнімдерді ұсынатын буфеттер, қоғамда азық- түлік дүкендер болатын тағамдық орта халықтың салауатты мінез-құлығының мүмкіндігін арттырады. Үйдің қасында азық-түлік дүкенінің болмауы балғын көкөністер мен жемістерге қол жетімділікті шектейді (Baker et al, 2006; Zenk et al, 2005) және тамақтану рационының салауатты болуын азайтады (Larson et al, 2009).
Тағам жарнамасы мен маркетинг балалар мен жасөспірімдердің белгілі бір тағам өнімдері мен сусындарға сұранысы мен таңдауына әсер етеді (бала ата-анасынан нақты өнімді сатып әперуін сұрайды), сондай-ақ, олардың
тамақтану рационына да әсер етеді (Institute of Medicine et al, 2006). Балалар мен жасөспірімдер маркетингтің көптеген әрекетіне ұшырайды, оның ішінде, тележарнама, ғаламтордағы жарнама және компьютерлік ойындар (интерактивті, электорндық ойындар), жарыстар мен сыйлықтар, теледидар немесе кино көргенде өнімнің пайда болуы, мектептегі маркетинг (мысалы, метеп таблосы, кітап сыртында) бар, сондай-ақ, тағам өнімдерін немесе мейрамханаларды ілгерілету үшін лицензияланған бейнелерді қолдану. Осыған байланысты, мектептерде тұздың, қанттың, майдың мөлшері жоғары, салауатты емес өнімдердің жарнамасына тыйым салынуы қажет. Салауатты өнімдердің маркетингінің заманауи тәсілдерін мектептерде қолдану балалардың салауатты тағамдық мінез-құлығын ынталандырады.

жүктеу 1,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау