Организмде микронутриенттердің жетіспеуінің негізгі себебі – дұрыс тамақтанбау, өңделген, тазартылған тағам өнімдерін көп тұтыну, себебі, технологиялық өңдеу кезінде олар дәрумендер мен минералдық заттектердің орасан бөлігін жоғалтады.
Жоғары және бірінші сұрыпты ұнды өніруде астықты алдын ала өңдеп, қабығын және ұрығын алып, аршиды. Дәнді дақылдардың нақты осы бөліктерінде дәрумендер мен минералдық заттектері шоғырланады. Осыдан:
кебегімен қоса тартылған ұнға қарағанда ақ ұнда темірдің мөлшері 4 есе, мыс
– 3 есе, мырыш – 35 есе, магний - 3,7, марганец – 3,8, В2 дәрумені – 2 есе, РР дәрумені – 6,8 есе азайған немесе бірінші және жоғары сұрыпты ұнда дәрумендер мен минералдық заттектер сәйкесінше, 75% және 90% дейін жоғалтылған. Аршылып, өңделген күріштің де тағамдық құндылығы осылай азайған. Бери-бери эпидемиясы (В1 дәруменсіздігі) кезінде 1953 жылы Филиппинда 100 000 астам адам көз жұмған. Бұл жергілікті халық үшін негізгі тағам болатын күрішті өңдеуді қолданысқа енгізуге байланысты болған. Тазартылған майлар оны Е дәруменіне және фитостеролдарға жұтаң етеді.
Қазақстандық өндірушілер бидай ұнын Қазақ тағамтану академиясының ғалымдары әзірлеген, 6 микронутриенттен тұратын (ішінде мырыш та бар) дәрумендік-минералдық қоспамен құнарландырады. Әрине, ірі тартылған ұннан жасалған, кебекті нанды тұтыну оңтайлы, ал ұсақ тартылған ұнды сатып аларда құнарландырылған (қаптамасында құнарландырылуы көрсетілген) түрін таңдаған жөн.
Сенімді көздері
Балғын көкөністер мен жемістерде және басқа табиғи өнімдерде дәрумендер мен минералдар қызметін сәйкес түрде орындауға және сіңуіне көмектесетін заттектердің қоршауында болады. Мысалы, С дәрумені өзінің табиғи тасымалдағыштарында (итмұрында, қарақатта, лимонда, т.б.) флавоноидтар аталатын, оның биологиялық жетімділігін арттыратын және түрлі қызметінде көмектесетін заттектерге енген. Осы себепті, тамақтану рационы балғын көкөністер мен жемістерге бай болуы шарт, оңтайлысы, органикалық жолмен өсірілген (химиялық тыңайтқыштар, пестицидтер мен гербицидтер қосылмаған). Шөптесіндерде (аскөк, ақжелек, рукола, базилик, т.б.) микронутриенттердің мөлшері көп. Әр тағам өнімі кейбір нутриенттерінің ғана жоғары мөлшерімен ерекшеленетіндіктен, рационды мүмкіндігінше, алуан түрлі ету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |